Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыҰстаздарға арналған мерекелік бағдарлама

Ұстаздарға арналған мерекелік бағдарлама

Скачать материал

Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!
Жүргізушілер шығып:
1- жүрг. Ұстаз! Осы бір сөзге терең үңілсек қаншама мін – мағынасы бар, қасиетті ұғым екеніне көз жеткіземіз. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтындығы белгілі.
Ұстаз – ұлы есім. Себебі ғылым иесі ғалым да, ал қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, мал бағып тер төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан бүгінгі барлық құрмет ұстаздарға арналады.
Армысыздар, Ұстаздарым – әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би де билеп, әнде бүгін шырқалар.
2-жүрг. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

І жүрг: Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар,ата – аналар және оқушылар!
ІІ жүрг: Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
І жүрг: Қажымас қайрат,
ІІ жүрг: Шығармашылық табыс,
І жүрг: Жанұяларыңызға бақыт тілейміз!
ІІ жүрг: Бүгінгі ән-күйіміз өздеріңізге арналады.
І жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің директоры Кальменов Арман агаига

1- жүрг. Аружан, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
Ақырын жүріп анық бас.
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән. …

Би
1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Аружан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші: Әдемі, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

1-Жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!
Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен

Би:
2 - жүргізуші:
Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін

Монтаж 2 сынып

Ән: 2сынып

1-жүрг.
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.
1- жүрг.
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2-жүрг. Әдемі, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?
1-жүргізуші: Ал ендеше баста.
2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,
1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»
2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»
1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»
2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»
1-Жүргізуші: Аружан, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз.
1 жүргізуші:
Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
ӘН: Ұстазым
2 - жүргізуші:
Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның
Ортаға мың бұралған бишілер шығып «                                                  » биін билейді.

2 жүргізуші:
Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!
Би:

1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан - жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ.Ендеше ардақты ұстаздар, сіздерге биз бірнеше сұрақтар қойғымыз келіп тұр.Егерде рұқсат болса ортаға 7 мұғалім келіп алдарыңызда тұрған шарларды жарып соның ішіндегі сұрақтарға жауап берсек.
( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)
М - мейірімді
Ұ - ұлағатты
Ғ - ғазиз
А - ақылды
Л - лайықты
І - іскер
М – маман

2 - жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Әсем ән орындалады

Ән;
1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.
(қонақтарды таныстырады)
1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.
1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?
2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?
3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.
2-жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен біз
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,
Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.
БИ
1- Жүргізуші:
Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.
Әзіл – қалжың отауы. ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.
Мұғалімдер кім болуды армандайды?
Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:
2-жург:Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.
1-жург:Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.
2-жург:Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.
1-жург:Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.

2-жург:Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

БИ
-жүргізуші:Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы былай деген:“Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз”

Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – Мұғалім.

Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

“Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.

1-2 жүргізуші: Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұстаздар мерекесіне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұстаздарға арналған мерекелік бағдарлама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 436 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.10.2015 1262
    • DOCX 24.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Едіге Саягүл Едігеқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Едіге Саягүл Едігеқызы
    Едіге Саягүл Едігеқызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 41577
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Проектный подход к рекламе: эффективные стратегии и инструменты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе