Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Ұстаз ұлы тұлға" 4сынып

"Ұстаз ұлы тұлға" 4сынып

Скачать материал

Ұстаз – ұлы тұлға.

Мақсаты: Оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.

Қарттарды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.

Мұғалім сөзі

Ұстаздарым, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып, өз мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды!

Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз – ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктіліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз зор. Сондықтан да адам үшін ұстаздың орны бөлек.Ұлағатты ұстаздар алдында бүкіл әлем бас иеді.

Өткізген шәкіртімен қыс жаздарын,

Көп пе екен айтар бізге мұң наздарың.

Еңбегімен бөленген нұр алғысқа

Армысыздар! Ардагер ұстаздарым!

Бүгін бізде қонақта ерен еңбектерімен алғысқа бөленген, шәкірттерімен мерейі тасыған ардагер ұстаздар келіп отыр.

Қош келдіңіздер ардагер ұстаздар!  Сонымен қатар мерекеге келген қонақтармен таныстырып өтейін.

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады, - деп

бүгінгі 4 ә сыныптың «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

І жүрг. 

Армысыздар! Бармысыздар! Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!

ІІ жүрг.  

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

І жүрг.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиетіне бас иелік мәңгілік!

ІІ жүрг.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын қалаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

І жүрг.

Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын! Біздей шәкірттеріңіз көп болсын!!!

Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!!!

ІІ жүрг.

Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!

Раманқұл Аягөз «Ұстазым» әні

1 оқушы    

Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

Ұзтазды жеткізгенше мұратына,

Білім іздеп лапылдап жана берем.

2 оқушы 

Сол арқылы өміріңді жалғадың,

Ізгі іс қой ұстаз тілін алғаның

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында

Ол өзіңнің орындалған арманың.

І жүрг. 

Аяна, енді ұстаздар туралы нақыл сөздерге кезек берейік.

ІІ жүрг.

Иә, Гүлдана берсек берейік.

1.  Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау

2.  Ұстазға қарап шәкірт өседі.

3.  Аспаз көрген ат таныр,

     Ұстаз көрген хат таныр.

4.  Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.

5.  Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

Қазақ биі

І жүрг.

«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз. Ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін, «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

ІІ жүрг.

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Біз сіздерге өлеңнен өріп ұсынамыз

Жүректің алғысы мен рахметін.

3 оқушы 

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыңдар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Ән Тоқтар Назгүл : «Мектебім»

І жүрг.   

«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкіттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

ІІ жүрг. 

Иә, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.

І жүрг.

Құрметті қонақтар. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1. Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз?

жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепті оқиға немесе бір жағдай болды ма?

2. Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз?

3. Қазіргі таңда биіктен көрініп жүрген шәкірттеріңізді айтып беріңізші.

4.Мектебіңізге айтар тілегіңіз.

Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.

Мұғалім сөзі.

Ардагерлер ардақты асыл жандар

Шәкіртімен мерейі тасығандар

Білімнің сәулесі мол нұр көшінде

Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар,

деп сіздерді құттықтап шәкірттеріңіз келіп отыр. Қарсы алыңыздар.

Шәкірттердің құттықтауы. Ардагер ұстаздар өмірінен слайд.

Шығыс биі

4-оқушы 

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңдеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйінде

Ел баласын оқытады ой – Аллай.

5-оқушы  

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал

Үлгі етем өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

6-оқушы 

Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан.

Темірхан Гүлдана «Көңілді күн» әні

І жүрг.

Аяна, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

ІІ жүрг. 

Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің келіп тұр ма?

І жүрг.  

Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

ІІ жүрг.

Ендеше, Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз!

Құрметті ұстаздар қазір сіздерге шарлар таратылады, шарларды жарып ішіндегі сұрақтарға жауап бересіздер.

Сұрақтар:

1.      Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?

2.     Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?

3.     Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

4.     Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда – бесеу. Бұл не?  (Әріп)

5.     Алғашқы ұстазыңыз туралы не айтасыз?

І жүрг.

Көп рахмет сіздерге, ұстаздар. Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.

Тоқтар Назгүл «Мектебім» әні

7-оқушы  

Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің.

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық.

І жүрг.

Ұстаз – шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау – адамгершіліктің белгісі.

ІІ жүрг

Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол –аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз – аналар.

Ән «Анашым» Сағын Бағдаулет 

Ұстаздарым, биік тұлға, байсалды,

Құшақ жайып, өз мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды - деп шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің директоры Бәйтен Қанат Әзімбайұлына сөз кезегін береміз.

Хор: «Ұстазым»

І жүрг. 

Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын.

Дендеіңнің саулығы мықты болсын.

Білімімен суарған шәкірттерін

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын. деп бүгінгі сіздерге арналған мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын! Келген қадамдарыңызға нұр жаусын! Аман-есен болыңыздар! Келесі кездескенше хош сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

Тағаева Ғалия Әбдімәлікқызы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұстаз ұлы тұлға" 4сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 882 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 1079
    • DOCX 6.3 мбайт
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тагаева Галия Абдималиккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тагаева Галия Абдималиккызы
    Тагаева Галия Абдималиккызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9970
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические аспекты родительства и развития ребёнка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе