Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Статья на тему "Жаңашылдыққа бір-ақ қадам"

Статья на тему "Жаңашылдыққа бір-ақ қадам"

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Қарасай ауданы,

А.С.Макаренко атындағы орта мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Кудашова Гульбану Кенжебековна

Жаңашылдыққа бір қадам

Басқаларды үйрете жүріп,

біз өзіміз үйренеміз.

Сенека

Қазақстан әлемдік білім сатысына көтерілуге бет алып, оң қадам, жаңа

бетбұрыс жасап отыр. Бұл – XXI ғасыр талабы. Қазіргі ғылым мен техниканың

қарқынды дамыған кезеңінде әрбір адам үздіксіз ізденуге, ғұмыр бойы білім

алуға мәжбүр және міндетті. «Өмір – өзен» деп айтатын болсақ, сол өзен

ағысынан қалып қоймауымыз қажет.

Курста оқытудағы Kембридж тәсілінің теориялық негіздері туралы кеңінен айтылды. Бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу деп айтылғандай, мұғалімдер, жалпы айтқанда ұстаздар қауымы өз тәжірибелерін үнемі толықтырып, жаңартып, кеңейтіп отыруы тиіс. Бағдарламаның жеті модулі сабақта пайдаланылатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланысты. Аталған бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Нақтырақ айтсақ, қалай оқу керектігін үйрету, сыни тұрғыда ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету керек. Ол үшін мұғалімнің өзіндік ұстанымы болуы шарт, ал ұстаным оның көзқарастарының қалыптасуына зор ықпал етсе, көзқарас белгілі бір шешімдерді қабылдауына және одан әрі іс-әрекет жасауына септігін тигізеді. Оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек. Бұл жердегі маңызды фактор - оқушы тақырыптың мәнін өз бетімен меңгереді және өзін-өзі, өзгені бағалай алады, яғни оқушы өзінің оқуына жауапты. Мұғалімге келетін болсақ, оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және де қажетті құралдармен қамтамасыз етіп отырса ғана оқыту және оқу маңызды болады. Осы күнге дейін мен де өзге әріптестерім секілді дайын білімді беруге негізделген «дәстүрлі» стильде сабақ беріп келдім. Алынған білімдердің жаттанды, мән-мағынасы терең меңгеріліп, игерілмегеніне курс барысында шынайы көзім жетті. Біз, яғни, мұғалімдер, өзіміз түсіндіреміз, сұраймыз да, жауабын айтамыз, оқушының өз бетінше жұмыс жасауына, ойлануына жағдай туғызып, мүмкіндік бермейміз және тек қана өзіміз бағалаймыз. Сөйтіп, біз оқушыларымызды зеріктіріп аламыз, оқуға деген ынтасын жанбай жатып сөндіреміз. Оқушылардың қызығушылығын арттыратындай дүниелер жасамаймыз, бірден күрделі тапсырмалар беріп, оқушыларды үрейлендіріп аламыз. Сол себепті оқушы үнемі мұғалім көмегімен ғана жұмыс жасап, өз ойларын еркін жеткізе алмайды, сенімсіз, өмірде де өз жолын таба алмай қиналады. Ал, енді Бағдарламаның негізгі идеясын терең түсіне отырып, қазақ халқы үшін киелі сан болып есептелетін жеті санына сәйкес «жеті модульді» әр сабаққа тиімді кіріктіріп, орынды қолдану барысында оқыту мен оқу жеңісті әрі жемісті болмақ. Болашақта Кембридж университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебі қолдап отырған оқытудың бұл түрін мен де үздіксіз жалғастырып отырамын. Ағылшын ғалымы Уильям Уорд:

Жай мұғалім хабарлайды,

Жақсы мұғалім түсіндіреді.

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім шабыттандырады, - демекші , алдымда отырған әрбір оқушыны шабыттандыру үшін мен де аянып қалмаймын, қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Әр оқушымның жүрегінің бір түкпірінде ұлы мұғалім есімімен қалу үшін тырысып бағамын. Сондай-ақ, әлемнің озық елдерінің білім беру тәсілдеріне сүйене отырып және Бағдарламаның жеті модулін тиімді, орынды кіріктіріп, өзіндік ұстанымы бар, көзқарасы қалыптасқан, «ойлау туралы ойлана алатын» мұғалім ретінде, сабақтарымды жаңа бағытта жоспарлап, жаңа форматта жүргіземін !

Краткое описание документа:

Автор
Дата добавления 14.03.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров378
Номер материала 441681
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх