Инфоурок Другое СтатьиСтатью на тему: "Жастарға ұлттық құндылықтарды меңгерту-патриотизмге тәрбиелеудің негізі"

Статью на тему: "Жастарға ұлттық құндылықтарды меңгерту-патриотизмге тәрбиелеудің негізі"

Скачать материал

Жастарға ұлттық құндылықтарды меңгерту-патриотизмге тәрбиелеудің негізі

Кукшибаева М.Л., Талдықорған политехникалық колледжінің әлеуметтік және экономикалық пәндер кафедрасының оқытушысы

             Еліміздін егемендігі мен тәуелсіздігін нығайып дамуының басты шарттарының бірі- оның азаматтарының патриотизмі. Жүрегінде оты бар, бойында ұлттық қаны бар жас жеткіншектеріміздің патриоттық сезімін оятып,  ұлттық рухта тәрбиелеу, «қазақстандық патриотизм» ұғымдарын ұрпақ бойында дарыту- біздің басты мақсатымыз.

            Президент Н,Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» Жолдауында; «Жастарды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет.... Бүгіннен бастап ұлттық мінез- құлық, биік талғампаздық, тәккапарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» деген болатын.

             Бүгінгі күні тәуелсіз ел болып, қазақ ұлты атанып отыруымыздың өзі ата –бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. «Анадан ешкім батыр болып тумайды, айбындылық аспаннан түспиді. Табандылықтың атасы-татымды тәрбие. Ерлік тамыры-елдің елеулі дәстүрінде». Ерлік-асыл қасиет, Отанын,халқын сүйген, оларға бүкіл ар-намысымен беріле қызмет етуді мақсат еткен, сол үшін саналы түрде күрескен, айтарлықтай тәтижеге жеткен адамға ғана тән қасиет. Мұндай адамды ер дейміз, патриот дейміз, батыр дейміз.

            Кешегі өткен ұлы бабаларымыздың істері бүгінгі ұрпақ үшін үлгі болуға тиіс.

Ал жеріміз бен егемендігімізді бүгінгі еліміздің жастары сол аталарындай қорғай ала ма? Міне, мәселе осында.

            Адамзат баласының бойына патриоттық сезімін қалыптастырудағы басты шарт-оның сыртқы болмысы мен ішкі рухани жан дүниесінің бірге бітесе ұштасу керек, ұлы Абай адам баласының бойына керекті үш қасиетті атап көрсетеді;ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек.Осы үш қасиеттің ішкі мәніне үнілсек, ыстық кайрат-адам бойындағы ерлік пен батырлық елінін қорғаушысы, ұлты үшін неге де болса дайын екендігін білдіретін ұлтжандылық қасеті болса;нұрлы ақыл –ұлттық бірігуін бір, тудың астына біріктіретін адамдық болмысының калыптасуына, Отан сүйгіштік қасиетін ой-санасынада қалыптастыра отырып ішкі рухани жан дүниесінің жетілуіне ұлттың ұлт болып ұлт болып қалыптасуына керекті болса; жылы жүрек-адамгершілік пен адамдықты, қайырымдылық пен мейрімділікті адам бойына қалыптастыратын қасиет деп білеміз. Ұлы Абай айтқан осы үш қасиетті адамзат баласының бойына қалыптастыратын сол халықтын салт-дәстүрі, ділі мен діні,ұлттық идеологиясы деуге болады.

            Жалпы, патриоттық сезім әр шаңырақта басталып, балаға ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлқын қалыптастыру, халықтық салт-дәстүрлерді сақтау, шыққан ата-тегін білу және тарихи даму зандылығын зерделеу,одан соң туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік,т.б.асыл қасиеттер өте келе әрі қарай дамып, жеткіншектің бойында қалыптасуына шарт түзілуі керек. 

Ұрпақ бұл тәрбиені негізінен, отбасынан, білім ордасынан, жүрген ортадан алады. Білімге, еңбекке тағы басқа да қасиеттерге деген құштарлық атадан балаға беріледі.Тәрбие төркініне келетін болсақ, «бала-болашағымыз»деп санайтын ата-бабаларымыз,ұрпақ т әрбиесіне аса байыппен,сақтықпен қараған. «Әке көрген-оқ жонар, шеше көрген тон пішер»-дейді халық даналығы. Тәрбие басы сонау аяулы ана құрсағынан ата сақалы шыққанға дейін жалғасқан. Ұлы ұстаз А.Байтұрсыновтың «баланы ұлша тәрбиелесең –ұл, құлша тәрбиелесең құл болады»-деген,сонда бала тәрбиесі өз қолымызда дегені.

Оқу тәрбие үрдісінде басты рөлді оқытушы атқарады. Қазап әдебиетінің ірі өкілі Жүсіпбек Аймауытов ұстаз қызметін: «Ұстаз-шәкірттерге сабақ берумен,білім үйретумен шектелген маман иесі емес,ол  шәкірттерінің алдағы өмірін көз алдына келтіріп,өз басынан кешірген тәжірибиесіне таянып,келешекте жазатайым аяғын шалыс басып,өмірден соққы жеп,өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы,қамқоршысы»-деп бағалаған. Ұрпақ  тәрбиесі, келешек қоғам қамын ойлау мен үнемі үйретілген ізеттілік,қайрымдылық, әдептілік, елін-жерін сүюшілік сияқты асыл қасиеттер бала бойында салт дәстүрден бастау алатыны белгілі. Cебебі жас ұрпақ-біздің өміріміздін тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес,еліміздін ертеңгі тірегі, мызғымас болашағы.

             Бүгінгі таңда жастардың көпшілігінің тыныс-тіршілігі мен әрекеттері білім туралы түсініктері бұрмаланған сипатқа ие болып отыр. Оған баспасөз, теледидар, интернет құралдарынан таратылатын ақпараттар мен материалдарда көпшілік жағдайда жастарға суық-сайранды, озбырлықты  насихаттайтын төмен дәрежедегі өнімдерді дәріптеудің басымдылығы артып отыр. Әлеуметтік  проблемалар қоғамдағы отбасы жағдайларына кері әсерін тигізуде. Соның салдарынан шырқы бұзылған бей-береке отбасылар саны көбеюде, , ал толық отбасылардың өзінде ата-анасының қолыбосамаушылығы салдарынан балаларға жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбеуі, отбасымен тәрбиенің әлеуметтенуін төмендетті. Сонымен бірге жастарымыздың Отан алдындағы парызын өтеуге кұштарлығының болмауы жастарды Отаншылыққа тәрбиелеу бүгінгі күні оку мен тәрбие үрдісінде ойландыратын мәселелердің бірі болып отыр.Сондықтан қазіргі жағдайда жастарды отаншылыққа тәрбиелеу  мәселесі білім ошақтарының оку-тәрбие үрдісінде үздіксіз жүзгізілуі қажет.

            Әр студетті ұлтжанды, Отансүйгіш етіп тәрбиелеу ұстаз парызы деп ойлаймын.Ал енді осы екі ұғымға түсінік берер болсақ. Отансүйгіштікті ұлтжандылықтан бөліп карауға болмайды.Бұл екі ұғым бірін-бірі толықтырып отырады.

            Отансүйгіштік дегеніміз-өз Отанына,өз Жеріне,өз халқына сүйіспеншілік.

            Ұлтжандылық дегеніміз-өз ұлтын сүю және өз халқы үшін аянбай еңбек ету, ұлттық мүддені қорғау қайда жүрсе де өз ұлтының баласы екендігі ұмытпау,сонымен қатар басқа ұлттың өкілдерінде құрметпен қарау.

            Патриоттық сезімнің қайнар көзі – Отан, оның мазмұны- туған жер,тілі,тарихы,дәстүрі,мәдени мұралары және Қазақстан Республикасының нышандары. Ең алдымен патриоттық тәрбие Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын саяси және рухани жағынан пайымдаудан басталады. Бұл-ар-намысын, борыш-парызын құрметтеуге үйретеді. Оқушыларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігні түсіндіре отырып, ой-өрісін кеңейту және сана-сезімдерін, Отанды сүю, халқымыздың игі дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеуіміз керек.

  Патриоттық сезімге тәрбиелеуде колледжден тыс болатын шаралардың маңызы да аз емес. Бұл Республика күні, Ата-заң күні, Тілдер күні сияқты мемлекеттік мерекелерді өткізу және даярлау барысында балалар қажетті ақпарат іздеп көп жұмыс істейді, «Наурыз» мерекесінде әдеп-ғұрыптармен, ұлттық киімдермен, халықтың әндермен таныс болады.

Патриотизмге үйрету- өте ұзақ уақытқа созылатын жауапты процесс. Бүгінгі жарқын болашаққа көптеген елдер патриоттық сезімді тәрбиелеу жолымен жетті. Мұндай дәстүр қазақстандықтарға да бала кезінен бастап жүргізетін азаматтық, патриоттық шараларды қалыптастыру жағдайында ғана жүзеге асады.

            Өз Отанына деген сүйіспеншілік-парыз деген сөзді жиі естиміз. Осы мақсатқа топ студенттерінің арасында сауалнама өткізілген еді. Ондағы берілген сұрақтардың кейбіреуіне көз жүгіртсек

        Патриот деп кімді айтамыз?

       Патриот деген сөзді қалай түсінеміз?

       Екінің бірін патриот деуге болама?

       Патриоттық сезімге тәрбиелеу керек пе?

       Мемлекеттік тілді білмейтін адам өз елінің патриоты бола ма?

       Патриот ретінде өз еліңе қандай үлесің бар?

            Сұрау салынған студенттердің көпшілігі өз Отанына сүйіспеншілікпен қарайтынын айтады. Патриот өз Отанын,халқын сүйетін,тарихын құрметтейтін,оны қорғауға дайын адамдар, өз халқының келешекте дамуына үлесін қосушылар елінің патриоты десе, патриотизм деген жарнаманы қажет етпейтін махаббат, анаға деген сүйіспеншілік сияқты. Отанға деген сүйіспеншілік- елінің тағдырына қобалжу,еңбегіңмен, сөзіңмен және ісіңмен Отаныңа пайдаңды тигізу деп түсініп, ол әр адамның бойында тәрбие арқылы қалыптасатындығын айтты. Патриот деп ұлжанды адамды айтамыз, ол өз елінің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптейтін,ана тілінде сөйлеуі қажет деген ойларымен бөлісті.

Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш әдемі киім сияқты көзге түсе бермейтін болуы керек,керісінше,әрқайсымыздың жүрегімізде сақтаулы,құны шексіз асыл дүние болуы шарт.

Адамға өмір берген,өз сүтімен асыраған,шексіз махаббат сыйлаған ана сияқты,халық пен Отан ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетпен сусындайды. Отанға деген махаббат-құрайқайсыз,сенімді намыспен өз ел жұртына шын жүректен қайтарымсыз берілу,халқына қызмет ету.

Студенттерге патриоттық тәрбие беруде қоғамтану, саясаттану, Қазақстан тарихы пәндері жетекші орын алады. Жас жеткіншек туған тарихын жақсы жүйелі түрде білуге тиіс. Өйткені,тарих ең алдымен өткеннің шежіресі,адамзаттың,ата-бабаның өткен ұзақ жолы.

Әлемдік деңгейге кең қанат жайып келе жатқан ғалымдану үрдісінде әр халықтың, мемлекеттік өзіндік бет бейнесін сақтап қалу, өзінің өмір салтын қазіргі өркениет талаптарына сай жетілдіру мәселесі зор маңызға ие болып отыр, сондықтан ертеңгі болашағымыз жастардың күш жүрегін ұлтын сүйетін, тарихының тереңіне үңіліп, мәдениетін қастерлей білетін, Отанын жанындай жақсы көретін, патриоттық сезімге тәрбиелесек,а дамгершілік пен парасаттылықтың биік шыңынан байқаймыз.

Қорыта келе айтатыным, еліміз өркениетке бет бұрып,болашаққа алшаң басып келе шақта мамандарды заман талабына сай, қай салада болмасын ел тізгінін ұстауға лайық, халық қамын ойлайтын азамат етіп тәрбиелеу міндетіміз. Оған қол жеткізу үшін қазақстандық патриотизмді өркедетуде ұлтымыздың тарихын, ата-бабаларымыздың қайсарлығын, жүректілігін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәстүрін ,ұлтжандылықты насихаттап, жеке тұлғаның іскерлігі мен дағдысына, қабілеттерінің дамуына жан-жақты жағдай жасай отырып,қол жеткізуге болады.

Тел.87787437985

Үй тел.26-13-41

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статью на тему: "Жастарға ұлттық құндылықтарды меңгерту-патриотизмге тәрбиелеудің негізі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Еліміздін егемендігі мен тәуелсіздігін нығайып дамуының басты шарттарының бірі- оның азаматтарының патриотизмі. Жүрегінде оты бар, бойында ұлттық қаны бар жас жеткіншектеріміздің патриоттық сезімін оятып, ұлттық рухта тәрбиелеу, «қазақстандық патриотизм» ұғымдарын ұрпақ бойында дарыту- біздің басты мақсатымыз.

Президент Н,Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» Жолдауында; «Жастарды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет.... Бүгіннен бастап ұлттық мінез- құлық, биік талғампаздық, тәккапарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» деген болатын.

Бүгінгі күні тәуелсіз ел болып, қазақ ұлты атанып отыруымыздың өзі ата –бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. «Анадан ешкім батыр болып тумайды, айбындылық аспаннан түспиді. Табандылықтың атасы-татымды тәрбие. Ерлік тамыры-елдің елеулі дәстүрінде». Ерлік-асыл қасиет, Отанын,халқын сүйген, оларға бүкіл ар-намысымен беріле қызмет етуді мақсат еткен, сол үшін саналы түрде күрескен, айтарлықтай тәтижеге жеткен адамға ғана тән қасиет. Мұндай адамды ер дейміз, патриот дейміз, батыр дейміз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 398 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.05.2016 818
    • DOCX 23 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кукшибаева Махаббат Лияновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кукшибаева Махаббат Лияновна
    Кукшибаева Махаббат Лияновна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1997
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе