Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / "Ұстаз, ақын Т.Досымованың шығармашылығы" тақырыбындағы ғылыми жоба

"Ұстаз, ақын Т.Досымованың шығармашылығы" тақырыбындағы ғылыми жоба

В ПОМОЩЬ УЧИТЕЛЮ ОТ ПРОЕКТА "ИНФОУРОК":
СКАЧАТЬ ВСЕ ВИДЕОУРОКИ СО СКИДКОЙ 86%

Видеоуроки от проекта "Инфоурок" за Вас изложат любую тему Вашим ученикам, избавив от необходимости искать оптимальные пути для объяснения новых тем или закрепления пройденных. Видеоуроки озвучены профессиональным мужским голосом. При этом во всех видеоуроках используется принцип "без учителя в кадре", поэтому видеоуроки не будут ассоциироваться у учеников с другим учителем, и благодарить за качественную и понятную подачу нового материала они будут только Вас!

МАТЕМАТИКА — 603 видео
НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА — 577 видео
ОБЖ И КЛ. РУКОВОДСТВО — 172 видео
ИНФОРМАТИКА — 201 видео
РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТ. — 456 видео
ФИЗИКА — 259 видео
ИСТОРИЯ — 434 видео
ХИМИЯ — 164 видео
БИОЛОГИЯ — 305 видео
ГЕОГРАФИЯ — 242 видео

Десятки тысяч учителей уже успели воспользоваться видеоуроками проекта "Инфоурок". Мы делаем все возможное, чтобы выпускать действительно лучшие видеоуроки по общеобразовательным предметам для учителей. Традиционно наши видеоуроки ценят за качество, уникальность и полезность для учителей.

Сразу все видеоуроки по Вашему предмету - СКАЧАТЬ

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m63b742f2.gifhello_html_m63b742f2.gifhello_html_m63b742f2.gifhello_html_m63b742f2.gifhello_html_m63b742f2.gifhello_html_m63b742f2.gif

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі


Қызылорда облысы


Қармақшы ауданы





Тақырыбы: Сегіз қырлы ,бір сырлы ұстаз Талайлы Досымованың

шығармашылығы


Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар

маршуттары


Секциясы: әдебиет


Ауданы: Қармақшы


Ауылы: Төребай би


Мектебі: №199


Сыныбы: 9


Орындаған: Ерболатова Перизат Ерболатқызы


Жетекші: Әлиева Рая Шаухарқызы

199 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


Ғылыми жетекші: Жанбершиева Ұлжан Нахатқызы – филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының профессоры.











Қармақшы 2014 жыл

М а з м ұ н ы:


Аннотация


Кіріспе: ...................................................................................... 3-4 бет


1.Негізгі бөлім: «Өлеңмен өрілген өмір»

(Сегіз қырлы, бір сырлы ұстаз Т. Досымованың шығармашылығы)


    1. Ақынның өмірдерегі.................................................................


    1. Ұстаздық жолы.........................................................................



    1. Мәдениет саласындағы ұлағатты істері.



    1. Ақын туындыларының қырлары мен сырлары.....................



  1. Қорытынды бөлім.........................................................................


Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................























Кіріспе

... Киелі мекен!

Құдіретіңе мені тәнті ғып,

Бата жаздаймын қиял мен ойға малтығып,

Жүз шайыр берген Тәңірге көңілім толады,

Ән жырдың мынау мәрті ғып...


Талайлы Төребайқызы


Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі. Алты алаштың анасы болған Сыр елі- киелі жер. Қорқыт баба қобызы әдемі әуенмен тербеген киелі өлке – Сыр топырағы өзгелерден өнер оздырған таланттарға кенде емес. Сыр өлкесі қашаннан хас таланттардың отаны болы табылады.Өлмейтін, мәңгілік өмірді армандау идеясымен үлгі болған Қорқыт адамзат баласын Тәңірін тануға әкелген көріпкел әулие, бақсылығы бар күйші, өнердің пірі.Олай болса , жоғары рухани әлемнің шоғырлануы , топтасуы, бас қосуы осы жерден де бастау алғанға ұқсайды. Қорқыт атадан қалған небір аталы сөз Сыр сүлейлерінің көшімен келешекке қарай озып барады. Ешнияз Сал, Балқы Базар, Дүр Оңғар, Кете Жүсіп, Шораяқтың Омары, Тұрмағамбеттей сөз зергерлерінің аузынан шыққан асыл сөз кәусәрі алты алаштың сусындар рухани азығына айналды. Ақындық пен жыраулық өнер қос өрімденіп «Жүз жыраудың Отаны» деген даңқымызды шығарды. «Сыр елі-жыр елі » дейтін қанатты сөздің шығуына негіз болған Қармақшы ауданы – ежелден өлең мен өнер астанасы. Киелі өнердің көшін талай-талай талантты толқын жалғастырып, желісін үзбей бүгінге жеткізді. Менің осы зерттеу жұмысын қолға алғандағы мақсатым- қойнауына қасиет пен құт дарып, шаңырағына өлең түнеген өлке – Сыр елінің өнерін өрістетіп, оған өзіндік қолтаңбасын қалдырумен келе жатқан өзіміздің жерлесіміз, талантымен талайларды тәнті етіп, әлемнің мөлдірлігі мен кіршіксіз тазалығын өлең -жырларына арқау еткен ұстаз,ақын апаларымыздың бірі де бірегейі- Талайлы Төребайқызының шығармашылық қарымы маған қатты ұнады.Оның туындыларын көп жылдардан бері баспасөзден оқып, ерекше сүйсініс білдіріп қоятынмын. Бүгінгі таңда көркем шығарма оқитын оқушылар аз. Көркем шығармадан нәр алмаған ұрпақтың рухани дүниесінің дамып жетілуі, көркем мінезді тұлға болып қалыптасуы, қазақ тілінің мол қазынасынан сусындап өсуі мүмкін емес. Елімідің болашағы жарқын болуы үшін, ең алдымен рухани азығымызды реттеу қажет. Осы себепті де ақын шығармашылығымен терең танысып, өзім сүйіп оқығандықтан өз қатарларымның да рухани байлық сыйлайтын ұстаз, ақын Талайлы Төребайқызының жырларымен сусындағанын қаладым.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Жергілікті ұстаз, ақын Талайлы Төребайқызының шығармашылығын зерттеу, өресі биік құнды дүниелерін, тәрбиесі мен тағылымы мол шығармаларын келешек ұрпаққа үлгі ету.




Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Құдіретті сөз өнерінің барша қасиеті бойынан табылатын тума талант екендігі туралы түсінік беру;

  • Талант иесінің туындыларының дүниеге келуі ұлт өнері үшін , оның келешегі , бүгінгі тарихы мен болашағы үшін ерекше құндылық екендігін таныту;

  • Талайлы Төребайқызының облысымыздың мәдениеті мен өнеріне қосқан үлгісін жұртшылыққа таныту.

Зерттеу жұмысында қолданған әдіс-тәсілдерім:

  • Тақырып бойынша материалдар жинақтау;

  • Әңгімелесу;

  • Сұхбаттасу;

  • Талдау;

  • Қорытындылау;

Ғылыми жұмыстың практикалық маңызы: Ұстаз, ақын Т. Төребайқызының шығармашылығының зерттелуі, талант иесінің туындыларының қырлары мен сырларының насихатталуы, кемел еліміздің патриоттарын тәрбиелеуге ықпалын тигізуі.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.























І.Негізгі бөлім

1.1. Ақынның өмірдерегі


Талайлы Төребайқызы Досымова 1954 жылы 1 наурызда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа деп аталатын шағын теміржол бекетінде дүниеге келген. Осы жерден 1963 жылы Қызылорданың Қармақшы ауданының «Ленин» деп аталатын совхозына көшіп келген. Ақынның тәрбиеленіп өскен жері, білім алып , талап қуып биікке шырқаған жері – осы «Ленин» совхозы, қазіргі Тұрмағамбет ауылы.

Тұрмағамбет ауылы –ақындар ауылы. Осы ауылда Ешнияз сал бастаған 100 ақын өмір сүрген. Олардың ішінде Базар жырау, Кете Жүсіп, Омар Шораяқұлы, Запа Дәулетбаев сияқты есімі Қазақстанға танымал ақындар бар.

Талайлы апамыздың өнерге бір табан жақындығы осы Тұрмағанбет шайырдың топырағында өскендігінен болар деп ойладым.Ол кісімен алғаш рет кездесіп,сұхбаттасқанымда, Талайлы апамыздың өз аузынан естігенім: «Әкесі қызының жастайынан өлеңге қабілеттілігін байқап, осы қызымнан бірдеме шығады деп, Мұзарап ақынға менің аузыма түкірткен екен»- деді. Сол жерде менің ойыма келгені қазақи ырымның босқа айтылмағаны, ақындық қасиеттің жұғыстығы осындай ырымнан да болған шығар деп ойладым.

Ол Көшеней, Мұзарап, Әлиакпар, Шамшат сынды аға-апаларының көзін көріп, солардың жыр маржандарын көкірегіне түйіп өсті. Туған халқының дәстүр-салтымен, әдет-ғұрпымен санасын байытып, ән-жырымен жүрегін суарып өсті. Төрт түлігі дүбірлеген далада оянып, алтын дәні тербелген далаға қарап бой түзеді. Текті жануар – жылқы жылы дүниеге келуі де біраз сырды аңғартқандай. Қазақта жылқының тектілігі – қамшылағанды ұнатпайды, өзіне үстемдік жасауға көнбейді, досына адал, далаға тастамайды, суды кешіп барып тұнығын ішіп, шөптің шаң баспаған шүйгінін қалайды.

Ата-анасы оны қызындай емес, ұлындай көріп, жасынан ат үстінде ұстаған екен. Сондықтан Талайлы апамыз тұлпар тектес мінезбен, таным-түйсікпен өмір кеше білді.Ақынның шыққан тегі – Кіші жүз Шөмекей Кете

Кетенің Құлысы Қарба. Арғы атасы Құлбатыр батыр тұқымынан болған, Тәжібай Досым Төребай.Нағашысы – Қожа руынан.

Досым атасы кіші жүздің жүйрігін бәйгеге жаратқан атсейіс болған. Ел ішінде әкесінің атын атамай «Атсейістің баласы», анасын «Атсейістің келіні» деп атапты.

Кіші жүзде Досымға тек тұратын,

Жаратқысы келсе жүйрік кім атым,

Көзін салса желідегі құлын да,

Топты жарар тұлпар болып шығатын.

Досым атам маған артық көрінер,

Қазақтағы атбегінің бәрінен, - деп Талайлы апамыз атасының атбегілік қасиетін дәріптеп, жырларына қосқан екен.

Ал әжесі – алты ұлдың ортасында жалғыз қыз болып өскендіктен бе, ер мінезді, турашыл, өте талғампаз жан болған, сөзге шешендігімен танылған. Талайлы деп атын осы әжесі қойған екен. Кейін Талайлы мектепте оқып жүргенде шекісіп қалған ұлдар көбінесе «Талайды көрген Талайлы, Талай заманды көрген қария ғой» деп ызаландырған. Сол кезде үйге келіп әжесіне маған дұрыс ат қоймағансың деп әжесінің басындағы жаулығын жұлып алып сабалайды екен. Бұрқан – талқан боп жылап, сол жылаған жерінде өкпелеп ұйықтап қалады екен. Бұлай деп өзі әжесі туралы айтқанда есіне алып күлді.

Байыптап қараған кісіге бұл сөз «Маңдайының бағы бар, несібелі, ырысты, қасиетті» деген ұғымдарды білдіреді екен.

Әкесі – Төребай домбырашы, әңгімешіл,үйінен қонағы арылмаған көпшіл кісі болған. . Әкем Сыр сүлейлерінің өсиет, нақылға толы толғауларын қанша тыңдаса да тоймаушы еді деп еске алды Талайлы апа бізбен әңгімесінде.

Анасы - Пернегүл атақты Жалаңтөс Баһадүрдің қандасы. Әлімнің төртқарасы, төртқараның наурыз жалаңы. 2008 жылға дейін ақын анасымен бірге өмір сүріп, сол жылы анасын мәңгілік сапарға аттандырды.

Талайлы Төребайқызы. 1971 жылы Қармақшы ауданының бұрынғы Ленин совхозы, қазіргі Тұрмағамбет ауылында мектеп бітірген.

1972 жылы Тұрмағамбет ауылындағы №29 мектепті бітірісімен Алматы қаласында Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының филология бөліміне оқуға түсті.

1976 жылы филология бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі деген квалификация берілді.

1976 жылы педагогикалық қызметін өзі мектеп бітірген жері қазіргі Тұрмағамбет ауылындағы №29 мектептен бастады.

1977-78 жылдары аудандық “Коммунизм шамшырағы” қазіргі “Қармақшы таңы” газетінде корректор, аудандық радиоторабының жүргізушісі міндетін атқарды.

1978 жылдан үздіксіз педагогикалық білім саласында 30 жылға жуық қызмет етті.

1988-89 жылдары №121 орта мектепте тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары.

1990-91 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері.

1992-95 жылдар аралығында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі.

2003-2004 жылдары Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық қазақ-түрік ұлдар лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болды.

2005 жылдан бастап Президенттің мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауданда алғаш рет ашылған “Мәдени мұра” орталығының жетекші маманы болып қызмет атқарды.

2010 жылдан бастап Қармақшы аудандық “Жыраулар үйінің” директоры қызметін атқарып келді.

1.2 .Ұстаздық жолы

1972 жылы ол өзі туып өскен шайыр атанған Тұрмағамбет ауылындағы №29 орта мектепті бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік институтының тіл, әдебиет факультетіне оқуға түскен. Жоғарғы оқу орнын 1976 жылы бітіріп шықты да, қолына дипломын алып, туған жерге оралды. Ауыл болғанда да сол өзі өскен, өзі оқыған мектебіне мұғалім болып келді. Бүгінгідей « Дипломмен- ауылға» бағдарламасы жоқ кез, үйі қалада, өзі ауылда. Ауылдағы интернат үйінің бір бөлмесінде тұрды.Күндіз № 29 қазақ орта мектебінде сабақ беріп, түннің бір уағына дейін интернат оқушыларының сабағын оқытып,түрлі мәдени-тәрбиелік мәні зор шаралар ұйымдастырып өткізді.Жаз бен күз айларында ауыл егістігіндегі күріш өнімін жинасуға оқушыларды көмекке әкеліп жүрді.Сол кездегі ауыл мектебінің тәжірибелі басшысы Шәкизада Шоқпаров, озат мұғалімдер Қ.Қожабаев, С.Ақбаев сияқты ағайлары мен Рабат, Жұпар апайларынан мол тәжірибе жинақтады. Зейнетінен бейнеті көп мұғалімдік мамандықты жүрек қалауымен таңдаған яғни бұл салаға кездейсоқ келмеген ұстаз осы мектептегі екі жыл ішінде өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, білімді жас маман екенін көрсете білді.

Ұстаздық пен ақындық өнерді шебер ұштастыра отырып, ақын ретінде де, ана, ұстаз ретінде де ұрпақ қамын бірінші кезекке қойған Талайлы Төребайқызы мамандыққа деген шексіз махаббат пен шәкіртке деген шынайы сүйіспеншілігімен озат мұғалімдер қатарына суырылып шықты. Мұғалім бола жүріп, өлең жазуды да ұмытқан жоқ. Өлеңдеріне алғысөз жазған журналистер оның мерейін көтеріп, орынды құрметтеп, жақсы бағаларын, өтімді баталарын берді. Алғашқы жарыққа шыққан өлеңі «Сәт сапар, достар» деп аталған екен.


ы газет қызметіне ауысып, алғашында корректор, кейін радио хабарын ұйымдастырушы журналист болды. Мамандықтың қыр-сырын түсіне бастаған ол сонда білді журналист жұмысының қиындығын» деп еске алады.(«Қармақшы таңы» «Ақын қыз. Ұстаз. Ана» -13-сәуір 2005 жыл)

Сол кездегі «Коммунизм шамшырағы» аудандық газетінде жарияланған «Азаттықтың ақ таңы» , «Туған өлке толғауы», «Досқа сыр», «Көңіл күмбірі», «Перзент пен парыз» (7 ақпан 1998жыл) өлеңдері әлі күнге дейін Талайлы апамыздың кітапханасында сақтаулы екен.

Талайлы апай көп ұзамай аудандық білім бөліміне өз пәні бойынша әдістемелік іске алынды. Жан-жақтылығымен өз әріптестерінің арасында зор беделге ие болған Талайлы аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушілік қызметіне жіберілді. Өзінің педагогикалық қызметін үйірме жетекшілігінен бастаған ол мектеп директорының орынбасары деген қызметте жүріп те ысылып мол тәжірибе жинақтады.

Оқушылар бойындағы қабілет – қарымды шығармашылықпен жүзеге асыра білуге жетелеген ұстаздың «Біржан деп атым шықты алты алашқа» тақырыбындағы тағылымды- танымдық сабағы 2008 жылдың 5 наурызында «Қармақшы таңы» газетінде оқушысы Ә.Тұрсынбаевтың авторлығымен жарияланды.

Жоғары санатты мұғалім, «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісін алған ол әдістемелік жұмыста да жаңалықтың жаршысы бола білді. Ауданда озат мұғалімдер тәжірибесіне сүйеніп 7 пән бойынша озат тәжірибе мектептерін ашты.

Ол кісінің идеясымен алғаш рет ауданда дарынды балаларға арналған

27 орта мектеп жұмыс жасады. Талайлының бұл идеясын сол кездегі аудандық білім бөлімінің меңгерушісі болған Мусахан Басшыбаев құптап, шығармашылықпен жұмыс жасап, жаңа бағыттағы озат тәжірибені баспасөз арқылы аудандық, облыстық, республикалық газеттерге жариялап отырды.

Шәкірт жүрегіне жол тауып , құрметке бөленіп жүрген озық ұстаздар жайлы «Шеберлік сырлары» («Коммунизм шамшырағы»11 қаңтар 1990 ж»), «Халық педагогикасы – тәрбиенің түп тамыры» («Коммунизм шамшырағы» 30 қыркүйек 1991 ж), «Ұстаз бақыты», «Біздің мақтанышымыз» («Коммунизм шамшырағы»28 қазан 1993 ж),«Әсемдіктің әлемі» («Коммунизм шамшырағы» 30 қыркүйек 1994 ж) мақалаларымен қатар оқушылар шығармашылығын насихаттау мақсатындағы «Талаптың мініп тұлпарын» , «Жас термешілер сайысы» («Коммунизм шамшырағы»17 қазан 1989 ж) мақалалары жарық көрді.

Жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеу және оларды қоғамдық пайдалы еңбекке баулуда жаңаша бағыт ұстанып, қиын да күрделі түйінді істерді ынтымақтаса шешу мақсатында 1989 жылы болған Қостанайдағы ғылыми – практикалық конференцияға Талайлы Досымова делегат болып қатысты.

Делегация құрамымен Тобыл өзенінің жағасына жерленген қазақтың тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің бейітіне барғандағы жетім күй ұстаз-ақынды бей –жай қалдыра алмады. Ол өзі пір тұтар ұлы ұстазының елеусіз жатқан мүрдесіне зиярат ете отырып:

Бақ берген, бата берген бабалары,

Халқымның қайда ойлы балалары?

Өліні қастерлеуге тірілердің,

Келмей ме шынымен-ақ шамалары?- деп намыстана үн қатты. Бұл өлеңі 1993жылғы « Қазақстан мектебі» журналының №3санында «Зират басындағы ой» тақырыбымен жарық көрді. Республикалық басылым «Қазақстан мұғалімі» газетінің бетіне «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» деген ақын Ілияс Жансүгіровтың сөзімен Сыр педагогтарының атынан үндеу жазды. Аудан мұғалімдерінің бұл мақсаткерлік бастамасын бүкіл республика педагогтары қолдап, Ыбырай Алтынсариннің 150 жылдық торқалы тойының қарсаңында бейітінің үстіне күмбез көтерілді.

Осындай көрегенділігі, өжеттігі оның терең білімділігінің, танымдық деңгейінің жоғары болуының көрсеткіші болса керек.

2003-2004 жылдары Тараз қаласына қоныс аударып, онда да терең білімнің, мол тәжірибенің арқасында таңдаулы деген білім ошағы - Жамбыл облыстық дарынды балаларды оқытып тәрбиелейтін қазақ-түрік ұлдар лицейіне конкурстық негізде мұғалім болып орналасты. (Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыратын Республикалық институт сертификаты- 2004 жыл)

  • Мектеп-интернатта 7-11-сыныптарда 300-дей оқушы бар, - деді Талайлы апа сөз арасында. – Әр сынып 3 сыныптан жасақталып, жоғарыдағы балалар сонда оқиды. Өзім 11-сыныпқа жетекшімін, онда 20 бала бар. Жақсы оқитын балалар әр ұлттан кездеседі. Мысалы түрік баласы Шоушолы Өзәл, кәріс Ким Павел, қазақ Жанайдар Мінайдаров деген балалар жақсы оқумен қатар, тәртіпті оқушылар. Олар қоғамдық жұмысқа да белсене араласады, бірнеше үйірменің мүшелері, бірлестікке де қатысады. Ұстаз еңбегі оның оқушыларының білім-білігімен өлшенетіні айтпаса да түсінікті. Бұл тұрғыда Талайлы апай өзінің дәріс берген шәкірттерімен мақтана алады. Одан тәлім мен тәрбие алған оқушылары бүгінде еліміздің әр қиырында жас та тәуелсіз Қазақтанның өркендеп, көркеюі жолында түрлі салаларда еңбек етіп жүр. Олардың бір қатары өзіндей педагогтық салада өнегелі ұстаз бақытын бастан кешуде. Олар: № 121 орта мектепте Г.Кәрібаева (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі), Ж.Құпияева(тарих пәнінің мұғалімі), Э.Сыздықова(биология пәнінің мұғалімі), № 105 орта мектепте О.Ешбаев(дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі), жан-жақта жүргені қаншама! Астана қаласы, Ж.Жабаев атындағы №4 гимназия мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Өмірова Гаухар Темірханқызы ұстазына арнау өлеңінде:

... Арайлы сәт...аяқ басқан өнерге,

Ұстаз айтқан сөз санамнан сөнер ме?

Қара өлеңнің құдіретін ұқтырып,

Ұстазыма айналдыңыз өнерде - деп шәкірттік алғысын білдіреді. Қабілет пен кәсіби шеберліктің арқасында шәкірттерінің алғысына бөленіп, олардың өмір белесінде «кірпіш» боп қалануына зор үлес қосқан Ұстаз үшін бұдан асқан бақыт бар ма? Шәкірттерінің жеткен жетістігіне, бағындырған белестері мен шыққан биіктеріне көңілі марқайып, балаша қуанатын ұстаз, ақын Талайлы апамыз мамандық таңдауда қателеспепті деп түйдім.



1.3. Мәдениет саласындағы ұлағатты істері

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани қазынасы мен мәдени мұрасына бай облыс халқынан зор қолдау тапты. Осы бағдарлама бойынша ауданда алғаш рет «Мәдени мұра» орталығы ашылып , оның жетекшілігі Талайлы Төребайқызы Досымоваға сеніп тапсырылды. «Мәдени мұра » бағдарламасын жасап, іс бастауға кірісті. Талайлы Төребайқызының «Жыраулар үйін» ашу жөніндегі ұсынысы қабылданып , оның іші өнер сүйер қауымның жиі келетін қасиетті қара шаңырағына айналды. Алғаш «Жыраулар үйінің" директорының орынбасары болған ол 2010 жылдан бастап директоры болды. Бұрын білімі жоқ жетекшілерді жоғары білім алғызып, мамандандырды. Жыраулар үйінің материалдық базасын нығайтуға күш салды.

Талайлының идеясымен өткен ғасырдың 70- жылдарында Қармақшы топырағына тән дәстүрлі жыраулық өнеріміздің жарық жұлдызындай болған Көшеней Рүстембековтің ескерткіші бой көтерді. Инемен құдық қазғандай еңбегінің арқасында жырау Көшеней ғұмырнамасына арнап аудандық жыраулар мектебінің жетекшісі , Көшенейдің кенже ұлы Арнұр Көшенеевпен бірге «Жұлдыз боп аққан жыр ғұмыр» кітабы(2006 ж) жазылды.

Көшеней өмірі туралы жазған «Сарғайған газетте сақталған сыр» («Қармақшы таңы» 19 шілде2006 ж), «Сыңғыр қаққан сазды үн», («Қармақшы таңы» , 20 маусым 2006ж) атты мақалалары баспасөзде жарияланды.

Қармақшы ауданының бай тарихи – мәдени ескерткіштерінің саны мен сапасын зерделей отырып, жай- күйіне талдау жасады. Қарақалпақстанның шекарасына дейін барып, әрбір ескерткішті суретке түсіріп, аудандық «Қармақшы таңы»газеті арқылы елді хабардар етіп отырды. «Елсіздегі ескерткіштер» («Қармақшы таңы» 11 сәуір , 2009 ж) атты көлемді ізденіске толы танымдық мақаласы арқылы журналист Нұрлан Мералының сұранысымен республикалық басылым «Арқа арланы » газетінде жарық көрді .

ХХ – ғасырдың бас кезіндегі қазақтың шығысқа тән қиссалық жазба әдебиетінің Сыр өңірінде тууының басында тұрған ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің ақындық мұрасы туралы ізденісті ғылыми мақалалары жиі басылым көрді.Ақынның 125 жылдың мерейтойында Алматы қаласынан сол кездегі аудан әкімі Б.Қаюповтың қолдауымен тұңғыш рет мерейтойлық журналды «Тұрмағамбет» деген атпен шығарды. (2007 жыл, журналды шығарушы жауапты редактор: Талайлы Досымова)

Шығармашылығы мен ізденісінің негізінде тұңғыш рет «Шұғыла шашқан ШаҺнама» деген тақырыппен Шаһнама жыры Талайлы Досымованың жетекшілігімен К.Рүстембекұлы атындағы «Жыраулар үйінің» үйірме жетекшілері З.Кәрібаева, Д.Тоқсанбаев, Ә.Ешпаева, Б.Рүстембековтер сияқты жергілікті жыршылар арқылы жырланды. Кент орталығы ғана емес, елді мекендерде де Талайлы бастаған жыраулар концертін қою үзілмеді.

Т.Ізтілеуовтың әдеби мұраларын зерттеу арналарында ізденуші ретінде Талайлы Досымованың баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары:

1. «Т.Ізтілеуовтың ақындық мұрасы» - «Қармақшы таңы»(9 маусым 2007 ж)

2. «Шаһнаманы жырлаған Шайыр» - «Сыр бойы» (7 маусым 2007 ж)

3. «Қолайлысын қолыңа ал , жоқ ,- демей маза өлеңде» (5 желтоқсан 2007 ж)

4. «Шаһнамаға барар жолда» - «Қармақшы таңы» (27 қыркүйек 2012 ж)- осы зерттеу жұмысы «Т.Ізтілеуұлының қазақ әдебиетіндегі орны» (ғылыми-танымдық конференция материалдары) жинағына енді. (Алматы – 2012 жыл,56 бет)


«Бірлігін елдің жырлаған, болайын мен де бір балаң », «Тұрмағамбет жырлары жаңа ғасыр көгінде», «Сыр - Ана тербеген Бидас» т.б тақырыптағы әдеби – сазды бағдарламалар Елбасының жыл сайынғы Жолдауы негізінде жүргізіліп отырды.

Мәдениеттанушы өз ұстазы- ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты , филология ғылымының докторы, профессор М.Мырзахметов, сол сияқты Сыр сүлейлері мұрасын танушы Т.Тебегенов, Ө.Күмісбаев, И.Жеменей, Б.Кәрібозов, Т.Кәкішов, А.Алматов сынды ғалымдармен байланыста болып, ақыл- кеңестерін орын – орнымен жүзеге асырып отырды.

Талайлы апа «Т.Ізтілеуовтің әдеби мұрасының таралу, танылу арналары» атты кандидаттық диссертациясының тақырыбы мен ғылыми жетекшісі ретінде филология ғылымдарының докторы , профессор Мекемтас Мырзахметұлы бекітілгені туралы бұйрық (№ 282 07.12.2004 жыл.) шыққанымен, ол жұмысты анасының сырқаттануына байланысты қорғалмай қалғанын айтты.

Педагогикалық қызметтегі сияқты мәдениет саласында да ұлағатты іс етіп, өз шәкірттерін қалдыра білді. Олар Ә.Ешбаева (жырау), А.Іскендіров (Мәдени мұра орталығының маманы), Қ.Сәрсенбаева (Мәдени мұра орталығының маманы) Н.Наурызбаева (ақын ,айтыскер), Ә.Қуаңбаев (жырау, айтыскер), Т.Бекмырзаев (ақын, айтыскер), Г.Дүзенова (ақын, айтыскер), М.Ибраев(айтыскер), Н.Бибазаров (айтыскер), С.Әділбеков (ақын, айтыскер), Г.Өмірова (ақын, айтыскер), Н.Мықтыбаев (ақын). Нұрсұлтан Ертуғанұлы Мықтыбаев ұстазы Талайлыға еліктеп , оның «Көшеней десем » атты жыр толғауының мотивімен жазған «Өжет ақын, өрен тіл - Тұрмағамбет» деген өлеңі Тұрмағамбет ақынға арналған мерейтой журналында (2007 жылы) басылып шықты. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы деген осы емес пе?!

Сыр сүлейлері Т.Салқынбайұлы, Ш.Төлепова, мәдениет ардагері С.Сармолдин туралы «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының білікті журналисті Қаршыға Есімсейітова түсірген деректі фильмдерінде Талайлы Төребайқызы өзінің салмақты ойларымен сұхбат беріп отырды.

Сыр мәдениеті, Сыр өнері, Сыр саңлақтары жайлы жазылған көлемді мақалалары аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып келді.

«Тыңдашы халқым, жырымды» - («Қармақшы таңы» - 8- наурыз, 2006 жыл.)

«Сарғайған газетте сақталған сыр» «(Сыр бойы»- 18-тамыз 2006 жыл)

«Қоржындағы бала»- («Қармақшы таңы» - 4- тамыз, 2007 жыл)

«Нағыз мәдениеттің адамы еді»- («Қармақшы таңы», 2-қараша, 2012 жыл)

1.4.Ақын туындыларының қырлары мен сырлары

«Өмір-өлшенбейтін өміршең құндылық. Ол екінің бірінің басына қона бермейтін бақыт. Талант-тәңірдің сыйы. Өнер –өмір. Өлең - өмірдің шуағы. Әлемді түрлі қиыншылықтардан иман мен поэзия құтқарады»,- депті бір ойшыл.

Қойнауына қасиет пен құт дарып, шаңырағына өлең түнеген өлке- Сыр елінің өнерін өрістетіп, оған өзіндік қолтаңбасын қалдырумен келе жатқан ұстаз Талайлы Досымова өлең өлкесіне сонау 70 – жылдардың басында қанат қақты.

«Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы» - демекші әдебиетші , ақын болуды армандаған жас қыз Талайлы арман арқалап ару қала Алматыға сапар шекті. Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік Педагогтық институтына құжаттарын тапсырған кезде ол сол кездегі қаймағы бұзылмаған таза қазақтардың ортасынан келген және тілді, поэзияны жанымен шын қалап келген жастардың бірі еді.

Талайлының ақындық таланты студенттік шақтарында танылып үлгерген еді.

« - Шіркін-ай , әлі балалығымнан арыла қоймаған аңғалдығым ба, әлде емтиханнан құлап қалам ба деген қауіп пе , аудандық «Коммунизм шамшырағы» (сол кездегі аты) газетінде жарияланған бір-екі өлеңімді әдебиеттен емтихан алушы Мекемтас ағайдың алдына қойғаным бар.

Ағай болса: - Оһо! Мынау өлең жазатын қыз ғой ,- деп маған назар сала қарады» - деп Талайлы апа Алматыға оқуға түсердегі толқыған сәтін еске алады. («Ғылымның шығып шыңына»- ұтазы М.Мырзахметұлының 75 жасқа толуына арналған мерейтой журналы- «Тәлімгер – мақтанышым» 9 - бет )

Сол оқу орнында іргесін ақын Сәкен Сейфуллин қалап кеткен «Жас қанат» атты жас ақын - жазушыларды баулитын үйірменің белді мүшесі болды. 1974 жылы сол үйірме атынан Қазақстан Жазушылар Одағында өткен жас таланттарды баулитын I слетке қатысты. « Әр адамның өмірде алар орны әр түрлі ғой.Ақын деген атақты саған біз сол I курста-ақ бергенбіз. Осыдан бір жеті бұрын жас ақын-жазушылардың кеңесіне қарт ҚазПИ атынан, оның ішінде қыздар қауымының атынан сен барады дегенде, достарымның қуанғанын көрсең...Талабың ұштала түссін!» - деп курстас достарының бірі Бибізада Төлемісова(Задаш) жүрекжарды тілегін қағазға түсірген екен...

Осы слетте Талайлы мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевты кездестіріп, өлеңін тыңдап бас иді. Бұл туралы Талайлы «Бұ неткен адам» өлеңінде:

Бұл неткен болған адам, толған адам,

Жыр ғой бұл көктен құйып сорғалаған.

« Қарындасым керегі өлең бе?»- деп

Тіл қатты тұңғыш рет

«Поэзия падишасы» сонда маған-деп ірі талант иесімен бетпе-бет кеп дидарласады.

Осында жүріп Фариза,Марфуға,Аққұштап сынды ақын апаларының ілтипатына бөленіп, рухани азыққа молығады.

Тіпті ақын Фариза жас қыздың талантына тәнті болып , оған екінің бірі қолы жете бермейтін үйінің телефон номеріне дейін беріп қояды.

Талайлының талабына ақ жол тілеген ұстазы, бірлестіктің жетекшісі Хасен Әдібаев оған үлкен үміт артқан.Ол: «... Өзіңе талаптану, іздену,еңбектену керек деген ақылым есіңде ме? Қабдікәрім,Тұманбай ағаларың сені сұрады. Сенің талантыңды қазіргі белгілі деген біраз әдебиетшіге берсе,біраз жерге барып,қалар еді. Саған айтарым:еңбек жоқ жерде талант та жоқ.Тынымсыз еңбек,көз ілмей іздену,әрине әдеби орта, қолдау керек - бәрі өз қолыңда. Ізденбесе,еңбектенбесе,жеміс өзі өсе ме?»-деп бір таланттың өшіп қалмауына қамқор көңілін білдіреді. Хат соңына « Сәлеммен Хасен ағаң.15.05-1977 жыл»-деп қол қояды.Қадір Мырзалиев,Тұманбай Молдағалиев ағаларының қамқорлығын сезініп, олардың ыстық ілтипатына бөленген жас ақын қыз Талайлы «Тұманбай Молдағалиевтің лирикасы» тақырыбындағы дипломдық жұмысын «өте жақсы» деген бағаға қорғап шығады.

