МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Альчимбаев Ерлан Есималиулы
«Индустриалды-техникалық колледжі» МКҚК
Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген
[1]. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын
қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз
ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық
стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект,
ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып
белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру
мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері
негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзыреттіліктерді
қалыптастыру үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы
білім беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының
бірі болып табылады.
Функционалдық сауаттылық
оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі
өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі,
оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік-мәдени дамуының
өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы. Ол оқушылардың
қатысымдық, қпараттық, проблемалардың шешімін табу құзыреттіліктерінің
бірлігінен құралады.
Оқушылардың құзыреттілігін
қалыптастыруға негізделген 12 жылдық білім беру жүйесінің мақсаты – құзыретті
тұлғаны, яғни өзінің білімі мен іскерлігін пайдалана отырып, өздігінен әртүрлі
мәселелерді шеше білуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Құзыреттілік тұрғыда
білім беру білім мазмұнының тұлғалық бағдарын нығайтуға және оны едәуір
практикаға бағыттауға мүмкіндік береді. Сондықтан құзыреттілік тұрғыдағы білім
беру шеңберінде білім көлемінің ұлғаюына қарағанда, әрекеттердің жан-жақты
тәжірибелерінің меңгерілуі басымды болып табылады, яғни әртүрлі жағдайлардағы
іс-әрекеттер мен амалдардың жекелей жинақтары кеңейтіледі.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығы және
соған сәйкес түрлі құзыреттіліктердің қалыптасуы оның оқу тәрбие барысындағы
«Оқу және оқыту» үдерісінің нәтижесіне сәйкес болатыны мәлім.
Соған сәйкес оқу бағдарламасының мазмұнын
жүзеге асыру барысында оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту үдерісі үшін
бірқатар әдістемелік іс-шаралар сақталынуын қерек етеді. Олар:
1.
Дәстүрлі
және белсенді әдістердің қатар қолданылуы.
2.
Ұйымдастыру
және бақылау формаларының талапқа сай жүргізілуі.
3.
Оқыту
үрдісінде дидактикалық жүйелердің сақталынуы.
4.
Білім
беру барысында дидактикалық қағидаларды басшылыққа алу.
Әдетте оқыту мазмұнына сәйкес өткізілетін
сабақтың мақсаттары анықталып соған байланысты оқыту үдерісіндегі қолданылатын
әдістер мен формалар анықталады. Яғни білім берудегідұрыс таңдалған
әдіс-тәсілдерге сәйкес оқушылардың практикалық іс-әрекеттері барысында
қалыптасатын іскерлік пен дағды нәтижелі болатындылығын педагогикалық
тәжирибелер нақты дәлелдеген. Сондықтан да оқыту үрдісіндебұрыннан пайдаланып
келе жатқандәстүрлі әдістері өздерінің актуальдылығын жоймаған. Солардың
ішіндегі вербалды (түсіндіру, баяндау, әңгімелесу, лекция) әдістері түрлі
көлемдегі ақпараттарды оқушыға жеткілікті деңгейде түсіндіре алатындығы біздің
тәжирибеміз нақтылауда. Ал іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда іс-әрекет
әдістерінің (жаттығу, есеп шығару, технологиялық құжаттармен жұмыс жасау,
әдебиеттермен жұмыс жасау, зертханалық жұмыстар, практикалық жұмыстар) т.б
өздерінің тиімді нәтижелерін беруде.
Бүгінгі таңда білім беру парадигмасы жаңа
бағыттарды басшылыққа алуда. Солардың негізгілерінің бірі модульдік оқыту
технологиясы. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім.
Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді
мұғалім ізденісі арқылы білім алушының қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай
іріктеп қолданады. [2]. Соған сәйкес оқыту үрдісінде қолданылатын әдістер де
сан алуан. Олар саралап, даралап, деңгейлеп оқыту. Кейс әдісін, портфолио
әдісін пайдалану. Білім берудің мұндай белсенді әдістері білімгерлердің
ой-өрісін дамытып шығармашылық іс-әрекетіне баулитынына күмән келтіруге болмайды.
Сондықтанда білім беру үдерісінде дәстүрлі және белсенді әдістерді орынымен
пайдалана білу өзінің тиімділігі мен нәтижесін берері мол деп есептеймін.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7
желтоқсандағы № 1118 қаулысымен бекітілген).
2. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы
оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.