Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Статьи / Ұстаз шеберлігі педагогикалық процестің жемісі

Ұстаз шеберлігі педагогикалық процестің жемісі


  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

Ұстаз шеберлігі педагогикалық процестің жемісі

 

Джумадилова А.Қ.

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің оқытушысы


Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсатында оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір білім мен қаруландыруды қажет етсе, екіншіден әрбір мемлекеттің өзіндік ұлттық ерекшеліктеріне орай ұлттық сана-сезімін саналы түрде тәрбиелеуді көздейді. Бүгінгі мұғалімдерінің бойында шығармашылық қабілеттердің көрініс табуы, оқушыларының терең білім алуының бірден бір факторы екені даусыз. Осы тұрғыдан мектеп мұғалімдерінің ұстаздық қызыметіндегі шығармашылық жұмыстарын зерделеу қажеттілігі туындайды деп түсіндіреді [1]. 

Жалпы мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігінің мазмұны көптеген ауқымды талаптарды қамтиды. Біріншіден мектеп мұғалілімінің шеберлігі өз қызметіндегі педагогикалық іс-әрекеттердің белсенділігі арқылы іске асырылатыны белгілі.

Егеменді еліміздің өскелең ұрпағын озық ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша екенін педагогика ғылымында тереңінен зерттелген дүние екені белгілі деп өз еңбегінде атап көрсетеді[2].

Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Жалпы баланың алғашқы күннен қолына қалам ұстатып әліппені жаттатқызатын мектеп мұғалімі. Сандықтан да  алғашқы білім алу кезеңі-бала өмірінің маңызды кезеңдерінің бірі болып саналады. Демек, баланың қандай білім беру мекемесінен және қандай мұғалімнен білім алғанына байланысты. Ол алған білімдерінің сапалық құндылығы келешекте баланың сабақ үлгеріміне және  жеке тұлға ретінде қалыптасуына қатты ықпалын тигізеді.  

Ал тәлім-тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін еңбек дағдылары арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-бастауыш мектеп екендігі даусыз. Мектептің бастауыш сыныптарында қалана бастайтын еңбек дағдысы мен іскерлік қабілеттері мектептің жоғары сыныптарында  өз жалғасын табып, тереңдетіліп отырады.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті — жеке тұлғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.  Дегенмен, баланың жеке тұлғалық қасиеттері мен мінез құлқы мектепке дейінгі тәрбие  негізінде қалыптасса, одан ары қарай бастауыш сынып, жоғары сыныптарда қалыптаса бастайтыны белгілі. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығармашылық қабілетінің, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі де мектеп қабырғасы екені даусыз.

Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ~ Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін жоғары көтеріп,  қастерлеп, бағалап отырған. "Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға", "Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады", деп қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев айтып кеткен болса, ал чех халқының ұлы педагогі Я.А.Коменский: "Мұғалім мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақьлдың дәнін сеуіп, нұр құятьн тынымсыз жалын иесі", — деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалағандығын атап көрсетеді [3].

Ал бүгінгі қоғам қажеттілігінен туындап отырған негізгі талаптардың бірі мектеп табалдырығын аттаған жас жеткіншектерді парасатты да саналы азамат етіп тәрбиелеу - әрбір ұстаздың борышы. Сондықтан бүгінгі жаңашыл талапты мектеп мұғалімі  мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату арқылы әрбір оқушы бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайлылық пен кішіпейілдік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге  ұмтылыс жасай білген де ғана мектеп оқушыларының ұлттық рухын оята білеміз [4].

95 жылдық тарихы бар Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша егеменді еліміздің ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азаматтарды жылдан-жылға тәрбиелдеп қанат қақтыруда.

Тәрбиенің сан салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ.

Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек.

 Жалпы мектеп мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты мәселелер көптеген жауапкершілікті талап етеді. Қазақстан Республикасы аумағындағы  орналасқан жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептердегі жүргізіліп жатқан реформалар өзінің педагогикалық жүйесінде принципті өзерістерді қажет етеді. Қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің негізгі принциптері мен мақсаттары өзгеруде, оқу ақпаратының мазмұны жаңаруда, педагогикалық коммуникация құралдары, және педагогикалық әсер етудің объектісі- оқушылар да айтарлықтай өзгеруде. Бүгінгі таңда мектеп оқушыларына жай ғана түсіндіріп қана қоймай  әрбір түсіндірген сөздерінің мән-мағынасын тереңінен түсіндіруге бүгінгі күні оқытудың ақпараттық жүйесі интрекактивті тақтаны  тиімді пайдалану арқылы түсіндірудің мүмкіншіліктері көп. Мұндай жағдайда көзбен көрген нәрсені сезіну арқылы баланың ой жүйелері  толастай түсуге мүмкіндік туады. Демек, мұғалімнің  техникалық құралдары арқылы өткен әрбір сабағының сапасы артып,  мұғалім жұмысын жеңілдете түседі. Осы факторлардың барлығы мектеп мұғалімінің  педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуды талап етеді.

Қорыта келгенде оқу процесінің  жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының  педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

        1 Күнпеиіс Ж. Технология пәнін оқытуда мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптаструдың негіздері. Монография. Түркістан-2011.

        2 Бабаев C.Б. Кемел адам-тұлға қалыптасуы. «Педагогикалық теория негіздері) Монография. Түркістан.

        3 Қоянбаев Р. Педагогика.  Алматы., 1997 ж.

        4 Қазіргі заманғы мұғалім.// Қазақстан мектебі. 2003 ж.  №6.

        5 Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. //Білім әлемі. Алматы., 2004 ж. №6.




















Автор
Дата добавления 13.10.2016
Раздел Школьному психологу
Подраздел Статьи
Просмотров89
Номер материала ДБ-257686
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх