Инфоурок Другое СтатьиСтатья по казахскому языку на тему"Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланып меңгерту."

Статья по казахскому языку на тему"Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланып меңгерту."

Скачать материал

Безаубекова Алмагүл Даненқызы, филология ғылымдарының кандидаты.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты.

Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланып меңгерту.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Халықтары Ассамблеясының XII сессиясында сөйлеген сөзінде: «Мемлекеттік тіл – елдің барша азаматтарын біріктіретін, ту, елтаңба, әнұран секілді нышан. Патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңызды мәселе – мемлекеттік тіл мәселесі. Ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс. Қоғамға біздің тіл саясатымыздың мәнін тереңірек түсіндіру керек. Ол кез келген мемлекеттің ұлт саясатының өзегі...» - деп нақты ашып айтты.

Ел егемендігінің басты сипаттарының бірі – мемлекеттік тіл болғандықтан, білім беру ұйымдарында қазақ тілін оқыту сапасы Қазақстан Республикасының болашағын айқындауға маңызды ықпал ететіндігі даусыз.

Осыған байланысты өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгерту- оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгертуде тіл дамыту жұмыстарына ерекше мән беріледі. Сондықтан, мұғалімнен қазақ тілі сабағында тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөліп, қолданылатын материалдарды дұрыс таңдау (сөздің, сөлемнің үлгілерін беру), тілдің теориясы мен сөйлеу практикасының қарым-қатынасын түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асыруды қажет етеді. Сондықтан тіл дамыту арқылы қазақ тілін меңгерту жұмысы төрт бағытта жүргізіледі:

Бірінші – мәдени, әдеби сөйлеу білуге үйрету, яғни орфографиялық дағдыныимеңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Екінші, лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту. Демек , тілдің лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру кезделеді.

Үшінші, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып жаңа сөздер жасайтын формаларын меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құрап үйрету, сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан мәлімет беру.

Төртінші, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жазып, әрі сөйлей білуге үйрету.

Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін заманауи технологиясын қолдану арқылы үйрету өте тиімді. Сабақта заманауи технологиясының мүмкіндіктерін пайдалану пән мұғалімдерінен тәжірибелікті, ізденісті, әдістемелік шеберлікті қажет етеді. Яғни, оқу-тәрбие үрдісін интенфикациялу – заманауи технологияларды ақпараттық техника құралдарымен байланыстыру болып табылады. Өзектілігі – мұғалім уақытты тиімді пайдаланады, білім мазмұнын жаңаша жеткізуге тырысады. Әдістемелік шеберлігін жетілдіру арқылы оқушының сабақты қабылдау ынтасын, өз заманына сай білім, білік, дағдысынғ шығармашылығын арттыруға жол ашады.

Соңғы уақытта мектептерде ақпараттық – телекоммуникациялық құралдар : мультимедиялық проекторлар, компьютер, интерактивті тақталар пайда бола бастады, барлық мектептер интернет жүйесіне қосылуда. Ақпараттық технология құралдары материалдарды әр түрлі формада графика, дыбыс, анимация , видео пайдалануға мүмкіндік береді. Интерактивті тақта және проектормен жұмыс кезінде бейне слайдтар және компьютерлік анимациялар жасауға мүмкіндік алдық. Видеофильмдер, мультимедиялық презентациялар арқылы қазақ тілін үйрету мүмкіндігі артады, әр оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын оятады және берілген материалды оңай әрі тез арада меңгереді. Қазақ тілін үйретуде интерактивті тақта мен кіріктірілген тест жүйелері сияқты мүлде жаңа өлшемді технологиялар пайда бола бастады. Интерактивті технологияларды өз сабағымызда пайдалана алсақ, интеллектуалдық қабілеті дамыған, коммуникативтік дағдылары қалыптасқан, алған білімдерін практикада пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаларды шығара аламыз.

Сондықтан өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы меңгертудің төмендегі мүмкіндігін тиімді пайдалануды ұсынамыз:

1. Компьютерде дыбыстық және бейнефрагменттер көмегімен демонстрация жасау. Ол көрнекі – бейнелі ойлауды, қозғалыстық және ауызша қарым – қатынас машықтарын, мақсатты әрекеттерді және әлеуметтенуді дамыту үшін мүмкіндік туғызады. Компьютердің көмегімен оқұшы өз бетінше,сондай ақ өзге оқұшылармен топтасып бірге жасайтын жұмыстарды ұйымдастыру Компьютер оқұшы білімін бағалауға көмектеседі.

2. Қазақ тілін меңгертуге арналған электрондық оқұлықта әр тақырыпқа сай тлық мәлімет берілген. Электрондық оқұлық дисплей экранында жай ғана мәтінді көрсетіп қоймайды, ол оқұшыға өз жолымен көрнекті материалды қарап шығуға мүмкіндік береді.

Ол жұмыс жасағанда жедел көрі байланыс, анықтамалық ақпаратты тез іздеу, демонстрациялық мысалдар мен модулдер, бақылау (тренажер, тестілеу,ьөз білімін бақылау) қызметін атқарады.

3. Microsoft Power Point презентациясы мұғалім күнделікті сабақта пайдалана алатын құрал Microsoft Power Point презентация көмегімен әр тақырыпты көрнекілік құралдармен безендіріп,сабақты жүйелі,тартымды,қызықты өткізу болады. Презентация уақытты үнемдеуге көмектеседі,оқұшылардың есте сақтау қабілетін арттырұға мүмкіндік жасайлды және оқұшылар принтерден қажетті материалды шығарып қолдана алады.

4. Интернет желісі жобалардың презентацияларын дайындауға, кез келген аудиовизуалды ақпарат алуға кең мүмкіндік береді. Қолданушы түрлі бағытарда желі қорларын пайдалануға мүмкіндік алады, яғни кез келген салада қызықтыратын тақырыпты, не болмаса, бөлімді тереңірек зерттеуге мүмкіндігі бар. Интернет желісі арқылы еркін әңгімелеседі, электрондық поштаның мүмкіндігін пайдаланады.

5. Интерактивті тақта топтағы оқұшылардың барлығын оқыту ушін құнды құрал Интерактивті тақта басқарұға мүмкіндік беретін экран. Бормен тақтаға жазылған кескенді интерактівті тақтадағы түрлі түсті, ұқыпты кескінмен салыстырұға болмайды. Сабақта Aktiv Vote тестілеу жуйесі арқылы тест алу мүмкіндік бар. Интерактивті тақта ақпаратты түрлі мультемедиялық ресурстар көмегі арқылы таныстырұға мүмкіндік береді. Ол сызбаларды түсіндіру женілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады.

Яғни,интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары:

1. Web сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалды түсіндіруге, игертуге қолайлы.

2. Берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға мүмкіндік туғызады.

3. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналуына байланысты орталықтан демонстрациялауға қолайлы жағдай жасайды .

4. Оқушыға жаңа материалды жанды түрде көрсете отырып, танымдық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

Интерактивті оқыту моделін пайдалану өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рөлдік ойындарды қолдануды,мәселені бірлесіп шешүді қарастырады. Оқу процесінің қандай да бір қатысушысын немесе идеяны ерекшелеуді шектнйді. Интерактивті оқыту технологиясы бұл ұжымдық өзін өзі толықтыратын барлық қатысушылардын өзара әрекеті негізделген, оқу үрдісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үрдісін ұйымдастыру болып табылады.

Интерактивті оқыту – бұл білім алушы мен оқытушының қарым-қатынасын тікелей жүзеге асыратын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет мәселені бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және сұхбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлеушініңбасым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында оқушылар сыни ойлауды,тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелрді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, дискуссияға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым-қатынас жасауды үйренеді. Ол үшін сабақта жекелей, жұптық және ұйымдастырылады, зерттеу жұмыстары, рөлдік ойындар қолданылады, құжаттармен және түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасайды.

Сабақ түсіндірген кезде сабақта берілетін ақпарат материалдарын жүйелу жаңа формация мұғалімінен шығармашылық ізденісті бұрынғыдан да көп талап етеді. Сабаққа қатысты жасалынған слайдтарда сабақ мазмұнын білім стандарты талаптарына сай қамту мақсатында көптеген қосымша дерек көздері мен дидактикалық материалдарды жинақтау қажет болды, соладың ішінде иллюстрациялық суреттер көп көмегін тигізеді. Аудио және видео материалдардын тіл үйретуде пайдалану өте тиімді (Мысалы, жазып өлеңдерден үзінді оқу, кинофильмнен үзінді, әндерін тыңдату, кеіпкерлердің әдеби образын көру).

Қазақ тілін меңгертуде интерактивті тақталарды қолдану тіл үйренуге жаңа мүмкіндік береді, оқу үдерісі қызықты да көрнекті болады.

Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін меңгертуде интерактивті технологияны қолданудың мақсаты: интерактивті технологиялар және техникалық объектілердің көмегімен ақпаратты шығармашылықпен жеткізу, материалды іріктеп, таңдап, көркем де қызықты флипчарттар жасап, оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Интерактивті технологияларды қолдану арқылы біз өз уақытымызды және күшімізді үнемдеу, ресурстарды өз қалауымызша пайдалану мүмкіндігін аламыз. Бұл технологиялар білім беру жүйесінде мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқу үдерісінде терең де сапалы білім беруге жол ашады. Ал, оқытушы үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі, инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі артады, интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс-тәжірибемен танысады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қолы жетеді.

Компьютерлік тестілеу арқылы сабақтың материалын қаншалықты игергенін жылдам тексеріп шығу, қай сұраққа дұрыс немесе қате, қанша уақытта жауап бергенін анықтау, сондай-ақ тест нәтижелерінің динамикасын жасау-заманауи техниканың мүмкіндігі.

Қорыта айтқанда, өзге ұлт өкілдеріне заманауи технологияларды қолдану арқылы қазақ тілін үйренудің бірнеше мүмкіндіктері бар. Яғни, мұғалім үшін өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі сабағында тақырып мазмұнын жан-жақты ашу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, істелген жұмысы үшін жауапкершілік сезімдерін нығайту, интерактивті технологияларды қолдануда шығармашылығын көрсету және өз білімдері мен дағдыларын практика жүзінде қолдану мүмкіндігі.

Әр мұғалім қазақ тілі дамыту жұмыстарын шығармашылық мәнде жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, үйренуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Маманов Ы. Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту. – А., 1977. – 71 б.

  2. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 1978. – 56 б.

  3. Нұрғалиева Г. Қ. Электрондық оқулықтар – мұғалім мен оқушы арасындағы әрекеттестікті гуманизациялау құралы. – А., 2002.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья по казахскому языку на тему"Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланып меңгерту.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.03.2016 778
    • DOCX 20.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Безаубекова Алмагул Даненовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Безаубекова Алмагул Даненовна
    Безаубекова Алмагул Даненовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6561
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 157 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе