Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / СТО технологиясын ҰБТ сынағына дайындықта тиімді қолдану
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

СТО технологиясын ҰБТ сынағына дайындықта тиімді қолдану

библиотека
материалов



Сын тұрғысынан ойлау технологиясын ҰБТ сынағына

дайындық деңгейін арттыруға қолдану

Оқушының ойлау қабілеттілігін ұлттық педагогикаға да негіздей отырып, осы тақырып төңірегінде оқушыларым да көптеген жұмыстар жасады. Олар «Ақбота», «Кенгуру», «Самұрық» сайыстарынан жүлделі орындар алып жүр. ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, меңгергеннен кейін, менің түйгенім: оқушыға қалай оқу керектігін үйрету, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-ынталарды нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни ойлай алатын, пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру. «Сабақ беру – жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деп Ж.Аймауытов айтқандай, болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана екенін дәлелдеу. Сабақтарымда жаңа технологияны пайдалана отырып, мынадай тоқтамға келдім:

  • оқушылар математика сабағында: күрделі үдерістерге ауызша, жазбаша түсініктеме бере алуы; өз ойына дәлелдер келтіріп, сөйлей алуы;

  • тақырыпқа байланысты шығармашылық идеяларды ортаға салуы; зерттелген ақпараттың растайтын, ақиқаттылығын дәлелдейтін айғақтармен салыстыруы;

  • сұхбат жүргізуі; бақылау жүргізуі; зерттеу жазбалары бойынша талдау жасауы керек.

Барлығы өзгеруде: саясат, техника, қоғамдық мораль саясаты… осы жағдайларда қоғам алдында жастарды ақиқат пен жалғанды айыра білуге үйрету мәселесі туындады. Өкінішке орай, бұл мәселені шешуді қоғам негізінен мектепке жүктеді, турасын айтсақ, - мұғалімдердің иығына. осы мәселеден шығу жолы біздің көзқарасымыз бойынша, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Өкінішке орай, барлығы дерлік ойлау, сын деген не және сын тұрғысынан ойлау деген не екендігін әлі де анықтап алған жоқ. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы оқыту мен оқуды дамыту үшін өзекті болып отырған жетекші заманауи педагогикалық ұғым. "Сын тұрғысынан ойлаудың маңызды ерекшеліктерінің бірі оның пайымдауларды талдауға және құрылымдауға, кәсіптік қызмет саласына тәуелсіз білім алуға үйретуінде. оның шеңберінде «қалай?», «қашан?» және «неліктен?» деген сұрақтар қаралады, жалпы қарастыру мәнмәтінінде осы немесе басқа да қорытындылар жасалады".

Адамның жиі ақпараттың үлкен ағынымен бірде-бір қалатыны жасырын емес, дегенмен, ақпаратты меңгеріп қана қоймай, оны сын тұрғысынан бағалау, ұғыну, түсіну және қолдану қажет. Ал сын тұрғысынан ойлау осы дағдыларды дамытуды ұйғарады. егер дәстүрлі білім беру (өкінішке орай, оны әлі де ұстанатындар бар) барлығына бірдей көбінесе ұмытылып қалып жататын дайын білім (өмірде аса қажет болмаған) берген болса, сын тұрғысынан ойлауды дамытуға бағытталған білім беру оқушыға білімді өз бетінше алуға ғана емес, сонымен қатар оны ары қарай қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан "... ойлау жеке сипатқа ие болғанда ғана сыни бола алады ". Сын тұрғысында ойлау сонымен қоса әлеуметтік сипатқа ие екендігі ешбір күмән тудырмайды. Бұл жеке алғандағы оқушы кеңес беруші немесе кеңес алушы рөлінде болатын топта тиімді оқуға мүмкіндік береді. Әрқайсысына өз ойларын айтуға рұқсат берілген, себебі әрқайсысының идеялары маңызды. осындай жағдайларда жауапкершілік сезімі секілді қасиетке дағдыланатындығы, досын, сыныптасын тыңдай және қолдай білу қабілеті қалыптасатындығы туралы ойлағың келеді. Мектепте оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту қалай жүзеге асырылады? ешбір күмәнсіз, барлығы да біздің сабақтардан басталады. Практика көрсеткендей, егер оқу үрдісін сауатты етіп құрса, онда оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға болады. Әлбетте, мұғалімнің өзі осы сын тұрғысынан ойлауды өзі арқылы «өткізуі» тиіс, өзі сын тұрғысынан ойлауы қажет, оның не екендігін түсінуі қажет. Жоғарыда айтылып кеткендей, балаларға сын тұрғысынан ойлауды үйретуді біз өзіміздің сабақтарда бастаймыз. Ол қалай жүзеге асырылады? Біріншіден, мұғалім сабақтың мақсаттарын жақсы ойластыруы тиіс. олар қол жеткізілетіндей, нақты, түсінікті болуы тиіс. Оқушының саналы түрде өзінің өмірлік қағидаттары мен жеке тәжірибесіне сәйкес сабақта өз алдына мақсат қойғанын қалаймыз. Бұл ретте әрқайсысының мақсаты бөлек және субъективті сипатқа ие. Бірақ, өкінішке орай, біздің көптеген оқушылар сабақтарда өз алдына әлі мақсаттар қоя алмайды. екіншіден, «сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қоюдан және шешуі қажет мәселелерді анықтаудан тұрады. Мұғалімнің кәсіби дамуы - білім беру жүйесін жаңартудың негізі анықтап алудан басталады. Сабаққа дайындалу барысында оқытушы оқушылардың алдында тұрған мәселелер шеңберін анықтап алуы тиіс, ал ары қарай оқушылар оған дайын болған кезде оларға осы мәселелерді өз беттерінше тұжырымдауға көмектесуі тиіс. Мәліметтер жинай отырып, мәтіндерді талдай отырып, баламалы көзқарастарды салыстыра отырып, ұжымдық талқылау мүмкіндіктерін пайдалана отырып олар өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап іздейді». Сондықтан, біздің көзқарасымыз бойынша, сабақтағы маңызды саты сабақ барысында шешуге тиесілі бірқатар мәселелер анықталатын ой шақыру сатысы болып табылады. «ой шақыру сатысы жаңа ақпарат алуға алып келеді... осы сатыда оқытушы оқушылардың осы тақырып бойынша бар білімдеріне ой шақыртады, олардың ойлау әрекетін жандандырады, сонымен қатар мақсаттарды түзеу және нақтылау жүреді. оқушылар өз кезегінде, игерілген тақырып бойынша оларға не белгілі екендігін естеріне түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алғылары келетін сұрақтар қояды». Біздің ойымызша, осы сатыда мұғалім өз алдына келесідей міндеттер қоюы тиіс: оқушылардың тақырып бойынша бар білімдерін көкейкесті ету және жинақтап қорыту; Игерілетін тақырыпқа деген қызығушылықты ояту; оқушылардың игерілетін тақырып бойынша осы сәттегі білім деңгейін анықтау. Сабақтарда осы және басқа да міндеттерді шешу үшін біз сын тұрғысынан ойлау стратегияларына жүгінеміз. Ой шақыру сатысында біз барлық оқушыларды зерттеу аясындағы сұхбатқа тарту мақсатында «Ми шабуылы» стратегиясын қолданамыз, соның нәтижесінде олар әдетте мәселе тудыратын тақырыпқа қамтылады. Сөзжұмбақтар, чайнвордтар, ребустар – жоғары деңгейдегі тапсырмалар – топ ішіндегі байланыстың жақсаруына алып келеді; қиындықсыз мәселеден шығуға жәрдемдеседі; сайысқа түсу рухының пайда болуына ықпал етеді, ол сондай-ақ, ауыз бірлікке алып келеді; біздің көзқарасымыз бойынша, олар сонымен қатар өте маңызды болып табылатын зияткерлік ойлау әрекетін дамытады. Сонымен, ой шақыру сатысы бар білімді көкейкесті ету және жаңа деңгейге өту үшін қажет. Үшіншіден, «сын тұрғысынан ойлау сендірерлік дәлелдемелерге ұмтылады. Сын тұрғысынан ойлайтын адам мәселенің өзіндік шешімін табады және осы шешімді қисынды, негізделген дәлелдермен бекітеді. ол сондай- ақ сол мәселенің басқа да шешімдері болуы мүмкін екендігін мойындайды және өзі таңдаған шешімнің басқаларына қарағанда қисынды әрі оңтайлы екендігін дәлелдеуге тырысады». Дәлелдерді, шешімдерді оқушы ұғыну сатысында табады. Бұл ретте қандай да бір қорытындыға ол өз бетінше немесе сыныптастарының немесе оны бағыттап қана қоятын, бірақ қандай жағдай болмасын дайын жауабын бермейтін мұғалімнің көмегімен келеді. «Ұғыну – бағытталған, тиянақты жұмыс жүргізілетін саты... осы сатыда оқытушының қызметі жаңа ақпаратпен тікелей жұмыс жасау барысында оқушылардың игерілетін тақырыпқа деген қызығушылығын сақтап қалу және оқушыларды «ескі» білімнен «жаңасына» жеткізу болып табылады. Біздің көзқарасымыз бойынша, ұғыну сатысы мұғалімнің алдына келесі міндетті қояды – оқушыларды жаңа ақпаратты белсенді алуға, ұғынуға ынталандыру. оқушылардың жаңа мәселе жөніндегі танымдық жұмыстарын көкейкесті ету мақсатында әртүрлі ақпарат көздерін қолдану қажет: оқулық, фильмдерден үзінді, таныстырылымдар, интернет-ресурстар және (ең бастысы!) олардың өмірлік (әлі сондай бай болмаса да) тәжірибесі. Ұғыну сатысында оқушылардың зияткерлік дамуына және олардың оқудағы нәтижелілігіне ықпал ететін, қарым-қатынас құруға септігін тигізетін коммуникативті дағдыларды дамытатын; оқушыларда басқалардың жауаптарын тыңдай білу қабілетін қалыптастыратын; бірлесіп оқу дағдыларын дамытатын диалог та маңызды рөл ойнайды. оқушылардың басқалармен, жақсырақ білетін адамдармен диалог құру мүмкіндігі болған жағдайда оқуы жеңілдеу болады, бұл рөлдерде әдетте өздерінің сыныптастары болады. Британдық философ, ғылыми еңбектердің авторы және профессор Стивен Тулмин былай деп жазған болатын: «әрқайсысымыздың ойымыз тек өзімізге ғана тиесілі; өз түсінігімізді біз басқа адамдармен бөлісеміз. Өз пікірлеріміз үшін біз жеке тұлғалар ретінде жауапты боламыз...» (Бәрі де тура айтылған!) Ал диалог өзекті мәселелер айтылса ғана тиімді болады. оқушы тап осы сатыда өз сұрақтарына жауап алады, қандай да

бір қорытындылар, шешімдер жасайды. осы мәселелердің, сұрақтардың шынайы өмірге барынша жақын болғаны, өзекті болғаны абзал. Төртіншіден, «сын тұрғысынан ойлау өзіндік ойлау әрекетіне қатысты рефлексия дағдыларының, түсініктермен, пайым даулармен, ой қорытындыларымен, сұрақ тармен жұмыс жасай білу қабілетінің болуын, талдау қызметіне, сондай-ақ басқа адамдардың осы тектес мүмкіндіктерін бағалауға қатысты қабілеттерді дамытуды ұйғарады. «Рефлексия сатысында сабақта меңгерілетін ақпарат өзіндік білімге түрленеді. ол ақпаратты жүйелендіруге, жаңа идеялар тудыруға, бұрындары қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған». осы сатыда бірыңғай ұғыну, алынған ақпаратты жинақтап қорыту жүреді, сондықтан ол мұғалім үшін де, оқушы үшін де маңызды. Балалар өз білімдерін жинақтайды, ал мұғалім оқушының қандай деңгейде екендігін көреді. Сын тұрғысынан ойлауды практикаға енгізу және мақұлдау нәтижесінде біз келесідей қорытындылар жасадық:

  • сын тұрғысынан ойлау технологиясы оқу үдерісіне деген қызығушылықты арттырады;

  • әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу дағдыларын қалыптастырады;

  • кез келген күрделі ақпаратпен өз бетінше талдау және бағалау жұмыстарын жүргізу қабілеттерін дамытады;

  • қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырады.

Сын тұрғысынан ойлауды игеру және қолдану практик мұғалімге не береді? Біріншіден, біз оқушының өз ой қорытындысын, оның ДАУЫСЫН ести аламыз. екіншіден, балаларға сенуді үйретеміз. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану сабақта өте маңызды болып табылатын танымдық әріптестік атмосферасын құруға; оқушылардың оқы- тылатын пәнді түсіну дәрежесін бағалауға; айналадағыларға оң көзбен қарауға; оқу үдерісін жаңашаландыруға мүмкіндік береді. Сын тұрғысынан ойлау оқушыларға не береді? Балалар басқа оқушылармен еркін пікір алмасуды үйренеді; өз ойларына дәлелдер келтіру дағдыларына ие болады; өз беттерінше ақпарат іздейді және іріктейді және ең бастысы, өз ойларын айта алады және қуаттайды деп сенеміз. Практика көрсеткендей, сын тұрғысынан ойлауды дамыту – бұл тек уақыт талабы, қажеттілік қана емес, сонымен қатар танымдық жұмыс. Ал нәтиженің қандай болатындығы бізге, біздің қалауымызға, жұмысқа деген қабілеттілігімізге байланысты. Қорытындысында, дегенмен өзгеретін уақыт келді дегім келеді. Бұл – өмірдің өз талабы. Түбегейлі өзгерістер қажет, бірінші кезекте – білім беру жүйесінде. ескі идеялар, көзқарастар сөзсіз, ескірді. Барлығы бірдей және бірден қалыптасып қалған таптаурындарды өзгертуге дайын емес екендігі түсінікті. Кеңес дәуіріндегі мұғалімдердің барлығы дерлік өз әдістемесін «түбегейлі» өзгертуге дайын емес. олар жиі «Біздің педагогиканы не үшін өзгерту қажет», кеңес уақытында алынған білім – мықты»,- деп жатады. Иә, құрметті әріптестер, бәлкім сіздер дұрыс айтатын шығарсыздар. Бірақ біздің үздіктер жетістікке қол жеткізді ме? олардың барлығы дерлік биік шыңдарды бағындырды ма? Өмірдің өзі көрсеткендей, көптеген мектеп және институт «үздіктері» мектептің, мұғалімнің, ата-аналардың оларға артқан үміттерін ақтамады. Бұл мынайдай ойға алып келеді: біз оқушыларға жақсы білім береміз, бірақ оларды өмірге дайындамаймыз. Ал егер осылай жалғаса беретін болса, онда біздің, біздің мемлекетіміздің қандай да бір биіктерді бағындыруы екіталай. Ашығын айтар болсақ, біз үкіметіміздің білім беру саласындағы үздік жетістіктерді нығайту және апробациялау арқылы тәжірибемен алмасу үшін педагогиканың үздік ойшылдарын шақыра отырып, білім беру саласының дамуына көп көңіл бөлетіндігіне қуаныштымыз.





Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Бейсеков Ж., Анарбекова А. Анализ бастамаларынан тест тапсырмаларын шығаруға арналған әдістемелік құрал. Шымкент. 2006.

  2. Бейсеков Ж. Анализ бастамаларынан ҰБТ-ға дайындалуғаарналған әр түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларының жинағы. Шымкент 2012.

  3. Brousseau G. (1997). Математикадағы дидактикалық жағдайлар теориясы (Н.Балачефф, Транс.).

  4. Эрикссон К.А. (2006). Тәжірибе мен мақсатты тәжірибенің үздік мамандарының тәжірибелік орындау барысына жасайтын ықпалы.

  5. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. Үшінші басылым, 154-бет.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров169
Номер материала ДВ-336105
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх