Инфоурок Другое СтатьиСтатья по теме Жан жылуым - Анашым!

Статья по теме Жан жылуым - Анашым!

Скачать материал

 ЖАН ЖЫЛУЫМ -  АНАШЫМ!

                                                                                       

                                                Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.

                                                                                       Ғабит Мүсірепов

                                                                            

          Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана, оның мейірімділігінде шек жоқ.  Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ана балаға сырлас дос, қиналғанда жол ашатын ақылшысы бола алады. Бала өмірге шыр етіп түскенде ананың ыстық алақанының мейірімін сезінеді, оның өзіне жақын жан екенін сезеді. Ана есімі туралы айтып тауысу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз.

         Менің де өз анама деген ықыласым бөлек. Мейлі,  өзім 50 жасқа таяп қалсам да анамның орны ерекше, маған да Ана керек. Анам жеті баламен 39 жасында жесір қалған, ал әкем болса 44 жасында қайтыс болып еді. Ол кезде үлкен ағам әскерде болатын, әкеміздің қайтыс болғанын естімеді,  2 жылдық әскери борышын өтеп келуіне аз уақыт қалған  әкемізді көрмеді, үлгірмеді.

          Анамның өмірі мен ес біле бастағаннан-ақ көз алдымда өтті. Әкемнің анасы, қарт енесіне қарап, жеті баласын тәрбиелеп өмірін жалғастыра берді. Уақыт деген тұра ма, зымырап өте берді.  Әкем диірменші еді, өмірден қайтқан соң, анам  сол диірменді зуылдатып ұстап, бір колхоздың / ол кезде солай аталушы еді ғой/  адамдарын  әппақ ұнмен қамтамасыз етіп отырды. Ауылым «Басқұншы» деп аталады. Анам ерекше жомарт адам, тік мінезді, тура сөйлейтін жан.  Анамның  үйдегі шаруасына апам көмектесетін, жұмыстан анам келгенде ыстық шайын құйып беріп, ақылын айтып отыратын. Қазіргі кезде апамның ақылын, айтқан сөздерін жиі есіме алып отырамын. Сол кезде айтушы еді: «Қар жауар, із басылар - балам     бұл қиналғаның әлі ұмыт болар, балаларың өседі, бір жағыңа шығысар»,- деуші еді.  Анам қандай жұмыс  жасаса да апаммен ақылдасып отыратын, ақылын тыңдап, айтқанын бұлжытпай орындайды.  «Қарты бардың  - қазынасы бар» демекші, көрші-көлем, ағайын-туыстарды  соғымның басына шақырамыз деп бәрімізді  аяғымыздан тік тұрғызатын.  Анам түрлі тәтті печеньесін, тәтті тоқаштарын пісіріп, дастарқанды майыстыра  жасауды ұнататын. Көпшілікті риза ету, дастарқаннан дәм татқызу сол кездегі барлық үлкендердің  Алла алдындағы парызы мен қарызындай еді ғой. Қонақ келгенде біз дастарқан басына жоламаушы едік. Қонақтар кеткен соң, қайта дастарқанды толтырып  шуылдасып дастарқанға жайғасушы едік. Сол кезде анам мен апам бізге қарап отырып «Осылардың жегені, біздің жегеніміз, осылар куанса, біз де қуанамыз» деп бір-бірлеріне айтатын, кейде жылап та алатын. Сонда біз неге жылайсыздар десек, сендердің аман-есен өскендеріңе тәуба етіп отырмыз дейтін. Анам мен апам қолдары қалт етіп босай қалса, апам жүн иіреді, анам тоқымасын алып тоқиды. Ал мен болсам,  «Батырлар жыры» деп аталатын үлкен кітап бар соны оқып беретінмін. Осылай өмір өтіп, екеуі екі жақтап бізді өсірді, жеткізді, сол кездегі ауыл адамдары да мейірімді еді. Қарапайым ғана тіршілік кешіп жүрген  адамдардың  сол кездегі бекзаттығы, қол ашықтығы, ниет түзулігінің өзі тәрбие көзі еді. Ол кезде бір-бірінің үйінен дәм тату, дәм татқызу  кішкентай ауылдың , оның ақжүрек адамдарының адами парызы болатын.

          Содан зымырап арада жылдар жылжып өтіп жатты, .  Екі ағам, бір әпкем үйленді, олардың тойларын жасады, немере сүйді, апам шөбере сүйді. Апам айтқандай, қар жауды, із басылды дегендей,   біз есейдік.

 Бала кезімнен мұғалім болуды армандаушы едім, көршінің балаларын отырғызып қойып,  мұғалім болатынмын, арманым алдамады, 8-сыныпты бітіріп Жаркент педагогикалық училищеге оқуға түстім, оны тәмамдап 1987 жылдан бастап  мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып  орналасып,  еңбек жолымды бастап кеттім. Армандаған ұстаздық – Бақытым, Бағым болып,  халық баласының ортасында, бала әлемінде   ұштасып  келеді. Бұл мамандық маған  қажыр мен жігерді, кісілік пен кішілікті, имандылықты сыйлады.  Ұстаз бола жүріп апамның  айтқан сөздерін жиі еске алып жүремін. Өмірде  түрлі жағдайлар кездеседі, шыда, төзімділік таныт, артынан бір жақсылығы болады дейтін апам. Анама анасындай болып кеткен апам 2005 жылы  желтоқсан айында  97 жасында  өмірден қайтты. Апамның «Көп оқығаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деген  сөздері дәл келіп жатады.

Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.

Мен қай жаста болсам да менің жүрегім Анам деп соғады. Ана есімі осы өмірде баға жетпес асыл мұра. Анашым, мен сіздің нәзік жүрегіңізбен жылы жүрегіңізді, берген тәлім-тәрбиелеріңізді, маған деген махаббатыңызды ұмытпаймын және мен анама сізді өмірімнің соңына дейін аялап өтемін деген сөздерді айтудан жалықпаймын.

Мен бақыттымын, себебі менің қасымда анам бар.  Анам қазір 76 жаста, менің ойымша,  бар баланың  байлығы, асылы, бар сәні мен мәні - ардақты жан анасы. Сондықтан жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын! Анашым, сізге мың да бір рахмет! Мен сізді сондай қатты жақсы көремін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ана- қасиетті де киелі есім! Бар болғаны үш әріптен құралған, бірақ мағынасы – теңіздей терең, қол жетпес көк аспандай, адамға ауадай қажет маңызды ең қымбат сөз. Бұл сөз иесі әлемдегі ең ардақты, ең аяулы, ең сүйкімді, ең сүйікті жан! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ шығар. Адамзат баласы алғаш дүние еісігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана мейіріміне бөленеді. Сәбидің аузынан шығатын ең алғаш  сөз де – «ана». Анаға теңесер дүниеде жан жоқ. Ананың аялы алақаны сәбиге күш-қуат береді. Орыстың ұлы жазушысы М.Горький «...Дүниеде не жақсылық болса, соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған»  деп айтқан сөзі өте орынды. Себебі барлық ана бейбітшілікті және баласының бақытты болуын ғана тілейді. Даңқы асқан патша да, найзасы көк тіреген батыр да анадан туады.  Ана есімі туралы айтып тауысу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз.

      Менің де өз анама деген ықыласым бөлек. Менің анам алдындағы қарызым - өтелмейтін парыз. Дана қазақ халқы «Анаңды меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген екен.  Менің анамның есімі Әсел, ол кісі мектепте мұғалім. Мен анамды өте жақсы көремін. Біз отбасында үш баламыз, мен, ағам және інім бар. Менің анамның мейірімі үшеумізге де жетеді. Ол бізді үнемі, әрине әрқайсымызды әр түрліше еркелетіп, жақсы көріп отырады. Меніңше анам маған қарағанда, кіші бауырымызды қатты жақсы көретіндей болып көрінеді. Бірақ олай емес екенін біле тұра, мен кейде анама ренжіп, көңіліне келетін сөздер де айтып қалатын кезім болады. Мені әкем көп еркелеткеннен кейін бе, көбіне анамның сөзін жүре тыңдайтын да кездерім болады. Бірақ ана, шіркін ренжу дегенді білмейді ғой. Қай кезде болмасын көмек сұрасам алып-ұшып көмектесуге дайын тұрады.  Жұмысына байланысты үлгермей жатса да, біздің өтінген тапсырмамызды орындап кетеді. Менің анам-жер бетіндегі ең құрметті, құдіретті жан. Ол өте әдемі, қайырымды, кімге болса да қол ұшын беруге дайын тұратын адам. Достары да, жолдастары да көп. Анашым мені тұмсықтыға шоқытпай, қанаттыға қақтырмай аялап келеді. Мені сәби кезімнен бастап жамандықтан қорғап келеді. Мен мектепке алғаш барғаннан бастап, әріптердің қалай жазылатынын, сандардың айтылуын бәрін үйретті. Соның нәтижесі шығар мен қазір мектептің үздік оқушыларының бірімін. Сонымен қатар менің анам- жұмыста тамаша қызметкер, ал үйде-нәзік жан. Анам мұғалім болған соң, үй шаруасына көп көмек керек. Мен бала кезімде анама қолғабыс көрсете алмаған кезде, үнемі ағам көмектесіп отыратын. Бірақ анам, сол кезде біздің сабағымызға да көмектеседі, кіші інімізді де бағып қарайды. Көп жұмыс істейді. Қазір мен үлкейдім, қолымнан келгенше анама үй шаруасына көмектесемін. Сонда да әлі күнге дейін балалық сәттерімдегі анамның еркелеткен жылы үні, нұрлы көздері, аймалаған нәзік алақанының жылуы көз алдыма үнемі елестейді. Қазір анам менің- сырласым және ақылшым. Үнемі қандай жағдай болмасын мен анаммен, не анам менімен ақылдасып отырады. Мен анамды шексіз қатты жақсы көремін. Ол туралы анама ашып айтпасам да, ішімде бәрі сайрап тұр. Мен анамсыз бұл өмірді елестеткім келмейді. Біз үйде анамсыз тіпті түскі асты да ішпей күтіп отырамыз. Әкем де «анаң келсін»,- деп отырады. Ол жұмыстан шаршап келсе де бізге сонысын көрсетпей бірден ас қамын жасауға кірісіп кетеді. Қаншама төзімділік деп таң қаламын. Біз сәл нәрсеміз дайын болмаса, ренжіп шыға келеміз. Ал мамам олай істемейді. Себебі ол, әлемдегі ең аяулы жан. Мен анама әлемдегі бар жақсылықты тілеймін. Әрқашан жүзінен мейірім нышаны кетпей, ортамызда жүре берсе екен деп тілеймін.

      Қымбатты менің анашым, саған үлкен рахмет!  Мені осы өмірге әкелгенің үшін де мен саған қарыздармын. Өмір деген сондай ғажап. Осы ғажапты маған сыйлаған, ана, саған алғысым шексіз. Сенің  көңіліңе кірбің түсірмей, қолымнан келгенше жақсылық жасағым келеді. Мен бақыттымын, себебі менің қасымда анам бар. Менің ойымша  бар баланың  байлығы, асылы, бар сәні мен мәні - ардақты жан анасы. Сондықтан жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын! Мама, сізге мың да бір рахмет! Мен сізді сондай қатты жақсы көремін!

 

 




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья по теме Жан жылуым - Анашым!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 659 991 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.03.2017 641
    • DOCX 57.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кощегулова Гульжан Кожахметовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9629
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой