Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы«Step by step» технологиясы бойынша өткізілген «Нан-біздің данамыз, жер-анадан аламыз» атты тақырыбындағы ұйымдастырылған кешенді оқу іс-әрекетінің конспектісі.

«Step by step» технологиясы бойынша өткізілген «Нан-біздің данамыз, жер-анадан аламыз» атты тақырыбындағы ұйымдастырылған кешенді оқу іс-әрекетінің конспектісі.

Скачать материал

 

Маңғыстау облыстық білім басқармасы

Маңғыстау облыстық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Step   by step»   технологиясы  бойынша  өткізілген

«Нан-біздің данамыз, жер-анадан аламыз»

тақырыбындағы ұйымдастырылған кешенді оқу іс-әрекетінің конспектісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            

         Орындағандар: Нұрмағанбетова А,

                                                                                                                  Сугирова. Г,

                                                                                                                              Унаялиева. М,

                                                                                                                    Ізтілеуова. А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрық селосы

2013ж

 

Тақырыбы:  «Нан-біздің данамыз, жер-анадан аламыз»

 

Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:  ағылшын тілі, жапсыру, айналамен танысу.

 

Мақсаты:

 Білімділік: Балалардың  астық  өнімі  туралы білімдерін  кеңейту. «Нан қайдан шығады?» ертегі желісі бойынша үштұғырлы тілді меңгеруге үйрету.

Дамытушылық: Бидай дақылдарын  зерттей  отырып, одан  не алынатынын (ұн, кебек),  нанның  дастарханға  келу  үрдісін  әңгімелей  отырып,  олардың   ойлау, есте сақтау  қабілетттерін дамыту.

Балалардың   шығармашылық  қабілетін  дамыту.

Тәрбиелік: Адам еңбегін бағалап, нанды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Көркем әдебиет  орталығы: Зерек қалам, «Нан қайдан шығады?» ертегіге арналған артибуттар, дидактикалқ ойынға арналған үлестірмелі материалдар,

Ғылым орталығы: слайдтар,бидай масағы, бидай дәндері, кофемолка, ұнның түрлері.

Өнер орталығығы:  бидай масағы, құмыра,

Қажетті заттар:Бидай дәндері,қағаздан қиылған бидай сабақтары,ПВА желімі, қылқалам.

Ойын орталығы: ұн, оқтау, тақтай, қамыр, әртүрлі  пішіндегі  кескіштер. 

Билингвизм: Нан-хлеб-bread, бидай-зерно- grain,  ұн- мука- flour, мысық-кошка- cat,  тышқан-мышка-mouse,сатушы, диірменші, диірмен, комбайншы, комбайн, наубайшы, наубайхана,

Технология: «Тәй-тәй»  бағдарламасы бойынша  белсенділік орталықтарындағы жұмыстар.

Жұмыс жасайтын орталықтар: «Көркем әдебиет», «Өнер», «Ғылым», «Ойын»

 

Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің  барысы:

 

Тәрбиеші:  Қайырлы  күн балалар! Бүгінгі  ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің  тақырыбы  «Нан-біздің данамыз, жер-анадан аламыз»,  мен  сіздерге  бидай  сабағын әкелдім,  «Ғылым»  орталығында  нанның  дастарханға  қалай  келетінін  айтып,  бидайдың  құрамын зерттейсіндер, «Өнер»  орталығында  бидайдың  сабағына  дәндерді  желімдеп  жапсырасыңдар, «Көркем әдебиет»  орталығында  «Нан  қайдан  шығады?»  ертегісін  әңгімелеп,  «бидай», «нан»  сөздерін үш тілде  айтып үйренесіңдер, «Ойын»  орталығында аспазшы апай   ұннан  тәтті  тоқаштар  пісіріп  үйретеді.  Олай болса,  ойланып  таңдаған  орталықтарының  текшелерін  алып,  орталықтарға  бара беріңдер.

(Балалар  өз  таңдауларымен  текшелерді  алып, орталықтарына  барады)

«Ойын» орталығы

Аспазшы  балалардың қолдарын жууды ұйымдастырады.

Аспазшы: (Бидай масағын көрсетеді) Балалар мынау бидай масағы. Қане оған бәріміз көз жүгіртіп қарайықшы. Мынау сабағы, сабағының жоғарғы бөлігінде дәндері бірінің астында бірі жұптаса орналасқан. Орналасқан дәндерінің ұшында мұртшалары  бар.Бидай масағының түсі сары, алтын түске ұқсайды.(Бидай масағын балаларға ұстатып көрсетеді).  – Ал,  балалар мынау осы бидайды өнделгенде шыққан ұн.  Ұннан не жасауға болады? 

   (Суреттер көрсетеді).

- Ал, енді  осы ұнға су, тұз, секер, ашытқы, жұмыртқа қосып араластырып,  илейміз. Міне, сонда мынандай қамыр дайын  болды. Енді   осы қамырдан  тәтті  тоқаштар дайындаймыз.

Аспазшы  қамырды  балаларға  бөліктерге  бөліп  береді.

- Алдымен,  балалар  бір  бөлік  қамырды  алақанымыздың  арасына салып айналдырып,   өзіміздің  жылуымызды  бере отырып,  ең  жақсы  көретін  адамымызға   арнап  тәтті   тоқаш дайындаймыз.

- Әлия, сен тоқашыңды  кімге  арнап  жасап отырсың?

- Енді,  осы  бөлікті  оқтаумен  жазып, алдымызда  тұрған әртүрлі  пішіндегі  кескіштермен  кесіп,  дайын болған  тоқашты  ыдысқа  салып, пешке  қоямыз.

 (Балалармен  жасаған  тәтті  тоқаштарды пешке  жібереді)

Аспазшы балаларды қолдарын жууды ұйымдастырады.

- Балалар,  тоқашымыз  піскенше   бір серігіп алайық.   

- Бала, бала, балақай,

Қол соғайық, алақай!

Бiр,екi,үш деп айтайық,

Саусақтарда тартайық.

Жалқау бала болмайық,

Қолды қысып, ойнайық.

Тәрбиешінің   көмекшісі  піскен тәтті тоқаштарды алып келеді.

Аспазшы: -Балалар біз не жасадық?

Тәтті тоқашты неден жасадық?

Қамырға біз не қостық?  Ал енді піскен тоқаштардың  дәмін  татайық.

Балалар  піскен тәтті тоқаштарға қуана қарап, оның пішінін, түсін айтып тоқаштан дәм татады.

- Ал, енді  қонақтарымызға  дайындаған  тәтті  тоқаштарымызды  ұсынайық.

Әрдайым осындай тәтті тоқаштарымызбен,  дәмді нандарымыз дастарханымызда мол болсын!

«Өнер» орталығы

Тәрбиеші: Балалар мынау бидай масағы. Ол  сары  алтын түске ұқсайды, оның сабағының бойында моншақтай тізілген сары бидай дәндері орналасқан  және олардың арасынан мұртшалары шығып тұр. Қәне,  балалар бидай масағын қолымызбен ұстап алақанымызбен сипап көрейік. Не байқадыңдар? ( Балалардың  жауаптары)

Тәрбиеші: - Ия,  балалар  бидай  масағының  мұртшалары алақанымызға батады.

-Бидай масағының түсі қандай? ( Балалардың  жауаптары   -бидай масағының түсі де, жапырағы да сары түске  ұқсайды)

Тәрбиеші:Ал,балалар бүгін,біз өнер орталығында  осы бидай масағына желім жағып, оған бидай дәндерін   жапсырып  үйренеміз.Қәне,  бәріміз маған қарайықшы мынау бидай сабағы,  оның  масақтарына  қылқаламмен желім жағу керек. Енді оны бидай дәндері салынған ыдысқа батырып саусақтарымызбен айналдыра отырып бидай жапсырамыз.

- Оны ыдыстың үстіне сілкіп,  алдымыздағы  құмыраға  салып қоямыз.

- Ал,  балалар  жұмысымызды бастайық. (Тәрбиеші балаларды бақылайды, нұсқау  береді)

- Балалар,  құмырадағы  бидай  масақтарына қарайық, оны  қалай жасағанымызды  есімізге  түсірейік.

- Бидай  сабағы қандай  бөліктерден  тұрады? Түсі  қандай?

- Желімді  қайда  жақтық?

- Оны қайда батырдық?

Тәрбиеші: Оқу іс-әркетіне өте  жақсы  белсенді қатыстыңдар,  жұмысты  ұқыпты таза жасадыңдар.  Осымен  оқу іс-әрекетіміз  аяқталды.

 «Көркем әдебиет» орталығы

Тәрбиеші:

Нан қиқиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Балалар бұл өлең жолдарында не туралы айтылған?

Балалар: Нан!

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар! Нан сөзін үш тілде айтып  үйренеміз. «Нан, хлеб, bread»

Нан біздің дастарханымызға қалай келетінін білесіңдер ма?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші: Ал балалар мен сендерге «Нан қайдан шығады?» ертегісін айтып беремін.Мұқият тыңдаймыз.

Автор: Бір күні тышқан нан дүкеніне кіреді. «Тышқан, мышка, mouse» Сөреде жаңа піскен сап-сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан тышқан төмендегі бір бөлкені кеміре бастайды.  Осы кезде күзетші келіп қалды. Тышқан зып беріп, тығылып қалады да, алысқа кетпейді.

Тышқан:«Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып, шыққан жеріне кірсем, ә!» - деп қызығып кетті.

Автор: Тышқан тесіктен сығалап тұрып, наннан сұрайды.

Тышқан:Нан, нан сен қайдан шықтың? – деді сыбырлады.
Нан:  Сатушыдан сұра деді.

Тышқан:Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?
-Сатушы:Наубайшыдан сұра деді.
Автор:Тышқан тымпыңдап наубайханаға келеді.

Тышқан:Наубайшы, Наубайшы нан қайдан шығады?

Наубайшы:Диірменшіден сұра дейді.

Автор: Тышқан диірменшіге келеді.

Тышқан:Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады дейді.

Диірменші: -Комбайыншыдан сұра  деді .

Автор:Тышқан далада егін орып жатқан комбайыншыға келеді. Тышқан:Комбайыншы, комбайншы, нан қайдан шығады? – деп сұрады.
Комбайншы: Көктемде тракторшы жер жыртып, егіншілер бидайдың тұқымын себеді. Қане балалар енді бидай сөзін үш тілде айтып үйренеміз. «Бидай, зерно, grain» Сөйтіп оны күтіп баптайды. Күзде оны жинап алып, диірменге  апарады. Диірменшілер бидайдан ұн жасайды. Қане ұн сөзін үш тілде айтып үйренейік. «Ұн, мука, flour» Одан кейін наубайханаға ұнды алып келіп, тәтті тоқаштар мен нандар пісіріледі. Осылайша нан еңбек арқылы табылады дейді комбайншы.

Тышқан:Ой, мұның - азап қой. Мен шалқайып жатып – ақ нан таба беремін, - деп мақтанып тұрғанда әне мысық келе жатыр, - деді комбайыншы.

Мысық: Мияу, мияу!  Мысықты  үш тілде айтып үйренеді  «Мысық, кошка, cat»

Автор: Тышқан  зып беріп інге кіріп кетеді.
Тәрбиеші: Ертегіде  не туралы айтылған?  Ертегіде қандай кейіпкерлер бар? Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді атаңдар?

Сонымен,  «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп «нан» бізге үлкен еңбекпен келеді екен. Нанның бізге қалай келетінін Зерек қаламнан да сұрайық. (Зерек қаламмен

балалар жұмыс жасайды, Зерек қалам балаларға нанның қандай еңбекпен келетінін айтады)

Тәрбиеші: Бидайды өндегенде одан не шығады екен? (балалардың жауабы)

Дидактикалық ойын: «Ұннан  не жасалады?»

Мақсаты: Ұннан жасалатын тағамдарды ажырату және атауларын дұрыс атау.

Тәрбиеші: -Балалар, біз  бүгін  қандай  ертегіні  тыңдадық?

-          Онда  қандай  кейіпкерлермен  кездестік?

-          Ағылшынша,  қазақша,  орысша   қандай  сөздер үйрендік?

  Осымен  оқу іс-әрекетіміз  аяқталды.

«Ғылым» орталығы

Тәрбиеші:

Нандай жоқ қой асыл дән,

Жеп үйренген жасыңнан.

Дастарханнан нан кетсе,

Береке кетер асыңнан.

Балалар тақпақ не жайында айтылған?

Балалар:Нан!

Тәрбиеші:Ия балалар нанды құрметтеу керек,ол бізге үлкен еңбекпен келеді.Балалар осы нанның неден жасалатынын білесіңдер ме?

Балалардың жауабы:

Тәрбиеші: Ал,  балар сендер ұнның қасиеттерін білгілерің келе ме?

Балалардың жауабы:

Тәрбиеші: Олай болса мына  ноутбукке назар аударайық. (Слайдтарды көрсете отырып, әңгімелейді)

- Балалар көктемде егіншілер трактормен жер жыртып,  жерге бидай дәндерін себеді. Жаз бойы оны суарады, арам шөптерін жұлады баптап күтеді. Күз келгенде бидай әбден піседі, диханшылар егінді комбайынмен орып оны жүк машиндеріне тиеп оны диірменге жібереді. Диірменде бидайды өңдейді, бидай қап-қап  болып наубайханаға жіберіледі. Наубайханада наубайшылар ұндардан түрлі тәтті нан пісіреді.

Ал,  енді балалар мынау бидай  сабағы, қәне оны бәріміз ұстап көрейік. Сабақтың  бойында моншақтай тізілген сары бидай дәндері орналасқан  және олардың арасынан мұртшалары шығып тұр.  Түсі сары.

Балалардың жауабы

Ал енды оны иіскеп көрейікші не сездіңдер? Алақанымызбен  сипап  көрейік?

Тәрбиеші:Ия балалар оның исі жоқ  және  оның  мұртшалары алақанымызға батады.

-          Мынау бидай сабағының  бойындағы  дәндері, оны алақанымызға салып ұстап көрейік.  Ол қандай? Исі бар ма?

-          Ол  қатты, исі жоқ, түсі қоңыр. Оны  уатқышқа (кофемолка) салып көрейік.

-          Не  шықты?  Түсі  қандай? Исі бар ма?

-          Дұрыс айтасыңдар,  ұнның   түсі ақ, исі жоқ,  жұмсақ.

- Бидайдан алынған ұн үш түрлі болады.

1.Жоғары және  бірінші сапалы үндардың  түстері ақ,ол ұндардан әр түрлі тәтті тоқаштар, дәмді нандар пісіріледі.

2.Ал екінші сапалы ұнның түсі кішкене қоңырлау болады,одан қара нан пісіреді оның бойында көп дәрумендер бар,ол адам денсаулығына өте  пайдалы.

3.Ал   төменгі  сапалы -  кебек онымен малды жемдейді.

Тәрбиеші: (Сұрақтар  арқылы  слайдты  қайталайды?

-Балалар бидайды кім өсіреді?

-Бидай қай уақытта піседі?

-Бидайдан не алынады?

-Ұннан нелер жасалады?

-Ұнның қандай түрлерін білдік?

-Балалар,  біз бидайдың қайда өсетінін,одан не алынатынын және оның қасиеттерін білдік.

Осымен,  оқу  іс-әрекетіміз аяқталды текшелерімізді алып орындарына салайық.

Балалар  әр орталықтардың текшелерін өз орнына салып, шеңберге тұрады.

Тәрбиеші  әр  орталықтан бір сұрақтан қоя отырып, қортындылайды.

-Ұннан  не пісірдіңдер?

-Тышқан, мысық, бидай, ұн сөздерін үш тілде қалай айтады?

-Ұнның неше түрі бар?  -Бидай масағына  не  жапсырдыңдар?

-Осымен кешенді ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

 

 

Орындағандар:

«Ойын» орталығының жетекшісі  ата-ана: Ізтілеуова А,

«Ғылым» орталығының жетекшісі:  Унаялиева М,

«Көркем әдебиет» орталығының жетекшісі: Сугирова Г,

«Өнер» орталығының жетекшісі: Нұрмағанбетова А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Step by step» технологиясы бойынша өткізілген «Нан-біздің данамыз, жер-анадан аламыз» атты тақырыбындағы ұйымдастырылған кешенді оқу іс-әрекетінің конспектісі."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 383 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.01.2016 1126
    • DOCX 82 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурмаганбетова Айнагуль Муханбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21687
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие и воспитание детей дошкольного возраста в условиях реализации федерального государственного образовательного стандарта дошкольного образования (ФГОС ДО)

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 215 человек

Курс повышения квалификации

Федеральная адаптированная образовательная программа для детей дошкольного возраста

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 685 человек

Курс повышения квалификации

Нормативно-правовые и организационные основы деятельности учреждений дошкольного образования

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции