Инфоурок Другое Другие методич. материалыҰстаздар күніне арналған іс-шараның сценариі "ҰСТАЗ - ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ" 5-9 сыныптар

Ұстаздар күніне арналған іс-шараның сценариі "ҰСТАЗ - ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ" 5-9 сыныптар

Скачать материал

ҰСТАЗ - ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

(Ұстаздар және қарттар күніне арналған іс-шараның сценариі)

 

І БЛОК .МЕРЕКЕЛІК КЕШТІҢ АШЫЛУЫ

ФАНФАРА

ПРОЛОГ

Көңілді әуен  фонында оқушылар ортаға шығып, жастар биін билейді.

(ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚОЙЫЛЫМЫ)

:Армысыздар қадірменді ардагер аталар мен әжелер, аяулы ұстаздар!

 

1-оқушы: (Өмірзақ)

     Ең алғаш осы білім ордасынының табалдырығын аттаған кезімде, қарлығаштың қанатындай ғана кішкене бала едік. Қате басқан қадамымызға сын көзбен қарап, ақ тілегімен демеу болған ұстаздарымыз  сіздерсіздер.

2-оқушы: (Ерасыл)  Қыздар, жігіттер, бүгін қандай мереке? (бір қадам алға шығады)

Барлығы хормен: Ұстаздар мерекесі. (Аяқтарын алға қадам басып, тарс еткізеді)

3-оқушы: (Досбол) Иә, иә. Олай болса,  ыстық ықыласымызды, жүрек жарды тілектерімізді  аямайық. (Әр оқушы алға қадам басып, сөздерін айтады)

4-оқушы: (Айдын) Аса мейірімді, жаны жомарт

5-оқушы:  (Нұржан) Сөзіне берік, өнегесі асыл

6-оқушы:  (Диас) Шыншыл мінезді, пейілі дархан

7-оқушы:  (Нұрдәулет) Жүрегі батыр, ерен еңбекшіл

1-оқушы: (Өмірзақ)  Байламы берік, ойы өткір Ұстаздар                                                     (Бірге бір қимыл жасап, айтады)

БІРГЕ: МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

2-оқушы: (Ерасыл)

        Жігіттер, менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық –  тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

3-оқушы: (Досбол)

 Иә, Диас, мен сенің сөзіңе толығымен қосыламын. Себебі,

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

 

4-оқушы: (Айдын)

Сөзі бойға ексе білім қуатын,

Көзі зерттеп жан-дүниеңді ұғатын.

Қайда жүрсем бірге ұстаз бейнесі,

Іс-қимылы аңсар арман – мұратым.

 

5-оқушы: (Нұржан)

Бала десе ойламайды өз қамын,

Көрсем дейді күнге де қол созғанын.

Шын жүректен жатса-тұрса тілейді,

Шәкіртінің өзінен де озғанын.

 

6-оқушы: (Диас)

Адам бар ма мұғалімнен жаны ізгі,

Аялаймын олар басқан әр ізді.

Арманым не алабына қадірлі,

Өнегелі болсам ұстаз тәрізді

 

7-оқушы: (Нұрдәулет)

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер,

Бірге: Бүгінгі күн сіздерге арналады!

     

       Өмірзақ:  МҰҒАЛІМ ОЛ - М - МЕЙІРІМДІ 

 Ерасыл:  Ұ - ҰЛАҒАТТЫ
 Досбол:  Ғ - ҒАЗИЗ
 Айдын:  А - АҚЫЛДЫ
 Нұржан:  Л - ЛАЙЫҚТЫ
 Диас:  І - ІСКЕР
 Нұрдәулет:  М – МАМАН

ХАБАРЛАУСЫЗ. «КӨҢІЛДІ КҮН» БИІ

1-жүргізуші:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

            Армысыздар, құрметті ардагер ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Бүгінгі «Ұстаз-ұлы қызмет» атты  мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: 

          Мерекелік шарамыздың қадірлі қонақтары – ардагер ұстаздар.

1-жүргізуші:

          Бүгін -  ардагер ұстаздарымыздың, мұғалімдер қауымының                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   кәсіби төл мерекесі. Бүгінгі күн ұстаздар, сіздерге арналмақ.

 

    БІРГЕ: КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

 

ІІ  БЛОК. ҚҰТТЫҚТАУ

1-жүргізуші:

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек,

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.

2-жүргізуші:

               Мерекелік кештің құттықтау сөзі ардагер ұстазымыз, ардақты апайымыз __________________  беріледі.

 

(АРДАГЕР ҰСТАЗДАРДЫҢ  ҚҰТТЫҚТАУЫ)

 

1-жүргізуші:

             Құрметті ________ апай, сізге деңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз. Ыстық ықыласыңызға алғысымыз шексіз.

2-жүргізуші:

             Құрметті ардагер ұстаздар! Мектебіміздің кәсіподақ ұйымының атынан мерекелік сыйлығымызды  қабыл алыңыздар!

(МОДЕЛЬДЕР СЫЙЛЫҚТАРДЫ АРДАГЕРЛЕРГЕ ТАПСЫРАДЫ)

1-жүргізуші:

            Ардагер ұстаздар, Халықаралық Қарттар күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасылық шаттықты тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын!   Қошемет сіздерге арналады.

ХАБАРЛАУСЫЗ. «» ӘНІ

(9-сынып оқушылары вальске шақырады)

1-жүргізуші:

              Құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!  Құттықтау жалғасын табады. Назарларыңызды экранға аударсаңыздар.

2-жүргізуші:

Мен сендерді іздеймін:
Өренім деп,
Бір-бір иірім – әрқайсың
Тереңім деп –дегендей мектебіміздің мақтаныштары, өрендері, терең білімді түлектеріміздің құттықтауларына берсек.

ВИДЕО ҚОСЫЛАДЫ.

1-жүргізуші:

Маған мәңгі ұстаз болып қаласыз,

Жүрегімнен үлкен орын аласыз.

Көп мұғалім бірі болып қалмайсыз,

Сеніңізші, сіз өйткені ұстаз әрі анасыз.

2-жүргізуші:

Терең ойлы сөздеріңді жаттаймын,

Үміт еткен сеніміңді ақтаймын.

Үзбей берген біліміңнен сусындап,

Жұмсақ, жылы үніңді есте сақтаймын.

2-жүргізуші:

Ұстаздық жол жеңіл емес кімге де,

Кім көрінген ілікпейді жүлдеге

Мүсіндеуге келешектің келбетін

Күн-күн сайын шығады ол мінбеге

       Сахна төріне мектебіміздің жас мамандарын және үлгілі оқушыларын құрметпен шақырамыз

ІY БЛОК. ҰСТАЗ-ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ

ДИАЛОГ:

       КАНИЕВА ГАУХАР:

Мұғаліммін жан оты жарқылдаған,
Минутым кем ой қуып шарқ ұрмаған.
Жүргіншімін қағаз жүк қолтықтаған,
Азаматтық ақ тыныс алқынбаған.

Жас ұрпағы елімнің — қан тамырым.
Мен — жүрекпін.
Қан құям, салқындаман.
Лүпіл қағып соғамын, лыпыл қағып,
Қуат құйған қажымас халқым маған.

               БЕРІК АҚМОНШАҚ:

Даналықтың ұстаз боп жалғап ісін,
Еңбек еттің балауса арман үшін.
Сен - ертеңгі бәйтерек болашақтың
Бүгінгі күн тер төккен бағбанысың.

Таныдың да мінезін әр баланың,
Ұштай түстің ұл - қыздың арман - әнін.
Шәкіртіңнің болашақ биігінің
Іргетасын алдымен сен қаладың.

Сізбенен біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз
Тест орындап, зерттеу жасап, сабақтардан қалмаймыз.
Сіздер кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен,
География, апай мен ағай келді деп біз жайнаймыз.

 

САМИДИНОВА ГҮЛНҰР:

Мұғаліммін.
Жұмыскер жай адаммын.
Жас өренге мейірі бай адаммын.
Космос ашқан жанкешті болмағанмен,
Ұстаз деген атаққа сай адаммын.

Ой түзейді жас ұлан маған қарап,
Бой түзейді жас ұлан маған жанап.
Шәкірт пікір ұштайды мен арқылы,
Сондықтан да төтенше маған талап.

Балаға мен — әрқашан сая жаймын.
Асылымды бойда бар аямаймын.
Өреннің де қан құям жүрегіне,
Бағ
бандай гүл күткен аялаймын.

      АЛПЫСБАЙ  ЖАНЕЛЬ:

Парыз жүктеп қыз бенен сенімі ұлдың,
Армандарын ақ қанат сен ұғындың.
Мұңайса да, қамықса бала жаны,
Шипагері екен деп сені білдім.

Болмысыңмен осындай дараландың,
Асқақтығын ұқтырып балаға ардың.
Сен өйткені осынау мамандықты
Жүрегіңмен әу баста қалап алдың.

Қосып, алып, бөліп тағы көбейткен,
Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен.
Математика ағайлар мен апайларға  мың алғыс,
Есептеуді бізге талмай үйреткен!

      БУГЕНБАЕВА САНИЯ:

Сыныбым - менің сахнам, отты алаңым.
Сонда жанып, қып-қызыл шоқ боламын.
Шоқ болмасам, қып-қызыл от болмасам,
Онда тоқырап тот басып жоқ боламын.

Шынында мен сыныпқа сертпен келем,
Қорғасындай зіл болып өрттен денем.
Жалғыз ой бар көкейде —
Шәкірттерді
                                                                                                            Iзгіліктің аулына ертсем деген.

САРСЕНБАЙ  АРУЖАН:

Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Тәрбиеші апайлар сізге ерекше көп алғыс,
Таңертең күнде құшақ жаяр алдан

Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп
Тәрбиешілер, сіздей қайда бар адам?!

Iзденісім, еңбегім, тебіренісім,
Ақыл-ойым, жігерім —  жер жемісім…
Бәрі дағы балаға —  оқушыға,
Ұстаз тұтып соңыма ергені үшін.

 

       АРҒЫНБАЕВА ЖҰЛДЫЗАЙ:

Шәкірт —  менің мәртебем,
Мен —  баспалдақ.
Мен арқылы  шырқасын ол аспандап.
Мерейленем,
Бой сергіп жасарамын,
Жас ұланға ақ жарқын жол ашқанға-ақ.

Оқушыммен мақтанам,    
Олар сансыз.
От жүрекпен өртене сүйем шамсыз.
Деп тілеймін таусыла:
Оза шауып,
Жүйріктерден сурылып шықса шаңсыз!

Деп тілеймін:
Қиынға қолын созса!
Арман қуып талаптың жолында озса!
Лек-легімен
Сиремей,
Қатар бұзбай,
Қалың нөпір қайысқан тобында озса!

ЖАРЫЛҚАСЫН  НАЗЕРКЕ:

Талай  ақын арнап кеткен жыр-әнін,

Даңқы биікте ұстаз атты тұлғаның.

Өмір жолын үйретуге арнаған,

Ұстаз шіркін, екінші анасы баланың,

Ұстаз деген данасы ғой дананың,

Күш жұмсайды оқуына баланың.

Ұстаз тұлға, шаршамайды, шалдықпас,

Олар адал, иесі ой-сананың.

Құтты болсын  кәсіби мерекеңіз,

Осымен тоқтамасын белесіңіз.

Есіміңіз көтерілсін бұдан әрі,

Осы біздің сізге деген тілегіміз

YІ БЛОК. МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

 2-жүргізуші:

  Құрметті ардагер ұстаздар және мектебіміздің педагогтар қауымы! Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, кешіміз концерттік номерлерге жалғасын табады. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:

      Сахнада «Домбыра-дастан» ансамблі, «Жыр шашу» қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

        Келесі тыңдайтындарыңыз қазақтың халық әні «Дүние-ай», орындайтын Қалқожаева Эльмира

Құрметті қонақтар, ұстаздар! Сіздерді көңілді би билеуге шақырамыз.

1-жүргізуші:

        С.Мұхамеджанов «Қыз қуу»

2-жүргізуші:

        Қазанғаптың күйі «Ақжелең», қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

        Мерекелік концерт жалғасын табады. Қарсы алыңыздар!

1-жүргізуші:

Әніміз ардагер ұстаздарға арналады.

 

(ӘН АЙТЫЛЫП, СОҢЫНДА ХОР САХНАҒА ШЫҒАДЫ)

 

ХОР. «ҰСТАЗЫМ» ӘНІ.                                                ОРЫНДАЙТЫНДАР:

 

YІІ БЛОК. ІС-ШАРАНЫҢ АЯҚТАЛУЫ

  1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, қадірменді қонақтар! Мұғалімдер мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы қызмет» атты  мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.

 2-жүргізуші:

 Жандарыңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілейміз.

1-жүргізуші:

Құрметті ардагер ұстаздар, мұғалім апайлар мен ағайлар! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Сіздерді естелік суретіне түсуге шақырамыз. (Сахнаға орындықтар қойылады)

2-жүргізуші:

Еске алғанда осы күндерді жиылып,

Таусылмасын естеліктер тыйылып.

Ұстаздарым, көп рахмет сіздерге

Бас иеміз алдарыңызда иіліп!

         Осымен мерекелік шарамызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Келесі           жүздескенше, сау-саламатта болыңыздар!

Бірге: Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұстаздар күніне арналған іс-шараның сценариі "ҰСТАЗ - ҰЛЫ ҚЫЗМЕТ" 5-9 сыныптар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 116 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.11.2016 1388
    • DOCX 79 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бугенбаева Сания Сматқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бугенбаева Сания Сматқызы
    Бугенбаева Сания Сматқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 284338
    • Всего материалов: 51

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой