Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "ұстаз мектеп жүрегі" (2 класс)

"ұстаз мектеп жүрегі" (2 класс)

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Күні: 03.10.2016

Сабақтың тақырыбы: Ұстаз - мектеп жүрегі

Сабақтың мақсаты: Балалардың білім, еңбек құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және сыйластық ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың міндеті:

1. Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру.

2. Ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

3. Ұстаздың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

- Cәлеметсіңдер ме, менің сүйікті оқушыларым! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Біз тағыда өзіміздің кең де, жарық сыныбымызға келіп тұрмыз

Қош келдіңдер!

ІІ. Шаттық шеңбері

-Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Алдымыздан кезіккен, Көп танысты көреміз. Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз Бір – бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. Осы шеңбер аясында

ІІІ.Ынталандыру.

1. Ұстаз деп кімдерді айтамыз?

2. Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар?

3. Ұстаздарыңды қалай қуантар едіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар. Тәрбие, тәлім, білім, ақыл беретін адамдарды біз ұстаз дейміз. Ата-ана – ұстаз, мұғалім – ұстаз, үлкендер – ұстаз, кітап – ұстаз. Олар біздің жақсы адам болып өмір сүруімізге көмектеседі.

ІV. Әңгімелеу. - Қане, балалар, бүгін ұстаз туралы әңгімелесейікші. Әңгімеміз түсініктірек болуы үшін мен сендерге « Өнерлі жігіт » аңызын оқып берейін.

Өнерлі жігіт

Әл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әртүрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза болып, тиын-тебен тастап кетіп жатады.

Әбунасыр одан:

- Күніне қанша табасың? – деп сұрайды.

- Екі дирхемге жетер-жетпес қана.

- Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, – деп оны ертіп алады.

Мұны естіген саудагер:

- Мына дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? – деп күліпті. Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар.

Сұрақтар:

Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді? Не үшін?

Шәкірттерінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы қаншалықты еңбек сіңіреді деп ойлайсыңдар?

Білім адамға не үшін керек деп ойлайсыңдар?

- Дұрыс айтасыңдар. Арине ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы қасиеттерді байқап, оның болашықта өз орнын табуына көмектеседі. Сол үшін аянбай еңбек етеді.

Ендеше балалар ұстаз және мектеп тақырыбына постер қорғайық

Ұстаз

Мектеп

ІV.Жағдаятты талдау.

1. Сендер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңде артқы партада отырған балалар сендермен жағаласып сөйлесіп отыр делік. Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан - жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балаға да тиісіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңдер?
2. Сендер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыңдар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыңдар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорды шақырып қойғансыңдар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біреуі сіз берген тапсырмаңызды жоғалтып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қанда шаралар қолданасыңдар.
3. Енді ұстаздар сендер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыңдар делік. Диктантты оқып беріп енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламсабымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңдер.
4. Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті…

V.Тыныштық сәті

Балалардың денесі, ойы тынықтырылады. Балалар денелерінді түзу, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырайық. Көздеріңді жұмуғада болады.Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаймыз, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сеземіз.Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтыламыз. (Осылайша 2 минут отырады)Балалар, ойланып болсақ көзімізді ашайық.

Дәптермен жұмыс

- Енді, балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйексөзді оқып, жүрекше дәптерімізге жазып алайық. Бізде бүгін дәйексөз.

« Мұғалім – мектептің жүрегі » Ы. Алтынсарин

- Ыбырай Алтынсарин қазақ жерінде тұңғыш мектеп ашқан ағартушы-педагог. Оның «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп айтқаныңда көп мән бар. Өйткені оқушы мектепте мұғалімнің еңбегі арқылы оқу, білім, тәлім алады. Мұғалім оқушыны жақсылыққа, ізгілікке, бақытқа жетелейді.

- Ұстаз мектепте білім – тәрбие беріп, адамгершілік нұрын төгеді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білімін үйретеді. Адамдардың айналаға, достарына, табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.

Сергіту сәті

- Кәне, бәріміз сергіп алайық.

Шынығамыз жастай біз, (Орындарынан тұрады)

Жаттығуды бастаймыз. (Қолдарын бүйірлеріне қояды)

Бір, екі, үш, (Қолдарын алға, жоғары, жанына созады) 2 рет

Бойымызға жинап күш. (Қолдарын ішке бүгеді)

Жарайсыңдар, балалар. Енді орнымызға жайғасайық.

. Дәптерде берілген тапсырманы орындаймыз.

- Дәптер бетінің сол жақ бөлігінде ұзтаздың суреті салынған. Оң жақ бөлігінде берілген бос торкөздерге өз ұстазыңа сыйлағың келетін суретті салып, бояңдар. (сыйлықтарын ұсынады)

- Ия, балалар, жалпы біз кімнен немесе неден, тәлім-тәрбие, өнеге алсақ, үйренсек өзімізге соларды ұстаз санаймыз. Біз ұстаздан көп нәрсе үйренеміз. Ұстаз өмірдегі құбылыстар мен әрекеттерді, құндылықтарды танып білуге, ажырата алуға үйретеді. Ұстаздан алған білімді бойына сіңіре білген, оны өмірде дұрыс қолдана алған шәкірт нағыз білімді болады.

Жүректен – жүрекке

Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру. Жүрекше арқылы бір – бірімізге жүрек жарды тілегімізді айтайық. (өлеңдер)

Елемесова Тамирис пен Қожанияз Нұрасылдың орындауында «Ұстазым менің ұстазым»

Ұстаз – тек оқу, жазу үйретіп, білім беретін мұғалім ғана емес. Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші, қамқор, іздеген сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін сенімді дос бола алады.

Қорытынды

- Ия, шәкіртерінің тек қана жақсы жақтарынан көрінуі, үлкен жетістіктерге жетуі – ұстаз үшін үлкен қуаныш. Сондықтан ұстаздарыңды ренжітпеңдер деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз! Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар! Сіздерге арнайы сыныбымыздың атынан жасаған жүрекшелерімізді қабыл алыңыздар!

Автор
Дата добавления 21.10.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров17
Номер материала ДБ-280232
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх