Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Ұстаз-ұлы тұлға" атты тәрбие сағаты/3-сынып

"Ұстаз-ұлы тұлға" атты тәрбие сағаты/3-сынып

Скачать материал

Тақырыбы:   «Ұстаз - ұлы тұлға»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
 Ұстаздың ұлы тұлғасы жайында  оқушыларды  хабардар етіп қана қомай, оларға тың мәліметтер беріп білімдерін  қалыптастыру;
2. Дамытушылық:  Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу;
3. Тәрбиелік:  Балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулу. Ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер:  Әңгімелесу, сұрақ - жауап, пікір талас.
Көрнекілік құралдар:  Буклет, ұлағатты сөздер, ұлы ұстаздардың суреті (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов), слайд.



Сабақ барысы:

 

І  жүргізуші:     Ұлжан

Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздар қауымы шәкірттерінің өзінен озғанын
қалайды.

II жүргізуші:       Әнел

    Ұстаз! Осы  бір  сөздің  өзінде  қаншама  мән-мағына ,қасиетті  ұғым жатыр.Ұстаз  алдынан  өтпейтін  ешкім  жоқ. «Жақсы  мұғалім—мектептің  жүрегі»-- деген  Ы.Алтынсарин  атамыз.Жүрексіз  өмір  болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің  іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі -- ұлы еңбек.

      Сонымен «Ұстаз--ұлы тұлға!»  атты тәрбие сағатымызды ашық деп, кезекті оқушыларға береміз.

                      

                  

                       Балалардың бағы болып басты әні,

Ұстаз елді болашаққа бастады.

Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны,

Ашық болсын туған елдің аспаны.

 

                      Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,

Арайлап ата берсін таң күліп.

Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып,

                      Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.

 

                      Мұғалім деген-ерекше тұлға дара шың,

                      Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.

    Мұғалім деген –аяулы адам асыл жан,

    Шәкірт көңіліне күй болып жайнап жанатын.

 

 

 

 

                        

 

                             Жадыраған жаздай жылы жаны бар,

                              Жақсылықтың шырағы болып жағылар.

                              Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,

                              Шәкірттеріңнің жүрек сөзін қабыл ал.

 

            Әр жүйенің еңбекте  тірегісің,

            Тәрбиенің мектепте жүрегісің.

            Жасыл баққа сән берген бағбандай-ақ,

            Жас ұрпаққа үлгі боп жүрер ісің.

 

 

Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да, мал бағып терін төккен шопан да,ғарышкерде бәрі-бәрі ұстаздан тәлім- тәрбие алған.

 

 

Әдетте оқушының бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін—ұстаз.

 

Мұғалім:

Ø Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан?

Ø Жел соққанда тау ық бола ма?

Ø Теңізде қандай тас болмайды?

Ø Ертістің ортасында не бар?

 

Үйретіп  өмір  ұстазым,

Үлгілі  іске нұсқадың.

Ақкөңіл, іскер қашан да,

Ақылшым –менің ұстазым!

 

Білдіріп  шәкірттердің  ақ  ниетін,

Ұстаздық  алып  жүрген  атын  еркін.

Біз  сізге  алуан  гүл ғып  ұсынамыз,

Жүректің  алғысы  мен  рахметін.

 

 

Шәкірттерін  азамат  қып  саналы,

Ұстаз  ана –дана  бола  алады.

Ең  бастысы  ұстаз  мына  өмірде,

Ұлағат боп,ұлылық  боп  қалады.

 

 

Ұстаз  болу –жүректің  батырлығы,

Ұстаз  болу –сезімнің  ақындығы.

Ұстаз  болу  мінездің  күн  шуағы,

Азбайтұғын  адамның  алтындығ

 

Ұстаз  мейірі  мен  ана  мейірімі  егіз.

 

Ұстазы  бейілді  болса,

Шәкірті  зейінді  келеді.

 

Өмірдің  діңгегі—ұлы ұстаз.

 

Мұғалім! Бұл адамның  ардақты  аты ,

Білімдік бар биікке  шығар  саты.

Ең  алғаш  басталады осы  адамнан,

Сүйеді  сондықтан да  жақын, жатты.

 

 

Жайраңдап көктемім,

Күледі көкте күн.

Құшағын жайып,

Аяулы мектебім.

Санама нұр құйған,

Ұстазым ол  менің.

 

Сөз сөйлесе,жарқын-ақ

Күніміздей жарқылдап.

Қызық өтіп сабағы

Өсіреді ой- сананы.

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашанда

Қамқор болып жүреді.

 

 

Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар өзіңе.

Өнеге мол өзіңе

Өсиет көп өзінде.

Көзімнің хошын-ай

Көп шәкірттің досындай.

Ақ ниетті, кеңпейіл

Ұстазым менің осындай.

 

Ардақты менің ұстазым,

Әліппені оқытқан.

Білімнің кілтін ашатын,

Кеудеме сырды тоқытқан.

 

 

Білімді де зейінді,

Білмейтін еш кеюді.

Ұстаз болам мейірлі,

Білетін бар өнерді.

Білгір сөзі мәнерлі,

Ұстаз болам өнерлі.

Зерттеп терең ғылымды,

Зерлеп ерен ілімді,

Ұстаз  болам білімді.

 

 

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

 

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.



Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,
Мұғалімді ардақтайды барша жан.
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.
Бала десе ойламайды өз қамын,
Керсем дейді күнге де кол созғанын, 
Шәкірттерін өзінен де озғанын. 

 

1-жүргіуші:   Ұлжан

Сен қалай ойлайсың, Әнел? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-жүргізуші:     Әнел

Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!


1-жүргізуші:    Ұлжан   

Әсем, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

2-жүргізуші:   Әнел

Ал ендеше баста.

1-жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

2-жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

1-жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

2-жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

1-жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»


2- жүргізуші:   Әнел

 «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

1-жүргізуші:   Ұлжан

Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

 

2-жүргізуші:  Әнел

Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе сыныбымыздың мың бұралған бишілерін  ортаға  шақырамыз.


1-жүргізуші:  Ұлжан

БИ  «Әке толғауы»     Орындайтын:    Тлеубекова Малика

 

2-жүргізуші:  Әнел

Ұлдардың орындауында би:  «Астана»

 

1-жүргізуші:   Ұлжан

 

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға  бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

 

2-жүргізуші:  Әнел

Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды жасай келе бүгінгі тәрбие сағатымызды тәмәмдаймыз.


 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұстаз-ұлы тұлға" атты тәрбие сағаты/3-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Ұстаз - ұлы тұлға»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Ұстаздың ұлы тұлғасы жайында  оқушыларды  хабардар етіп қана қомай, оларға тың мәліметтер беріп білімдерін  қалыптастыру;

2. Дамытушылық:  Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу;

3. Тәрбиелік:  Балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулу. Ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер:  Әңгімелесу, сұрақ - жауап, пікір талас.

Көрнекілік құралдар:  Буклет, ұлағатты сөздер, ұлы ұстаздардың суреті (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов), слайд.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 980 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2015 5903
    • DOCX 55 кбайт
    • 84 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаксылык Айнур Жаксылыккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаксылык Айнур Жаксылыккызы
    Жаксылык Айнур Жаксылыккызы
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 123294
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2688 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 482 человека

Курс повышения квалификации

Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 450 человек

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 21 региона