« Талайлы! Арманы мол адам - озған адам, алға қарай жылжи береді. Арманы жоқ адам- азған адам, кейін тартып жүнжи береді. Адам жанын түсінудің өзі де арман сияқты.Кейде бір жанды көресің, жүзіне қарасаң,айтылмаған сырым бар, тапшы деп тұрғандай болады.Бірақ сол жанға жақын келіп сөйлеспек болсаң,арада белгісіз бір күш кедергі бола береді.Ол кедергені өз басымның ынжықтығы ма дейсің, әлде тұнжыраған тұнық ойдың иесінің киесі ме дейсің. Осындай жандардан жиырыла-жиырыла ширыққан, кесіп түсер отты сөздер шығады.Лапылдаған жалындар туады. Сенің де кей сәттерің осындай жанға ұқсайды. Менің оны ақындық деп айтуым асығыстық болар. Дегенмен өмірге сыншылдықпен,нәзік сыршылдықпен қарайтын қасиет барын байқаған сияқтымын. Менің саған тілейтінім:

Алып- ұшпа көңіл шіркін құйындатқан,

Шайқашы шабытымды тұнып тұрған,-

деп саңқылдаған, көмекейі бүлкілдеген ақын бол, адам бол, әйтеуір туған жеріңе ықыласпен жақын бол.Жабал Шойынбетов.1976 жыл ҚазПИ, 4-курс» Сол уақытта жазылған осы тілекті Талайлының ақындығына берген баға ғана емес,сыншылдық тұрғыдан берілген тілек деп танимыз.

Жанына серік етіп, жүрек жарды өлеңдерін мұғалім болып жүрген кезінен жаза бастады. Сол кездегі аудандық (бұрынғы «Коммунизм шамшырағы»)

газетке берген Талайлы апаның алғашқы тұсаукесер өлеңі «Сәт сапар, достар» деп аталыпты.

... Осы газет-менің жыр шуағым боп,

Шапағына шабыттың құладым кеп...

деп өзі жырлағандай, журналистер оның мерейін көтеріп, орынды құрметтей білген.

Ал,ақынның ұлық тұтар ұстазы, филология ғылымдарының докторы,профессор Мекемтас Мырзахметұлы : « Талайлының өлеңдерінің тілі жатық, таза қазақы тәрбие алып, ана тілінің кәусар бұлақ бастауынан сусындап өскендігі оның әрбір өлең жолынан айқын сезіліп тұрады» деп өте жоғары бағасын берген.

Тіл тазалығы, сезім шынайылығы, азаматтық үн қату,адами құндылықтарды қастерлеу-Талайлы Төребайқызының өлеңдерінің негізгі тіні. Ақын қаламынан туған өлең жолдары өз оқырмандарын өрелі ойы мен ұшқыр қиялға, сырлы сезімге бөлейді. Ел мен жер тарихына үңіліп, оның кемел келешегі туралы ой толғайды.

Мен ақын өлеңдерін оқи отырып , былайша топтама жасадым:

  1. Туған жер тақырыбындағы өлеңдері:

Туған жерім Байқожа”, “Қармақшым”, “Сыр-Ана”, “Сағындым”, “Жыр күмбезі”, “Мекенім”, “Келем саған”, “Жолдарым”, “Туған жермен тілдессем”, “Сыр сазы”, “Қазақ елі”, “Қазақ деген таныңдар қалыбымда”.

  1. Сыр саңлақтары туралы өлеңдері:

Сүлейлердің ізін басқан киелім”, “Өнер құдіреті”, “Көшеней десем”, “Тілім барда-үнім бар”, “Марал баба”.

  1. Отбасы бақыты, перзент парызы тақырыбындағы өлеңдері:

Ақ жаулық”, “Ауырмашы апа”, “Ұршық кие”, “Анашым“, “Көк жорға”, “Апа”, “Перзент пен парыз”, “Сен екеуің”, “Арман”, “Өмірге”:

  1. Арнау өлеңдері :

Үрзахия”, “Көшенейұлы Арнұрға”, “Фариза апаға”, “Бұ неткен адам”, “Теңіз қызына”, “Бақытқа”, “Ұлық тұтар ұстазым Мекемтас ағайыма”.

Күннен ыстық не бар, туған жерден қымбат не бар!? Ақынның өзі туып-өскен жеріне деген кіршіксіз, адал махаббаты мына өлең жолдарынан айқын аңғарылады. Ол ең алдымен сыр тұнған, «қанша от арман өрілген өлке», туған жері Қармақшыны:

Қармақшым- ғажап өлкесің,

Толқисың тыңдап термесін.

Сияқты сырда ақындар,

Жасаған жырдың көрмесін.

Өрілді қанша от арман,

Сыр деген сұлу Отаннан...дей келіп,өзінің туып – өскен,

кіндік қаны тамған жерін өзінше түйсініп, өзінше ән-жырға қосады. Туған халқын, өз елін іңкәр жүрекпен сүйген ол:

Өзіңе жақындаған сайын алабұртамын,

Қуаныштан жүрегімді жарасың-ау деп.

Өзіңнен алыстаған сайын алаңдаймын,

Жатырқап та жатсынып қаласың-ау,- деп жырлайды

«Қармақшым» деген өлеңінде. Туған жерге деген ыстық ықылас-сезімі басқа өлеңдерінде де жақсы жалғасын тапқан. «Сағындым», «Жолдарым», «Іздеу» деген өлеңдері осы сезімнің нақты дәлелі.

Елінің дәстүрлі жыраулық өнерімен марқайып,оны мақтанышпен жырлады.

Желіде тайың жұлқынған,

Бесікте балаң бұлқынған.

Жыр жинап алып жүрмін мен,

Көшкенде қалған жұртыңнан,- деп Сыр сүлейлері көшінің мұрагер жалғасы екенін өзіне зор мәртебе санайды.

Ән-жырдың күмбезі атанған Сыр бойында туып- өскен ақын жырлары өмірдің сан алуан тақырыбы аясында өрбиді.

Қылдай қаламын өнеріне серік еткен ақын сол қаламнан туған маржан жырларын жанының шуағына малып, бізге ұсынуға асықты.Алғашқы өлеңдер жинағы 2500 жолдан тұратын «Сыр сазы» тақырыбында кітап болып шықты.

Жинаққа 50 өлеңі мен 515 тармақтан тұратын «Көк Жорға» дастаны және екі толғауы енген.

«Сыр сазы –тегім, тұмарым, шабытым қайнар бұлағым»-деген ақынның бұл жинағының құндылығы- оның ұлттық деңгейде ой түюінде, табиғат пен адамзаттың үйлесім табуының кілті-шын сүю жайындағы сезім байлығында. Кітаптың атына заты сай, туған жердің шежіре тарихы, ұлы даланың тынысы, бабалардың дәстүрі-барлығы ерекше шабытпен жырланады.

Туған жер тарихына қанып өскен,әрі атбегі,әрі шабандоз, сөз қадірін бағамдауды балаң жүрекке құя білген текті ата- ананың тәлімі ат құлағында ойнап өскен Талайлының жыр-шумақтарының өн бойында өрбіп, оқырманын ежелгі Қорқыт баба ғұмыр кешкен Сыр бойына жетелейді.

Алты алаштың анасы-О,Сыр-Ана!

Өлке едің не деген бақ дарыған!!!

Өлке едің не деген бақ дарыған

Нәр алатын Тәңірдің мұз,ақ қарынан

Елтаңбасымен еңселі,Әнұранымен айбынды,Көк байрағымен тұғырлы елдің перзенті екендігін

«Қазақ елі!

Өзіңсің бастау нәрім,

Шалқып,тасып өзіңмен аспандаймын.

Сенің бір тал шыбығың үшін де мен

Шалынуға құрбан боп жасқанбаймын»- деп туған жердің қадір- қасиетін сезімтал жүрегімен қара өлең арқылы толғайды. « Тілім барда-үнім бар» деген өлеңінде:

« Әлдилеп көзді ілдірген,

Марқайта мәз ғып күлдірген.

Үйретіп өмір сырларын,

Анамның тілі білдірген.

Сақтадың қазақ елдігін,

Білінбей саған кемдігім.

Қараймын бүгін әлемге,

Мәртебем өсіп мен бүгін» дей келе егеменді еліміздің рухын асқақтататын ұлттық тіл – ұлттық қадір –қасиет екендігін , қасиетті ана тілінің мәртебесін өсіру-елдікті сақтаудың кепілі екендігін ескертеді.

Талайлы апай көктемнің ең алғашқы күнінде дүниеге келген соң ба, өлеңдерінде көктемге көп сыр шертеді.Өлеңдерінің негізі ананы сүюге арналады. «Жан шуағым» атты жыр жинағын (Қызылорда, «Тұмар»- 2014 жыл, 152 бет ) ақын аяулы анасы Берсүгірқызы Пернегүлге арнайды.

Қонбаған қанатың талмайды,

Қиялың қияға самғайды.

Бойыңа сән берген,нәр берген,

Ғұмырды аналар жалғайды-деп ана құдыретінің сарқылмас күш екенін тебірене жырға қосады.

Осы тақырыпта «Әжелер болды көп менде», «Ана-жыр , ана-ән» , «Апа», «Ақ жаулық» өлеңдері бар.Ақ жаулық өлеңін ақын Мұхтар Шахановтың мотивімен жазған екен. «Біз студент кезімізден өлең-жырларды жатқа айтуда жалыққан емеспіз. Жыр кештеріне үздігіп , асығып жететінбіз. Осындай әсерлі кештерден алғанымыз болу керек , «Ақ жаулық» өлеңім ақын Мұхтар Шахановтың мотивімен дүниеге келді.»- деді ақын бізбен әңгімесінде.

Перзент пен парыз мәселесін өмірдің өзегіне бағалаған Талайлы жырларында Ұл мен Қыз бейнесі биік таудан көрінеді.

Мың қонағын аттандырып қарсы алар,

Бір қазақтың шаңырағы деп білемін.....

немесе ,

Бүтіндеп іш пен тыс, сыртыңды

Алтындай бағала жұртыңды, - дей келе ,

Өтеу парыз, адамдық іс - борышын

Адам болып бұл фәниге келгесін-деп келетін жолдарда ұлттық мүддені жеке бастан жоғары қояр Тұлға өсіру мұраты мен елдігіміздің ертеңін Ұлдарымыздың бүгіннен бастау ниеті - Талайлы жыр шумақтарының танымдық деңгейінінің көрсеткіші.

Жүрегін жыр тербеген ару ақын елінің дәстүрлі жыраулық өнерімен марқайып оны мақтанышпен жырлады.

Неше шаһар жойылып жер бетінен,

Неше батыр, баһадүр көрге кірген.

Аманаты Қорқыттың жыраулық үн,

Қалды Сырдың бойында тербетілген.

Сыр бойындағы Қорқыт атадан бастау алған қобызды күй, абыздық жыр сарынмен айтылатын ата-бабасының дәстүрлі жыраулық өнерін жаңа ХХІ ғасыр ұрпағына аманаттай алған аз ғұмырында өнердің хас таланттары ғана шыға алатын биігін мұрат еткен Көшеней Рүстембеков туралы:

Көшеней десем,

Бабасы жырдың тірілер,

Ет-жүрек еріп, сай-сүйек күл боп үгілер.

Алпыс та екі тамырын иіп тұлданған.

Ыстық қан бойды қуалай ағып жүгірер-деп жеті атасынан өнер дарыған сегіз қырлы , бір сырлы таланттың артына қалдырған өнегелі ісін паш етеді.

Талайлы апайдың осы «Көшеней десем» өлеңі жыраудың 60 жылдығына арнап өткізілген облыстық ақындар мүшайрасында бас жүлде алды.

Қазақтың терме өнерін Сыр бойы жыраулары мақамымен насихаттаушы Шәмшәт Төлепова дүниеден өткенде:

Ешнияз, Кете Жүсіп көзіндей боп,

Тұрмағамбет, дүр Оңғар сөзіндей боп.

Қараймын қалың елге па, шіркін –ай ,

Енді кім жырлар екен өзіңдей боп?! осылайша жыр – жоқтауымен қоштасады.

Оқу орнындағы , өмірдегі жанына жақын сырлас достарына өзінің ішкі толғаныстарын арнау өлеңдері арқылы білдіреді. Курстас достарының бірі «Бізді өмір жақындастырды ма, өлең жақындастырды ма?Кейін жыр сүйетін жүректердің назы мен сазын еске ала жүр.Өмірдің дауылын да күліп қарсы алғайсың, -деген Сүндетова Жапырақ досына «Тұлпар жылдың тарпандау құлынымыз» деп наз ете жырлай:

Бірімізсіз , біріміз үзіп нан жемегенбіз,

Бірімізді біріміз демегенбіз.

Көре алмасақ қайғы жеп қамығатын,

Бауырмал едік жаным не деген біз! деп достық деген

қастерлі сезімнің құдіретін өмір өзегіне балайды.

Ақынның қазақы мінез бен ауылды, кең даланы сипаттауға, аялауға шеберлігі «Қазақ деген таныңдар қалыбымда» өлеңінде танылады.

Жүрегі , осы қазақ жанымын да,

Түсінігім қазақша , танымым да.

Мені білгің келсе егер,мені осы

Қазақ деген таныңдар қалыбымда, - деп

заман , дала , уақыт кеңістігіндегі бабалар жолын бүгінмен үндестіреді.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын ақын өз отандастарымен бірге тыңдай отырып, Елбасы еңбегін былайша толғайды:

Келбет қандай көркіне сай келісті,

Ойы қандай өркен жаяр өрісті.

Қазақстан барысына айналды.

Әр жолына қадам жасап жеңісті.

Ұшып келіп, ұшып бара жатасыз,

Қайта келіп, қалың ойға батасыз.

Мың да өліп, мың тірілген қазақтың,

Жанын емдеп жатқандайсыз отасыз.

Осылайша «Жиған жыр жақұттарым - байлығым» деп санаған , Сыр сүлейлерінің даңқты мектебінен қуаттанып, жырларын бойға сіңіріп өскен ақын қызды әдеби орта өзінің ғажап әлемінің бір бөлшегіне айналдырды.

Алматы, Астана қалаларында 2004-2005 жылдар аралығында өткен Сыр сүлейлері ізімен «Жыр керуені» фестивалінде Талайлы Досымованың өлеңдері актер Ерлан Біләлдің көркемдеп оқуымен көгілдір экран арқылы Қазақстанның түкпір-түкпіріне тарады.

Сыр сүлейлері Т.Салқынбайұлы, Ш.Төлепова, Мәдениет ардагері С.Сармолдин туралы журналист Қаршыға Есімсейітова түсірген деректі фильмдеріне Талайлы Төребайқызы өзінің салмақты ойларымен сұхбат беріп отырды. «Қызылорда-Қазақстан» телеарнасының білікті журналисі Қ.Есімсейтова 2013 жылы Талайлының қызметі мен шығармашылығы туралы жеке түсірілім жасады. Мәдениет ардагері С.Сармолдин тақпақтап:

Досымның қызы Талайлы

Маржандай тізіп жыр мәрмәр,

Таңырқатқан талайды.

Тереңнен тартып тұщыны ,

Сүлейлер салған ізбенен

Сөз жинаған шұрайлы. –деп арнау жазса ,айтыс өнерінде көзге түсіп жүрген шәкірті Т.Бекмырзаев:

«Талантты тұлпар туар тектіден,

Өнер десе алдаспандай өткір ең.

Жыр елінің шаңырағына киелі,

Бір уық боп қадалып тұр деп білем» - деп өз ұстаздарын құрмет тұтып , талантына табына жырға қосты.

Осы ақын өлеңдерінің қырлары мен сырларын зерттеу барысында мен Талайлы апаның ән-өлеңдерінің де бар екенін білдім.Оның алғашқы «Жыр күмбезі» атты ән өлеңін 1990 жылы Берік Жүсіпов (өнертанушы) орындаса, ақынның «Жырларым жүрегімді тербегенде» шығармашылық кешінде (2014 жылдың 1-наурызы) «Айгөлек» балалар байқауының лауреаты , жас жыршы Тоғжан Бақытованың орындауында сәтті көрініс тапты. Бұдан басқа ән өлеңдерінің тақырыптары: «Қызылқұмым-қызырым» , «Қармақшым- қасиетім» екенін зерттеп жинақтадым. Талайлы апамыздың өлеңдерін зерделей отырып менің білгенім ұлтжандылықтың , елін сүюдің ғажайып күш екендігін ақын өз шығармаларына үнемі арқау ете білген.Жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық , жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдері жан-жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі.





















Қорытынды.


«Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын, Қазақтың келістірер қай баласы» деген ұлы Абайдың биік талғамына қарай өсіп, кешегі мұзбалақ ақын Мұқағали таланты алдында бас иген , Фаризадай мөлдір жырдың ханшасының шуағына бөленген , қазақтың Қадірі , Тұманбайы атанған ақиық ақындардың тағылымын алған Сырдың , Қармақшының кешегі қарадомалақ қаршадай қызы Талайлы Төребайқызы бүгінде ардагер атанып , ел құрмет тұтар тұлғаға айналды.Алпыс деген асқаралы жасқа мол табыспен , тұлпар шабыспен келіп отыр. 2013 жылдың 1 наурызында яғни дәл туылған күнінде Сыр елінің мақтанышы ардагер , ақын , Қазақстан Республикасының «Білім саласының үздігі» Талайлы Досымованың 60 жылдық мерейтойына арналған «Жырларым жүрегімді тербегенде»атты шығармашылық кеші өтті. Кеште аудан әкімі Н.Ш. Шамұратов құттықтау сөз сөйлеп, мерейгердің иығына қырмызы қамзол жапты.Әкім сыйлаған құрметтің тағы бір үйлесімі- ақынның «Алпысым» атты өлеңін мәнерлеп оқып берді. Бір жағынан ұстаздық мамандығы , бір жағынан поэзия әлемі , екеуінде құстың қос қанатындай етіп алып жүрген Талайлы Төребайқызы үнемі қимылы ширақ, жүзі жарқын , өзін іздегендерге құрметпен қарап сыйластықта болды. Ешқашан шаршаған емес .Елінің ертеңі үшін аянбай қызмет етті, қызмет қумады , атақ - мансапқа құлшылық етпеді. Қызмет Талайлыны тапты, алғыс Талайлыны жапты.

... Қолыма қалам алып қиялдағам,

Сезім бе , сезім бе бұл сияр маған.

Өлердей ғашық болып өлең-сөзге,

Есімді қайтем мынау жия алмаған?!


Қалады құс жолындай өлеңдерім,

Жұлдызға тағып тастап көгендерін.

Құс болып, көкте самғап көшер едім,

Қанатым болса шіркін егер менің.- деп өзі жырлағандай, ақындық Талайлы апаның жүрегінде маздаған шырақ іспетті. Зейнетке шықса да әлі жырдан алыстаған жоқ.

Жыр күмбезін көтерген елде туған ақын апамызға тілегімді мына өлең жолдарымен білдіргім келеді:

Сүлейлерден үлгі алған

Сырдағы сұлу төбесіз,

Өлшемі жоқ өнермен

Маңайға шуақ себесіз


Мұрасын сезіп жүрекпен

Бабалар қосын жегесіз

Болашақ ұрпақ жолына

Рухани байлық егесіз.


Өзекті өлең өрілген

Мәйегі сөздің терілген

Ертеңін ойлар елінің

Тұлғалар сіздей көбейсін,- дей отырып,

сөзімнің соңында сегіз қырлы, бір сырлы ұстаз, ақын, ардагер апамыздың шығармашылығы әрі қарай зерттеліп, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса береді деп ойлаймын.Ұрпақ тәрбиесіне, инабаттылық пен ой-өрісінің дамуына, эстетикалық талғам биігінен көрінуін басты назарда ұстаған, өмірін өлеңмен өрнектеген асыл қазына иелерін жоғалтып алмай, келешек ұрпақ қажетіне жарату – біздің еншімізде дей келе, төмендегі ұсынысымды жасаймын:


  • мектептерде шәкірттердің өнерге сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу

  • мақсатында ақынның шығармашылық кештері ұйымдастырылса;

  • Талайлы Досымованың шығармалары , газет бетіндегі мақалалары, мәдени іс-шараларға жасаған сценарийлері жинақталып, жеке кітап болып басылып шықса.



Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Т.Досымова «Сыр сазы» (өлеңдер,дастан)- Алматы – 2006

  2. Т.Досымова «Жан шуағым» - Қызылорда – 2014

  3. Т.Кенжебай «Ақын қыз. Ұстаз. Ана », «Қармақшы таңы » газеті 13 сәуір,2005 ж .

  4. С.Жұмабекова «Тектіден текті туар»- «Қармақшы таңы»-22 ақпан 2014 ж.

  5. Г.Дүзенова «Әкім ақынға құрмет көрсетті» «Қармақшы таңы» - 8 наурыз, 2014 ж.

  6. Т.Досымова «Асылды тот баспасы анық болса» «Өнегелі-өмір» кітабы 2007 ж, 49- бет,

  7. Т.Досымова «Тәлімгерім- мақтанышым»- «Ғылымның шығып шыңына» атты мерейтой журналының 9-беті-




























21


Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 14.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров722
Номер материала ДA-043680
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх