Инфоурок Школьному психологу КонспектыСтатья по психологии на тему " Роль народной педагогики в развитие дошкольного возраста"

Статья по психологии на тему " Роль народной педагогики в развитие дошкольного возраста"

Скачать материал

Қарағанды қаласы « №62 ЖББОМ » КММ

Педагог-психолог    Шакирянова М.Р.

 

Мектеп жасына дейінгі балалардың, ақыл-ойын дамытудағы халықтық педагогиканың рөлі.

 

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің  ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп  тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды, білімді мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәріне игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы жүзеге асыруға болады.

   Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінің беташарын: «Қазақтың қаны бар, жаны бір жолбасшысы-мұғалім.. алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын-мұғалімдікі» деп бастаған екен. Ұлттық санамыз, саяси ой-өрісіміз сілкініп, өрлеу жолына түскен осы кезеңде ата-бабаларымыздың кең-байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандыққа жету жолындағы күресін, терең тамырлы тарихымызды, ту ұстаған батырларымыз бен көсемдеріміздің, сөз бастаған шешендеріміздің үлгі-өнегесін бүгінгі ұрпаққа ұғындырып, келешекке мирас ету — бізге парыз.  Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.

Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі  жөнінде  атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірбиесі  бар.  Ол туралы А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Қ.Жарықбаев, Ж.Наурызбай тағы басқа ғалымдар, өз еңбектерінде халықтық педагогикасы идеяларын оқу- тәрбие  процесінде пайдалану мәселелерін терең , және жан-жақты  қарастырған. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану,оның асылын тарихтың рухани  көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып отыр[1].

Халықтық педагогика - ойыншықтарда, ойындарда, дәстүр, әдет, ырымдарда, тәрбие және мінез-құлық жиынтықтарының ережелерінде, батырлық дастандарда,  халық ауыз шығармашылығында сақталған, тәрбиелік және педагогикалық мәліметтер жиынтығының тарихи пайда болуы. Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру болып табылады [2].

«Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу керек», дейді Мұхтар Әуезов. Зерттеу жұмысы барысында мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту кезінде, мектеп тәрбиешілері халықтық педагогиканы балалардың ақыл-ой дамытуда қаншалықты қолданатынын  айқындай түсті. Олар мынадай көрсеткіштерді көрсетті:

 

 

сурет-1

Сондықтан да, бұл көрсеткіштерді жоғарлату үшін халықтық педагогиканың  зерттеудің көзі-педагогика мазмұны  және сол бағыттағы ауыз әдебиеті, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие материалдары, ойындар, ойыншықтар, халықтық және жастар мерекелері, отбасылық тәрбие тәжірибесін мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда кеңірек қолдану  керек. Мәселен, басқа елді-мекендердің ұлттық қасиеттеріне еліктемей, иығына мылтық ілген американдық ковбойды, жер шарын жарып жібермек кебінген роботтардың орнына көңілді де, мейірімді (тымқұрыса Алдар көсе, Тазша бала, Қошақан, сияқты) кейіпкерлермен  мектепке дейінгі ұйымдар сүрелерін толтырған жөн деп санаймыз. Егер қазіргі таңнан бастап біз халықтық педагогика арқылы  ұлттық қасиеттерімізді дәріптеген жағдайда ғана саналы ұрпақ тәрбиелей аламыз.

 «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне  солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиеленсең, ол да солай тәрбиеленеді», дейді француз ағартушысы Жан-Жак Руссо.   

 Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор. Ұлтымыздың мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады. Оларды айта кететін болсақ: бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ақыл-ойды дамытып, тәлім – тәрбие беріп, дүниені танытатын  ғаламат туындылар. Ақыл-ойға, терең тәлім-тәрбиеге құрылған қазақтың поэзиялық сөз түйіндерінен мектеп жасына дейінгі балалардың  ойлау ерекшелігін, мәдени мұраның құндылық дүниесін  бала кезден бастап бойына сіңірген жөн. Ұлттық тәрбиенің барлық түрлері, әдіс-тәсілдері ауыз әдебиетінің жанрларында жан-жақты көрініс тапқан. Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы – мәдениеттің құнды бөлігі.

Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты — білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы — бүгінгі жастарымыздың өнегелі тұлғасын қалыптастыру. Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса, сонша көкейкесті мәселе болып келеді. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстар  бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік- имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі [3]. 

Алайда, бүгінгі күнде көптеген мектепке дейінгі ұйымдар  бұндай тамаша, рухани, этнографиялық құнды деректердің үштен бірін әрең ғана пайдаланады десек, қателеспейміз. Осыған қазақ жұрты ден қойса, намысына жаныса, рухсыздықтан арылған жағдайда ғана, ұл-қызы нағыз қазақ елін дүниежүзіне танытар еді. Бүгінгі жастар — халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі дейтін болсақ, сол жастарымыз ұлтын сүйетін ұлтжанды, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Қазақ халқының бағалы педагогикалық ой-пікірлерін бүкіл оқу-тәрбие  жүйесінің тірегіне айналдыру қажет.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.                  Программа «Step bu step» - новая инновационная технология в дошкольном образовании // Современные технологии в системе образования: материалы респуб. науч. - прак. конф. (29-30 мая 2001 г.).- Караганда: Изд-во КарГУ, 2001. – С. 79-80. (Р.Ш.Сабирова, Г.С.Балгабаева).

2.                 Этностық-мәдени сәйкестіліктің педагогикалық-психологиялық аспектілері // Проблемы Казахстанской психологии: история и перспективы: материалы межвуз. науч.-прак.конф. (29 октября,2001 г.).- Алматы: Изд-во,2001.–С.67-72.

3.                  Әлеуметтік психология. 032240 «Әлеуметтік педагогика» мамандығына арналған типтік оқу бағдарламсы // Алматы: баспасы, 2003. – 10 б.).

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья по психологии на тему " Роль народной педагогики в развитие дошкольного возраста""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мектеп жасына дейінгі балалардың, ақыл-ойын дамытудағы халықтық педагогиканың рөлі.

 

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің  ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп  тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды, білімді мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәріне игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы жүзеге асыруға болады.

   Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінің беташарын: «Қазақтың қаны бар, жаны бір жолбасшысы-мұғалім.. алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын-мұғалімдікі» деп бастаған екен. Ұлттық санамыз, саяси ой-өрісіміз сілкініп, өрлеу жолына түскен осы кезеңде ата-бабаларымыздың кең-байтақ өлкені қалай қорғағанын, бостандыққа жету жолындағы күресін, терең тамырлы тарихымызды, ту ұстаған батырларымыз бен көсемдеріміздің, сөз бастаған шешендеріміздің үлгі-өнегесін бүгінгі ұрпаққа ұғындырып, келешекке мирас ету — бізге парыз.  Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.

Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі  жөнінде  атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірбиесі  бар.  Ол туралы А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Қ.Жарықбаев, Ж.Наурызбай тағы басқа ғалымдар, өз еңбектерінде халықтық педагогикасы идеяларын оқу- тәрбие  процесінде пайдалану мәселелерін терең , және жан-жақты  қарастырған. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану,оның асылын тарихтың рухани  көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып отыр[1].

Халықтық педагогика - ойыншықтарда, ойындарда, дәстүр, әдет, ырымдарда, тәрбие және мінез-құлық жиынтықтарының ережелерінде, батырлық дастандарда,  халық ауыз шығармашылығында сақталған, тәрбиелік және педагогикалық мәліметтер жиынтығының тарихи пайда болуы. Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты ұлттық, халықтық және этностық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігіне толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру болып табылады [2].

«Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу керек», дейді Мұхтар Әуезов. Зерттеу жұмысы барысында мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту кезінде, мектеп тәрбиешілері халықтық педагогиканы балалардың ақыл-ой дамытуда қаншалықты қолданатынын  айқындай түсті. Олар мынадай көрсеткіштерді көрсетті:

 

 

сурет-1

Сондықтан да, бұл көрсеткіштерді жоғарлату үшін халықтық педагогиканың  зерттеудің көзі-педагогика мазмұны  және сол бағыттағы ауыз әдебиеті, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие материалдары, ойындар, ойыншықтар, халықтық және жастар мерекелері, отбасылық тәрбие тәжірибесін мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда кеңірек қолдану  керек. Мәселен, басқа елді-мекендердің ұлттық қасиеттеріне еліктемей, иығына мылтық ілген американдық ковбойды, жер шарын жарып жібермек кебінген роботтардың орнына көңілді де, мейірімді (тымқұрыса Алдар көсе, Тазша бала, Қошақан, сияқты) кейіпкерлермен  мектепке дейінгі ұйымдар сүрелерін толтырған жөн деп санаймыз. Егер қазіргі таңнан бастап біз халықтық педагогика арқылы  ұлттық қасиеттерімізді дәріптеген жағдайда ғана саналы ұрпақ тәрбиелей аламыз.

 «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне  солай түседі, бала тәрбиесі де сол сияқты, өзің қалай тәрбиеленсең, ол да солай тәрбиеленеді», дейді француз ағартушысы Жан-Жак Руссо.   

 Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор. Ұлтымыздың мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру ісі басты құрал болып саналады. Оларды айта кететін болсақ: бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ақыл-ойды дамытып, тәлім – тәрбие беріп, дүниені танытатын  ғаламат туындылар. Ақыл-ойға, терең тәлім-тәрбиеге құрылған қазақтың поэзиялық сөз түйіндерінен мектеп жасына дейінгі балалардың  ойлау ерекшелігін, мәдени мұраның құндылық дүниесін  бала кезден бастап бойына сіңірген жөн. Ұлттық тәрбиенің барлық түрлері, әдіс-тәсілдері ауыз әдебиетінің жанрларында жан-жақты көрініс тапқан. Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы – мәдениеттің құнды бөлігі.

Қазіргі білім берудің негізгі мақсаты — білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматы — бүгінгі жастарымыздың өнегелі тұлғасын қалыптастыру. Жас ұрпақтың ұлттық тәрбиесі халық қанша өмір сүріп келе жатса, сонша көкейкесті мәселе болып келеді. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстар  бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс-термелерде мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік- имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі [3]. 

Алайда, бүгінгі күнде көптеген мектепке дейінгі ұйымдар  бұндай тамаша, рухани, этнографиялық құнды деректердің үштен бірін әрең ғана пайдаланады десек, қателеспейміз.Осыған қазақ жұрты ден қойса, намысына жаныса, рухсыздықтан арылған жағдайда ғана, ұл-қызы нағыз қазақ елін дүниежүзіне танытар еді. Бүгінгі жастар — халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі дейтін болсақ, сол жастарымыз ұлтын сүйетін ұлтжанды, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Қазақ халқының бағалы педагогикалық ой-пікірлерін бүкіл оқу-тәрбие  жүйесінің тірегіне айналдыру қажет.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.                 Программа «Step bu step» - новая инновационная технология в дошкольном образовании // Современные технологии в системе образования: материалы респуб. науч. - прак. конф. (29-30 мая 2001 г.).- Караганда: Изд-во КарГУ, 2001. – С. 79-80. (Р.Ш.Сабирова, Г.С.Балгабаева).

2.                Этностық-мәдени сәйкестіліктің педагогикалық-психологиялық аспектілері // Проблемы Казахстанской психологии: история и перспективы: материалы межвуз. науч.-прак.конф. (29 октября,2001 г.).- Алматы: Изд-во,2001.–С.67-72.

 

3.                 Әлеуметтік психология. 032240 «Әлеуметтік педагогика» мамандығына арналған типтік оқу бағдарламсы // Алматы: баспасы, 2003. – 10 б.).

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 308 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.11.2014 982
    • DOCX 33.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шакирянова Маржан Ришатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шакирянова Маржан Ришатовна
    Шакирянова Маржан Ришатовна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1074
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога-психолога в образовательной организации

Педагог-психолог

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1758 человек из 85 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 481 человек

Курс повышения квалификации

Психологическая помощь детям с онкологическими заболеваниями

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные проблемы психологической поддержки детей и подростков с учетом концепции развития психологической службы в системе образования в Российской Федерации на период до 2025 года

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 312 человек

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции