163520
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт ООО «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Другое СтатьиСтатья "Тәрбиеші – бала жанының жарық сәулесі"

Статья "Тәрбиеші – бала жанының жарық сәулесі"

IV Международный дистанционный конкурс «Старт» Идёт приём заявок Для дошкольников и учеников 1-11 классов 16 предметов ОРГВЗНОС 25 Р. ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Тәрбиеші – бала жанының жарық сәулесі

«№8 отбасылық үлгісіндегі балалр үйі» ММ

Нұрғалиева Рымхан Асановна, тәрбиеші.

«Бір баланың маңдайынан сипаған қол бақытқа кенеледі».

Халық даналығы

Балалар үйіндегі тәрбие жұмысының қыр-сыры өте күрделі. Ондағы тәрбиеленіп жатқан балалармен жұмыс істеу асқан төзімділікті, шыдамдылықты, жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан балалар үйіне жұмысқа кірерде оның табалдырығын аттамас бұрын, осындағы балалардың жан дүниесін түсіне алам ба, оларды бауырыма тартып, кеуделеріне үміт отын жағуға шамам жетеме? - деген сұрақтардың төңірегінде ойлану керек. «Өзгенің бақытын аялаған, өзінің уақытын аямаған» адам ғана балалар үйінде жұмыс істей алады. Ондағы жұмысқа уақытпен санаспай өзін ұстаз ретінде емес, тәрбиеші-ана ретінде кірісуі абзал. Жұмыс уақытым біткенше тобымдағы балалардың өміріне тәрбиеші ретінде ғана жауаптымын деп ойлайтын тәрбиешілер қателеседі.

Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілердің мінез-құлықтары әр түрлі, олардың арасында ерке, шолжаң, бұзық, қаншама тырысқанмен тәрбиеге көнбейтіндер де кездеседі. Бірақта оларды «тегіне тартып туған», «мынау адам болмайды» деп осындай балалардың тәрбиесінен қашқақтауға болмайды.

Тәрбиеші балаларды бауырына тартып, бастарынан сипап, еркелететін жерде еркелетіп, ақыл айтып, жан дүниелерін түсінуге тырысса, олар да жақын көріп, анасы сияқты сырын айтып, өз балаңдай болып кететіні күмәнсіз. Сондықтан, тәрбиеші өзі тәрбиелі болуы керек. Өзі тәрбиеленушілерден тәртіпті мінез-құлықты талап етіп, ал өзі балаға үлгі көрсете алмаса, онда оның талаптары көздеген мақсатқа жетпейді.

Тәрбиешінінің жұмысының алға басуы оның шеберлігіне байланысты. А.С.Макаренко: «Балаларды тәрбиешінің сенімді әрі айқын білімі, білгірлігі, қолынан келмейтіні жоқ ісмерлігі, жұмысқа әрдайым әзір тұратындығы қызықтырады», - деп көрсеткен. Тәрбиешінің шеберлігі - бұл балалардың ыңғайын табудың жаңа жолдарын іздестіру, оларға ықпал ете білу. Балаларға тәрбиелік ықпалдың тиімділігі көбіне қарым-қатынас жасай білуіне байланысты. Бұл оңай іс емес. Басқалармен бірден ортақ тіл тауып, араласу қиын. Тәрбиешінің шеберлігі дер кезінде балаларға дұрыс мінез-құлық жолын көрсетіп, оларды иландыра білуінде, олардың ойына түрткі салып, қолдап-қуаттауда және олардың күштері мен мүмкіндіктеріне сенуде. Тәрбиеші ең алдымен балалардың жеке өзін сыйлауды, оған сергек және көңіл қойып қарауды, олардың мінез-құлқын мезі қылмайтын бақылау жасауды көздейді.

Тәжірибелі тәрбиешілер әдетте кінәлау мен ақыл айтқыштықпен шамадан тыс әуестенбейді. Олар балалардың сабағы мен мінез-құлқындағы кемшіліктердің себептерін табандылықпен анықтайды және оларды жоюға бағытталған көкейге қонымды кеңестер береді. Себебін білмеу, әдетте асығыс ойластырылмаған сұрақтар баланың көңіліне тиуі мүмкін. Тәрбиешінің ашу шақыруы көбінесе тәрбиеленушілермен қарым-қатынасты нашарлатуға, беделінің айырылуына әкеліп соғады. Әдетте тәрбиешілер мен балалардың арасындағы тартыс тәрбиеленушілерге сенім мен сый жоқ жерде пайда болады. Сондықтан тәрбиеші әр-нәрсені ой елегінен өткізіп, аса сақтықпен және сыпайыгершілікпен қимыл жасайды.

Балаларға деген сүйіспеншілік пен құрмет тәрбие жұмысын алға бастайды. Кімде кім балаларды сүйе білмесе олардан нағыз тәрбиеші шықпайды. Мейіріммен және сүйіспеншілікпен құрметпен балалардың жақсы сезімдерін оятуға, керекті қасиетке тәрбиелеуге, еңбек пен тәртіпке, тіл алғыштық пен үлкендерді сыйлауға болады. Тәрбиешіні оның тәрбиеленушісімен сенгіш ықыласты және ілтипатты қарым қатынасынан басқа ештеңе жақындастыра алмайды. Егер, ол немқұрайлы, әсіресе, тәрбиеленушілерді менсінбей тәкәппар қараса, бұл оны тәрбиеленушілерден алшақтата түседі, беделден айырады. Кейбір тәрбиешілер әдетте тәртіпсіздік көрсеткен және үлгермеушілермен әңгімелескенде салқын әрі қатал болған жөн деп ойлайды. Бірақ та бұл ешқандай жақсы нәтиже бермейді. Сондықтан мұндай балалармен байсалды сөйлесу, оларға сергек, әрі қамқорлықпен қарау неғұрлым тиімді. Балалар қатал, әрі талап қойғыш, барлық балаларға бірдей қарайтын, бөліп жармайтын, әділ шешім қабылдай алатын тәрбиешілерді жақсы көреді. Олар өздеріне білгір және жан-жақты адам болуларына көмектескен тәрбиешінің қасиеттерін жоғары бағалайды.

Топтарда өзіне ерекше назар аударуды қажет ететін балалар да кездеседі. Тәрбиеші кейде осы балалармен педагог ретінде емес, анасы ретінде сөзге тартып, жан дүниесіне үңіліп, қиыншылықты бірлесіп шешуге тырысуы керек. Оларды да үйдің балалары сияқты қорғайтын, сөзін сөйлейтін қамқоршысы бар екендігін сезінуі тиіс. Сонда ғана бала тәрбиешіге өзінің бар ойын, жағдайын айтып, кеңесіп отырады. Тәрбиеші ашу шақырғанда топтағы балалардың ар-намысына тиісіп, өткен өміріндегі келеңсіз жағдайларды қозғауға болмайды. Тәрбиеленушілерге «жетім», «ата-ананың қамқорлығынан айырылғандар» деген сөздер ауыр тиеді. Осындай сөздерді естіген кезде олар «Неге осындай сөздер бізге айтылады? Біздің тұрып жатқан үйіміз - біздің отбасымыз, ал тәрбиешілер – анамыз ғой.» - деп өз ойларын айтады.

Тәрбиешілерді «анамыз» деп айтқан сөздерін естудің өзі бір ғанибет. Бұдан олармен неше жыл жұмыс істеп, солар үшін аянбай еңбек етіп жатқан тәрбиешілердің еңбегінің жанғанын көруге болады. Балалар үйінен түлеп ұшқан түлектердің жағдайын біліп, оларға қолынан келгенше көмек көрсетуге тырысатын да тәрбиешілер. Тәрбиешіні ана ретінде қабылдаған тәрбиеленушілер кеткеннен кейін де өз өмірлерін, жағдайларын, алғыстарын айтып, хабарласып тұрады. Сондықтан балалар үйіне жұмысқа орналасқысы келгендер тағдыр тәлкегіне ұшыраған балалардың өміріне жайбырақат қарамайтын, оларды ешкімге жаутаңдатпай, құшағына алып, тәрбие беріп, өмірдің ақ-қарасын түсіндіріп, қиыншылықтарды жеңуге, басқа ортада өздерін көрсете білетін, рухани-адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыруға себебін тигізетініне сенімді болуы тиіс.

Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация

Номер материала: ДВ-488503

ВНИМАНИЮ УЧИТЕЛЕЙ: хотите организовать и вести кружок по ментальной арифметике в своей школе? Спрос на данную методику постоянно растёт, а Вам для её освоения достаточно будет пройти один курс повышения квалификации (72 часа) прямо в Вашем личном кабинете на сайте "Инфоурок".

Пройдя курс Вы получите:
- Удостоверение о повышении квалификации;
- Подробный план уроков (150 стр.);
- Задачник для обучающихся (83 стр.);
- Вводную тетрадь «Знакомство со счетами и правилами»;
- БЕСПЛАТНЫЙ доступ к CRM-системе, Личному кабинету для проведения занятий;
- Возможность дополнительного источника дохода (до 60.000 руб. в месяц)!

Пройдите дистанционный курс «Ментальная арифметика» на проекте "Инфоурок"!

Подать заявку
IV Международный дистанционный конкурс «Старт» Для дошкольников и учеников 1-11 классов Рекордно низкий оргвзнос 25 Р. 16 предметов ПОДАТЬ ЗАЯВКУ

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс повышения квалификации «Этика делового общения»
Курс повышения квалификации «Организация маркетинга в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс профессиональной переподготовки «Риск-менеджмент организации: организация эффективной работы системы управления рисками»
Курс профессиональной переподготовки «Политология: взаимодействие с органами государственной власти и управления, негосударственными и международными организациями»
Курс профессиональной переподготовки «Метрология, стандартизация и сертификация»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по водоотведению и очистке сточных вод»
Курс профессиональной переподготовки «Гостиничный менеджмент: организация управления текущей деятельностью»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление службой рекламы и PR»
Курс профессиональной переподготовки «Осуществление и координация продаж»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.