Инфоурок Другое Конспекты«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»

Скачать материал

 

 

«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»атты мерекелік жиын

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге уйрету.

Көрнекіліктер:  Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.

Би: «Ақбұлақ»

Жандос: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,

Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.

Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,

Өздеріңнен бастау алар бар арман.

Арайлым: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолыңда шәкіріңнің бала шағы.

Өмірді алға  қарай өрлететін,

Сендерде Ұлы Отанның болашағы –

Жандос: Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

Арайлым: Қстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындадып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.

Жандос:  Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз.

Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Арайлым: Олай болса,қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Жандос: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

Арайлым: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

Жандос: Келесі тыңдайтын әндеріңіз – Ұстазым. Орындайтын  8 ә сынып оқушылары.

Арайлым: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман ұуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

Жандос: «Қазақ қызы» орындайтын 8 – сынып оқушысы Естекова Ақерке мен Серікова Әминат.

Арайлым: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді сыныптасымыз Эльвираға береміз. Рахмет, Эльвира.

Жандос: Келесі тамашалайтындарыңыз Лаура мен Ақеркенің орындауларында «Қазіргі заман биі»

Арайлым: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.

Жандос: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Арайлым: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сенде одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді Айнұрға береміз. Рахмет, Айнұр!

Жандос: Мұғалім, ғазиз мұғалім,

Төгілген арай, шуағым

Арманым қонса, қолыма

Арқаң деп сенің ұғамын.

Арайлым: Мұғалім, ғазиз мұғалім,

Сарқылмас мәңгі бұлағым.

Ұланың бүгін тойыңда,

Арнайды саған бұл әнін.

Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.

Жандос: «Ұстазым» әні. Орындайтын 8 ә сынып оқушылары.

Арайлым: Мектеп үйім, ұстаздарым ата –анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырлары сан тарапқа тараған.

Жандос: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын.

Білімімен суарған шәкірттерін,

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!

Арайлым: Құрметті ұстаздар, қонақтар!

Бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Жандос: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 870 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 748
    • DOCX 17.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Салимова Меруерт Магауияевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Салимова Меруерт Магауияевна
    Салимова Меруерт Магауияевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5656
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой