Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Статья по казахскому языку на тему "Методика преподавания"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Статья по казахскому языку на тему "Методика преподавания"

библиотека
материалов

Баймбетова Айгүл Байшымырқызы


Жамбыл облысы, Тараз қаласы,

И.В.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Қазақ тілі мен басқа негізден тараған тілдердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылық


Қай тілді алсақ та оның өзінің сөздік құрамы, ерекше фонетикалық жүйесі және грамматикалық құрылысы болады.

Қазақ және орыс тілдерін генеологиялық жақтан алғанда, әртүрлі тілдік топтарға жатады: қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, орыс тілі индоеуропа тілдерінің шығыс-славян тілдерінің тобына жататыны белгілі.

Қазіргі уақытта қазақ тілі білімінде сөзжасам саласының ғылыми айналысқа енуіне байланысты көптеген морфология саласының терминдері сөзжасамда қолданылып жүр. Мәселен, түбір, туынды түбір, түбір, түбір морфема, туынды морфема, жалаң және күрделі сөздер т.б.бірінің орнына бірі ешбір талғаусыз қолдануда.

Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелерін жан-жақты зерттеген ғалым Т.Т. Пірімбетовтің айтуынша, дайын лексикалық тұлға, яғни туынды сөз деп отырған термин қазіргі қазақ тіл білімінде ғылыми айналыста жүргенімен, ол тұрақты бір мағынада қалыптасты деуге келмейді. Себебі оны кейде туынды түбір деген мағынада да қолданушылық кездеседі. Бұл мәселе ол екі терминнің мағынасына дұрыс көңіл бөлмеуден, үлкен айырма барына баса назар аудармаудан болып отыр. Зерделей келгенде, туынды сөз деген терминнің мағынасы туынды түбір деген терминнен әлдеқайда кең. Туынды түбірлер – негізінен туынды сөздердің бір түрі ғана болып табылады. Туынды түбірлер морфология саласы терминіне жатады да, тек жұрнақ арқылы, яғни синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөздер деген мағынаны білдіреді. Туынды сөз деген терминге келсек, оның табиғатына туынды түбірлер оның бір тобы ретінде кіретіні сөзсіз, бірақ туынды сөздерге жұрнақ арқылы жасалған туынды түбірлерден басқа, олардан өзге тәсілдер арқылы (семантикалық, аналитикалық) жасалған түрлі-түрлі туынды сөздердің барлық жиынтығы да жатады.

Туынды сөздер барлық тілдерде кездеседі. Олар күнделікті тұрмыста, жалпы өмірдің қай саласы болмасын пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттігін өтеу үшін қалыптасқан сөзжасам заңдылықтары арқылы жасалған сөздер не сөздер тобы десек те болады.

Туынды сөз деген морфемаларға бөлшектенетін туынды негіздерді түсінеміз. Туынды сөздің құрамында негіз морфема және қосымша морфема болуы шарт. Мысалы: жазушы, жазушылық, егіншілік, өзенше, құрылысшы, кітапша, әдемілеу, ұзындау т.б.

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де сөздің тұлға-тұрпаты (құрылымы) оның лексикалық және грамматикалық сипаттарымен байланысты. Осы себептен сөздер құрамы жағынан әртүрлі болып келеді. Сол әртүрлілік сөздердің құрамдарының әртүрлі болуына байланысты да, сөздің құрамының түрлі-түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты. Осындай сөздің лексикалық, грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектер морфемалар деп аталады. Морфемалар түбір морфема, яғни сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі, қосымша морфемалар, яғни түбірге қосылып, оған қосымша мағыналар үстейтін морфемалар деп бөлінеді.

Сондықтан сөздің құрамын анықтау мақсатымен, әр қилы грамматикалық (морфологиялық) талдау жасағанда, практикалық жағынан жеңіл болуы үшін, түбір сөзді тек қана түбір деп, туынды сөздің түбірін (сөзжасамда) негіз деп атаған қолайлы. Мысалы. Құрылысшыларды деген сөздің негізі – құр (құру мағынасында), ал құрыл – құрылыс-құрылысшы-құрылысшылар-құрылысшыларды дегендердің бәрі синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер болып табылады. Сөйтіп, туынды сөздер деп сөзжасамдық қосымшалар арқылы негізден өрбіген сөздерді айтамыз (бұл арине синтетикалық тәсіл бойынша). Туынды сөздер сөзжасамның басқа да тәсілдері арқылы жасала береді дейді зерттеуші Т.Т.Пірімбетов.

Туынды сөздер табиғатында, негізінен, жұрнақтар ерекше орын алғанымен (қазақ тілі жалғамалы тілге жататындықтан), жұрнақтар барлық сөзге бірдей жалғана бермейтінін ескеру қажет. Кейбір жұрнақтар бір сөзге ғана емес, белгілі бір топ сөздің қайсысына болса да талғамай жалғана берсе, кейбір жұрнақтар бірді-екілі сөздерге ғана жалғанумен шектеледі де, көнеленіп қалуына байланысты басқа сөздерге мүлдем жалғанбайтын тұстары да бар.

Қазақ тілінде түбір морфема өздігінен жеке тұрып семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады. Ал орыс тілінде сөз түбірі көбінесе дербес мағына білдіре алмайды.

Қазақ тілі агглюнитативті тілдер тобына жататындықтан, бірнеше қосымша бірінен соң бірі жалғана береді. Ал орыс тілі флективті тілдер тобына жатады. Флективті тіл дегеніміз сөз тұлғаларының жалғау арқылы өзгеруі.

Осыған байланысты екі тілдің грамматикалық құрылымында көптеген айырмашылықтар бар.

Аффиксация құбылысы екі тілде де бар. Аффикстер немесе афикстік морфемалар екі үлкен топқа бөлінеді: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ (суффикс) сөз тудырады, ал жалғау (окончание) сөз түрлендіреді.

Бірақ қазақ және орыс тілдерінде олардың айтарлықтай айырмашылықтары бар. Бұл, ең алдымен, аффикстердің жалғану тәсіліне және ретіне байланысты. Мәселен, орыс тілінде жұрнақ түбірге кіріге жалғанады және оң жағынан жалғанады. Түбірдің сол жағынан сөз алды қосымшасы (приставка) қосылады. Осының салдарынан түбірдің дыбыстық құрамы айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды (выпадение, чередование звуков).

Орыс тілінде бір түбірге бір ғана жұрнақ қосылатыны содан (бір түбірге екі немесе үш жұрнақтың қосылуы сирек кездеседі) Жалпы, орыс тілінде қосымшалық көп мағыналы болуы да осыдан шығады. Ал қазақ тілінде қосымша түбірге орыс тіліндегідей кірікпейді, тіркесе жалғанады және тек оң жағынан ғана жалғанады. Тіркесе жалғанғандықтан, бір түбірге бірнеше жұрнақ және бірнеше жалғау бірінің үстіне бірі қабаттасып жалғана береді.

Әрбір жеке тілде олардың грамматикалық құрылысының ерекшеліктеріне қарай жұрнақ үш түрге жіктеледі. Ола: префикс немесе приставка, инфикс немесе интерфикс, суффикс (постфикс).

Орыс тілінде сөз тудырушы, форма тудырушы қосымша морфемалардың бірі ретінде сөз алды қосымша (префикстер) аталады. Префикс дегеніміз түбірдің алдында тұратын сөз тудырушы, форма тудырушы морфема. Мысалы: вы-ход; делать – с – делать т.б. Орыс тілінде сөз алды қосымшалар (префикстер) кейде сөздің грамматикалық, лексикалық мағынасын да өзгертеді. Мысалы: на-писать, пере-писать т.б.

Ал қазақ тілінде сөз алды қосымшасы жоқ, тек кірме сөздерде –на, -ба, -бей- сияқты сөз алды қосымшалары кездеседі және олар тек болымсыздық мағынаны білдіреді: беймаза, бейшара, бейтарап, нахақ, наразы т.б. Бірақ префикс қызметін атқармайды. Иран тілдерінен енген сөздердің құрамында бөлшектенбейтін біртұтас тұлға ретінде қолданылады.

Сонымен салыстырып отырған қазақ және орыс тілдері жүйесі бөлек тілдерге жататындықтан, сөздік құрамдағы элементтердің қолданысында көптеген айырмашылықтар кездеседі. Сондай-ақ сөзжасам мен морфологияда талғаусыз қолданылып жүрген негіз термині морфология саласында емес, сөзжасам саласында ғылыми айналыста тұрақтандыру қажет. Ал түбір термині морфологияда болмаса, сөзжасам саласының табиғатына сай келмейтіні сөзсіз.

Тілдердегі сөздердің сыртқы формаларына және сөздерінің өзгеру түрлері мен амал-тәсілдеріне қарай жіктелуі тұрғысынан табиғаты бөлек қазақ және орыс тілдерінде басқа да айырмашылықтар мен өзгешеліктер бар. Оның үстіне ұқсастық пен айырмашылықтар шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің ішінде де кездеседі, яғни бір негізден тараған шығу тегі жағынан әр басқа тілдердің ішінде де кездеседі, яғни бір негізден тараған туыстас тілдердің арасында ғана емес, әр басқа негізден тараған тілдердің арасында да бола беруі мүмкін.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:


  1. Пірімбетова Т.Т. Туынды сөз (түрлері) – сөзжасам саласының өзекті мәселесі/ Филология сериясы. №4 2013 Б 3-9

  2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі – Алматы: Ана тілі 1991-384 б

  3. Оралбай Н.Қазақ тілінің сөзжасамы – Алматы, 2002 -218б

  4. Қазақ грамматикасы. – Астана: Елорда, 2002. -784


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров283
Номер материала ДВ-187058
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх