Инфоурок / Другое / Статьи / Статья по казахскому языку на тему"Қазақ тілі сабақтарының білім сапасын жаңа технологиялар арқылы арттыру"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Статья по казахскому языку на тему"Қазақ тілі сабақтарының білім сапасын жаңа технологиялар арқылы арттыру"

библиотека
материалов

Қазақ тілі сабақтарының білім сапасын жаңа технологиялар арқылы арттыру

« Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»

Жүсіпбек Аймауытов

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»- деп айтылған. Қазіргі кезде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Педагогикалық технологияны жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып, білім сапасын арттыру. Жаңа технологияны әрбір ұстаздың пайдалануы –өмір талабы.

Қазақ тілін басқа ұлт өкілдерінің оқушыларына саналы меңгертіп, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру үшін мемлекеттік тілді оқытатын мұғалімдер арасында туындайтын бір сұрақ : оқушылары қазақ тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алатындай деңгейге жеткізу үшін қандай технологияларды қолдану керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданған жөн? Мұғалім оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Орыс тілінде сабақ жүргізілетін мектептерде қазақ тілі сабақтарының білім сапасын арттыру үшін мен ақпараттық-коммуникативтік технологияны, ойын арқылы оқыту технологиясын, модульдық технологияны қолданамын.

Ақпараттық - коммуникативтік технология

Қазіргі кезде көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады. Сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отыра, ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалану білім берудегі ең маңызды әдістерінің бірі болып табылады деп ойлаймын. Ақпараттық - коммуни-кативтік технологияны қолдану оқушы үшін өте қызықты, әрі нәтижелі болады. Мұнда оқушылардың ауызекі сөйлеуіне, өз ойларын айта білуіне, мұғалімнің уақыт үнемдеуіне және қосымша ақпараттар алуға мүмкіндік ашылады. Мен сабақ өткізгенде интерактивті тақтаны пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын және танымдылық қабілеттерін дамытуға тырысамын. Бұл технологияның басты мақсаты – оқушылардың оқу пәнін толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Ақпараттық-коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Әр сабағымда міндетті түрде проекторды қолданып, Microsoft Power Point бағдарламасында жасалған презентацияларды, интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін, Aсtive Studio бағдарламасында жасалған флипчарттарды, Интернеттен алынған қызықты бейнефильмдерден үзінділер көрсетуге тырысамын, тақырыптарға сай мәтіндерді (аудирование), қазақ халқының әндерін, бағдарлама бойынша түрлі өлеңдерді, жырларды тыңдатамын.

Сонымен қатар, «Қазақ тілі» 2,3,4,5,6,7,8,9,10, 11 сыныптарға арналған электронды оқулықтар, Merits бағдарламасының электронды оқулықтары, электронды сөздіктер, әр түрлі қызықты білімді бақылауға және бағалауға арналған бағдарламаларды пайдаланамын. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдаланып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасаймын. Электронды оқулықтар түрлі қызықты лексикалық және грамматикалық тапсырмаларды ұсынады - бұл мұғалімнің сабаққа дайындалу уақытын үнемдейді.

Ақпаратты технологияны пайдалану оқу үрдісіне енгізу тіл үйретуде тиімді. Тыңдап – түсіну, көріп – байқау құралдарының концепциясында оқыту былайша орналасады: тыңдау – сөйлеу – оқу – жазу. Оның ішінде ауызша қабылдау (тыңдау мен сөйлеу) әрдайым ілгері шығып отырады. Ақпараттық технология арқылы сабақтарды түрлендіріп, жаңаша ұйымдастыра алуға мүмкіндік туып отыр. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда – оқушы өзін белсенді және еркін ұстай алады. Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге мүмкіндік береді, білім сапасын арттырады.

«Ойын арқылы оқыту» технологиясы

Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты- оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрылысын меңгерту, қазақ тіліне тән дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету, сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Бұның бәрін «Ойын арқылы оқыту» технологиясы арқылы жүзеге асыруға болады.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. А. С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,» - деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Балалардың ойынға деген қызығушылығын, ынтасын сабақ процесімен ұштастырудың маңызы зор. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Ойын түрлері көп: ұлттық, зияткерлік, іскерлік, рөлдік, дидактикалық, логикалық, грамматикалық, сөздік ойындар, ситуациялық ойындар, сергіту ойындары, т. б. Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Дидактикалық ойын оқушылардың ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуаты қайнар көзі болатыно қыту әдісінің бір түрі.

Сабақтарымда ойынның көптеген түрлерін қолданамын. Әсіресе оқушыларым зияткерлік ойындарды ұнатып, бар ынталарын салып, белсене дайындалып ойнайды. Бұл ойындар модульге қорытынды жасағанда, өтілген бір грамматикалық тақырып нәтижесін көрсетуге өткізіледі. Мысалы: «Қазақстан туралы не білеміз?», «Әйгілі Қазақстан споршылары», «Қазақ дәстүрлерін білгіміз келеді», «Септік әлеміне саяхат», «Қош келдің, Наурыз!», «Жалғаулар патшалығында», «Достықты бағала», «Не? Қашан? Қайда?»

Түрлі КВН-дар, сайыстар, жарыстар сабақтарын, викторина - сабақтарын шығармашылық сабақтар, сырттай саяхат жасау сабақтарын, сөзжұмбақтар, кроссворд, жұмбақ шешу, іскерлік ойындар тәрбиелік, танымдық жағынан пайдалы.

Ойын - халық педагогикасының құрамды бір бөлігі. Ұлттық ойындар оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, тарихымен, мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Ұлттық ойын — халық өнерi мен мәдениетiнiң негiзгi бiр саласы. Ұлттық ойындар қазақ тілі сабақтарында дидактикалық құрал ретінде пайдалану, оқушылардың еркін сөйлеуін,тіл байлығын жетілдіре түсуді , халықтың еркін сөйлеу әдісі мен логикалық ой жүйелерін дамыту тәсілдерінің ерекшеліктерін, тапқырлық пен дәлділікті тез ойлап, дәл шешу мен сөзді дәл өз мағынасында қолдануды бағдарлай білу қасиеттерін жетілдіре беру болып табылады. Сабақтарымда «Алтын сақа», «Қыз қуу», «Тартыс», «Асықар», «Белбеу тастау», «Айгөллек» ойындарын ойнаймын. Ұлттық ойындары мен элементтерін сабақ барысында «деректерден дерексізге, жеңілден ауырға, күрделіден қарапайымға, жақыннан алысқа» деген принциптерді негізге ала отырып жүргізген сабақ оқушыларға әсерлі болып,олардың білуге деген құмарлығын оятып,оқушылардың жалпы үлгеруі мен білім сапасын арттырары сөзсіз. Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Халық даналығы «Ойлы бала ойыннан белгілі»,- дейді.

Модульдік оқыту технологиясы

Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы. Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытуда қазақша сөйлеуге үйрету негізгі мақсат болады да, жұмыс осы мақсатқа сай ұйымдастырылады. Осы жұмыстардың негізгілеріне сөйлеу жаттығулары жатады. Тілдік жаттығулардың міндеті – тілдің грамматикалық материалын оқушыға меңгерту, тілдік тұлғаларды дұрыс, ойланбай қолдану дәрежесіне жеткізуді көздейді.

М.Жанпейісованың модульдік технологиясы бойынша оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда әр тақырыпты тірек-сызба арқылы түсіндіремін. Тірек-сызба мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді, әрі оқушыларды осы тірек-сызба арқылы өз ойларын жүйелі түрде жеткізуге көмектеседі, яғни сөйлеу дағдысын қалыптастырады.

Модульдік технологияның мүмкіндігі:

Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы.

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі:

1. Тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейде игеруді білдіреді. Олар шамамен мынадай түрде беріледі: білу, түсіну, қолдану, талдау, топтау, бағалау.

2. Модульдік технологияның ерекшілігі: жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу, сондай-ақ өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, шығармашылық қажеттіліктерін, сөздік қорын дамытуға бағытталған.

Қорыта келгенде оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану сөзсіз білім сапасының артуына алып келеді. Жаңа технологияларды қолдану барысында оқушылардың пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасы тереңдей түседі. Сол сияқты ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттері дамиды.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-570880

Похожие материалы