Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Step by step"технологиясының оқыту үрдісіндегі тиімділігі" атты шығармашылық жұмысының конспектісі

"Step by step"технологиясының оқыту үрдісіндегі тиімділігі" атты шығармашылық жұмысының конспектісі


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_2c8c5372.gifhello_html_2c8c5372.gifhello_html_m2ab90ef3.gifhello_html_m334493cb.gifhello_html_23e7caaf.gifhello_html_183679c1.gifhello_html_71c0ee46.gifhello_html_m45b16d04.gifhello_html_m45b16d04.gifҚарақия ауданы МКҚК «Болашақ» мектепке дейінгі қазақ гиназиясы



















«Step by step» технологиясының оқыту үрдісіндегі тиімділігі







Шығармашылық тақырып











Дайындаған:Нурмаганбетова А.М













Құрық селосы, 2015ж.







Жоспары:





І.Кіріспе



1.1«Step by step» технологиясы -заман талабына сай



ІІ.Негізгі бөлім

2.1. «Step by step» технологиясының ең басты ерекшелігі

2.2.«Step by step» технологиясының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы

2.3. «Step by step» технологиясының әдіс-тәсілдері

2.4. «Step by step» технологиясындағы тәрбиешінің рөлі

ІІІ.Қорытынды

3.1. Білімді игерудің құзырлық дамуы мен сапасының зерттемелік мониторингісі

3.2. «Жас ұрпақ – болашақ көзі»

















І. Кіріспе

1.1 «Step by step» технологиясы - заман талабына сай

Қазіргі кезде толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі –еліміздің болашағы. Заман ағымының өзгеруіне байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жаңа талап - міндеттер қойылуда.Балабақшадағы балалардың жан-жақты,рухани бай,жоғары мәдениетті болып қалыптасуына ықпал ететін жаңа технологиялардың бірі – «Step by step» технологиясы.«Step by step» технологиясының ең басты ерекшелігі-әр балаға деген жеке-дара көзқарас.Ал ұйымдастырылған іс-әрекеттер белсенділік орталықтарда жүргізіледі.Бұл жаңа стандарттың талаптарын орындауға өте ыңғайлы.

«Step by step» технологиясының мақсаты:

  • Жас бүлдіршіндерді жасытпай оқыту, сенімсіздік комплекстерін жою;

  • Мектеп ішінде әміршілік пен өктемдікті қажет етпейтін құрылымды қолдау;

  • Баланың өзіндік “Менің” анықтауға көмектесу.

  • Балаларды дұрыс қарым-қатнас мәдениетіне тәрбиелеу;

  • Балаларды жан - жақтылыққа, кісілік парасаттылыққа, имандылыққа тәрбиелеу.


Міндеттері:

  • Балалардың бойына әлем және адамзат туралы дұрыс түсінікті қалыптастыру;

  • Балалардың қоршаған ортасына деген қызығушылығын ояту;

  • Балалардың адамгершілік мінез-құлықтарына баға беру мүмкіндіктерімен таныстыру.



«Step by step» технологиясы өмір талабына сай,баланың жеке басының  дамуына,білім беру үдерісіне  жанұясының  қатысуын  қамтамасыз етеді.«Step by step» технологиясында оқу-тәрбие үрдісінің сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарға үлкен мән беріледі. Атап айтқанда ата-аналарды сабақтарға қатыстыру, оларға өзекті мәселелер бойынша кеңестер ұсыну, қызықты тақырыптағы конференциялар мен семинарлар өткізу. Бұл жұмыстар күні бойы балаға жағымды эмоционалдық жағдайды ұйымдастырудан, педагог пен бала арасындағы өзара түсіністік, достық пен сенім сияқты қарым – қатынастардан көрініс табуда. Оқу – тәрбие үрдісін нәтижелі жүзеге асыру мақсатында «Step by step» технологиясында әр баланың жеке қабілеттері, жеке дара мүмкіншіліктері аса ескеріліп, оның өзіндік “Менің” қалыптастырып, оны жеке тұлға ретінде дамытуға, баланың ойы мен пікірін сыйлауға үлкен мән беріледі.



2.1. «Step by step» технологиясының ең басты ерекшелігі

«Step by step» технологиясының ең басты ерекшелігі- балабақшамен ата-ана арасындағы тығыз байланысты көздейді. «Step by step» технологиясындағы үштік: бала, ата-ана, педагог. Баланы жетілдіріп тәрбиелеу-баршаға ортақ іс.Сондықтан тәрбиешілер ата-аналарды тікелей осы іске қатыстырады.«Step by step» технологиясы бойынша ата-анамен жұмысты ұйымдастыру барысында – ата-ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздейді. Баланың дамуы туралы ақпарат ата-аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді. Тәрбиеші тарапынан көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.  

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде.

Балабақшаларда балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басты рөлін мойындай отырып,бірлесіп жұмыс істеуімізде әрбір тәрбиеші ата-аналармен қарым-қатынас жасаудағы түрлі тәсілдердің бірі «Step by step» технологиясын пайдалана отырып,ата-ананың қызығушылығын арыттыру мақсатында жұмыс жасалуда.


G:\айнагул жарыстары 2015ж\айнагул суреттер\IMG_5833.jpgG:\айнагул жарыстары 2015ж\айнагул суреттер\IMG_5842.jpg


Балабақшада ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:


*Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту:

*баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін көрсету.

*ата-анамен жұмыс жасаған кезде біріктілік қағидасын басшылыққа алу.








Отбасының оқу-тәрбие ісіне қатысы:

Ата-аналарөз  балаларыныңалғашқыұстаздары мен адвокаттары.

Олардыңпедагогикалықпроцесстердіжоспарлау мен ұйымдастыруғақатысуларыбалалар мен ата-аналардыңөздері үшін де айрықша маңызды.

Сабақ, бірлесіпөткізілгенсеминарлар, сұхбаттасу, үйлеріне бару, ақпараттарменалмасуарқылытығызқарым-қатынасорнатуғаатсалысады.

Педагог жұмысының айқын компоненттерінің бірі - педагогтар мен ата-аналардың арасындағы әріптестік өзара қатынасты тереңдетуге үйрету болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың басты мақсаты - әрбір баланың отбасымен өзара әлеуетін дамыту және қабілеттерін ашу, бірінші кезекте - өз балаларының басты мұғалімдері және қорғаушылары болып табылатын ата-аналарымен қатынасы.


Балабақшада тәрбиешілердің тәжірибесінде ата-аналармен бірігіп жұмыс істеудегі әртүрлі формалары қалыптасқан (әңгімелесу,дөңгелек үстел,пікірталас,отбасы бөлмесінде жұмыс ұйымдастыру,психологиялық тренинг т.б.) және ата-аналардың оқу іс-әрекеттерге ассистент ретінде қатысу, сайыстарға араласу,газет шығару,Ашық есік күніне араласу,тренингтерге және  басқа да шараларға араласусияқты қолданатын әдістер арқылы балабақшаның күнделікті өмірі туралы толық ақпараттандыру мәселесі шешіледі.Олар ата-аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізеді.G:\айнагул жарыстары 2015ж\айнагул суреттер\SAM_0192.JPG

D:\Мои документы\суреттер\Тәй-тәй тех суреттер общ\IMG_4307.jpg

Тәрбиешілер ата-аналармен жақынырақ танысып,отбасының әлеуметтік жағдайын,отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау үшін,ата-аналардың ұсыныс пікірлерін ,ойын бөлісу мақсатында сауалнама алынады.Сонымен бірге жыл бойы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата-аналармен бірлесе отырып жасауда.Себебі, ата-ана заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады.Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс-пікірімен санаса отырып,ата-аналарға әңгімелер мен дәріс ,кеңестер,сұрақ-жауап кештері, тәжірибе алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру түрлері қарастырылады.

«Step by step» технологиясы бойынша ата-аналармен «Отбасы газетінің »,кітапшалар шығаруға белсене қатысады.Осы «отбасы газеті» беттерінде ата-аналар ынтымақтаса, баламен бірге орындаған жұмыстардың нәтижелерін көрсетеді.Олар;отбасы мүшелерінің шығармашылық жұмыстары,қолөнері,баланы салауатты өмір салтына бейімдеуі мен дәмді тағамдарды баламен бірге балабақша ұжымына арнап жасағаны сапалы нәтижелерді береді.Бұл шаралар тұсында балалардың әке-шешесі,ата-әжесінің, әпке –ағаларының да бауырларының да өзара сүйіспеншілігі артты.Осындай іс-шаралардың арқасында ата-аналарымыз кәсіби тәрбиеші болып,бірнеше нәтижеге жетті.



2.2. «Step by step» технологиясының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы

Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселердің бірі - жан - жақты дамыған өнегелі, рухани ізденісі мол
жас ұрпақ тәрбиелеу. Әрбір мектепке дейінгі тәрбие беретін мекеме – мемлекеттің шағын жанды бөлшегі. Ал әрбір бала- қоғамның дербес мүшесі. Еліміздің бүгіні мен ертені болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.Баланы жасытпай сеніммен тәрбиелеп отыру біздің педагогикалық ұжымыздың негізгі мақсаттарымыздың бірі болып саналады.Қазіргі таңда мектепке дейінгі тәрбие оқыту саласы  білім беру мазмұнын жаңартуға байланысты ізденістер, жаңа технологияларды енгізу, «педагог-бала-педагог» жүйесіндегі қарым-қатынастарды қайта құруға сәйкес айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда, бұл сөзсіз жаңа қоғам педагогтерін қалайды, олардың ішкі жан-дүниесін және білім берудегі әдіс-тәсілдерін өзгертуді талап етеді. Бала санасын білім беру арқылы қалыптастыру – бұл шығармашылық даму түрі, бұған ішкі еркіндікке ие болуы, өзіндік этикалық қағидалардың қалыптасуы,  жекелеген сезімдік және құнды түсініктерді зерделеп қабылдауы ықпал етеді, осының бәрі жаңа инновациялық «Step by Step» технологияcының нәтижесінде мүмкін болып отыр.
Бағдарламаның ең басты ерекшелігі –әр балаға деген жеке – дара көзқарас. Ал ұйымдастырылған іс-әрекеттер белсенділік орталықтарында жүргізіледі. Бұл жаңа стандарттың талаптарын орындауға өте ыңғайлы.

Қазіргі таңда ешбір жас ұрпақ білімсіз болып қалмауы тиіс.Міне,«Step by step» технологиясының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызы - баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып,дербес шығармашылық еңбек  ете алатын, белсенді  іздеуші тұлғаны ,алғыр адамды тәрбиелеп шығарады және білімді ұрпақ тәрбиелейді.Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар.Бала толыққанды жетіліп,ата-анамен байланыс күшейеді.Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік,білім құмарлыққа баулиды.Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып,жаңаша көзқараста,жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп,баланың өмірін жаңаша ортада,жаңа бағытпен ұйымдастыру.
Бала құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан бастау алады.Бұл бастаманың негізгі міндеті балаларды заман талабына сай,әлемді шынайы қабылдауға дайындау. Бұл технология болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, шешім қабылдауға үйретед.Ендеше баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдылары қалыптасады.Өйткені оқыту технологиясы педагогикалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап етеді.

2.3. «Step by step» технологиясының әдіс-тәсілдері

Технологиялық білім дегеніміз-білім,біліктілік,интелектуалдық кәсіптік әдіс -тәсілдерді қолдану.«Step by step» технологиясы бойынша білімді үнемі тәрбиеленушілерге меңгертіп отырсақ,балалардың жаңаша көзқарас үрдісі дамиды.
Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады.Біз күнделікті оқу іс-әрекеттерін
«Step by step»технологиясының элементтерін пайдалана отырып,орталықтарға бөліп ұйымдастырылады.

Орталықтың  басты іс-әрекеттері:

0-12 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы демократиялық қағидаларды қолдау;

Білім беру ісіне отбасын, қоғамды тарту;

Баланың жеке басының ерекшеліктерін еске ала отырып оқыту және тәрбие ісін ұйымдастыру, баланың табиғи қабілетін ашу мен дамыту;

Мектеп жасына дейінгі мекемелерден бастап жоғарғы мектепке дейінгі барлық деңгейдегі педагогтарды оқыту;

Білім беретін мекемелердің барлығымен бірлесіп қызмет ету, бағдарламаларды толығымен қамтып енгізу;

Бағдарлама бойынша жергілікті оқу орындарының іс-әрекетін ұйымдастыратын аймақтық оқыту орталықтарын құру.

Технологияның балаларға ұсынатындары:

Іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігі

Зерттеу ісімен шұғылдану

Проблеманы қою және шеше білу

Іскер және тапқыр болу

D:\Мои документы\суреттер\отбасы суреттер\IMG_5920.jpgI:\WhatsApp\Media\WhatsApp Images\IMG-20150422-WA0013.jpg

Балабақшада қанша белсенді орталықтар болуға тиісті

  • Көркем әдебиет

  • Математика

  • Ойын

  • Ғылым

  • Өнер

Көркем әдебиет орталығы Мақсаты:

Балалардың көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін дамыту. Кітапқа деген құрмет пен қызығушылығын арттыру. Оқуға дайындықтарын дамыту, елестету және зейін қою дағдыларын дамыту.Сөздік қорларын молайту.

C:\Documents and Settings\Admin.COMPUTER-722890\Рабочий стол\айнагул жарыстары 2015ж\ойын\IMG_20150420_163030.jpg













Математика орталығы

Мақсаты:

Балалардың дидактикалық жаттығулар, ойындар, логикалық тапсырмалар арқылы шығармашылық пен ойлауға, кеңістікте, қағаз бетінде бағдарлай алуға, геометриалық пішіндертуралы түсініктерін қалыптастыру.


C:\Documents and Settings\Admin.COMPUTER-722890\Рабочий стол\айнагул жарыстары 2015ж\ойын\IMG_20150420_153215.jpg

















Ойын орталығы

Мақсаты:

Әр түрлі рольдермен танысуға мүмкіндік туғызу. Әлеуметтік қарым-қатынастарды дамыту. Қолдың ірі және майда қимылдарын жетілдіру.Өзін қоршаған ортаны жақсы түсіну және баға бере білу қабілеттерін қалыптастыру. Көзбен көріп, ажырата білу қабілеттерін дамыту.



C:\Documents and Settings\Admin.COMPUTER-722890\Рабочий стол\айнагул жарыстары 2015ж\ойын\IMG_20150420_163048.jpg





Ғылым орталығыМақсаты: Байқау және ажырату қабілеттерін дамыту. Әртүрлі эксперименттер жасау және зерттеу жұмыстарымен айналысу арқылы түсініктерін дамыту. Қоршаған ортаны қабылдап, оған деген құрмет сезімін дамыту.Өсімдіктер мен жанжануарларды күтумүмкіндігімен қамтамасыз ету. Қызығушылық пен ізденісті қалыптастыру.

C:\Documents and Settings\Admin.COMPUTER-722890\Рабочий стол\айнагул жарыстары 2015ж\ойын\IMG_20150420_163117.jpg

Өнер орталығы Мақсаты: Әр бағыттағы өнерді қабылдауын дамыту(мүсіндеу, сурет салу, жапсыру). Сезім мен өнерді түсінуге тәрбиелеу. Өнермен шұғылдануға қажетті құралдарға жауапкершілікпен қарауға үйрету. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту. Майда қимыл-қозғалыстардың нақтылығын дамыту. Өзіндік шығармашылық қасиеттері арқылы (сурет салу, жапсыру, мүсіндеуді ) дамыту.



C:\Documents and Settings\Admin.COMPUTER-722890\Рабочий стол\айнагул жарыстары 2015ж\ойын\IMG_20150420_163148.jpg















Орталықтар ережесі:

  • Орталықтар балалар және үлкендер еркін қозғала алатындай ыңғайлы орналасуы тиіс;

  • Әр орталықтың өз белгісі мен ережесі болуы қажет. Ережелерді тәрбиешілер балалармен бірлесе отырып құрады;

  • Топта балалардың жиналатын орны болуы міндетті, ол жер жайлы, әрі төсеніші болғаны дұрыс;

  • «Шулы» орталықтардың «тыныш» орталықтардан аулағырақ орналасуын қадағалау;

  • Сыныпта столдар мен орындықтар саны жеткілікті болуы қажет;

«Step by step»технологиясының негізінде жүргізілген жоғарыдағы аталған жұмыстар арқылы біздер оқу-тәрбие үрдісін балалар үшін де, ата-аналар үшін де және педагогтар үшін де тиімді етіп ұйымдастыру мүмкіндігін алып отырмыз. Орталықтарда сабақтарды өткізу арқылы біздер әр балаға жеке көңіл бөле отырып, оның өзіндік жеке дара қасиеттерінің барынша ашылуына жағдай жасаймыз. Себебі, жалпы топпен жұмыс істеген кезде бұл мүмкіндік жиі бола бермейді. Балалардың шағын тобында сабақтарды ұйымдастырғанда әр бала өзіне деген педагогтың көзқарасын сезіне отырып, өзін әр қырынан көрсетуге тырысады. Өйткені ол өз ойының басқаларға өте қызықты екендігін сезінеді.Бұл технологияның тиімділігі балалардың қай салаға жақын екендігі айқындалып,ата-анамен байланыс нығаяды.Сонымен қатар «Step by step»технологиясы ата-аналарды балабақшаның тыныс-тіршілігіне тартудың ең бір тиімді жолдарын ашып отыр.

2.4. «Step by step» технологиясындағы тәрбиешінің рөлі

«Step by step»технологиясы бойынша жұмыс істейтін тәрбиешілер балаларды көпшіл болуға және көп білуге құмарлығын оятуға, мәселелік жағдайларды шеше білуге үйретеді. Жеке және топтық оқыту ата-аналардың келісімімен, арнайы міндеттер төңірегінде жоспарланып отырылады. «Step by step»технологиясы бойынша жұмыс істейтін тәрбиешілердің қызметін бақылау үшін ұсыныстар жасалып, оның нәтижесінде тәрбиеші дайындығының психологиялық-педагогикалық деңгейі, педагогикалық құзыреттілігі топпен, жекелей оқытуды ұйымдастыруы, жоспарлауы, бала қызметін бағалауы, отбасының топ өміріне қатысуы бағаланады. Тәрбиешілер өз кәсіби шеберлігіне сын көзбен қарай отырып, өзіне өзі баға беру мүмкіндіктерін меңгереді. «Step by step»технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан – дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан да қазіргі таңда әр тәрбиеші өз қызметіне қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды,жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.

Тәрбиелеудің үш көзі







Балабақша

Бала





Отбасы





Адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамдардың ең басты шаттығы болып саналатын   баланың өсіп,өмір сүретін орыны.


Отбасы тәрбиесінің міндеттері:


1.Тілдік қатынастық дамуын қамтамасыз ету.

2 .Баланың танымдық дамуы үшін жағдайлар жасау.

3 .Балалалдың басқа балалармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік жасау. 
4.Өзін-өзі қызмет етуге және жақындарына көмектесуге үйрету.


Балабақша:Балаға  жан-жақты білімді, тәрбиені,  ақыл-ойын дамытатын, қызығушылығын оятатын баланың екінші отбасы.


Тәрбиеші ол кім? 


Жан-жақты білімді игерген,баламен қарым-қатынас орната білетін,бала жанын түсінетін,адамгершілігі мол ,шебер ұйымдастырушы  лауазымды тұлға.


«Step by step» технологиясын насихаттау үшін тәрбиешіге қажетті қасиеттер:

  • Жылылық;

  • Түсінгіштік;

  • Сезімталдық;

  • Кең ойлай алу;

  • Баланы шабыттандыра білу;

  • Бала адам ретінде қадірлі болу;

  • Іс-әрекеттің қызықты әрі пайдалы болуы;

  • Шығармашылық ізденісі;

Тәрбиешінің түпкі мұраты:

  • Баланың рухани өсуіне, өзін-өзі тануына басшылық жасау.

  • Рухани өсу дегеніміз:

  • Кісілік қасиетін дамыту;

  • Шығармашылық қасиетін дамыту;

  • Дүние танымын кеңейту;

Жоғарыда айтылғанды  қорытындылай келе, педагогикалық ұжым «Step by step»технологиясы бойынша атқарған жұмыстардың іске асып жатқанын көреміз.

D:\Мои документы\суреттер\алматылық қонақтар\Новая папка\DSC_0131.JPGD:\Мои документы\болашак\тәй тәй сурет банерге\Нурмаганбетова Айнагул 2.jpg

I:\WhatsApp\Media\WhatsApp Images\IMG-20150422-WA0042.jpgI:\WhatsApp\Media\WhatsApp Images\IMG-20150422-WA0023.jpg



















3.2. Білімді игерудің қыркүйек айында құзырлық дамуы мен сапасының зерттемелік мониторингісі





3.2. Білімді игерудің қаңтар айында құзырлық дамуы мен сапасының зерттемелік мониторингісі



3.3. «Жас ұрпақ – болашақ көзі»

Мектепке дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесіне, оқытуына жағдай жасауда «Step by step»технологиясының  тиімділігін алынған нәтижелер дәлелдейді. «Step by step»технологиясы педагогикалық ұжымға оқытудың жеке тұлғаға бағыттау қағидаттарын  арқау етуге мүмкіндік жасады. Мұндай оқыту жеке тұлғаның білімін, зейінін, қабілетін және негізгі бақылау міндеттемесін, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігін, белсенділігін, біліктілігін, тілдік, әлеуметтік еркіндігін, мінез-құлқын, өздік ойлау қабілетін және өзін-өзі бағалауының қалыптасуына мүмкіншілік жасайды.

Тәрбиеші өзінің көздеген мақсатына тиімді жолмен жетсе, бала тұлға болып қалыптасу жолындағы негізгі қасиеттерді бойына қалыптастырады. Балабақшадағы «Step by step»технологиясындағы бала мен тәрбиешінің екіжақты байланыс нәтижесін кесте түрінде былай көрсетуге болады:


Тәрбиеші іс-әрекеті







Балалар іс-әрекеті





Нәтижесінде





Тәрбиеші

Балалар








* Ақыл-ойы дамиды

* Сенсорлық қабылдауын қалыптастырады

* Сөз байлығын арттырып, сөздік қорын кеңейтеді

* Ұйымшылдыққа тәрбиелеу

* Достық сезімін қалыптастыру

* Ақпараттық мәдениетін қалыптастыру


* Уақытты үнемдейді

* Көрнекіліктерін жүзеге асырады

* Оқыту үрдісін қызығушылық етеді

* Ізденушілік қасиеті мен педагогикалық шеберлігін жетілдіреді.

* Ақпараттық мәдениетін дамытады














Күтілетін нәтиже



ДЕНІ САУ









hello_html_m42e7f8aa.png

Үш тұғырлы тілді

меңгерген

Ақыл-ойы, сана сезімі жоғары












Өз ұлтының тарихын

Салт-дістүрін құрметтейтін


Өз елін сүйетін патриоты







Қазіргі заман талабына сай толерантты Қазақстанның болашақ азаматын тәрбиелеу








«Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу» - дегендей бұл технологиямен жұмыс істеудің негізінде түйгенім: баланың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығы артады, сапалы білім алып, жеке тұлға ретінде қалыптасады. Баланың көңілі де ақ, жүрегі де ақ. Сәби шағынан қалай тәрбиелесек, солай иіліп, бар жақсылығы бойына сіңіп қалыптасады. Ата-ана мен тәрбиеші тығыз байланыста болады. Осындай тәрбиелеу мен оқытудың жаңа түрлерін қолданып жүрген тәрбиешілердің ерен еңбектерінің арқасында тәрбиеленушілер ұлттық салт-дәстүрге, адамгершілікке үйреніп, сапалы білім алып, жан – жақты даму үстінде.«Тәй – тәй» технологиясын қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау – қазіргі таңдағы әрбір педагогтің міндеті.










57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров329
Номер материала ДВ-355449
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх