Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Статья о важности дошкольного воспитания

Статья о важности дошкольного воспитания

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Болашаққа баспалдақ балабақшадан басталады

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, бала тәрбиесі балабақшадан басталады, өйткені әрбір мемлекеттің болашағы балабақшадан басталады. Ертең осы елге ие болатын, тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдермен терезесін тең ететін – балабақшада тәрбиеленіп жатқан жеткіншек. Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек». Елдің ертеңгі тірегі-осы балалар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда балабақша ұстаздары қауымына үлкен жауапкершілік артылып отыр. Әсіресе, қазіргідей күн сайын қарыштап дамыған қоғамда бүлдіршін шақтан заман ағымына ілесе алатындай қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуға бөбектердің балабақшада бейімделетіні анық. Жақсы өмір сүруге талпыныс, ортаға икемділік, салауатты өмір салтына дағдылану, міне, мұның барлығын балабақша қабырғасында жүріп үйренуі тиіс. Балаға айналадағы өмір шындығының әсері мол. Айналасындағы үлкендердің, өзінен ересек балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек әрекеті – бәрі де балаға үлгі-өнеге. Бүгінгі балалар тез жетіліп келеді. Олар айналадағы болып жатқан барлық оқиғаларды білгісі келеді. Баланың тұлға болып қалыптасуына отбасының тәрбиесі аздық етеді. Бұл орайда бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше. Себебі, балабақшаға баратын бала қоғамда өз ойын ашық айтуға үй-ренеді. Сонымен қатар жан-жақты жетіледі. Болашақ ұрпақ тәрбиесі өте үлкен жауапкершілікті талап етеді. «Адамға бірінші кезекте білім емес, тәрбие берілуі керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне қасірет әкеледі» деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, ең бірінші адамға тәрбие керек. Сол жауапкершілікті қайыспай арқалап, ұлттық тәрбиеден нәр алған балабақшада еңбек ететін тәрбиешілер және балабақша ұжымы әр баланың бойына қайырымдылық пен суйіспеншілік, адамгершілік пен ізгілікті қалыптастыруда жүйелі жұмыс атқаруда. Олар әр балабақша тәрбиеленұшіге жүрек жылуын, аялы алақанын аямай еңбек етуде. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Бүгінгі балабақша тәрбиеленұші – ертеңгі оқушы. Сондықтан, отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу, ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.

Қанабекова Бақтыгүл Солтановна, «Бал Ерке» балабақшасының әдіскері





Краткое описание документа:

          Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, бала тәрбиесі балабақшадан басталады, өйткеніәрбір мемлекеттің болашағы балабақшадан басталады. Ертең осы елге ие болатын, тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдермен терезесін тең ететін – балабақшада тәрбиеленіп жатқанжеткіншек.                                                                                               Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек заманына лайық қылып шығару керек». Елдің ертеңгі тірегі-осы балалар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Қазіргі таңда балабақша ұстаздары  қауымына үлкен жауапкершілік артылып отыр.  Әсіресе, қазіргідей күн сайын қарыштап дамыған қоғамда бүлдіршін шақтан заман ағымына ілесе алатындай қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуға бөбектердің балабақшада бейімделетіні анық. Жақсы өмір сүруге талпыныс, ортаға икемділік, салауатты өмір салтына дағдылану, міне, мұның барлығын балабақша қабырғасында жүріп үйренуі тиіс.                                                                                                                         

Автор
Дата добавления 02.03.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров195
Номер материала 418371
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх