Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Ұстазым - алтын діңгегім" ұстаздар күні
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

"Ұстазым - алтын діңгегім" ұстаздар күні

библиотека
материалов

Ұстазым – алтын діңгегім

Ортаға жүргізушілер шығады...

Фарида: Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Нұрлан:  Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіз, Құрметті де аяулы Сағатай Нұрғалымқызы! Бүгінгі«Ұстазым – алтын діңгегім» атты мереклік ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіз!

Айгерім:

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
Фарида: Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, соның ішінде бүгінгі аса құрметті қонағымыз Сағатай Нұрғалымқызы мерекелеріңіз құтты болсын!

Нұрлан: Денсаулықтарыңыз мықты болсыншаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіздің жемісін әрдайым қызықтап жүре беріңіз!!

БІРГЕ:Мерекелеріңіз құтты болсын!

Хор: Ұстазым

Еркебұлан: Монолог. «Ұстазға құрметпен».

Заводта болсаң, күнбе-күн көрінер еді табысың.

Дәрігер болсаң, түрлі емің - сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің өзгеше тіпті басқадан:

Ол - өзін арнап ел үшін осынау жүрген жақсы адам.

Жақсы адам - елдің тірегі, байлығы туған халықтың,

Шапағын шашар үнемі көгінде тұрған жарық күн.

Сан жастың қамын шертесің, тағдырын ойлап толғанып.

Әр үйдің бір-бір еркесін үйреттің өзің қолға алып.

Ұстазсыз жанда сөнбек күн, шәкіртсіз өмір - сусыз жер

. Көрінбес ғажап еңбектің бейнетін кешіп жүрсіздер.

Жүректе тұрар жалқы үнің, жанымнан жалын жігер күт.

Ұстазым, сенің әр күнің, әр сәтің тұрған бір ерлік! 

Нұрлан:Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына 5 «Ә» сыныбының атынан ак лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға Жұмағазы Расулды шақырамыз.

Расул: Құрметті ұстаз қауымы, Сағатай Нұрғалымқызы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

Фарида: Сен қалай ойлайсың, Нұрлан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз- тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

Нұрлан: иаа, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

С.Әділет: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Бала десе ойламайды өз қамын

Керсем дейді күнге де кол созғанын

Шәкірттерін өзінен де озғанын.

Т.Әділет: Ұстаздар!

Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Бекзат:Асыл ұстаз – мектеп жүрегі

Шуақ шашар реңі

Ұстаз деген – ұлы тұлғалар есімі

Біз үшін өмір сүреді

Терең зерттеу ісімен

Жүреді ұстаз үнемі

Ұшқыр білім үшін өмір сүреді

Терең терең мейірімді ісімен

Аяулым:  Бақытгүл, Зарина үшеуіміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

Зарина :Ал ендеше баста

Аяулым: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

Бақытгүл: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

Зарина : «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

Аяулым :«Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

Бақытгүл : «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

Зарина: Шәкіртсіз ұстаз – тұл

Бақытгүл: Қыздар Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

Диас :Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,

Жыр оқисың нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасың,

Білім беріп, содан бақыт табасың

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

МұхтарМұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!

Малика :Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл, ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.


Нұрлан :«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.


Фарида:Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыздың бірі ортамызда отыр.

- Сағатай Нұрғалымқызы сізге біраз сұрақтар қойып сыр сұхбат жүргізсек деп едік...

Ильяс :  Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

Диана :«Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

Әлия :Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?


Фарида:Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше

сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

Нұрлан: Әзіл – қалжың отауы.


ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН. Орындайтын Балжан, Ақерке, Нұрасыл, Н.Санжар, Қанат

Балжан: Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

Нұрасыл: -Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

Қанат: -Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

Ақерке: -Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

Н.Санжар -Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.

Балжан -Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде ұстаздарды шақыруларыңызға болады.


Нұрлан : Ершат пен Диастың орындауында « ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК».

Каникул – жылдың ең қысқа күндері.

Күнделік — үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.

Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

Спорт секциясы — әжеме айтатын басты сылтауым.

Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.


Айболат :Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

Серік :Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.


Ш.Санжар:

Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар


Нұрлан:  Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.


Автор
Дата добавления 15.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров227
Номер материала ДВ-530066
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх