Инфоурок Другое Другие методич. материалыҰстазым-ұлағатым (ұстаздар күніне сценарий)

Ұстазым-ұлағатым (ұстаздар күніне сценарий)

Скачать материал

« ҰСТАЗДАР - ҰЛАҒАТЫМ »

Ұстаздар күніне арналған концерттік бағдарламаның сценарийі

Күні: 05.10.2016                                                              Жүргізушілер: Едіге С.Е.

                                                                                                                       Жарасқан Ғ.-8сынып оқушысы

 

 (Фанфар. Жүргізушілер ортада)
1-жүргізуші:                        Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
                                               Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
                                               Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
                                               Өздеріңнен бастау алар бар арман.

2-жүргізуші:                        Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
                                               Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
                                               Өмірді алға қарай өрлететін,
                                               Сендерде Ұлы Отанның болашағы –

1-жүргізуші:      Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның біріҰстаз.

2- жүргізуші:     Иә, Ғалымбек. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

1-жүргізуші:    Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбегі зор.

2-жүргізуші:    Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтан да ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

1-жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

2-жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

1-жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге арналған «Ұстазым ұлағатым» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекелік жиынымызды ашу үшін сөз кезегін мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Кәмшат Аманжолқызына береміз.

Ән:    «АРДАҚТЫ ҰСТАЗ».    Орындайтын: Қуантаева Назгүл,  Оразаева Ақнұр

1-жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Келесі мерекелік құттықтау сөзді зейнеткер ұстазымыз _______________________береміз!

2-жүргізуші: Келесі тыңдайтын әндеріңіз «ҰСТАЗЫМ».Орындайтын:6-сынып оқушылары

1-жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

2-жүргізуші: Иә, олҰстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегіұлы еңбек. (пауза)

2-жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

1-жүргізуші: Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерің оқытқан,

Келіп тұр жолдап сәлемін.

5-6 сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алыңыздар!

(5-6сынып оқушылары КӨРКЕМ СӨЗ)


2-жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі» – деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Ғалымбек, менің ойымша, кез-келген адам ұстаз бола алмайды.

1-жүргізуші: Олай ойлауыңыздың себебі неде?

2-жүргізуші: Себебі ұстаздық – өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді.

1-жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт дейсіз ғой?!

2-жүргізуші: Білімнің айдынында жүзіп өткен,

Ұстаз сенсің білімнің нәрін сепкен.

Сен арқылы бастау алып, дана, ғылым,

Сен арқылы әлемді танып білген.

1-жүргізуші: Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,

Әзірге үлпілдеген құндызымыз.

Арасын жер мен көктің бағындырар,

Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз

Сіздердің құрметтеріңізге 8-9 сыныптың оқушыларының орындауындағы «АЛҒАШҚЫ ҰСТАЗЫМ» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,

Төгілген арай, шуағым

Арманым қонса, қолыма,

Арқаң деп сенің ұғамын.

1-жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,

Сарқылмас мәңгі бұлағым.

Ұланың бүгін тойыңда,

Арнайды саған бұл әнін.

9-сынып оқушылары Кеңесова Аяжан мен Қуантаева Қызғалдақтың орындауында  «ҰСТАЗЫМ» әні

2-жүргізуші:  Ғалымбек, «Ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау» – деген екен ғұлама ағаларымыз.

1-жүргізуші: Дұрыс айтасыз, апай. Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.

2-жүргізуші: Білімнің кәусар бұлағын,

Жүресің құйып санама.

Біз үшін сенсің мұғалім,

Ұстаз да, ғалым, дана да.

1-жүргізуші: Анадай құс ұйқымен көз ілдірер,

Арманын аласартпас, сезімділер.

Бағбандай мәуелі бақ мәпелеген,

Бала үшін бар азапқа төзімділер.

5-сынып оқушыларының орындауында «ҰСТАЗЫМ» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырлары сан тарапқа тараған.

1-жүргізуші: Шәкірттің жүрегіне дем бересің,

Екінші анам болып сен келесің.

Мейірім-шуағыңды күндей шашып,

Барлығына шәкірттің дән себесің.

2-жүргізуші: Ұстаздар қартаймасын, қажымасын,

Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын.

Немере, шөберенің бетін сүйіп,

Тәңірім бақтан бізді айырмасын.

1-жүргізуші: Жақсылық атаулыға жаршы жандар,

Жамандық атаулыға қарсы жандар.

Баланы сусындатып өсіруге,

Білімнің бұлақ көзін аршығандар.

2-жүргізуші: Осымен ұлағатты ұстаздарға арнаған кешімізді жабық деп жариялаймыз! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұстазым-ұлағатым (ұстаздар күніне сценарий)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 247 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2017 1212
    • DOCX 54.5 кбайт
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Едіге Саягүл Едігеқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Едіге Саягүл Едігеқызы
    Едіге Саягүл Едігеқызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 41576
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек