Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / " ұстаз шығармашылығы " 4 сынып

" ұстаз шығармашылығы " 4 сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Роза Камашовнаға арнау


Өмірде өте білген дара сыннан.

Табиғатынан жаралған жанаршын жан.

Жүрегі кең, ақкөңіл , кішіпейіл,

Зейнетке шықты Роза Камашовна.


Қалаған бала кезден жан жүрегі.

Ұстаз болу арманы , бар тілегі,

Бүгінде қошеметтеп еске алады

Алдынан түлеп ұшқан сан түлегі.


Соқпақты жолдары көп артта қалған

Ұстаз боп шәкіртінен алғыс алған.

Көрген өмір қызығы мен қиындығын

Зейнетін көру бүгін басқа салған.


Артта қалды сағым боп сан белестер.

Еңбегі оның қалады мәңгі есте.

Құрметті демалысқа шығарып сап,

Қошеметтеп құрметтер әріптестер.



Ұстаз да болды , шәкіртін ерткен соңынан,

Көмек те берді келгенше шама қолынан.

Ақылын да айтып аналық таза жүрекпен,

Жол сілтеп берді адасқандарға жолынан.


Қатал да болды, әділдікті жаны сүйетін,

Жалқауды көрсе, шыдамай жаны күйетін.

Жүрегі нәзік, адамның жанын ұғатын,

Сезбесе егер жанына ауыр тиетін.


Айтатын сөзін жеткізе білген санаға.

Көрсетіп бағыт, уақытқа өткен қарамай,

Ұшырды қанша шәкіртті биік белеске

Құшаққа алып мейіріммен қамқор анадай.


Уақыт та жеңіп ақ шалды міне самайын ,

Өмірдің көрді қиындығын да талайын.

Бейнетін көрсе, жылдарды салып араға,

Зейнетін берсін әр атқан таңның арайы.




Бөрлі негізгі орта қазақ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Майманов Н.Д





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.09.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров24
Номер материала ДБ-190756
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх