Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Ұстаз - халық анасы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Ұстаз - халық анасы

библиотека
материалов

Ұстаз-халық анасы.

Мақсаты: Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге,сыйлай білуге,үлгі тұта білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сахна мерекелік кешке арналып безендіріледі. Слайд, нақыл сөздер жазылған плакаттар ілінеді.

Барысы: «Ұстазым» әні шырқалып тұрады.Оқушылар келіп, ұстаздарына бас иеді.

1-жүргізуші: Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей.

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып,

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп.

2-жүргізуші:Соларменен асқарларға шығасың,

Әлем кезіп ғылым жолын қуасың.

Сәтті басқан қадамына ырза боп,

Жіпсіп арқаң, тыныстап кең тұрасың.

Жалын атып ,от боп,бірге жанасың.

Білім беріп содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір, мәңгі жас боп қаласың.

1-Жүргізуші: Бұл өмірде танып оң мен солымды,

Менде қудым,ұстаз, сенің жолыңды.

Бір кісідей терді төкті ел үшін,

Іздеуге де мұршам болмай жоғымды.

Бақыт таптым ұстаздықтың бағынан,

Қаншама ұрпақ қанаттанды алдымнан.

Сомдап соқтым болашақтың мүсінін,

Тіршілікте сол ғой ізін қалдырған.

1-оқушы: Ғылым иесі ғалым да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі де ұстаздан тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

2-оқушы: Ұстаз сөзі-күн нұрына пара-пар,

Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар,

Ізгілік пен мейірімге толы ол,

Шуақ болып жүректерге таралар.

3-оқушы:Ұстаздықтан асқан қиын да қызықты мамандық жоқ,өйткені оның жауапкершілік өлшемі-адам тәрбиелеу.

4-оқушы: Халқымыздың біртуар ұлы, қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлы”Ұстаз-ұлық емес, ұлы қызмет” деген екен. Соны естен шығармайық.

5-оқушы: Мұғалім зор тұлға. Мен ұстаздарымды күннің құдіретті сәулесіне теңеймін.

6-оқушы: Мұғалім-әділ де турашыл, жоғары мәдениетті,салмақты, әдепті, кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.

7-оқушы: Сүйікті ұстаз-баланың өмірге қарайтын мөлдір таза әйнегі. .Мұғалім:Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі ұстаз.Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр.Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар –бәрі бір адамға қарыздар. Ол-ұстаз. Ұстазсыз өмірдің бір нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық, өйткені ол диқан сияқты. Адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап көңілін де табады.

Ұстаз” деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін “Білім” атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам.

8-оқушы: Қазақ халқының көрнекті жазушысы С.Мұқанов:

Мұғалім! Бұл-адамның ардақты аты,

Білімді бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сүйеді сондықтан да жақын- жаты

Бар ғалам,барлық қоғам мұғалімді

Сыйлайды мәңгі-бақи беріп бәрін.

9-оқушы: Үйреніп өмір” уставын”,

Үлгілі іске нұсқадың.

Ақ көңіл, іскер қашанда,

Ақылшым менің-ұстазым!

10-оқушы:Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл-білім үйреткен.

Ана тілін оқимын,

Ерекше зор құрметпен.

11-оқушы:”Оқушы жастардың ең сенімді,сыр жасырмай, ашық айтатын адамы - мұғалім” деп ұлы қаламгер Ғ.Мүсірепов айтқан екен.

12-оқушы:” Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады” деп айтқан данышпан Абай атамыз.

13-оқушы: Білім беріп көзді ашқан,

Ақылшым досым ұстазым.

Мейіріңнен сен асқан,

Адалдық жолын нұсқадың.

14-оқушы: Тәрбиелеп, мәпелеп,

Өрлеткен өмір шыңына.

Жөн сілтеп өзің жетелеп.

Ғылымның жаңа тыңына.

16-оқушы: Мектеп сенсің адалдықты үйреткен,

Мектеп, сенсің жамандықты күйреткен.

Мектеп, сенсің жақсылықты ұран қып,

Мектеп, сенсің сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.

17-оқушы: Болса менің кішкене бір табысым,

Қорғағаным ұстазымның намысын.

Ұстазымша білсем деймін өмірді,

Ұстазымша болса деймін әр ісім.

18-оқушы:Мектеп деген-білім кені,жыр кені,

Мектеп деген-ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген-тәрбиеші адамға,

Мектеп деген-даналардың мекені.

19-оқушы: Әрбір пән мұғалімдеріне жан-жақты білім бергені үшін алғыс айтамыз. Ұстазымызға зор құрметпен бас иеміз

Ән ”Ақылшым мұғалім”

Мұғалім: Қ.Аманжолов”Мектеп –кеме,білім-теңіз’’деп босқа айтпаған-ау,сірә?” Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол-мұғалімнің еңбегі.Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп,жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңізші! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі-ұлы еңбек.

Ұлы Абайдың “Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға” деп айтуында терең мән-мағына жатыр. Шынында да, ұстаз еңбегі-ұлы да ұлағатты еңбек емес пе?

Оқушылар ұстаздарға гүл тапсырады.

Қорытынды:

Мұғалім: Қорыта келе мен сөзімді мына өлең жолымен аяқтағым келеді.

Мұғаліммін,мұғалімді түсінем,

Алғыс алған,үлкеннен де кішіден.

Әділдікті туғып ұстап қашан да,

Ізгілікті байқатамын ісімнен.

Мұғаліммін, мұғалімді білемін,

Сан жыл өтсін, ұмытпайтын түлегін.

Ойлылық пен парасатқа меңзеген,

Нұрға бөлеп шәкіртінің жүрегін.

Мұғаліммін, мұғалімді ұғамын.

Шықсам шыңға мұғалім боп шығамын.

Жақсылықты жанға қуат етсем де,

Жамандықты мұғалім боп жығамын.

Мұғаліммін, мұғалім боп қиналам,

Мұғалімдер өмірдегі сыйлы адам.

Шәкіртінің білімі мен білігі,

Бар байлығы күнделікті жинаған.

Мұғаліммін, мұғалімдер қилы адам.

Бірін-бірі туысындай сыйлаған.

Балдырғаны таңдай білсе тура жол,

Бақыты сол-өмір бойы қимаған.

Мұғаліммін, мұғалім боп ойланам,

Ешқашан да ізденуін қоймаған.

Бір шәкірті бестік алса мәз болып,

Қуаныштан нұрлы жүзі жайнаған.

Мұғаліммін, мұғалімді қорғаймын,

Естіледі бүгін міне сол жайлы үн.

Маңдайдағы сызығынан солардың

Еңбектерін айқынырақ болжаймын.

Мұғаліммін, мұғалім боп гулденем,

Кейбір сәтте жайма шуақ түрленем.

Тілейтінім тек жақсылық сіздерге,

Жүрек жарды мынау ыстық жырменен.

Бәрі қосылып: Берген білім,ерен күш,

Ұстаздарға мың сәлем! Ән:” Ұстазым”


































































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 04.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров341
Номер материала ДВ-415087
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх