Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Статья "Семейное воспитание - основа ценностей человека"

Статья "Семейное воспитание - основа ценностей человека"


библиотека
материалов

Марзатаева Гульжанар Борисовна ГККП «Ясли-сад №28» г. Павлодар


Тәрбиенің тал бесігінде тербелген

(Бала ресурстарын дамыту)

  1. Ата-ана атану – қасиетті парыз.

  2. Бала тәрбиесі ана құрсағынан басталады.



Жарық пен жылу жоқ жерде, от пен нұр жоқ жерде тірлік мақұрым. Ал, ол екеуінің көктегі көзі – Күн де, жердегі көзі – атынан айналайын, Ана. Ананың мейірін ақтай алмаған ұлдың, мерейін көтере алмаған елдің көсегесі көгеруі мүмкін емес.

От басы түзелмей, Отан түзелмейді.

Тәуелсіз ел болып жатқан жұртымыз қиын жылдарда да ақ бесікті құр тастамаған, қилы кезеңдерде де атаның ақ тілеуін аттамай, жар сыйластығына адал бола білген, соның арқасында қандай зұлматтан да халықтық кейіпіміз бен халықтық құлқымызды аман алып шыға алған Аналарымызға – Қазақ әйелдеріне қарыздармыз.

Анадан ақ сүт ему – елдігіміздің кепілі! Азат еліміздің мерейінің биіктей берер кепілі де ақ сүтпен бірге емер адал тәрбие. Ұлттық дамуымызға жаңа қарқын, жаңа сипат бітірер тұста жеткіншектерімізді адалдыққа, меймандостыққа, бауырмалдыққа, кеңпейілділікке тәрбиелеумен қоса, ыждаһатқа, ұрымтал қимылдап, ұпайын ешкімге жібермейтін ұғымталдыққа, намысшылдыққа тәрбиелеуге баса көңіл бөлінсе, лазым.

Дегенімізге жетер-жетпесіміз де, санатымыздың көбейіп, салихамыздың зораюы да, өз қазынамызға өзіміз ие, өз мерейімізге өзіміз ие бола алу, бола алмауымыз да қыз-келіншек қауымының халық тағдырын қаншалықты терең түсінуінде.

Бабаларымыз шалғай жерлерге, қиын жорықтарға аттанарда қара орман, ызғын әулетін әйелдерге сеніп: “Артта сіздер бекем болсаңыздар, жолда біздер бекем боламыз”, - дейді екен. Дербестік туына қолы енді жетіп отырған еліміз қазір де сондай ұлы жолдың үстінде.

Бабалар сөзін біз де қайталаймыз: бұл жолдың да бізді жеңіске бастауы үшін, ең алдымен, Сіздер бекем бола көріңіздер, халықпен аттас Қарындас, атамен аруақтас Ана, келешекпен дәмдес Келін, жарастық туы Жеңге, ақ тілеулі Апа!

Әбіш Кекілбайұлы











Өмірге ұрпақ әкеліп, нәресте сүю – ең үлкен бақыт. Оны әрбір жұмырбасты пенденің армандайтыны сөзсіз. Бала пайда болған сәттен бастап, тәрбиенің басталатынын кейбір жас аналар біле бермейді. Аяғы ауыр әйелдер дене тазалығына ерекше көңіл бөлу керек. Бұрынғы кезде аяғы ауыр әйелдер суға түскенде жұпар иісті киікоты шөбін пайдаланады екен. Бұл шөп іштегі нәрестенің тыныс алуын жақсартады. Әйел адам жүкті кезде көбінесе, екі бетіне қарала дақтар түседі. Ерте кезде оған биенің сүтінің көбігін жаққан.

Әйел адамның аяғы ауырлаған сайын ақтан жасалған тамақтар жеуі керек. Жазды күні болса асқа тәбетін ашу үшін жуа жеуге болады. Сондай-ақ, тауда өсетін рауғаш, қымыздық жеу де пайдалы. Рауғашты жесе сәбидің көзі көреген, құлағы естігіш болады, ал қымыздық баланың тәбетін ашады. Құрсақты әйелге көбіне жас сорпа ішкізіп, ірімшік жегізген. Ақ ірімшік жеген әйелдің баласының сүйегі бос, ал қызыл ірімшік жеген ананың сәбиінің сүйегі берік болады.

Ананың тісінің тазалығына да ерекше көңіл бөлінеді. Түрлі тамақ қалдықтарынан бөлінетін жағымсыз дәм мен иістер іштегі балаға әсер етіп, оның жүрегін айнытпас үшін күніне екі рет – таңертең және жатар алдында қара жусанның қайнатылған суымен, болмаса қаратікен тұзбен аузын шайғызады. Аяғы ауыр әйел адамның көңіл күйі барынша көтеріңкі жүргені абзал. Мезгілімен ұйықтап, таза ауда мейілінше жиі болып, сергек жүруге тырысу керек. Шама келсе, әуезді ән-күй тыңдаған ләзім. Халықта “екіқабат келін жыласа, оның баласы жасық болып туады” деген түсінік бар.

Әйелдің жүкті кезінде ескерілетін халықтық түсінікке негізделген мынадай ырымдар бар: итке “кет” деуге болмайды, бұл толғақты ауырлатуы мүмкін; арқан есуге болмайды, әйел босанар үстінде бала кіндігіне оралып қалуы мүмкін; тең буып, қаптың аузын жабуға рұқсат етілмейді. Түйе етін жеуге болмайды, бұлай етсе жүкті келіншек 9 ай емес, 12 ай көтеруі мүмкін. Бұл ырымдардың түп-төркіні көне наным-түсінікке сенген дәуірге барып тіреледі. Жүкті әйелге “іштегі баланың еті қызылданып кетеді” деп жас ет ұстатпаған, “кіндігіне оралып қалмасын” деп ине-жіппен іс тіккізбеген, “түсік тастайды” деп жүресінен отырғызбаған.



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Жарық пен жылу жоқ жерде, от пен нұр жоқ жерде тірлік мақұрым. Ал, ол екеуінің көктегі көзі – Күн де, жердегі көзі – атынан айналайын, Ана. Ананың мейірін ақтай алмаған ұлдың, мерейін көтере алмаған елдің көсегесі көгеруі мүмкін емес.

От басы түзелмей, Отан түзелмейді.

Тәуелсіз ел болып жатқан жұртымыз қиын жылдарда да ақ бесікті құр тастамаған, қилы кезеңдерде де атаның ақ тілеуін аттамай, жар сыйластығына адал бола білген, соның арқасында қандай зұлматтан да халықтық кейіпіміз бен халықтық құлқымызды аман алып шыға алған Аналарымызға – Қазақ әйелдеріне қарыздармыз.

 

Анадан ақ сүт ему – елдігіміздің кепілі! Азат еліміздің мерейінің биіктей берер кепілі  де ақ сүтпен бірге емер адал тәрбие. Ұлттық дамуымызға жаңа қарқын, жаңа сипат бітірер тұста жеткіншектерімізді адалдыққа, меймандостыққа, бауырмалдыққа, кеңпейілділікке тәрбиелеумен қоса, ыждаһатқа, ұрымтал қимылдап, ұпайын ешкімге жібермейтін ұғымталдыққа, намысшылдыққа тәрбиелеуге баса көңіл бөлінсе, лазым. 

Общая информация

Номер материала: 285968

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG