Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / СТАТЬЯ "СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

СТАТЬЯ "СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ"

библиотека
материалов

ВИЗУАЛДЫ АЙҒАҚТАР НЕГІЗНДЕ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ

Психологтардың зерттеулерінше оқушылардың 80 пайызы визуалдар, 20 пайызы аудиал мен кинестетиктер. Қазіргі компьютерленген заманда бұл түсінікті де. Біздің пікірімізше оқытуды визуалдандыру оқушылардың қажетті ақпаратты табу және қолдана алу, топпен жұмыс жасау, өмір ағынындағы өзін өзі жетілдіру құзыреттілігін қалыптастырады.

Артур Кларктың «Білу аз, оны қолдану қажет. Білемін деу аз, оны жасау қажет» деген сөздері оқушының білімді алып қана қоймай, оны қолдана алу дағдысы болу қажеттілігін көрсетіп отыр. Олай болса қазіргі заман мұғалімінің тек теориялық жағынан ғана қаруланбай, оқушыға білімді өмірде қолдануын үйрете алатын қолдаушы, өз білімін жан-жақты жетілдіріп отыратын, үнемі ізденісте болатын, бастысы оқушыны ойлауға үйрететін тұлға болуы тиіс. Яғни, мұғалімнің теориялық және тәжірибелік білімдерінің өзара тығыз байланыста болуы –мұғалімнің кәсіби дамуының негізі болуы керек.

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету - оқушылардың ойлау дағдыларын, оқуда ғана емес тұрмыстық өмірде толық түбегейлі шешім қабылдауға, түрлі жағдайттардың қыр-сырын білуге, ақпаратпен жұмыс жасауға және оны талдай алуын дамыту болып табылады. Қолыңыздағы әдістемелік құралда «Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау» әдісін бастауыш сыныпта бірнеше сабақтарға салып, нәтижелерімен бөліскім келді.

Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау - бұл əрекет сабақ тақырыбына назар аудара отырып, қазақ тілі, математика, дүниетану жəне әдебиеттік оқу пəндері бойынша айғақтар көзі ретінде фотосуреттермен жұмыс жасауға бағытталған. Олар əртүрлі жас топтарына лайықтап саралануы мүмкін, мұғалімдер оларды кəсіптік даму үшін пайдалана алады.

Әдістемелік құралды жасаудағы мақсатымыз: Балалардың оқуы мен танымдық дамуын қалыптастырушы бағалау үшін жəне əлеуметтік ғылымдағы оқыту үдерісінің бір бөлшегі ретінде куəлардың көмегімен сын тұрғысынан ойлау үдерісін дамытудағы тәжірибемізбен бөлісу.

Міндеті:

- визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпараттар мен білімді пайдалана отырып, айғақтарды зерттеуге және  талқылау барысында өз идеяларын ашық айтуға,  ашық сұрақтар қоюға үйрету;

- сұрақтарға жауап іздеу,   талқылау барысында қажет болатын тиісті терминологияларды қолдануға үйрету, сыни тұрғыдан ойлану, жауаптарды дәлелдеуге машықтандыру;

Сын тұрғысынан ойлауды үйретуден күтілетін нәтиже:
- сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады;

- ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнайды;

- бұрынғы білімдеріне білім қосады;

- микроклимат өзгереді;

- оқушылардың жауапкершілігі артады;

- оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастайды;



Сабақта "сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін" тиімді пайдалану сабақ үрдісін өзгертуге, мұғалім мен оқушының тығыз байланысын одан әрі күшейтіп, оқушы білімінің артуына жеткізеді. Модульді енгізуден мақсат оқушылардың терең сыни ойлауға, қарсы пікір айтуға, дәлелдерді талдау және сұрыптауға үйрету.

Тәжірибе кезеңінде сыныбымдағы балалардың зияткерлік деңгейін анықтау үшін мектеп психологының көмегімен Савенков тестін орындатқыздым. Тест тапсырмаларын құрастыруда Фриманның (1998) Британия география қауымдастығының бақылау парағындағы өлшемдерді тиімді қолдануға болады деген пікіріне сүйендім.

Оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға үйретуге арналған тапсырмасы бар жоспар дайындадым және сабақ өткіздім. Ол жоспарды құру үшін Кембридж тәсілінде оқытудың ресуртарының 3-апта 5-күндегі 1а, 1b және 2-ресурстарды пайдаланып, өз сабағыма салдым. Ондағы мақсатым: балалардың оқуы мен танымдық дамуын қалыптастырушы бағалау үшін және әлеуметтік сыни тұрғыдан ойлау үдерісін бақылау.

Дүниетану 1-сынып «Адам еңбегі» сабағында оқушыларға әртүрлі мамандықтар суретін беріп, «Оларды қалай топтастыруға болады», - деп сұрадым. Алижан ойланып қалды, Әли сұрақты түсінбеді. Ақерке шаштараз бен тігіншінің суретін алып, екеуін қосамыз деді. Неге деп сұрағанда: «Біреуі адамның шашын қияды, біреуі адамға киім тігеді»- деген жауабы оң бағаланды. Енді әрі қарай адамның немен жұмыс істеуіне байланысты әрекет етеміз деген соң, олар батыл қимылдап мамандықтарды былай сұрыптады.

«адам-адам» - дәрігер, официант, атушы, психолог, жаттықтырушы, тергеуші.

«адам-табиғат» - ботаник, зоолог, мал дәрігері, омарташы, агроном, диқан.

«адам-техника» - дәнекерлеуші, тас қалаушы, жүргізуші, архитектор, инженер.

Шағын топтағы қатысушылар бір, екі немесе үш қарама-қарсы сурет таңдайды. Әрбір сурет үлкен қағаз парағына орналастырылады. Сурет бойынша «Миға шабуыл» әдісі арқылы ықтимал сұрақтар қойылып суреттің айналасына жазылады. Оқушыларымның жас ерекшелігіне байланысты бір үй салып жатқан құрылысшының суретіне қарап сұрақ құрастыруларын сұрадым.

Адамдар неге үй салады? Адам неге өзі үй салмайды? Адам неге құрылыста кранды қолданады? деген сұрақтар құрастырды.

Сұрақтарды сұрыптау үшін қатысушылар өз кестелерін ұсынды. Адам еңбегін үйрену үшін қандай сұрақтар пайдалы болып табылады? (ол менің түсінігімді жақсартады) Жауаптарды іздеу үшін қайда жүгінуге болады? (кітап, ғаламтор). Оқушылар бір-бірінің сұрақтарының маңыздылығы бойынша бағалады және жауап берді.

Көңіл күйге ортақтасу тапсымасында оқушылар мамандықтың бір түрін алып ескі заманның адамдары қалай өмір сүргендерін елестетіп көрді. Оқушылар дәрігер туралы «Бұрынғы кезде дәрігерде жедел жәрдем көлігі болмады. Олардың білімі аз болды, құралдары аз болды. Қолдарында ұстап жүретін жәшіктері болмады» деген тұжырымдарымен бөлісті.

Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны тану үшін саналы түрде стратегиялар қолданады (Нұсқаулық, 54 бет). Себебі сыни ойлайтын оқушыларым үнемі сабаққа белсенділікпен қатысып, әрбір сабақтарда өздерін әр қырынан көрсете білді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,  мұғалім нұсқауынан гөрі өз сыныптастарының нұсқауын алу тиімді болатынын байқадым.

Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім (Нұсқаулық 49 бет). Сыни ойлату арқылы баланың ой ұшқырлығын, жан-жақтылығын арттырасың. Көзге көрінетін айғақтар 1а жаттығуының 4-тапсырмасы «Көңіл күйге ортақтасу»да балалар бұрынғы заман дәрігерінің қиын тұстарын талқылады. Бұрынғы заман дәрігерінде жедел жәрдем көлігінің болмауы, білімнің аз болуы, құралдарының аз болуы ауруларды толық емдей алмауына себеп болған шығар деп топшылады. «Үнсіз» оқушыларым ашылып, мені өз жауаптарымен таңғалдырды. Өздері құраған сұрақтардың маңыздылығын талдағанда кейбір сұрақтарды бүгінгі сабаққа қатысты емес деп, ой ұшқырлықтарын танытты.

Бірлескен іс-әрекет оқушыларға даму барысында біршама алда немесе артта қалған өз қатарластарымен өзара әрекетте болып, когнитивті және әлеуметтік қабілеттерінің дамуына септігін тигізетініне көзім жетті. Күрделі тақырыптардың өзін оқушыларымның бұрынғы жинақтаған білімі мен тәжірибесімен байланыстыра отырып түсіндірудің жолдарын іздеп көрдім. Әрбір оқушыны оқытуда топтық жұмыс бірлігіне, ынтамақтастығына, сөйлеу тіліне, сыни ойлауына, зейін шоғырлануына ықпал етуге жағдай жасалды. Жоғары деңгейдегі балаларды ұжымнан бөліп, жеке жұмысқа тартудан гөрі оларды топтық әрекетке тартып, сыныптастарымен қарым-қатынасқа түсуге үйрету тиімді екенін ұғындым.

Қорытынды: Сабақтағы жаңа мәліметтер дайын күйінде берілмей, оқушылардың өзара пікірлесіп, ой бөлісуінің нәтижесінде меңгерілді. Оқушылардың оқуға деген көзқарасында өзгерістер байқалды: білім алу үдерісіне жауапкершілігі артты, берілген тапсырмаларды орындауға шығармашылықпен қарай білуі байқалды.  Топ ішіндегі серіктестік қарым-қатынасы артып, бір шешімге келе білу, басқаның пікірін сыйлай білу, өз ойын ашық айта білуіне жол ашылды.

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады. Оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсартады, кеңейтеді. Доктор Кристианна Алгер дұрыс қойылған сұрақтар сыныптың сын тұрғысынан ойлауын қалыптастыра алады деп пайымдайды. Ол бойынша төмендегі жайттар туралы ойланып көруді ұсынады.

АЙҚЫНДЫҚ. Сіз мұны басқа сөздермен айта аласыз ба? Не айтқаныңызды ойлай аласыз ба? Проблеманы айқынырақ көрсететін басқа сөз немесе сөз тіркесі бар ма?

НАҚТЫЛЫҚ. Бұл тұжырымның растығын қалай тексере аламыз? Оның дұрыстығын қалай тексеруге болады? Ақпарат көзі қандай? Ақпаратты қалай нақтылай немесе тексере аламыз? (Бұл дереккөзі белгілі жəне мұғалім оны бақылайтын мəселе болса, онда жеңілірек, ал бұл мəселені шешуге мүмкіндік бере ме?)

ТЕРЕҢДІК. Қандай фактор бұл мəселені қиындатады? Бұл мəселеге қандай ерекшеліктер тəн? (Қарапайым жауаптарға қатысты)

БАЙЛАНЫСТЫЛЫҚ. Бұл мəселеге қатысы қандай? Бұл бізге мəселені шешуге қалай көмектеседі?

ƏДІЛДІК. Сіз бұл мəселеге шын мəнінде қызығушылық танытасыз ба? Басқалардың əртүрлі көзқарастарын Сіз тілектестікпен ұсынасыз ба? Менің бұл ой толғауымның кіндігі сын тұрғысынан ойлау деп аталады. Оқушы мұғалім мүддесіне қарама-қайшы келтірмей, түбегейлі басқа көзқарас ұсына ала ма?

Сұрақтарды сабақ кезеңдеріне сәйкес мұқият құрастыру керек. 1-сынып дүниетану сабағының ұйымдастыру сәтінде шартты дамытуға бағытталған сұрақтарды қолдандым. Бүгін қандай тақырып төңірегінде сөйлесеміз? Біздің не білуіміз керек деп ойлайсыңдар? Осы сұраққа жауап беру үшін не істеу керек?

Сұрақтардың біріншісі жабық сұраққа тек бір ғана дұрыс жауап бар. Олар оқушылардың бір нәрсені білетінін, я білмейтінін анықтап береді. 1-сынып дүниетану пәнінен «Топсеруен» тақырыбында жабық сұрақтарды қолдандым. Ағаштың қандай мүшелері болады? Шөптердің діңі бар ма? Бұталарға қараңдар, олардың діңі ше? Күзгі өсімдіктердің жапырақтары қандай?

Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әртүрлі тәсілдерін пайдалануға болады.

Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.

  • Бұталардың ағаштардан қандай айырмашылығы бар?

  • Олардың сыртқы көрінісінен қандай ерекшелікті байқадың?

  • Шөптердің бұталар мен ағаштардан қандай айырмашылығы бар?

  • Табиғатты бақылауға, сезінуге, оның сұлулығын көруге адамның қандай мүшелері көмектеседі? деген сұрақтарды түрткі болуға арналған сұрақтар деп ойлаймын.

«Сынақтан өткізу» сұрақтары оқушыларды толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесуі керек. Жоғарыда аталған сабақта «Бүгін сіздерді қандай көріністер қуантты, қандай көріністер ұнамады?» деп сұрақтың осы түрін қолдандым деп ойлаймын.

Сұрақтардың басқа түрі ашық сұрақта көптеген ықтимал жауаптар болады. Ашық сұрақтар талқылауды кеңейте түседі және білім мен «дәлдіктің» растығы негізінде пайымдау жасауға, пікір білдіруге негіз болады.

Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Бұл – жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақтарды оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес құру қажет.

Аталмыш тақырыпта «Қоршаған орта қайтсек таза болады?» сұрағы ашық сұрақ болды. «Ал, сіздер қалай ойлайсыздар» деп сұрақты басқа оқушыларға «қайта бағыттадым».

Мұғалім «төгіп салу сұрақтарының» бірнешеуін жоспарлап қою қажет. Мен осындай сұрақтардың біреуін ұсынар едім. Соңғы шолуда сынып талқыланатын сұраққа барлығы бір мезгілде оралып, мәселені қарастырды. «Сіз табиғаттың жақсы досы бола аласыз ба? Ол үшін не істейсіз?», «Жинаған табиғи материалдардың ішінен жануарға, адамға, басқа заттарға ұқсайтын тұстары бар ма?» деп сұрақтың осы түріне жүгіндім.

Рэгг және Браун (2001) оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне

қарай әрекет етудің бірнеше түрлерін ұсынады. Мұғалімдер:

жауапты елемей, назарын басқа оқушыға аудара алады;

жауапты мойындап, оны әңгімені жалғастыруға негіз ете алады;

мағынаны күшейту үшін жауапты сөзбе-сөз қайталай алады;

белгілі бір элементті атап көрсету үшін жауаптың бір бөлігін қайталай алады;

жауапты мақтай алады;

жауапты түзете алады (нұсқаулық, 39-бет);

Сабақтарды жоспарлауда сұрақтардың мән-мағынасына да ерекше көңіл бөлінді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету барысында мұғалім де өзгереді, көп оқиды, балалардан үйренеді, бірге жауап іздейді, бірге оқиды, бірге дамиды. Вольф пен Александер еңбектерінде сыни ойлауға берілетін тапсырмаларды қолдануда кітап арқылы оқыту сияқты дәстүрлі тәсілдерге наразылық білдіріліп, мұғалімдер білім мен зерттеу үдерістерін басқармай, бағыттап отыру үшін өздерінің рөлдерін қайта қарастырады делінген [1]. Шын мәнінде осы тәсілдерді пайдалануды қолға алғанда, кітаптағы дайын материалға сүйенгеннен гөрі, қосымша көздерден ізденіп, оқушыларды зияткерлік қызметке тартатын тапсырмаларды құрастыруға бой бұра бастадым.

Вольф және Александр тағы бір пікірінде оқушылар өздерінің құрдастарымен немесе сарапшылармен диалог арқылы әңгімелесе отырып, ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтерілетінін, олар баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті болатынын айтқан [1]. Сыни ойлауға берілетін тапсырмалар, өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етеді. Математика нақты дәлелдермен тұжырымдалатын ғылым болғандықтан, ондағы амалдарды қолдану да дәлелді шешімдерге негізделген. Әсіресе Блум таксономиясына негіздей отырып тапсырма маңызын арттыру оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгені туралы ақпарат алуыма көп көмектесті. Аталған сабағымда қарастырылған тапсырма, Мерсердің тұжырымында айтылғандай «зерттеушілік әңгіме» туғызып, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасқанына куә болдым (Мерсер, 2000).  Ал мен жоғары дәрежедегі ойлау операцияларын талап ететін тапсырмаларды өз тәжірибеме енгізудің тиімділігін түсіндім. Блум таксономиясының төменгі сатысындағы тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тек білу, түсіну және қолдану операцияларын пайдаланады. Ал көзбен көретін айғақтармен жұмыс тапсырылғанда жинақтау, салыстыру, анализ, синтез және бағалау операцияларын орындауына қол жеткіздім. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету бойынша тәжірибемдегі ізденістерді жалғастыра отырып, келешекте мынадай қағидаларды ұстануды ұсынар едім:

 Тапсырмадағы сұрақтардың маңыздылығын арттыру;

 Көзбен көретін және ауызша айғақтардың тиімділігін пайдалану;

 Оқушылар пікірлерін тыңдап, олардың рефлексиясын ескеруге көңіл бөлу;

 Жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушылардың тәжірибесіне сүйену және өмірдегі өз тәжірибесімен байланыстыру;

 Өз тәжірибемдегі маңыздыны айыра білу және қиындықтарды мойындау;

 Кездескен қиындықтармен жүйелі жұмыс жүргізіп, шешу жолдарын іздеу;

 Өз қызметіме сыни көзқараста болу;

 Кез келген тұжырымды ұсынарда нақты дәлелдерге сүйену.





Автор
Дата добавления 09.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров490
Номер материала ДВ-245245
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Комментарии:

1 год назад

Оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға үйрету негіздерін тренерім Райхан Мағжановна дәрістерінде жете түсіндім. Мұғалімдік мамандығымның жаңа қырларын аша түскен ұстазға мың алғыс!

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх