Инфоурок / Русский язык / Другие методич. материалы / Статья на тему "Жаңа форматтағы оқытудың тиімділігі"

Статья на тему "Жаңа форматтағы оқытудың тиімділігі"


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

«Жаңа форматтағы оқытудың тиімділігі (қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде)»

ШҚО, Риддер қаласы

«№5 орта мектебі» КММ,

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Карикпаева Динара Ақылбайқызы



Мектептің жаны - мұғалім, оның басты міндеті - баланы оқытып, оған тәрбие беру болып табылады. Егер бұрын мұғалім қолына бор алып, тақтаға жазып сабақты түсіндіретін болса, бүгінгі мұғалімдер интерактивті тақтаның алдында «указканы» қолына алып түсіндіруде. Мұның өзі бір жетістік емес пе... Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған кезінде еліміздің әлеуметтік - экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар, жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындауға дұрыс жол ашылды деп білемін. Себебі, ел тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ. Ол үшін мұғалім тынымсыз еңбек етуі керек, техниканың барлық саласын жақсы меңгеруі шарт, өйткені мұғалім оқушымен оның техникалық тілінде сөйлеу білуі керек.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп елбасымыз да өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде. Мұғалімге жағдай жасалып жатыр, үш айлық деңгейлік оқыту жүріп жатыр, соның барлығын ескере отырып, әр мұғалім сабағының құрамын өзгертіп, жаңа әдіс тәсілдерді қолдануда. Егер дәстүрлі оқыту барысында басты рөлді мұғалім алып, 80 пайызын мұғалім сөйлейтін болса, бүгінгі таңда оқушыға сөз беретін уақыт келді. АҚШ Мэнн штатының Бефель ұлттық оқу зертханасында жасалған зерттеу бойынша оқушылардың алған білімдерін сақтауының орташа пайызынан ақ көрініп тұр (1 сурет).

Деңгейлік курс өтілді, қолға «қару» алынды, алған ақпарат өте көп, енді тек оны қалай жүйелі етіп қолдану керек, оның нәтижесін қалай көрсем екен деген үміт ойымнан шықпайтын болды. Әрбір сабағымды қызықты да, нәтижелі болуына бар ынтамды, күш жігерімді салудамын. Оқушының «Мен бүгін «мынаны» түсіндім, «мынау» маған қызықты болды...» деген сөздерін есту үшін ынтық болдым. Иә, сабақтарым ақырындап өзгеруде, сонымен қатар оқушылармен қарым қатынасым да өзгеріп келеді. Қазір оқушылар мына ақпаратты қайдан алсам болады? деген сұрақтарды жаудыратын болды. 10 сынып оқушыларымен қазақ тілінен электронды оқулықты жасауды да қолға алдық. Үшінші сыныпта «энергетик», яғни сыныптағы коллаборативті ортаны құратын ойындар жиынтығын да құрып жатырмын. Бұл интерактивті әдістерді қолдана бастаған кезінде, өзіміздің жерлес, атақты ұстаз Қ.Бітібаеваның оқыту әдістері бірден есіме түсе бастады, сондай ақ бұл әдістер М.Жанпейісованың модульдік технологиясында да берілген, яғни бұл әдістер бұрыннан белгілі, бірақ біз оны қалай дұрыс қолдануын білмеген екенбіз. Бүгінде Кембридж Университетінің мұғалімдері бізге тек дұрыс жолын көрсетіп жіберген бе деп ойлаймын.

Мектеп ішінде осы курсты өтіп келген мұғалімдердің одағын құрдық. Түрлі коучингтер, түрлі ашық сабақтар беріліп жатыр. Сабақтарға жеті модульды ықпалдастырып жатырмыз. Диалогтік оқытуды меңгеруді мақсат етіп қойдық, сондықтан әр сабағымда диалогтік оқытудың стратегияларын қолданамын.

Кейбір адамдар жаңа оқыту әдістері бойынша мұғалім мүмкіндігінше аз сөйлейді, яғни пассивті рөл атқарады деп ойлайды, ол дұрыс емес. Интерактивті әдісте сабақта мұғалімнің қатысу белсенділігі жоғары болады, өйткені мұғалім пікірталастарды басқарады, оқушылардың сабақтың мақсатына жету үшін бағыт беріп, үнемі көмектесіп отырады. Сондай ақ көптеген мұғалімдер, жаңа форматтағы курсты өтіп келген мұғалімдер «сабақта ойната береді» деген түсінік қалыптасып қалған, ол да дұрыс емес. Қазіргі психология ғылымы оқушылардың бір бірімен қатынасы, олардың бірлесіп жасаған іс әрекеттері баланың психикалық дамуына жақсы әсерін тигізеді, яғни сабақта оқушылар бір бірімен жақсы қарым қатынаста болса, сабақтың тиімді өтуі де ықтимал. Сондықтан да осы интерактивті әдістерді («ойындар») қолданамыз.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Осы жолда педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:

-  білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;

-   білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;

-  мұғалім мен білім алушының өзара қарым - қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.

Оқытудың дамыту функциясы білім алушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады. Олар: «Дамыта оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» т.б. жатады.

Қорыта айтқанда, инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та,  олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғалімнен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді.





Әдебиеттер:

1.  Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар. Алматы, 2006.

2. М.М.Жанпейсова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002

3. Жартынова Ж.А., Ким В.Н., Корнилова Т.Б., Қойлық Н.О., Орақова А.Ш. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару», Алматы 2014ж

Краткое описание документа:

Статья учителя казахского языка об эффективности обучения в новом формате. На сегоднешний день очень важно вырастить конкурентноспособное поколение. для этого педагоги повышают свою квалификацию. Сейчас в Казахстане внедрены курсы нового формата, педагоги делятся мнениями, изучают интерактивные методы обучения. Внедрение семи модулей в серию уроков, является положительным моментом. Уроки проведенные в новом формате очень эффективны. Учащиеся довольны своими же результатами. Сегодня мы уже видим оживленные глаза детей, которые забыв об о всем работают в группах, спорят, доказывают свои доводы...

Общая информация

Номер материала: 178250


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Русский язык и литература: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс «Русский для иностранцев»
Курс «Администратор гостиницы»
Курс «Бухгалтерский учет»
Курс профессиональной переподготовки «Маркетинг: теория и методика обучения в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Основы туризма и гостеприимства»
Курс повышения квалификации «Основы местного самоуправления и муниципальной службы»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс повышения квалификации «Деловой русский язык»
Курс профессиональной переподготовки «Русский язык как иностранный: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания русского языка как иностранного»
Курс повышения квалификации «Методы и инструменты современного моделирования»
Курс профессиональной переподготовки «Деятельность по хранению музейных предметов и музейных коллекций в музеях всех видов»
Курс профессиональной переподготовки «Управление качеством»