Инфоурок / Другое / Статьи / "Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік"

"Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

«Ұстаз аты-биік, әрі мәңгілік»


Білімнің сара жолын салып берген, иен далада білімнің қоңырауын соққан, бүгінгі таңда мектеп-тарих беттерінде өзі де «Білім шамшырағы » атанған Ыбырай Алтынсариннің дүниеге келгеніне қараша айында175 жыл толмақшы. Ұлы ұстаз мектептерде оқып, білім алған балалар өз халқын жарқын болашаққа бастайтынына кәміл сенді. Қысқа ғұмыр болса да, ұрпақтарына тәлім аларлық ғибратты сөздер мен тағылымы мол өнегелі істерін қалдырған ұстаз.Ол ашқан мектептер –халқының ертеңгі жарық күндеріне бастау болды.

Мектеп-болашақ қалыптастыратын алтын орда. Ұстаз. Мектеп. Екеуі бір ұғым, бірінсіз бірі болмақ. Өмірде көп мамандықтың ішінде жан-жақты біліктілікті , шеберлікті , балаға деген ерекше сүйіспеншілікті қажет ететін мамандықтың бірі де бірігейі осы мұғалім мамандығы. Көрсем, білсем, үйренсем деген әрбір бала арманын мойныны алған да мұғалім. Ыбырай Алтынсарин «Мұғалім-бәрінен де қымбат, өйткені, мұғалім –мектептің жүрегі» деп ұстаз еңбегіне баға беріп кеткен.

Нұр құйған санасына зейіндінің,

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімнің

Дарыттың адамдықты шәкіртіне,

Дамыттың дара отын бейімдінің ,-деген өлең жолдары жайдан-жай айтылмаса керек. Мен бүгін санама нұр құйған, менің арманымды өз білімімен ұштастырып, әрі қарай өмір атты жолға баспалдақ салып берген алғашқы ұстазым-Кенжебаева Сәбиля Тастанбекқызы туралы айтқым келеді. Шыңғырлау ауданының Лубен ауылындағы А.Я.Тихоненко атындағы мектеп табалдырғын кешегі бүлдіршін, бүгінгі оқушылар 1982 жылдың қыркүйек айында аттаған болатынбыз. Шашын желкесіне әдемілеп жинаған, орта бойлы, жылы жүзді мұғаліміміз біздерді мектеп алдында қарсы алғаны да, әлі күнге дейін көз алдымда. Қолымызға «Әліппе» оқулығын ұстатып, әріп танытып, әріптерді салып үйреткен де алғашқы ұстазымыз. Ұстазымыздың жүріс-тұрысына, жайдары мінезіне әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, шапағат нұрын төгіп жүргеніне қарап, мен де болашақта мұғалім болсам деген арман жүрегіме ұялай бастаған.

Сәбиля Тастанбекқызы-тәжірибелі, еңбекқор, өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін, оқушылары және ұжымы арасында беделді ұстаз бола білді. Ол кісіден білім алған шәкірттері қазіргі таңда өмірде өз орындарын тапқан Қазақстан азаматтарымыз. Мыңдаған оқушыларға тәлім-тәрбие беріп, білім нәрімен сусындатқан аяулы ана, сүйікті әже, құрметті ұстазымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.

Ащысай ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі:

Имангалиева Жемісгүл Жұматайқызы
































































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-323034

Похожие материалы