Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру арқылы жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастырудың педагогикалық негіздері" баяндама

"Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру арқылы жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастырудың педагогикалық негіздері" баяндама

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы .

27 Дихан орта мектебі

ДТІЖО Қырғызбаева Қаракөз

Тақырыбы: Ұстаздардың кәсіби біліктілігін арттыру арқылы жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастырудың педагогикалық негіздері.

«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,  ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»  деп А.Байтұрсынов атамыз айтқандай Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. 
Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен, жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялы қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықты игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік – экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті. Бұл мынандай фактілерге байланысты:
–оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану,
–топтық жұмыс дағдыларын дамыту,
–әрекеттерге үйрету,
–нақты ситуацияларды талдау.
Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Кез – келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт. Бала құқығын сыйлау баланың құқықтық санасын көтеруге, құқықтық тәрбие беруде маңызы зор.

Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Бүгінгі білім жүйесіне жаңа тұрпатты мұғалім қажет. Жаңа қоғамдағы жаңа ұстаздың қалыптасуы мен жеке тұлғаның даму моделі жаңа тұрпатты педагог: Жеке тұлға: 
Білім беру, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерімен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи-танымдық, педагогикалық, саяси-экономикалық сауатты және ақпараттық – коммуникациялық технологияны жетік меңгеруі тиіс. Еліміздің мәртебесінің биік болуы әсіресе, жас ұрпақтың білімділігі мен белсенділігіне байланысты. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап сапалылық. Мұғалім заман талабына сай, білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытудың жаңа инновациялық әдістерін шебер меңгерген жан болғанда ғана білімі жоғары жетекші тұлға саналады. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған білім беруге қатысты мәселелер бәрімізді де бей-жай қалдыра алмайды. «Қазақстандағы әрбір ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда келтіретін ойлар мақсатында еркін еңбек ете алады» -деп елбасымыз қадап айтты.

Осы жайттарды ескере отырып, оқушының жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын әрбір ұстаз өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Себебі мұғалім ең жауапты міндетті орындайды – ол адамды қалыптастырады. Мұғалімі қандай болса, шәкірті де сондай сенім жүгін көтереді.

Бүгінгі білім жүйесінде үлкен өзгерістер басталуда. Мектебімізде деңгейлік курстарға барған алты ұстазымыз бар. Бұл ұстаздарымыз да жаңа түрпатты мұғалім лебін әкелуде. Әр сабақтары тартымды да қызықты өтуде. Оқушылардың іздену деңгейлерінің жоғарылағанын байқайсың. Дәстүрлі сабаққа қарағанда қазіргі жаңа тәсілмен өтілетін сабақтар оқушы үшін де, мұғалім үшін де өте пайдалы деп білемін.

Мектебіміздің директоры Жорабек Мамырұлы Кадырбеков Алматы қаласында басшыларға арналған деңгейлік курсын оқып келгелі бері, мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар арасында коучинг өткізіп жаңа бағытта жұмыс жасап қызығушылықтарын арттыру мақсатында жұмыстарын жаңа технологиялар арқылы жүзеге асыруда. Мемлекеттің болашағы, үміті мен сенімі – жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау, заман талабына лайықты мұғалімнің қызмет етуі қоғам дамуын алға бастайды.

Ендеше, еңсені биіктетіп, еліміздің болашағы үшін ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ой иірімі ұрандарыңызға айналып, адамзат құндылығы-білім екенін көрсету жолында еш аянбаңыздар дегім келеді.







Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 18.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров153
Номер материала ДВ-467193
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх