Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / "Ұстазым менің, ұстазым" атты тәрбие сағаты

"Ұстазым менің, ұстазым" атты тәрбие сағаты

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Сынып: 10 «а», 10 «ә»

«Ұстазым менің, ұстазым!» атты кеш

(Музыка ойнап тұрады. Ортаға жүргізушілер шығады, әуеннің ырғағымен шығады)

Сахна сыртында рэппер Ербол жүргізушілерді таныстырады.

Ербол:

Е-е-е-е-е, а-ха-е-хе-о-хо, о-е-е-е

Сөздері өткір семсерден,

Барлық өнерді еңсерген.

Қыздарға арман болған,

Бұл – Бейбарыс сұлтан

######################

Ең әдемі, ең сұлу

Күлкісі берер жылу

Жарқырайды алтындай

Неси Айварқызы, уоу


Бейбарыс: ----Армысыздар, бармысыздар аяулы ұстаздар!

Қалайсыңдар, жағдай «БЕС» па, бауырлар!

Неси:----Ару қыздар, сұлу қыздар, май қыздар!

Кешімізде қош көрдік сіздерді құрбы-құрдастар!

Бейбарыс:----Хит әндерді салдырып,

Құлақ құрышын қандырып,

Ойын ойнап, би билеп,

Кешіміз өтер көңілденіп.

Сол кешті жүргізетін сүйікті, сұлу, сүйкімді, сымбатты, уәдеге берік, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін......

Неси: -----Мені айтып жатсың ба?

Бейбарыс:----Тепсе темір үзетін сері жігіттерің мен – Бейбарыс. Зарипов Бейбарыс (шашын қайырады)

Неси:-----Ойбооооу, шіркін. Бонт, Джеймс Бонт дегендей болдың ау сен де?! (күледі)

Бейбарыс: -----Енді, Неси түр десе түрі бар, бой десе бойы бар, мектептің қыздарының тең жартысы ғашық болатын жігіт өзін Бонт, Джеймс Бонт секілді таныстырса несі айып? Сондықтан, Неси өтініш, ары қарай сөзіңді айта берш ааа?

Неси: -----Айтсаң болды, Бейбарыс мырза. Ендеше өзіңді мақтай бермей, бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтары ұстаздарымыз бен сыныптастарымыға көңіл бөлейік та?! Немесе сен бүгінгі кеште бастан аяқ өзіңді мақтап тұра бермексің ба?

Бейбарыс: ----Айып етпеші, Неси. Енді, өзімізді мақтап қоймасақ, сенің мақтайтын түрің көрінбейді ғой.

Неси: -----Иә, Бейбарыс, сен шыныменде жігіттің төресісің ғой. Әйтпесе, Перизат апайың сонша сені мақтамас еді ғой?!

Бейбарыс:-----Қойшы, Неси рас па? Сонда не айтты, апай?

Неси: -----Туу, Бейбарыс, енді сен қоймайсың ғой?! Қазір осы кештен кейін мен саған бәрін айтып беремін. Енді, ұстаздарымыз бен сыныптастарымызды көп күттірмей кешімізді бастайық.

Бейбарыс:-----Дуй, дуй. Сен айтсаң болды ғой, апашка. (күледі, Неси иығынан түртіп жібереді)

Бүгінгі кеште көңіл шіркін тасысын,

Қатысушыларға тамсанып бір қол ұрсын.

Өнерлерін аямайтын біздерден,

Қатысушыларымыз ортамызға кеп енсін – дей отырып, бүгінгі кешімізге қатысушыларды шақырамыз. Алдымен ұстаздар қауымын. Сосын ару қыздарымызды, содан кейін сері жігіттерімізді шақырамыз.

Неси:------Ендеше кешімізді бастамас бұрын, топқа бөлініп алайық. Менің қолымдағы салфеткаларды бір – бірден алып, шеңбер құрып тұрамыз. Алдымен ұстаздар қауымы, одан кейін ару қыздарымыз бен сері жігіттеріміз алады.

(бәрі алып болған соң шеңбер құрады)

  • Енді салфеткаларымыздың ішіне қараймыз,ішіндегі шеколадтардың атымен әркім өз тобына отырып жайғасыңыздар.

  • 1 топ - «Сникерс» тобы

  • 2-топ - «Тивикс» тобы

  • 3-топ - «Кит кат» тобы

  • 4-топ - «Милкувейн» тобы

Бейбарыс: ------Орналасып болсақ, кешіміздің жүрісімен таныс болайық.

  1. Таныстыру

  2. Ситуациялық сұрақтар

  3. Сөз тапқанға қолқа жоқ

  4. Әріптер жылжиды

  5. Біз білетін тұлғалар

Бейбарыс: ----- Көп сөйлеп жөн-жобадан біз аспайық,

Қандай сайыс болса да біз қашпайық.

Ал, ендеше рұқсат болса

«Ұстаз бақыты – шәкірт құрметі» кешімізді біз бастайық!

Неси:-----Біз қазақ деген елміз,

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.

Ата-баба шежіресін жіктеп,

Танысу парызы әрбір жастың.

Сәт те келіп қалғандай танысатын, - дей келе, алғашқы ойын шартымыз бойынша әр топ өздерін таныстырсын.

(Топтар өздерін таныстырады)

Бейбарыс: ---- Неси , ұстаздар кім болуды армандайды?

Неси: ----- Бейбарыс, сен де қызық сұрақтар қояды екенсің. Ұстаздар кім болсам екен деп армандамайды.
Бейбарыс: --- неге? Армансыз адам болмайды гой. Неси, сен дұрыс түсінбедің . Менің айтайын дегенім басқа еді. Білгің келеді ма ?

Неси: ----- ммммммммм, әрине 

Бейбарыс:----- Ұстаздар бастық болуды армандамайды .Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 25-30 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе?

Неси:----- Бейбарыс олай болса, ұстаздар сот болуды да армандамайды. Ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. Ал, енді сот демей көрші.

Бейбарыс:-----яяяяя, Неси өте дұрыс айтасың. Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларымыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. Ұстазды жазушы емес деп көріңізші. 
Неси: ---- охо, бір адамның бойынан қаншама мамандықты көріп тұрмыз. Онда біз аяулы ұстаздарымызды дарынды, шебер деп айтсақ артық болмас. Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

Бейбарыс:--- Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Безендіруші де өзі. Неси , осы біз кейде кабинетте қағаз шашып, кезекшілікті атқармай кететінімізге ұялып тұрғаным ай. 
Неси: ----яяяя , біздің балалығымыз бен шалағымызды кешіре білген ұстаздарға қандай құрмет көрсетсек те артық болмас.

Бейбарыс:---Ендеше, Неси келесі кезеңімізге кезек берейік.

Неси:---Біле білген білімді зерек дейміз,

Білімімен ел-жұрттан ерек дейміз,

Оқушымен, ата-анамен жұмыс істейтін ұстаздарға

Түрлі-түрлі жағдайлардан шыға білу керек дейміз, - екінші кезеңіміз «Ситуациялық сұрақтар». Бұл кезеңде ұстаздарымыздың мың түрлі мамандықты игере алатынын өздері алдарыңызда дәлелдеп береді.

Бейбарыс: ---Ұстаздар қауымы, қолымда тұрған конверттерді суырасыздар, онда жазылған жағдайлардан шығу жолдарын айтасыздар, рөлге салып тобыңызбен ойнап бересіздер.

Неси: -----Бейбарыс, сен сайыс басталғалы өзіңді мақтап жүрсің. Қазақта әдемі сөз бар емес па? «Досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтамын» деген. Осы сенің достарың бар ма, қандай адамдар?

Бейбарыс:-----Әрине, Неси менің достарым көп. Достарымда өзім сияқты жігіттердің сұлтаны, «осы менің жігітім болсын», деп қыздар армандайтындай сері достарым баршылық.

Неси:-----Айдайт те, сол достарыңның ішінде әдемі әуен салатын досың бар ма? Менің ән тыңдағым келіп тұр. Осы өтінішімді орындасаң, мен сені әдемі қыздарыммен таныстырам.

Бейбарыс:----Әрине, Неси әу демейтін қазақ жоқ. Өзім сияқты сері жігіттердің бірі, сегіз сырлы, бір қырлы, әрі Перизат апайымыздың сүйікті шәкірті, әнші, футболист, палуан, волейболист, әнші рэппер досым Ерболды ортаға шақырайық.

ЖҰМАХАНОВ ЕРБОЛ

Неси:-----Көңілін халқыңның таптың бүгін,

Емес қой мынау бізге жат күн бүгін.

Бір-бірлеп сұрақ қойып бақ сынайық,

Байқайық қатысушылардың тапқырлығын – дегендей «Сөз тапқанға қолқа жоқ» келесі кезеңімізге көшеміз.

Бейбарыс:---- Ендеше ұстаздарымызды ортаға шақырайық.

Неси:-----Шарты: Әр топтан бір-бір ұстаз бен оқушыдан шығады. Әріптер суырып, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатындай жауап беру керек.

Бейбарыс:

  1. Сүйікті шәкіртіңіз кім?

  2. Өз кәсібіңіз ұнай ма?

  3. Сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма?

  4. Басшылардан сөз естісеңіз, не істейсіз?

  5. Құпия болмаса, айлығыңыз қанша?

  6. Сыныбыңыз тыңдамаса не істейсіз?

  7. Әріптестеріңізді жамандайсыз ба?

  8. Қандай сыйлық алғанды ұнатасыз?

  9. Оқушыларыңызға қалай ұрсасыз?

  10. Оқушыларыңызды қалай еркелетесіз?

Неси:

  1. Сынып жетекшің ұнай ма?

  2. Мектепте жақсы көретін ұстазыңыз кім?

  3. Сіз тентек оқушысыз ба?

  4. Мұғалім сізді себепсіз кінәласа не істейсіз?

  5. Вечерге көп барасың ба?

  6. Сабаққа кешігіп келе жатып, жолдан организатор ұстаса не істейсің?

  7. Сыныптың атаманы кім?

  8. Досың ренжітсе не істейсің?

  9. Күлкіңізді тия алмағанда не істейсіз?

  10. Сіздің арманыңыз...

Бейбарыс:---- Неси кешіміз көңілді өтіп жатқан сияқты. Сен қалай ойлайсың?

Неси:----Иа, Бейбарыс, Мұғалімдеріміз сен сияқты сегіз қырлы, бір сырлы екен гой. Біз оларды тек қатал, күлмейтін күйде көріп қалғанбыз ғой.

Бейбарыс:-----Иа, біз бүгін мұғалімдеріміздің де, оқушыларымыздың да жаңа қырынан таныттық деп ойлаймыз. Мұғалімдеріміздің қай шәкіртін жақсы көретіндігін, сабаққа кешігіп келгенде не істейтіндерін, басшылар ұрсса да, ештеңеден қорықпайтын ұстарымыздың бар екеніне куә болдық.

Неси:-----Иа, оқушыларымызда да, мектепте жақсы көретін ұстазының кім екенін, мұғалім себепсіз кінәласа не істейтіндерін, әр оқушымыздың қандай армандары бар екенін білдік.

Бейбарыс:---Неси, осы қыздардың неше жаста екенін білгің келіп сұрасаң, Неге? Неше бересің дейді?

Неси:--- Бейбарыс сенде қыздың жасын сұрауға болмайды. Қыздың жасы 18.

Бейбарыс:----Сен де айтады екенсің, Неси, сонда апайларымыздың жасы 18-де ме?

Неси:-----Бейбарыс, несі бар?! Апайларымыздың жасы 18-де болмағанымен, көңілдері 18-де. Солай емес па, ұстаздар?

Бейбарыс:----Ендеше, Неси ұстаздарымызды бір ойнатып, сергітіп алсақ қалай болар екен?

Неси: ----Қандай ойын ойнатамыз?

Бейбарыс:-----Сен кішкентай кезіңде фотомодель болғың келген жоқ па?

Неси:----Қайдан біліп қойдың?

Бейбарыс:-----Мен кішкентай кезімде болғым келді десем да?! (Екеуі де күледі)

Ойнап айтам, енді қыздардың бәрі солай армандаған шығар.

Неси:-----Талғаммен киініп, боянып, әдемі болып подиумда жүру әр қыздың көкейінде жатқан орындалмас арманы шығар.

Бейбарыс:-----Ұстаздарымызда солай армандаған шығар онда иа. Қалай ойлайсың?

Неси:----Иа ол да мүмкін.

Бейбарыс:-----Ендеше, ортаға ұстаздар қауымын шығарайық.

Неси:----Осы ұстаздарымызға жұп болатын жігіттерімізді шақырайық.

Бейбарыс:----Ойынның шарты былай: ортаға сән үлгісін көрсетеміз.

(Шыққан топты жүргізушілер әдемі сөздермен хабарлап тұрады)


Слайд

Неси: ------Бейбарыс, ұстаздар қауымын нағыз ұстаз ететін 13 белгіні білесің бе?

Бейбарыс:------Жоқ, ол қандай белгі?

Неси: ендеше мына бір слайдқа көңіл аударайық.

(Жүргізушілер кезек-кезек слайдтағы сөздерді оқып береді)

Бейбарыс: Енді кезекті аяулы ұстаздарымызға арналған әні бар Сақи қыздарыңызды ортаға қошаметтеп шақырайық.

ӘБДИЕВА САҚИ - «Ұстазым» әнімен

Неси:----Бейбарыс, біздер биыл 10 оқимыз. Көзді ашып жұмғанша 11 сыныпқа да аяқ басамыз. Сосын ҰБТ деп жүріп мектептегі қызықты күндеріміз бір күндей өтіп шығады. Уақыт шіркін тез ғой иәәәә

Бейбарыс: ----Иа, кеп-кеше сары уыз балапан едік, енді өсіп ер жеттік. Қыз бен жігіт болдық. Ғашық болу сезіміндерін басымыздан өткізіп те жатырмыз. «Балалық махаббат», «алғашқы махаббат» деген терминдермен де таныс болып жатырмыз. Неси сен вечерлерге барасың ба?

Неси:----(таңдана қарайды) Оны неге сұрадың? Мұғалімдеріміз отыр ғой? Сен де қызық екенсің?

Бейбарыс:----Айтайын дегенім, вечерге барған қыздар екіге бөлінеді? Сен қайсысына жатасың дегенім ғой?!

Неси:---Қалай сонда?

Бейбарыс:---Енді, вечерге барған қыздар екіге бөлінеді екен. Вальс билейтіндер, сосын кухняда жүретіндер.

Неси:-----Онда , вечерге баратын жігіттерде екіге бөлінеді: Ортада билейтіндер және центрдің жанында отыратындар.

(Екеуі қосылып күледі)

Бейбарыс:----Ұстаздарымызда, сыныптастарымызда отыра-отыра жалыққан шығар, орындарынан тұрғызып, билетпесек те жылжытып алмаймыз ба?

Неси:----Аааа, сен келесі кезеңге көшкін келіп тұр ғой әәәә?

Бейбарыс: Иа, ендеше келесі кезеңіміз, «Әріптер жылжиды» кезеңі. 1-топ мүшелерін ортаға шақырамыз.

(1-топ әріптері: Е-І, Р-Л, Е-Т, Н-К.)

1-топтың тапсырмалары:

  1. Медаль. «еңбегі үшін». (ерен)

  2. Бұғы тұқымдасына жататын жануар (елік)

  3. Шолжаң антонимі (ерке)

  4. Дәнді ұнтақтауға арналған ағаш құрал (келі)

  5. Есік ашуға арналған зат (кілт)

  6. Паразит жәндік (кене)

  7. Үй жануары (теке)

Неси: (2-топтың әріптері: Л-П, Ы-Н, Т-А, Қ-А)

2-топтың тапсырмалары:

  1. 3+3 (алты)

  2. Ық (пана)

  3. ... – азбайтын тон (ақыл)

  4. Арыстанның күшігі (алан)

  5. Скрипкашы қыз (Лана)

  6. Реніш, мұң... синоним (нала)

  7. ... қалды, айырылып қалды (қапы)

Бейбарыс: (3-топтың әріптері: О-А, Б-Ж, А-Ы, Л-Р)

3-топтың тапсырмалары:

  1. Нанды баспа.... болады (обал)

  2. ..... тілі бал (бала)

  3. Ескі .... аузын тырнады (жара)

  4. Бері тартса өгіз өледі, әрі тартса... сынады (арба)

  5. Біреуге ... жаппа (жала)

  6. Қонақ ғайып, несібе ғайып, .... ғайып (ажал)

  7. Түс көрсең жақсыға .... (жоры)

Неси: (4-топтың әріптері: С-Қ, Р-Л, А-Т, А-Ы)

4-топтың тапсырмалары:

  1. ... көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер (ақыл)

  2. Ақыл жастан, ...тастан (асыл)

  3. Үлкен кісіні немесе атаны кім дейді? (қарт)

  4. Көмірдің түсі (қара)

  5. Астана-әсем ... (қала)

  6. Ертеректе жағдайы жоқ туысқанға көмектесу дәстүрі қалай аталады? (асар)

  7. Өзін-өзі тану пәнінің авторы кім? (Сара)

Бейбарыс:----Неси, манадан бері ұстаздарымыздың неше түрлі мамандық иесі бола алатынын білдік. Енді сол ұстаздарымыз өнерден де құр алақан емес шығар. Оның үстіне оларға көмектесетін шәкірттері бар емес па?

Неси:----Бейбарыс ол дұрыс қой, «ұстаздан - шәкірт озар» дегендей, ұлағатты ұстаздарымыздан тәлім-тәрбие алып отырған сыныптастарымызда өнерден құр алақан емес. Қызықтырмай, айтшы енді. Не ойлағаның бар?

Бейбарыс:-----Мына конверттерді топ мүшелеріне суыртамыз. Ұстаздарымыз ондағы тапсырмаларды мүлтіксіз орындауы керек.

Неси:---Неге орындамайды?! Бізге тапсырманы тиянақты және мүлтіксіз орындауға үйреткен ұстаздарымыздың өзі емес па?

Тапсырманы орындауға барлық топ мүшелері қатысады.

  1. Той биіне билеу.

  2. Рэп айту.

  3. Вальс билеу.

  4. Опера айту.


Неси:-----Бейбарыс, сен таң атқалы мен мынандай жігітпін, анандай жігітпін деп жүрсің ғой. Соны тексеретін мен бір күшті тест тауып алдым. Сол тест арқылы сенің қандай жігіт екеніңді білетін боламыз.

Бейбарыс:-----Мені мее!

Неси:-----Иәәә!

Бейбарыс:----Жарайды

Неси:-----Бейбарыс қара, менінде білгім келеді және де мына жерде отырған қаншама қыздар білгісі келіп отыр, сенің қандай жігіт екенінді. Сондықтан да мен саған сұрақтар қоямын сен тез тез жауап бересін.

Бейбарыс:---Ой жарайды. Ал қойшы сұрағынды!

Неси:-----Ал тыңда, түйе ма? Жылқы ма?

Бейбарыс:---Жылқы.

Неси:-----Қымыз ба? Шай ма?

Бейбарыс:---Қымыз.

Неси:-----Сериал ма? Кино ма?

Бейбарыс:---Кино.

Неси:-----Ақ айфонба? Қара айфон ба?

Бейбарыс:---Қара.

Неси:-----Ет па? Пицца ма?

Бейбарыс:---Ет

Неси:-----Ән ба, би ма?

Бейбарыс:---Би.

Неси:-----Мхм, тесттің қорытындысы бойынша Нұрқуат сен нағыз жігіт екенсің. (иығынан қағады)

Бейбарыс:---Күмәнің бармане?

Неси:-----Күмәнім жоқ әрине, қазір нағыз сен сияқты жигітке арнап сахнаға нағыз хас сұлулар шығып би билейді. Құрметті көрермендер, сіздердің алдарыңызда биші қыздарыңыз мың бұрала билейді. Қошаметтеп отырайық.

...................................................................................................................

Бейбарыс:--- Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында!
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе Неси? 

Неси:--- яяя , Бейбарыс, сөзіңе қосыламын. Ұстаздар бізге не үйретпеді дейсің ... бәрін , бәрін!!!

«Сен маған үйреттің » әні .

  1. Сен маған жазуды үйреттің ,
    Сауатсыз балғын едім.

  2. Қосу мен алуды үйреттің ,
    Анамның ай, күні едім.

  3. Еңбекқор болуды үйреттің,
    Икемсіз жалқау едім.

  4. Абайлап жүруді үйреттің,
    Алаңғасар аңқау едім.

  5. Әдепті сөйлеуді үйреттің,
    Үнемі сақтамаушы едім.

  6. Тиянақты жүруді үйреттің,
    Үмітіңді ақтамаушы едім.

  7. Секіру ,жүгіруге үйреттің,
    Спортқа шорқақ едім.

  8. Топта сөз сөйлеуді үйреттің, 
    Бастауға шорқақ едім.

  9. Үлкенді сыйлауға үйреттің,
    Тілалмас тентек едім.

  10. Класты жинауға үйреттің,
    Кей кезде еркеледім.

  11. Ғылымды сүюге үйреттің,
    Білімді түйіп келемін.

  12. Өнерді сүюге үйреттің,
    Шықпас ем биікке мен.

  13. Ұйқыдан тұруды үйреттің,
    Кешігіп қалатын едім.

  14. Шашымды күтуді үйреттің,
    Тек байлай салатын едім.

  15. Шынайы күлуді үйреттің,
    Нөсерлі көктем едім.

  16. Өмірді сүруге үйреткен,
    Ұстазым, мектеп еді.

Неси:---Ұстаздың балаға деген , баланың ұстазға деген махаббаты мен жылы лебізі мәңгілік!
Бейбарыс:---- Ұстаз бақыты – шәкірт құрметі!
Неси:----Ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Бейбарыс:-----Ұстаз бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам.

Бәрі сахнаға шығып хорменен «Біз сіздерді жақсы көреміз!» деп аяқтайды.

(Қол бұлғайды)

Әрі қарай кешімізді дискотекамен жалғастырамыз.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров135
Номер материала ДВ-368452
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх