Инфоурок Другое СтатьиСтаья на тему "Кәсіби құзыретті маман даярлаудағы сабақтың алатын орны"

Стаья на тему "Кәсіби құзыретті маман даярлаудағы сабақтың алатын орны"

Скачать материал

«Кәсіби құзыретті маман даярлаудағы сабақтың алатын орны»

(Жас оқытушылар мектебі)

Ұ.М.Альмердинова (Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі, әдіскер)

«Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ» - деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, еліміздің болашағы жастардың қолында,келешектің тізгінің ұстайтын жас мамандарды бәсекеге қабілетті білімді де, білікті етіп шығару білім беретін оқу орындарындағы әрбір ұстаздың басты міндеті екенің ұмытпауымыз абзал.

Оқытушы –тек  оқушыларға дәріс беруші ғана емес, ол ізденімпаз, жаңашыл, үнемі өз білімін жетілдіріп, сапалы білім мен саналы тәрбие берудің жолдарын іздестіріп отыратын тұлға болуы керек. Оқытушы- үйретуші болумен қатар, үнемі өзі де үйренуші болуы керек.

Қазіргі ХХІ ғасырда жаңа ғасыр оқытушысының моделі қалыптасты.Дәлірек айтсақ, қазіргі мұғалім: терең білімді, білімпаз, шығармашыл, еңбекқор, ізденімпаз, кез-келген ортаның ұйытқысы, адамгершілікпен патриотизмнің жаршысы, жан-жақты тұлға болуы тиіс.Міне, осындай қасиеттерді бойына сіңірген оқытушы ғана қазіргі заман талабына сай, қоғамда басты орын алады.

Білім беру саласында оқытушылардың алдына қойылып отырған міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.Қазіргі таңдағы оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізеді.  

Білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық, қабілеттерінің артуына, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи обьективизмді ұстану себебін тигізеді. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер «инновация», «әдіс-тәсілдер», «интерактивті оқыту әдісі», «педагогикалық технология» және т.б ұғымдарының мәнін жете түсінуді талап етеді.

Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру оқытушының шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында  «Құзыреттілік-әрекеттің әмбебап тәсілдерін оқушы игеруі арқылы көрінетін білім беру нәтижесі» деп көрсетілген. Ал, педагогика ғылымындағы құзірет, адамның жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс дегенді білдіреді. Құзыреттілік - адам баласының сапалық белгісі. Яғни,оқушының жеке дара ерекшеліктеріне айырықша мән бере отырып, балаға білімді еркін игеруді жүзеге асыру оқытушылардан тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қолданатын әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді.

Енді, кәсіби құзыретті маман даярлаудағы сабақтың алатын орнына келсек .Сабақ- оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Демек, әрбір сабақ оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол- жоғарғы шеберлікті дамуды керек ететін, даму үстінде сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Ал, мұғалімнің негізгі мақсаты- сабағын тартымды әрі қызықты етіп өткізу, сабақ сапасын арттыру үшін оқушылардың пәнге деген қызығуын ояту керек. Осы орайда сабақты әртүрлі жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып өткізу қажет. Жаңа технологиялық әдістерді пайдалана отырып өткізген сабақтарда  оқушылар арасында достық қарым-қатынас нығая түседі, сөйлеу мәдениеті жетіледі, ойлау қабілеті дамиды, пәнге қызығушылығы артады, уақытты үнемді пайдаланады,өз бетімен оқып үйренуіне,шығармашылық жұмыс істеуіне ықпал етеді, яғни білім сапасын арттырады.

Демек, ХХІ ғасыр ұстаздарына жүктелер міндет көп. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»,-деген еді. Қазіргі заманғы ұстаздар үшін өрелі міндет, биік меже.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау, ғылым мен мәдениетке үйрету, әлеуметтік тәжірибені меңгерту, ой-санасын кеңейту, тіл үйренушінің оқу-танымдық әрекетіне, адамның қоршаған ортаға, дамуына ықпал жасау. Оқытушы шығармашылығындағы ерекше тұс- оның сабақты әртүрлі жаңа технологиялық әдіс- тәсілдермен түрлендіріп, шәкірттің жүрегіне жол таба білу. «Ешкім де педагог болып туылмайды, педагог болып қалыптасады»,- дегендей осы жоғарыда айтылған сөздеріме дәлел болу үшін көп жылдардан бері ұстаздық етіп келе жатқан көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледж оқытушыларының әдістемелік жұмыстарының біріне тоқталып өткім келіп отыр.Осы жылдың яғни, 2015 жылдың 3 сәуірінде өткен «Кәсіби құзыретті маман даярлаудағы сабақтың алатын орны» атты іс-шара өткіздік, Қызылорда облыстық оқу орталық (әдістемелік кабинет) ұжымындағы әдіскерлермен және аталмыш колледж ұжымымен бірлесіп облыс көлеміндегі колледж жас мамандарына жас оқытушылар мектебін ұйымдастырдық. Бұл іс-шараның мақсаты:Жас мамандарға сабақ беру әдістемесін үйрену, жетілдіру. Сапалы білім беруде жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқытушы мен оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім сапасын арттыру болатын. Ал міндеттеріне келетін болсақ, ақпараттық және СТО бағдарламасының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу.Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушыға ғана емес, ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, топпен жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру.Бұл білім жетілдіру мен тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған аталмыш  іс-шараға облыс көлеміндегі техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарынан 22 жас мамандар қатысты. Іс-шара белгіленген уақытта, күн тәртібінде қойылған жоспар бойынша еш ауытқусыз өтті. Жас мамандар мектебінің ашылуы мен жұмыс барысымен колледж директоры Сарбалакова Айымжан Жорабековна мен оқу ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Рахия Мухтаровна таныстырып өтті.

Әр қарай іс-шара өз жалғасын тапты. Онда, 2 пән бойынша ашық сабақ өткізілді. Математика пәнінен пән оқытушысы Көмірбаева К.С,  тақырыбы: «Алғашқы функция және анықталмаған интеграл тақырыбына есептер шығару» және дүниежүзілік  тарих пәнінен пән оқытушысы Мусаева Г.С, тақырыбы: «Фашизмнің қасіреті» атты ашық сабақтар өткізді.Үзіліс уақытында жас мамандар бір-бірімен жақын, етене араласып танысу үшін  колледж психолгі Смағұлова Ш. А психологиялық трениг ұйымдастырды. Әрі қарай,«Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі» атты колледж белсенді жастарының ұйымдастыруымен іс-шара жалғасын тапты.Бұл іс-шараның мақсаты: Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығына орай. Қазақстанда мекен ететін әр ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқаны, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, еліміздегі халықтардың достығын, бірлігін нығайту, өткеніміз бен бүгінімізді, келешегіміз үшін бірлігімізді нығайту, халықтар достығын мәңгі құрметтеп берік ұстауға тәрбиелеу болып табылады. Аталмыш іс-шараларымыздың қорытынды бөлімінде облыс көлеміндегі колледждерден келген жас мамандар алған әсерлері мен пікірлерін, тілектерімен бөлісті. Колледжде оқу мен тәрбие процесі жақсы жолға қойылғаның тілге тиек етті. Ашық сабақтан алған әсерлерімен бөлісті, пән оқытушылары көп ізденгендерін, сабақ кезеңдерін бір-бірімен байланыстыра білгенің, қойған мақсаттарына жеткендігін, жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта орынды пайдаланғаның және т. б. көптеген жетістіктерін айтып өтті. Сондай-ақ,  студенттердің өз бетінше танымдық және шығармашылық белсенділіктері жақсы деңгейде екенің, пәнге деген қызығушылығын көрсете білгенін айтып өтті. Колледж белсенді жастары ұйымдастырған іс-шараға да айтар алғыстары мен ризашылықтары  шексіз болды. Осыбір қысқа уақытта көрген –білгендерінен, ойға түйгендер мен көп тәжірибе жинақтағандарын студенттер қазіргі заман талабына сай сапалы білім алып жатқандығын атап өтті.

Қорытынды бөлімінде, колледж директоры Сарбалакова Айымжан Жорабековна бүгінгі «Кәсіби құзыретті маман даярлаудағы сабақтың алатын орны» деген тақырыпта өткен іс-шарамызға келіп қатысып, өз тілектерін білдірген жас мамандарға өз алғысын білдірді. Сондай-ақ, облыстық оқу орталық (әдістемелік кабинет) ұжымына  жыл сайын жоспар жасап,өзара тәжірибе алмасу, жас мамандар мектебі, ашық есік күндерін ұйымдастырып облыс көлеміндегі оқу орындарын бір-бірімен байланыста ұстап, іс-тәжірибе алмастырып отырғаны үшін көптен - көп рахмет айтып, шығармашылық табыс тіледі. Облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) әдіскері Утегенова Айжанда                              оқытушыларға озат іс-тәжірибелерімен бөліскені үшін колледж басшылары мен оқытушылар ұжымына өз тілегі мен ұсынысын айтып іс-шараны қорытындылады.

Сөзімді қорытындылай келе, колледжде жыл бойы түрлі әдістемелік іс-шаралар колледжішілік және колледжден тыс жұмыстар өз дәрежесінде өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, педагогикалық оқулар, кәсіби шығармашылық жұмыстар, түрлі семинарлар, алуан тақырыптардағы дөңгелек үстөлдер, «Педагогикалық шеберлік» сайыстары ,облыс көлемінде болып жатқан түрлі байқаулар мен ғылыми-теориялық конференцияларға қатысып отырады және тағы басқа қазіргі заман талабына сай іс-шаралар ұйымдастырылып өткізіліп отырылады.

Енді,ойымды қорытындылай келе, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін білім» дегендей ,рухани тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана-болашақта гүлдендіріп көркейтеді,тәуелсіз елді нығайтатын, бәсекеге қабілетті ұрпақ болмақ дегім келеді.

 

Түйіндеме

 

Мақала оқытушының білімді маман даярлауда шеберлік деңгейлерінің бағытын, міндеттерін,сондай-ақ оқушылар алдындағы жеке тұлға ретінде қажетті сапалары мен қасиеттерін көрсетеді. Заман талабына қарай ұстаздың жаңашыл болуына, білім берудің жаңа технологияларын меңгеруге, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге бағыт беріп, оған жету үшін нақты мақсаттар белгілейді.Ұстаздың шеберлігін шыңдау жолдарын көрсетеді. Сондай-ақ,бәсекеге қабілетті маман даярлау жолында білікті ұстаздың атқаратын міндетінің көп екеніне тоқталады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.      «Әдіскер-мұғалім» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.

2.      «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»

Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

     3.    Қазақстан Республикасының  «Білім туралы»Заңы . Алматы 2008ж

    4.    «Педагогика, психология» Авторы: Ж. Қоянбаева

     5.   «Сабақ түрлері және оның құрылымы» Авторы: Г.Ф.Гатаулин

 

      

      

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Стаья на тему "Кәсіби құзыретті маман даярлаудағы сабақтың алатын орны""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 315 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2016 678
    • DOCX 26.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Альмердинова Улбосин Мусилимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3149
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе