Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ұстазым ұлағатым тәрбие сағаты 7 класс
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Ұстазым ұлағатым тәрбие сағаты 7 класс

библиотека
материалов

Бекітемін: №249 мектеп-лицейдің тәрбие жұмыстары

жөніндегі орынбасары

Ж. Жүсіпова

Күні: 3.10.15

Сыныбы: 7 «Г»

Тақырыбы: «Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем!»

Мақсаты: Оқушыларды ұстазын сыйлауға және құрметтеуге баулу.

Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар және қадірлі ата-аналар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар. Мерекелеріңіз құтты болсын!

2- жүргізуші:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.

1-жүргізуші:
Әл-Фараби: «Ұстаз.... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма бұл сөзден біз Раушан апайымыздың бейнесін көргендей боламыз.

2-жүргізуші:
Раушан апай – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әр қашан аман болып жүрсін дер ек.
1-жүргізуші:

Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп
Осы өмірге мұғалім боп жаралған.
2- жүргізуші:
Раушан апай үйретеді бар білгенін өзінің,
Шын жүректен тілек тілеп бәріміз,
Құттықтаймыз ұстаздардың күнімен.

1-жүргізуші: Бурабай Динара мен Жаңабай Аружан қыздарыңыздың жүрекжарды ұстаздарға арнауы бар екен. Соны қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:
Күнім деген күлімдеген
Қамқор болған ұстазым
Жаны жайсаң, жайдары жан,
Ұғындырған сөз сазын.
Ұмытпаймыз, ардақтаймыз,
Раушан апай сізді біз.

1-жүргізуші: Ғылым иесі – ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де – бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді.

2-жүргізуші: Ұстаз – әке шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды. Ұстаз – ана, ол шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілік мехнаттарын, қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Ұстаз – жолдас. Ол әрқашан да шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз – дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.

1-жүргізуші
Әні сізге қалықтай,
Қиялменен шарықтай
Құттықтаймыз біз сізді
Ұстазымыз Раушан апай.

2-жүргізуші:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – дей келе бір оқушылардың орындауында келесі орыс биін тамашалаңыздар. _________________________________
1-жүргізуші:
Атақ-даңқы аңыз болған талайға,
Ағаларға баға беру оңай ма?!
Баулыған темірдейін тәртіпке,
Мың рахмет Раушан апайға.
2-жүргізуші:
Білім, өнер, бәріне бар талабы,
Әрқашанда ашық-жарқын қабағы.
Раушан апайдың әрбір берген сабағы
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады. - дей келе бір оқушылардың орындауында келесі үнді биін тамашалаңыздар. _________________________________
1-жүргізуші:
Раушан апай нұрын шашқан зейіндінің,
Нұрлы шаш сәулесіндей зейіндінің,
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе
Дамыттың дарын отын бейімдінің
2-жүргізуші:
Келесі өлең шумақтары өзіңізге арналады. ____________________________

1-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жарқын жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы,жанын да аямаған ардақтысы болса, ал ұстаз біздің екінші анамыз деп айтсақ артық айтпағанымыз деп санаймыз. Мектебіміздегі шәкірттерге әке орнына әке болып, оқушылардың қуанышына қоса қуанып жүрген апайларымыздың еңбегі зор.

2-жүргізуші:
Раушан апай! Ұлық тұлға өр екен.
Таси түссін берекең
Келген осы айтулы
Құтты болсын мерекең!

Раушан апай өзіңізді бізбен бірге флешмоб билеуге шақырамыз. ___________

2-жүргізуші: Кешімізді қорытындылау мақсатында сөз кезегін cынып жетекшіміз: Ибраимова Раушан апайға береміз. Аяулы ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа оқу жылы Сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін. Кешімізді тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!







Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-009688

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"