Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалы"Ұстаздар күніне" арналған сценарий

"Ұстаздар күніне" арналған сценарий

Скачать материал

«Өзін-өзі  басқару күні» ұстаздар мерекесіне арналған  ««Ұстаз – ұлы есім» - атты мерекелік  жиынның бағдарламасы.

Мақсаты: Оқушыларды өздігінен жұмыс  жүргізе  білуге  машықтандыру   және   келешек өмірлерінде әр  нәрсеге  жауапкершілікпен қарауға, өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен  ұстаздарына  деген  құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай  білуге  тәрбиелеу.

Безендендіру: Шарлар, тақырыптық плакат, гүл, құттықтау плакаты, ұлағатты сөздер.

І кезең:

1. Таңертеңгі  жиын

а) Мектеп директоры:    Анар Қайыркенқызы Жаныгулова сөз сөйлейді

ә) ТІМ Абеуова Гульден Кусмановна   сынып жетекшілер мен  пән мұғалімдердің  тізімін оқып, сабақ кестесі мен  қоңырау кестесін таныстырады.

 ІІ  кезең:

2. ««Ұстаз – ұлы есім» -  атты  концерттік бағдарлама

 а) Концерттік  бағдарлама.

 ІІ кезең:

1-     жүргізуші:

Санасына  шәкірттің,

Білім нәрін сіңірген.

Ұстаз алдын  көргендер,

Заман  көшіне  ергендер.      

Абыройын  асқақтат,

Орынын  әркез төрден  бер!

2 - жүргізуші:

Құрметті ұстаздар! Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»…

1 - жүргізуші:

Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

2-    жүргізуші:

Көңілдеріңізді  кірбін шалмасын, жүректеріңіз таза, мөлдір болсын. Арман- тілектеріңіз орындалып,  аспандарыңыз ашық, жұлдыздарыңыз жарық болсын.

  Ән: «Ұстазым менің»

1 – жүргізуші: Көпке үлгі өздеріңіз салған даралық

                           Бір сіздерден табылады даналық

                        Ортамызда аман-есен жүріңіздер

                        Ұрпақтарға тәлім беріп, дара нық.

2 - жүргізуші: Құрметті аталар, әжелер сіздерді қарттар күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Әрдайым осылай арамызда бізге үлгі – өнеге көрсетіп, жадырап жүре беріңіздер! Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Анара Кайыркенқызы Жаныгуловаға береміз

Ән: «Асыл әжем»            

1 – жүргізуші:

Бақытты қолдан  жасарлық күш бар ұстазда

Уақыттан  алға  асарлық  күш  бар ұстазда

Ой-сана  түлеп , күнде өсетін де  ұстаздар

Болашақтарға  сән қосатын да  ұстаздар -  деп ортаға Өзбек биімен 7 – сынып қыздарын шақырамыз.

2  - жүргізуші:

Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,

Ол болмаса, кім береді парасатты.

Асылын беріп шәкірт бойларына,

Ағартқан сол үшін де қара шашты, - «Махаббат аралы» әнін қабыл алыңыздар!

1  - жүргізуші:

Ұстазға әркім басын ию керек,

Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.

Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,

          Жеткізген сол ұстаз деп білу керек.- деп ортаға бастауыш сынып оқушыларын «Чему учат в школе» әнімен шақырамыз.

2  - жүргізуші:

Шәкіртіне «Өмір сырын ұға біл!»

          Деген ұстаз – ұстасы ғой мұраның.
          Құрметтеген бар адамзат баласы
          Қастерлі есім, екінші ана – мұғалім.
          Жүрек жарып шын көңілмен жырлаған
          Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын, - бүгінгі өзін өзі басқару күніндегі мектеп директорының қызметін атқарған 11 – сынып оқушысы Құдайбергенов Санатқа құттықтау сөз кезегі  беріледі. «Мерекем» әні

1- жүргізуші: Ұстаз! Ұстаздық – ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті батыр да, бай да, патша да атқара алмас. Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді. Қысқасы патшалық құру – рахат, ал ұстаздық ету – бейнет.
2- жүргізуші: Сол бейнеттің зейнетін көріп отырған аяулы ардагер ұстаздарымыз да, 20 – 30 жылдан астам ұстаздық етіп келе жатқан аяулы ұстаздарымыз бар. Қадірлі ұстаздар! Жаныңызға шуақ шашар сәулелі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға береке мен шаттық тілей отырып, ән: «Жан досым». Қабыл алыңыздар!

1- жүргізуші: Шәкірттерін азамат қып саналы,
                         Ұстаз ана, дана бола алады.
                         Ең бастысы ұстаз мына өмірде
                         Ұлағат боп, ұлылық боп қалады.

Шығыс биі.

3-    жүргізуші: Ұстаз біздің ұлы тұлға ардақты

                     Ұстаз біздің анамыз ғой аяулы

                      Құрметтейік, пір тұтайық әрдайым

                     Осынау бір ұлы есімді мәңгілік

Ән: «Асыл анам»

2- жүргізуші: Өнерпаздар жарысып сан-саналы
                        Жиын десе, той десе жан салады.
                       Ұстаздардың мерекесі құрметіне
                       Әуелеген әсем ән де жолданады.
Әзіл – ысқақ «Үнді махаббаты»
2- жүргізуші: Ұстаздық жол жеңіл емес кімге де,
                        Кім көрінген ілікпейді жүлдеге
                        Мүсіндеуге келешектің келбетін
                        Күн-күн сайын шығады ол мінбеге
.

Ән: «Аяулы мектебім»

1 – жүргізуші: Жақсылар ұмытпайды ұстаздарын,

       Ойлайды, олар сонымен ұшталғанын.

       Мәңгілікке мақтанып өтеді ұстаз,

                 Шәкіртінің биікке шыққандарын.

Ән: «Бозторғайым»

2 – жүргізуші:  Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.

1-жүргізуші: Ұстаз деген – жүрегімнің от боп жанған алауы

                         Ұстаз деген – өмірімнің мәңгі өшпес жалауы

                         Ұстаз деген -  Тәңіріміз сыйға берген ұлылық

                         Ұлылықты сақтайықшы, ұлы есім ғып мәңгілік, - дей отыра «Бақыт таңы» әнін қабыл алыңыздар!

2 – жүргізуші:  «Ұстаз» деген ардақты сөз, ұлы есім ғой, бұл есім
                            Ұлы есімнің қасиетін есіңе алып жүресің
                            Сол ұстаздың көмегімен ойлы қырмен шапқылап,
                            Білім деген тұлпарға да сол арқылы мінерсің.
                            Шәкірті жоқ ұстаз деген – жапырақсыз теректер
                             Ұстазымның шәкірті үшін маңдайымнан ағар тер.
                            Біріншіден, ата-анам жетелесе өмірге
                            Екіншіден,  ұстазым-ау, өзің болдың себепкер.
Би: «Қара жорға».

1-жүргізуші: Ұстаз күні – Ұлы күн, Әлем күні,

                         Әлемді тебірентер – Ұстаз үні

                         Ұстассыз шәкірт жоқ жер бетінде

                          Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны, - дей отыра қыздарымыздың орындауында «Қызыл гүлім-ай» әнін тамашалаңыздар!

2 – жүргізуші:  Күнде той бола бермес дәл осындай,

                            Күн сайын өркендейміз, өзгереміз,

                            Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен

                            Ұстаздарға мың алғыс деп бас иеміз

Хор: «Ұстазым»

1-жүргізуші: көңілдің ақ тілегін қол етеміз,

                        Тілектермен ұлғайсын мерекеміз

                        Ұстаздарға жолдаймыз аппақ алғыс

                         Осымен аяқталды концертіміз.

   2 – жүргізуші: Осымен «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Сіздерді тағы да ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалтыр жалпы орта білім беретін мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Өзін-өзі  басқару күні» ұстаздар мерекесіне арналған  ««Ұстаз – ұлы есім» - атты мерекелік  жиынның бағдарламасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 – 2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұстаздар күніне" арналған сценарий"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 882 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.11.2015 45956
    • DOCX 63 кбайт
    • 642 скачивания
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абеуова Гульден Кусмановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абеуова Гульден Кусмановна
    Абеуова Гульден Кусмановна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 91364
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Курс повышения квалификации

Применение социальных медиа в обучении

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 62 человека

Курс повышения квалификации

Особенности культурно-досуговой деятельности с детьми и подростками

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе