Инфоурок Другое Другие методич. материалыҰстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем

Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем

Скачать материал

Тақырыбы: «Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем»

 

Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады

 

Данышпан да, дана да оқып сенен,

 Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

 “Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

 

Жүргізушілер шығып:

 

Ақберен: Армысыздар, құрметті де аяулы ұстаздар және оқушылар! «Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем» атты ұстаздар қауымына арналған салтанатты шарамызға қош келдіңіздер!

 

Гүлхан: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

 Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

 Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

 Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

 Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

 Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

 Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

 Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік!

 

Ақберен: Гүлхан, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

 Ақырын жүріп анық бас.

 Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

 Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Гүлхан: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

 БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

 Ақберен: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Назерке Мақсотқызын шақырамыз.

 

 

Гүлхан: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

 Көңілді күндер тусын алдан әлі

 Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

 Бүгінгі күн сіздерге арналады.

 

Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! Алдарыңызда «Ұстазым менің» әні      

 

 Ақберен: Сен қалай ойлайсың, Гүлхан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.               

 

Гүлхан: Ақберен, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

 Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

 Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

 Мұғалімнің мұғалімін танимын,

 Көкіректе көретұғын көзім бар.

 

Ақберен: Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

 

 Гүлхан: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Бала десе ойламайды өз қамын

Көрсем дейді күнге де кол созғанын

Шәкірттерін өзінен де озғанын.

 

 Ақберен: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

 Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар – дей отырып «Ұстаздарға арнау» атты шағын слаид - шоумызды қабыл алыңыздар.

 

Еңбегін елі үшін аямаған,

Панаңда сан шәкіртің саялаған.

Бүгін де бәйтерексіз бойы биік,

Майра апай шәкірттерін аялаған.

 

Келешекті кезінде

Кесіп айтар өзіңе.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көп шәкірттің досындай,

Гүлзира апай осындай.

 

Ақыл – кеңес көп қой онда ұққанға,

Ардың туын асқақ ұстап шықты алға.

Ана тілін ардақтауды үйреткен

Мың рахмет Ақырыс апайға.

 

Теңейміз біз оны кейде жұлдызға,

Үлгі тұтып келешек жас ұл-қызға

Дүние жүзінің географиясын жаттатқан

Жан жете ме жайсаң Калила апайға

 

Білім, өнер бәріне бар талабы,

Әрқашан да ашық – жарқын қабағы.

Гүлсауле апайдың жаутаңдаған жанары

Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады

 

Айша апай көп ойлаумен бала қамын

Нұрланып атар іспен әрбір таңы.

Ғаламды жадыратқан күн секілді

Баланы аялаған алақаны

 

Көңілің болсын ақ қардай,

Жарқырап көзді тартқандай.

Ел – жұртың сені ардақтап

Жүре берсін Насиха апай.

 

Аппақ сүтпен сіңген оған ар – иба

Бұл кісіге жан жетеме, дариға

Химиядан қиналмауды үйреткен

Қыз мінезді қимас апай Асылзада

 

Ештеңенің иісі бармай мұрынға

Жүрген кезде кеше, бүгін, бұрын да

Талай заттың қыр – сырына қанық қып

Тәрбиелеген бас иеміз Айнұр апайға

 

Алабөтен айрықша еді талғамың,

Алғыс пенен абырой боп алғаның

Орыс тілдің аралатқан орманын

Орны бөлек Айнагүл апайымның

 

Ұл – қызын мәпелеп, аялаған,

Досынан қол – көмегін аямаған

Бүгін де ортамызда Жанаргүл апай

Мектеп үшін еңбегін аямаған

 

«Білім» десе бойымызда тұрар күш

Шәкірттері шеттерінен тіл алғыш

Талай рет тентектікті кешірген

Ғанимат ағай өзіңізге мың алғыс

 

Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,

Сондықтан да ұстазыма ұқсадым

Ақ көңіл де қарапайым қашан да

Құрметтейміз өзіңізді Мұстафа ағай

Атақ – даңқы аңыз болған талайға,

Ағаларға баға беру оңай ма

Баулыған тек темірдейін тәртіпке

Мың рахмет Арман ағайға.

 

Серік ағай нұрын шашқан зейіндінің

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімнің

Дарыттың адамдықты шәкіртіңе

Дамыттың дарын отын бейімдінің.

 

Күнім деген, күлімдеген,

Қамқор болған ұстазым

Жаны жайсаң, жайдары жан,

Ұғындырған сөз санын

Ұмытпаймыз , ардақтаймыз

Жанаргүл апай сізді біз

 

Дәріс берген, білім берген

Жас ұрпаққа талмастан

Әбір жастың Индира апай

Көңіл сырын дәл басқан.

 

Сүйікті біздің Жазира апайымыз

Ақжарқын сіздің мінезіңіз

Күлімдеген көздеріңіз

Нұрланады жүзіңіз.

 

 

Гүлхан: Ақберен, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?     

 

 Ақберен: Ал ендеше баста.

 

Гүлхан: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

 

Ақберен: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

 

 Гүлхан: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

 

Ақберен: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

 

Гүлхан: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

 

Ақберен: Гүлхан, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

 

Нұртөре: Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.

 

Жұпархан: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген-анасы ол адамның

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін

Сенде одан адам болып жаралдың

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалмас арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып?!

Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,

Қасиетке бас иелік мәңгілік!

 

 Рысгүл: «Ұстаз үні»

Жазатын білмдегі жаңалықты,

Тәрбие, асыл мұра , даналықты,

Қадамың құтты болсын, «Ұстаз үні»,

Мазмұнды басылым бол дара мықты

Әрбір ұстаз – тәжірибе мұнар тасы,

Қаланған ізденумен құмар тасы.

«Ұстаздан» озат үлгі үйренеді

Шығатын шыңға биік шынар жасы

Күш-жігерін жарқын іске арнаған

Ой – санасы кең әлемді шарлаған.

Төл басылым бағалайды ұстазды

Үйренуден, үйретуден талмаған.

Жас жүрекке білім дәнін себетін,

Күтіп-баптап білім талын егетін.

Ұстаздардың, ұлылықтың дарханы,

Төл үнісің жетістігін теретін.

 

Ақберен: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

 Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында

 

Гүлхан: Асыға сәлем жолдап жүректен біз

 Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.

 

Би: «Мектепке сағыныш»

 

 Ақберен: Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анаң секілді

 Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

 

 Гүлхан: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

 Айналайын білім берген ұстаздар – дей отырып шәкірттеріңіз өлең – шумақтарын арнайды.

 

Алтынай:

Мөлдір бұлақ шылдырлаған суымен,

Ормандардың шулап жатыр нуымен.

Ал баланың тәрбиесін беретін,

Құттықтаймыз ұлы ұстаздар мерекенің шарықтаған күнімен.

Есігін аштық сырлы әлемнің айқара,

Нұрын шагтық аппақ гүлдің қайтара.

Раушан гүлдей оттай жайнап жүре бер,

Білм беріп жалықпаған балаға.

О, ұстаздар басымды ием сіздерге,

Күллі әлемнің мұғалімдер күнінде.

Жүрегімнің лүпілінен шыққан сөз,

Сая тапсын ұлы ұстаздың жүрегінің түбінде.

 

Мерлан:

Ұстаз Ұстаз

Осы сөзде жатыр қанша ұлылық

Осы сөзде таусылмайтын ұлылық

Әл – Фараби  Ыбыраймен ақынды

Осы сөз ғой бізді ғана ұлы ғып

Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін

Тентектерді ақылымен емдейтін

Болса дағы малға кедей өмірде

Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін

 

Диана:

Ұстаз деген ұстаз болып туғандар

Ұлылықты ұлықтаған имандар

Ұрпағының ертеңіне жол ашып

Өмірінің өр шақтарын қуғандар

Қимағандар ұстаз емес мұғалім

Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә мың.

Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,

Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын

 

 Ақберен: Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Төгілген арай, шуағым

Арманым қонса, қолыма,

 Арқаң деп сенің ұғамын

 Мұғалім, ғазиз мұғалім-

Сарқылса мәңгі бұлағым

Ұланың бүгін тойыңда

Арнайды саған бұл әнін.

 

Ән: «Ұстазым»

 

 Гүлхан: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам. Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рақметін.  

 

Құттықтау сөз мектеп оқушыларына беріледі. (1-11 – сынып)

 

 

Ақберен: Қадіріңді кезінде Білмепті ғой ұланың.

 Қазір әрбір сөзіңе, Елеңдейді құлағым.

Бірдей етіп ұстадың. Демей бізге бөтенсің.

Кейде акылын ұстаздың, Сағынады екенсің.

Сол ұстазға жаны нұр, Демек үлкен адаммын.

 Есейсек де бәрі бір, Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.

 

Гүлхан: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 508 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2016 1070
    • DOCX 31.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мәди Гүлім Дінжанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мәди Гүлім Дінжанқызы
    Мәди Гүлім Дінжанқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6165
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции