Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Ұстазым мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып" ұстаздар күніне арналған кеш

"Ұстазым мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып" ұстаздар күніне арналған кеш

Скачать материал

 

Тақырыбы: Ұстазым-мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып!

Мақсаты:  Оқушылардың ұстазға деген көзқарасын дамыту. Ұстаздың әр шәкірт үшін орнының ерекше екенін және білімнің көзі тек осынау асыл жандар арқылы оқушы жүрегіне берілетінін түсіндіру.

 1-Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Құрметті ардақты  ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі Ұстаздар күніне арналған мерекелік кешімізді Қазақстан Республикасының Гимнімен бастаймыз.

        Ұстаз болу – жүректің батырлығы.

        Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

        Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

        Азбайтұғын адамның алтындығы,--деп ақын Ғ. Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине, ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп ренжітпей қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!  

       Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға  байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

        Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Олай болса, қадірлі ұстаздар сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы, жас буынға дұрыс бақыт-бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,

Сіздермен тола берсін ортамызда.

Бүгінгі ел басқарған азаматтар,

Білім алған сіздердің арқаңызда.

Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,

Дендеріңнің саулығы мықты болсын.

Біліммен суарған шәкірттерін,

Төл мерекең ұстаздар құтты болсын.

Ән жырмен шашу шашайық, сіздерді әнге қосайық.

Ақ тілек сұрап баршадан, шымылдығын сахнаны ашайық,-дей отырып, «Ұстазым- мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!                   

  2-Жүргізуші: Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,

        Даналықтан қазына жүрсіз жиып.

        Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,

        Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.

        Асыл қасиет жас жүрекке сенсеңіз,

        Шәкірт бойына білім нәрін септіңіз.

        Мектептің абыройын биік ұстап,

        Еліңізге адал қызмет еттіңіз.

        Үстем болып әрқашан мерейіңіз,

        Құтты болсын бүгінгі төл мерекеңіз,-дей отырып ұстаздарға деген ақ тілегін білдіру үшін құттықтау сөзді мектеп директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға береміз.

 

 

1-Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар! Қазан айының алғашқы аптасында республика көлемінде тойланатын ерекше мереке – ұстаздар мерекесі құтты болсын!                    

    Құтты болсын, ұстаздарым, мерекең,

   Артсын сенің абыройың, берекең,

   Осы күні ұлы тойды той

   Қуанышты, ұзақ болсын мерекең!

   Өнерпаздар жарысып сан-саналы,

   Жиын десе, той десе жан салады.

   Кешіміздің ашылу құрметіне

  Әуелеген әсем ән жолданады. Алдарыңызда әнші қыздарыңыз  Сабыржанқызы Қарақат пен Сайынбай Данияның орындауындағы  «Құтты болсын мерекең» атты ән сіздерге арналады.

Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

  2-Жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтарын гүлге толсын,

        Дендеріңнің саулығы мықты болсын.

        Білімімен суарған шәкірттерін,

        Төл мерекең ұстаздар құтты болсын.

        Бүгінгі шашуымыз, ұлағатты ұстаздар, сіздерге арналады.

         Екі жүргізуші:  Мерекелеріңіз құтты болсын!

 1-Жүргізуші: Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аялу тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып,құрметтейтін екі ұғым болса соның бірі – Ұстаз. «Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «Ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

  2-жүргізуші:   Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән мағына жатыр десеңші. Ұлағатты ой иелері де, арман отты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасаттық қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Алғаш әліппенің бетін ашып,әріп танытқан, өмірдің қырын -сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе  нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да дихан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексиз ғаламға топшасын қатайтып ұшырады. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек.

Сондықтанда ұлы Абайдың!

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

ұстаздық етпес жалықпас,

Үйретуден балаға,- деп айтуында терең мағына жатыр. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол мұғалімнің еңбегі. Сол нұрлы жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші. Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат аттандырған артық абырой құрмет жоқ шығар, сірә!

      1-оқушы: Арыстанбек Әсел. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған дихан да, мал бағып терін төккен шопан да, бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметтеп бас иеді.

     2-оқушы: Тұрғанбек  Назым. Қымбатты біздің ұстаздар! Алтын күздің саясында жарқыраған жүздеріңіз бізбен бірге мәңгілікке қалмақ. Сіздер секілді мәуелі бәйтеректерден тамырланып, мектеп бітірер сәттен сан тарапқа қанат қағамыз. Бірақ аяулы мектебімізде білімнің қайнар көзіндей қалған мүғалімдерімізді еш уақытта ұмытпаймыз. Суретші болсақ, ең әсем бейнені ұстазға арнаймыз, сәулетші болсақ, ең көрікті ғимаратты ұстазға саламыз, жүрек күйін тербетер сазгер болсақ, асыл әнді ұстазға шырқаймыз, сезімді бойлайтын ақын болсақ, нұрлы жырлардың әр тармағын аяулы ұстаздарымызға арнаймыз.

1-жүргізуші: Құрметті біздің сүйікті ұстаздарымыз!

Құтты болсын, ұстаздарым, мерекең,

Артсын сенің абыройың, берекең,

Осы күні ұлы тойды тойлайық,

Қуанышты, ұзақ болсын мерекең!-деп келесі кезекті әуелеген әсем әнге береміз.

Ән: «Ардақты ұстазым» Орындайтын: Малтабар Айзат

2-Жүргізуші: Тархқа көз жүгіртетін болсақ, бүкіл бір ұлттың көсемдері, ұлт ұстаздары болып саналады. Мысалы: Абай, Шоқан, Ыбырай, Алаш көсемдері – Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев,Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, 20 ғасырдағы заңғар ойшылдар – Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев. Әрине, бұлардың бәрі заманалық биіктіктен өз орнын иемденген ұлағаттылық иелері. Осы кезде Шәкәрім Құдайбердиевтың нақыл сөздері еске түседі.

Еңбекпенен, өрнекпенен өнер ойға тоқылса,

Қайнар өмір, жайнар көңіл, ар ілімі оқылса.

1-Жүргізуші: Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерең еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-Жүргізуші: Ұлылықтың мықтылығы ағаштан,

Қымыздың күштілігі сабасынан.

Бишінің биші болып атануы

Үйреткен, тәлім берген ұстазынан.

 Бишілерде өнер көп,

 Билейді биді мәнерлеп

 Бишілердің билерін көріңіздер,

 Өнерге баға беріңіздер,-мың бұралған бишілерге кезек берейік.

 Би: «Қара жорға»   Орындайтындар: «Қыздар-ай»  тобы

 3-оқушы: Ережеп Қарақат. Мұғалімдерге арнау

 Мектеп анамдай, асыл мектебім,

 Құшағы нұрлы көктемім.

 Өмірдің аттап өткелін,

 Сенде өсіп көктедім.

 Бағыңда құстай сайрадым,

 Қырыңда гүлдей жайнадым.

 Сәулетті дархан бесігім,

 Тербеліп жүрмін осы күн.

 4-оқушы: Шерібекұлы Мұхамеджан

 Күмбірлейді туған жердің бел, өрі,

 Күмбірлейді қайың, шырша, терегі.

 Балбұлақ та қоңырау боп кеткендей,

 Бүгінгі күн-

 Ұстаз күні себебі.

 Желпіндіріп,

 Желіктірген күш қандай?

  Балғындар шат,

  Шаттық нұрын құшқандай

  Бүгінгі күн-Ұстаз күні

  Содан ба,

  Алтын күн де күлімдейді ұстаздай.

  5-оқушы: Нұрмахан Азиз

  Ұстаз деген ұлағаттың шайыры,

  Қадірінің тиетұғын қайыры

  Ұстаз деген шуағы мол шапағат,

  Шаршамайтын, шалдықпайтын тәйірі

  Ұстаз деген  ұстаз болып туғандар,

  Ұлылықты ұлықтаған имандар

  Ұрпағының ертеңіне жол ашып,

   Өмірінің өр шақтарын қуғандар.

   Қимағандар ұстаз емес, мұғалім,

   Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә мың

   Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,

   Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.

   6-оқушы: Ережеп Мерей.

    Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,

    Күнім болып көріндің аспанымда.

    Білім болып егілдің жас жаныма,

    Гүлің болып төгілдім асқарыңа

    Біз дегенде ұмытып бас қамын да,

    Қас қағымда қасыңнан тастадың ба?

    Ертіп кеттің елемей қиындықты,

   Асқарына ғылымның бастадың да.

   Қолым жетіп шын бақыт ұшпағына,

   Аялы алақаныңнан ұшқанымда

   Кім боп, қайда жүрсем де қасымдасың,

   Адал еңбек алғысым ұстазыма!

    1-Жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

    Көңілді күндер тусын алдын әлі

    Би шашу әсем әуен, түрлі өнер,

    Бүгінгі күн сіздерге арналады,-дей отырып алдарыңызда «Қыздар-ай» тобының  биін  қабыл алыңыздар.

 

 

 

1-Жүргізуші: Мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне   ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.

     2-Жүргізуші: Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады.

     Ғұлама, білгіш ғалым да,

     Оқушы жас жалын да,

     Мархаббаты ойшыл да,

     Мал өсірген қойшы да,

     Жазушы да, ақын да,

     Ғарышкер де, батыр да,

     Өнері тасқан актер да,

     Көмір қазған шахтер де,

     Мың бұрылған биші де,

     Ой тербеткен күйші де,

     Бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

    1-Жүргізуші: Жүрегі кең, ұстаздар, данасың ғой!

    Қомқор болған біздерге баласындай.

   Сынып жетекшілері, ыстық ықыласымызды

   Қабыл алыңыздар,

   Аялаған біздерді баласындай,-деп келесі кезекті испан биіне береміз.

   Би: «Испан»  биі      Орындайтын: Машрап Мөлдір

   2-Жүргізуші: Келесі кезекте даналық сөздерге кезек береміз.

   7-оқушы: Машрап Мөлдір. Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

   8-оқушы: Жұпарханқызы Қазына.

    Қайратсыз – тұл,

    Тұрлаусыз ғашық – тұл,

    Шәкіртсіз ғалым – тұл.

   9-оқушы: Машрап Мөлдір. Нашар ұстаз шындықты қайталайды,

    Жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді.

   10-оқушы: Әліпбай Мерей.  Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін, әжемнен өмір алсам, ал     Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.

  11-оқушы: Иляс Гауһар

    Мектеп – кеме, білім – теңіз,

    Барар жерге тез жетеміз.   

    Адаспаймыз ұлы жолда,

    Ұстаз берген білім қолда.

  1-Жүргізуші:  Мектеп-кеме, білім-теңіз, ал ұстаз-мектептің жүрегі, тынысы, үні.

 Шәкірттерін азамат қып саналы,

Ұстаз ана, дана бола алады.

Ең бастысы ұстаз мына өмірде

Ұлағат боп, ұлылық боп қалады.

Ендеше, ұстаз сөзінің формуласы қандай?

Жауабы: Ұ-Ұлағатты, С-салмақты, Т-танымал да, А-ардақты, З-замандастай зиялы.

2-Жүгізуші: Мұғалім-зор тұлға. Мен ұстаздарымды күннің құдіретті сәулесіне теңеймін. Мұғалім-әділ де турашыл, жоғары мәдениетті, салмақты, әдепті, кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәмін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.

М-мейірімді, Ұ-ұшқыр ойлы, Ғ-ғазиз, А-ақылды, Л-лайықты, І-іскер, М-маман.

1-Жүргізуші: Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой, Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

 2-Жүгізуші: Ұстаздар-ұлттың тірегі, Ұстаздар-мектеп жүрегі,

Ұрпаққа жетер ұстазбен, халықтың ұлы тірегі.

Аманат жүгін көтерген, ұстаздық оңай іс емес,

Шаршауын шәкірт өтеген, ұстаздар осал күш емес.

«Ұстазым» деген ұлы сөз, жүректің берген бағасы

Мұғалім-ұстаз бола алса, баланың көп қой данасы.

Сіздерге арналған ән-шашуымызды қабыл алыңыздар!

 Алдарыңызда ұстаздарға арналған  Жұпарханқызы Қазынаның орындауында: 

«Ұстазыма мың тағзым»  әнін қабыл алыңыздар.

 1-Жүргізуші: Мектеп-үйім, ұстаздарым-ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған

Білім беру ісінде ұстаз басты шешуші тұлға дегім келеді. Келесі құттықтау сөзді мектеп директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Шораева Нәзігай апайға сөз береміз.

 2-Жүгізуші: Құрметті біздің сүйікті ұстаздарымыз!Сіздердің әрқайсыларыңыз біздерге қымбатсыздар!Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын!Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

«Мектеп-білім тірегі, ұстаз оның жүрегі» демекші, ұстаздық жолындағы еңбектеріңіз лаулап жана берсін!Ұлағатты ұстаздар! Сіздердің әрқайсыларыңыз біздерге қымбатсыздар!

  1-Жүргізуші: Ұстаздар қартаймасын , қажымасын,

Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын,

Немере, шөберенің бетін сүйіп,

Тәңірім бақтан сіздерді айырмасын.

Жақсылық атаулыға жақсы жандар,

Жамандық атаулыға қарсы жандар,

Баланы сусындатып өсіруге.

Білімнің бұлақ көзін аршығандар.

Құрметті оқушылар, ұстаздарымызды әрқашанда құрметтеп сыйлап, олардан алған білімімізді іске жарата білуіміз керек.

Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,

Тілектермен нығайсын мерекеміз.

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс,

Осымен аяқталды мерекеміз.

Екі жүргізуші:  Мерекелеріңіз құтты болсын! Келесі кездескенше, хош сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

   

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ұстазым мәңгілік, жадымда қалар жаңғырып" ұстаздар күніне арналған кеш"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 624 663 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2017 2701
    • DOCX 1.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанасбаева Назымкул Копирбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9552
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 21 региона

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе