Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / "Ұстазым менің, ұстазым!" құттықтау кеші
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

"Ұстазым менің, ұстазым!" құттықтау кеші

библиотека
материалов


Ұстазым менің- Ұстазым!


Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының
қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, шарлар.
І- жүргізуші:
Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.

Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңді ықыласпен тыңдап, пән атауларына зер салып оқып үйреніп жүрміз. Жан - жақты білім бергені үшін ұстаздарымызға айтар алғысымыздың шегі жоқ. Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстазым менің –Ұстазым » атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп директоры Хасенова Муслима Касымовнаға берілсін.

Жедел хат Жанайдарова А.Д

Құттықтау Қалымжанова С.Т

Олай болса ұстаздарымызға арналған құттықтау сөзді мектепішілік өзін - өзі басқару ұйымының Ұланбасы Ескенова Асельге береміз,
« Ұстазым » әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын 8 –9 сынып қыздары.

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға” деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
Оқытыңдар, ұл - қызым, деп,
Күлімдеген ұстаздар.
Ән арнадық арнайы
Тағзым ете, ұстаздар.
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі.шығармаларын оқиды.

Би: «Флеш моб» бастауыш сынып

хормен: Алғыстарым көп менің
Асыл анам – мектебім!.
2 - жүргізуші:
Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген - жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол - бар болғаны ма мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
І жүргізуші: Ұстазым,менің,ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар төл мерекелеріңіз тағы да құтты болсын дей « Ұстазым менің Ұстазым» әнімен қыздар дуэтін шақырайық. (Индира мен Жадра)

хормен:
Сыйымызға риза бол,
Мұғалімдер қауымы!

І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.

Мұғалімдерге арналған ойын. ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында шарлары бар)
М – мейірімді (1-сұрақ)
Ұ – ұлағатты ( 2-сұрақ)
Ғ – ғалым ( 3сұрақ)
А – ақылды (4 сұрақ )
Л – лайықты (5-сұрақ )
І – іскер (6-сұрақ )
М – маман (7-сұрақ ) І жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй деп сахнаға « Ұстазым » 5- сынып оқушысы Тасберген Индираны шақырамыз.

І жүргізуші: Сіздерге арнап өз әзілдерін алып келген мектебіміздің « Жастар » КВН командасын ортаға шақырайық!
Іжүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігін

ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз менің –Ұстазым » атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров479
Номер материала ДВ-173846
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх