Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / Математика пәнінен "29-ға көбейту және бөлу кестесі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Обществознание

Математика пәнінен "29-ға көбейту және бөлу кестесі"

библиотека
материалов

«Алашорда» үкіметі тарихының мәселелері

С.М. Махина

«Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының

«Дарынды балалар» секторы кабинетінің менгерушісі.


Бүгiндерi ғасырлар бойы аңсаған тәуелсiздiкке қол жеткiзген қазақ халқы үлкен тарихи сынның алдында тұр. Ол — аталарымыз аңсаған осы тәуелсiздiгiмiздi баянды ету мемлекетiмiздi әлемнiң дамыған елдерiмен теңестiру, қырғынды, қуғын- сүргiндi, қорлық-зорлықты басынан аз кешпеген халықты бақытты ету, бүгiнгi елде жүрiп жатқан реформалардың нәтижесiн, рахатын сезiндiру. ХХ ғасырдың алғашқы ширегi кезiнде қазақ қоғамында мүлдем жаңа жағдай қалыптасты. Ресейлiк әскери-монархиялық басқару жүйесi, қазақ жерiнiң орыс мемлекетiнiң меншiгi етiп жариялануы, осыған орай iшкi Ресейден қоныс аударушылар легiнiң күрт өсуi, қазақ бұқарасынының зорлықпен егiншiлiкке жарамды жерден ығыстырылуы, дәстүрлi қазақ шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауы сол қалыптасқан жағдайдың нақты көрiнiстерi едi. Сол кездегi қазақ қоғамы дамуының күн тәртiбiнде қазақ халқының ұлт ретiнде жоғалуы, не өзiн-өзi сақтауы үшiн күреске шығу мәселесi тұрды.

Мiне, осындай тарихи, жауапкершiлiгi зор мiндет- алаштықтардың иығына түстi.

Әрине, ХХ ғасырдың бас кезiндегi ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзектi мәселелерiнiң бiрi, «Алаш» партиясының құрылуы, оның тарихи негiздерi, саяси әлеуметтiк сипаты және қазақ тарихында алатын орны болды. Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысты бiлдiре отырып, саяси партия құру әрекетiн бiрiншi орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алды. Бiрақ белгiлi дәлелдi себептерге байланысты ол әрекеттен ештеңе шыға қоймады.

Алаш партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық партиясы (1917-1920 жж.) қазақ елiнiң қоғамдық дамуының жаңа экономикалық, саяси және рухани негiзде қайта құру қажеттiлiгiнiң пiсiп жетiлгендiгiн және Ресей империясының Қазақстанда орнатқан отарлық басқару жүйесiнiң терең дағдарысқа ұшырағандығын көрсеттi. «Алаш» партиясына Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, Х. Досмұхамедовтар М. Жұмабаев және т.б. қазақтың алдыңғы қатарлы озық ойлы қоғам қайраткерлерi кірдi. Олардың ең басты мақсаты өз халқын отарлық езгiден қайткендi де азат ету болатын. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов жетекшiлiк еткен ұлттық зиялылар жаңа өрлеу ала бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа нысаналы сипат беру үшiн газет шығарды.

Алаш үкiметiн құру мәселесi 1917 жылы шiлденiң 21-28-iнде Орынбор қаласында, жалпықазақтың I съезде қаралған болатын, съезде 14 мәселе талқылауға түстi. Алдымен мемлекет құрылысы қаралды. Мемлекеттiк басқару жүйесi, қазақ облысының автономиясын құру, жер көлемiн анықтау, халыққа бiлiм беру, рухани-дiни мәселелер, сот, әйелдер мәселесi, құрылтай жиналысын шақыру және оған дайындық жайы, қазақ саяси партиясын құру, Жетiсу облысындағы оқиғалар, Киевтегi бүкiлресейлiк федеративтiк кеңеске және Петроградтағы халыққа бiлiм беру жөнiндегi комиссияның жұмысына қазақтардың қатысуы туралы мәселелер қаралды. Делегаттар ұлттық автономия мәселесiне, жер мәселесi шешiлуiне, құрылтай жиналысына әзiрлiкке және саяси партия құруға баса назар аударды. Олардың «қазақ халқы өзiнiң еншiлi жерiне орнығып болғанша қазақ жерi ешкiмге берiлмесiн» деген. Осындай дұрыс ой-пiкiр күнi бүгiнгi дейiн күшiн жойған жоқ. Съез шын мәнiнде қазақтың ұлттық саяси партиясы Алаштың съезi болып айқындалды. Ал, 1917 жылдың 5-13 желтоқсанда өткен II жалпықазақ съезде Алаш автономиясын, Алашорда деп аталған үкiметiн құрды. Онда ешқандай ұлтқа бөлiнушiлiк болмағаны үкiметтiң құрамындағы 25 адамның 10-нын басқа ұлттардан құрылған жазған ұсыныс көрiнiп тұрды.

Алашорда жетекшiлерi күрделi кезде бiр жағынан елдi аман сақтап қалу үшiн «Уақытша халық кеңесi түрiнде» билiк құрды, екiншi жағынан кеңес үкiметiмен байланыс жасауға тырысты. Ленин, Сталиндермен келiс сөздер жүргiздi.

Қазақ автономиясының мәдени мұқтажына Орталықтың көмегi, бүкiл қазақ құрылтайын шақыру, өлкеде азаматтың бiтiмге келу туралы уәделер болды. Кешiкпей үлкен елде азамат соғысы басталды: Алашорданың ұстанар бағытын айқындау қажет болды. Олар өлкеде әлеуметтiк-саяси негiзi жоқ, кеңес үкiметiнiң көптеген көзқарастарымен келiспедi. Олар ең алдымен таптық күрес, ел iшiнде саяси қырқыс емес, ұлттық мүдденi көздедi. Сондықтан кеңес үкiметi оларды буржуазияшыл-ұлтшылдар деп атады. Олар шын мағынасында қазақтың «ұлтшылдары» емес, ұлтжанды азаматтары едi.

Ұлт мүддесiн ойлайтын азаматтар әр кезде де, әр елден де табылыды. Саяси көзқарасы үшiн қуғындауды тоқтату мақсатында оларға кеңес үкiметi қысым жасамауға уәде берген едi. Көптеген Алаш партиясының азаматтары кеңес үкiметi кезеңiнде де саяси жағдайлар мүмкiндiк бергенше ұлт мүддесiне қарай жұмыс iстедi. Қазақ өлкелiк комитетiнiң бiрiншi хатшылығына 1925 жылы қыркүйекте Ф.И. Голощекиннiң келуiмен республиканың қоғамдық-саяси өмiрi күрт өзгерiп кеттi. Республикада «кiшi қазан» төңкерiсiн өткiзуге идеологиялық негiз жасалды. Нәтижесiнде күшпен ұжымдастыру, куғын-сүргiн қазақ халқын зор қайғы қасiретке ұшыратты. 1928 жылы осы айыппен 44 адам — «буржуазиялық-ұлтшылдар» Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов бар бұрынғы Алашорда қайраткерлерi тұтқындалса, 1930 жылы М. Тынышбаев, Х.Досмұхамбетов бар тағы да 40-қа жуық адам түрмеге жабылды.1937-1938 жылдары жылдары бұл үдерiс жаппай сипат алды. Қуғын-сүргiнге ендi тiптi большевиктерге мүлде қарсы болмаған Т.Рысқұлов, О. Исаев, О. Жандосов, С. Сейфуллин, І. Жансүгiров, С. Асфендияров, т.б. қазақтың бетке ұстар азаматтары ұшырап, барлығы да ату жазасына кесiлдi. Осылайша ұлт үшiн құрбан болған қазақ перзенттерiнiң кiнәсiздiгi тек Сталин қаза болғаннан кейiн, iшiнара ақтала бастады. Алайда, бәрi бiр Алашорданың атын айтуға да болмайтын. «Алашорда» азаматтарының толықтай ақталуы тек 1986 жылдан кейiн ғана мүмкiн болды. Сөйтiп, қазақ халқы А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, М. Шоқай, Ж.Аймауытов, Жанша және Халел Досмұхамедов, Ш.Құдайбердиев, т.б. көптеген перзенттерiмен, оларды шығармаларымен қайта қауышты.

Тарих тағылымы бiздiң дамуымыздың басты себепкер шарттарының бiрi.

Мiне, сондықтанда бiз, яғни кейiнгi жас ұрпақ, халқы үшiн жан берген бабаларымыздың өмiрi мен iсiн оқып-үйренiп алаштықтардың жеңiстерiн бағалап, жеңiлiстерiнен сабақ аламыз. ХХ ғасырдың бас кезiндегi ұлт зиялыларының елiмiз үшiн iстеген қимыл-қарекетi ұрпақ есiнде мәңгi жаңғырады, елiмiздiң тәуелсiздiк жолындағы күресiнiң маңызды кезеңi болып қала бередi.

«Алаш» партиясының өмірге келуі: 1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және сиез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару қарекетімен де, көркем творчествомен де айналысқанын көруге болады.

Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. Болатын.


3


Краткое описание документа:

Статья по истории Казахстана на тему "«Алашорда» үкіметі тарихының мәселелері" (9 класс)Алаш қозғалысы, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы және саяси рөлін тарихи тұрғыдан кезеңдеу.
2.Алаш қозғалысының бастау көздерін және Алаш партиясының бағдарламасын тарихшы ғалымдардың тұжырымдамалары негізінде мәнін ашып көрсету.
3.Алашорда үкіметінің заңдары мен іс-қағаз құжаттарына тарих, саясат тұрғысынан баға беру.
4.Қазақ зиялыларының қазақ мүддесін көтерген қызметтеріне тоқталу.
5.Қазіргі таңда жарық көрген әдебиеттер мен материалдар негізінде тұжырымдамалар жасау.

Алаш зиялыларының қызметі мен ұлттық баспасөзде жарияланған мақалалары Алаш зиялыларының қызметі мен соңғы тағдыр жолдары

Автор
Дата добавления 03.02.2015
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров369
Номер материала 361848
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх