Инфоурок Классному руководителю Презентации"Ұстаз - адамдық диқаншысы"

"Ұстаз - адамдық диқаншысы"

Скачать материал

Мақсаты: бүкіл адамзат баласы бас иерасыл тұлға ұстаздардың ерен еңбегін, мол қадірін, тарихтағы баға жетпес орнын паш ету;жас ұрпаққа ұстаздарды құрметтеуге , адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету,ұстаз мамандығының қыры мен сырын ұғындыру;ұстаз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

1ж:Алдарыңызда өнер көрсеткен «Жас талап» ансамблі

Тыңдағандарыңыз халық күйі «Нар ағаш»

Көркемдік жетекшісі Қоңыратбаева Сағира Қуандыққызы

Осы орындауда  «Ақ мама» әні

2ж:Желпіндіріп,

Желіктірген күш қандай?

Балдырғандар шаттық нұрын шашқандай.

Бүгінгі күн – Ұстаз күні

Содан ба,

Алтын  Күнде күлімдейді ұстаздай.

1 ж: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
                   Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
                    Бар әлемге еңбегімен еленген.
                   Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
                   Ол да бірге қуанышқа кенелген.
2 ж:Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
                   Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
                   Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
                   Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
                   Қасиеті бас иелік мәңгілік!

Күрең күздің жаңға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қыркүйек  айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекелеріңіз – Ұстаздар күні де келіп жетті.Қадірлі ұстаздар!Жаныңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықрап, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілейміз. БІРГЕ:Мерекелеріңіз құтты болсын!
1ж: Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей  жарық   береді.

1ж:Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ак лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің директоры Мұқанова Шолпан Байғазықызын шақырамыз.

Ән: Жеткерген Айкөркем «Ұстазым»

:Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

                 Бала десе ойламайды өз қамын

                 Керсем дейді күнге де кол созғанын

                 Шәкірттерін өзінен де озғанын.

Биылғы оқу жылында біздің мектебімізге  4 жас маман мұғалім келіп қосылды.

Атап айтсақ:

1.     Тілеужанов Асқар

2.     Бұрханова Гүлжан

3.     Тауманова Дана

4.     Сәндібекова Тоғжан

Жаңадан еңбек жолын бастаған ұстаздарымызға сәттілік, еңбектеріне табыс тілейміз!

Ән: Сақтапбергенова Аружан «Ардақты ұстазым»

1ж: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Керей мен Жәнібек хандар Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл.  Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен Ұлы Жеңіске 70 жыл. Туған еліміздің тарихының ажырамас бөлігі, қазақтың кең байтақ еліне береке берген еліміздің асыл қазынасы болған тәуелсіздіктің тірегі – Ата заңға – 20 жыл. Татулық, бірлік, келісімді - ұранды ту етіп келе жатқан «Қазақстан халқы Ассамблясының» құрылғанына 20 жыл.

Мереке  мерекеге ұлассын!

Би: Қалдыбаева Жанерке «Грузин биі»

Ән:Сақтапбергенов Нұржан

2ж:Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жая төл мерекең қарсы алды.
Қуанышпен жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды екінші  сынып баршаңды.

Тақпақ

3 сынып оқушылары «Қазақ биі»

2ж: Сен қалай ойлайсың,Асқар ? Менің ойымша, кез-келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз- тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

1ж: Гүлназ , мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

: Ендеше,

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Сәрсенбаева Аяжан «Бахтың әні»

4 сынып оқушылары «Орыс биі»

1ж: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2ж: Асқар, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

Асқар:Ал ендеше баста

Гүлназ: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

Асқар: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

Гүлназ: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

Асқар:«Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

Гүлназ: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

1ж: Гүлназ, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

Би: «Анаға арнау»

Баяман Меруерт «Өзбек биі»

2ж:Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

Ән: Алдияров Ақжол «Ана-әке» әні

Ән: Төлеуғазы Айғаным «Ұстазым»

 1ж: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында

: Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

:«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

Ән:Сақтапбергенов Нұржан Алдияров Ақжол «Ақ бақытым»

1ж:Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

2ж:Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

1ж: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұстаз - адамдық диқаншысы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 094 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.10.2015 2622
    • DOCX 23.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қонысбаева Гүлназ Сұлтанғалиқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13628
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 549 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Мини-курс

Налогообложение реализации и доходов физических лиц

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе