Инфоурок Физическая культура СтатьиСтатья по национальной игре "Асық ойыны"

Статья по национальной игре "Асық ойыны"

Скачать материал

Асық ойынының денсаулыққа әсері

     Қай заманда болсын адамзаттың басты міндеттерінің бірі-ақылды да саналы, тәртіпті де еңбексүйгіш дені сау ұрпақ тәрбиелеу екені мәлім.

    Әр халық ұрпағының қайырымды ды адал, әділ де ержүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар-ұяты мол, кішіпейіл болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің талай ғасырлар бойы жасап, әріден келе жатқан әдет-ғұрыпына, салт-дәстүріне арқа сүйейді.

    Сол дәстүрлердің қатарында қазақтың ұлттық және спорттық ойындары да бар. Мысалы, күні бүгінге дейін мәнісін жоймаған  ''асық'' ойыны.

  «Асық»  ойыны балалардың  дене тұрқының өсуінде, көзінің өткірлігін дамытуда, көз қимылын жетілдіріп, бұлшық еттерінің ширап, қызметінің күшеюінде маңызы зор. Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Ұсақ малдың (қой, ешкі) асықты жілігінен алынған жұмыр сүйек - асықтай ойналады. Алдымен асықтарды бір қатарға тізеді. Негізгі тапсырма, сол қатарда тізіліп тұрған бір немесе бірнеше асықты ату. Әр ойыншының өзінің «сақа» деп аталатын асығы болады. Әдетте сақа асығы деп асықтардың ішіндегі ең үлкенін пайдаланады. Кейде оның ішіне қорғасын құйып, салмағын ауырлатады.

      Бала өз денесінің кеңістіктегі алатын орнын анықтап, көз қимылы мен дене қимылын үйлестіру, ойша байланыс  орнату арқылы логикалық яғни шығармашылық  қабілеттерін жетілдіреді. Асық ойынының балалардың  бойында бүкіл психикалық процестерінің ойлау, қиялдау, сөйлеу, қабылдау т.б. қабілеттерінің  дамыуында маңызы зор.

     Сондай-ақ балаларды оыйн ережесіне бағынып, тәртіптілікке  баулап, олардың  бойында  жолдастық, жанашырлық  сезімдерін оятады.

    «Асық» ойыны арқылы балалардың  денесі  шынығып қана қоймай, олардың  арифметикалық  санау дағдыларыда  қалыптасады.

Баланың нерв жүйелерін  шыңдап, оларды  дәлдікке, ұстамдылыққа,  байсалдылыққа  тәрбиелейді.

    Асық ойыны – біздің ұлттық  спортымыздың бір түрі.  Ертеде   асықты  қазақтың  ұлы да, қызы да қызыға ойнаған. Өйткені асық  ойындарының  тәрбиелік  мәні  зор. Асықтың  атып  ойнайтын  түрлері  үнемі  қимыл – қозғалысты қажет ететіндіктен,  денені  қыздырып,  бойдағы  қан айналымын  жақсартады.  Үнемі  отырып – тұру, жүрелей отыру,  тізені  жартылай  бүгу,  жиырылу, ширығу,  жас  балалардың денесін  шынықтырып,  аяқ – қолдағы  буын  ауруларының  алдын алады.

Асық ату ойынының Олимпиадалық ойындар бағдарламасының қатарына енбейтіні өкінішті. Аталмыш спортқа тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, өзге елде де қызығатындар баршылық. Бұл ойын адамның күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілік мінезін қалыптастырады.

Кезінде қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы «Асық – үлкен халықтық тәрбие. Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы» – деп өз бағасын берген болатын. Бүгінде этнографтар мен мәдениеттанушылар аталмыш ойынның негізін феноменін зерттеу үстінде.

Мысалы, этнограф ғалым Бекет Қарашинның айтуынша, асық ойынының негізінде тылсым символдар мен кодтар, шартты белгілер жатыр. Егер сол белгілерді тауып-біліп жатсақ, біз өзіміздің қоғам бен салт-дәстүріміздің тархиы жайлы небір қызықты мәліметтерге қанық болар едік. Айтпақшы, Тутанхамон мәйітханасынан археологтар тапқан асықтың өзі әлі күнге дейін жұмбақ күйде қалып отыр. 

    Өкінішке қарай, қазір асық  ойыны  ұмытыла  бастады.  Көптеген түрлері ұмытылып, мүлде  ойналмайды.

    Компьютердің алдында  қимылсыз  отырғаннан гөрі бір  мезгіл  асық  ойнап  бес  саусағын  шынықтырып,  денесін  қимылдатқан  қай  балаға  болса  да  пайдалы  екені   даусыз. Сондықтан  асық  ойнап  ұлттық ойынымыздың  дамуына  үлес  қоса  отырып  денсаулығымызды  нығайтайық.

                                       

Автор: Қизат Саят Қизатұлы Павлодар қаласының №1 ЖОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья по национальной игре "Асық ойыны""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.01.2017 668
    • DOCX 37.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қизат Саят Қизатұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қизат Саят Қизатұлы
    Қизат Саят Қизатұлы
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7027
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инструктор по футболу: правовые и методические вопросы профессиональной деятельности

Инструктор по футболу

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности тренера по борьбе: дзюдо и самбо

Тренер-преподаватель

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс повышения квалификации

Методика осуществления тренировочного процесса в гандболе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе