Инфоурок Иностранные языки СтатьиСтатья « Учим ребенка говорить на госсударственном языке»

Статья « Учим ребенка говорить на госсударственном языке»

Скачать материал
библиотека
материалов

Балалардың сөздік қорын ойындар арқылы молайту.


Г.Д Мещерова,

«Радуга» балабақшасының

қазақ тілі мұғалімі.


Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз деген болатын. Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Сондықтан да, балалардың ой өрісін үздіксіз дамыту үшін сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор. Білім беруде мақсатқа жету үшін, баланың іс әрекеті оойын арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, көздеген мақсатқа жетеміз. Ойын баланың кез келген пәнге қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамытады. Баланы жас кезінен бастапжақсы мінез құлыққа, әсіресе мейірімділікке, инабатылыққа, жасы үлкенді және бірін бірі сыйлауға үйрету ата аналар, ұстаздар мен тәрбиешінің бірден бір қасиетті міндеті. Ойынды баланы алдаушы құрал ретінде ғана қолданбай, ойын арқылы баланың дүниетанымын қалыптастыруға, қиялын шыңдауға, баланың арман, тілегін білуге, зейінін, жадының қалыптастыруға, ойлау қабілетінің дамуына,өзге тілде сөйлеуге қызығушылықтарын арттыруда әсер етуге болады. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбылармен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір бірімен өзара қарым қатынас жасайды, өзге тілді меңгереді. Ойын балалар үшін айналадағыны танып,білу тәсілі. Ойын арқылы тұрмыс салт, әдет ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайында таным түсінігі де қалыптасады. Мысалы: Киіз үй ойыны, Соқыртеке ойыны, қазақ халқының қонақжайлығы жайлы. Сырттай қарағанда оп оңай тәрізді көрінген ойын іс жүзінде бала үшін күрделі нәрсе. Айталық, ойынға қатысатын балалармен тіл табысу, өзіне ұнамсыз рөл тигенде өзін қалай ұстауы сияқты нәрселердің көп мәні бар. Балаға тән тағы бір қасиет бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын қоштап, көмектесіп, сенім білдіріп отыру тәрбиешінің ең бір ұтымды әдісі. Бала өз ойын дүние таным түсінігі арқылы қабылдап,ересектерге еліктей жүріп үйренеді, өзіне қабылдайды. Ойнай жүріп өсетін әрбір баланың жан серігі де ойын.

Халқымыздың өмірге дені сау, шыныққан балалар тәрбиелеу жөнінде өз ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы ұлттық ойындар. Ұлттық ойындағы ата бабамыздан бірге жеткен, өткеніміз бен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз деп қараған жөн. Бала ұлттық ойын үстінде өмірде көрген білгеніне, өзіне ұнаған адамның іс әрекетіне еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды. Халқымыз ойындарды балаларды тек алдандыру, көңілін көтеру ісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарасының, мінез құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған.

Мен өз сабақтарымда, ертеңгіліктерде, мерекелік іс шараларда ұлттық ойындарды өте көп қолданамын. Ойын үстінде баланы қолдап оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбітуге ықпал етсе ғана баланың өзіндік мінез құлқын қалыптастыруға қол жеткіземіз.

Айына бір рет салт дәстүрдің бір түрін ортаңғы және ересек топтарымен көрсетіп тұрамын. Мысалы ересектер Гүлдер тобымен Бесікке салу, Шаңырақ, ортаңғы Күн тобымен Киіз үй, Тұсау кесу т.б. Ұлттық ойындарды кеңінен қолдануда ән күй жетекшісі мен тәрбиешілерге де ақыл кеңес беріп отырамын. Қазақ тілі сабақтарымда қызықты ойналатын ұлттық ойындар: Сақина салу, Қамшы тастау, Орамал тастау, Шаңырақ. Сабақтарымда кеңінен қолданатын ойындарымның бір түрі дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындар кішкене балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйренетін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр.Дидактикалық ойынның нәтижесі ойын жолымен ұту емес, бала білімді игеру, ақыл ой қызметін дамытуда, өзара қарым қатынас жасауда ой жетістіктерінің көрсеткіші. Сабақтарымда қолданатын дидактикалық ойындарым: Дұрыс ата, Не өзгерді?, Не жоқ?, Ғажайып дорба, Төлдерді ата, Бұл ненің дауысы?, Не артық?, Сиқырлы қорап т.б. Ересектер Достық тобында Астанаға саяхат тақырыбында өткізілген ашық сабағында Дұрыс ата! Ғажайып дорба ойындары өте тартымды ойналды.

Округтер семинарныда ересектер Достық тобымен Астанаға саяхат атты Мастер класс көрсеттім.


  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Испанский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Немецкий язык: теория и методика обучения в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания английского языка с учетом требований ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания немецкого языка с учетом требований ФГОС»2
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания французского языка с учетом требований ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания испанского языка с учетом требований ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания итальянского языка с учетом требований ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания китайского языка с учетом требований ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика билингвального обучения иностранным языкам»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания русского языка как иностранного»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности секретаря руководителя со знанием английского языка»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.