Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

С.Торайғыров «Қамар сұлу» романы

библиотека
материалов

Сыныбы: 11

Сабақтың тақырыбы :     С.Торайғыров   «Қамар сұлу» романы

 Сабақтың мақсаты.

    Білімділік: С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін тереңдете отырып, оқушыларды романның негізгі оқиға желісімен таныс ету, тақырыбын ашу, автор идеясын тану;

Дамытушылық: Ой тастау арқылы ойлау қабілеттерін, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық ізденіске баулу.

Тәрбиелік: Шығарманы талдау арқылы әдет-ғұрыптарды білуге, бас бостандық үшін күресуге, жаманнан жиреніп, жақсыдан үлгі алуға, ұлттық әдебиетімізді сүйіп оқуға, қайырымдылыққа, алдына қойған мақсаты үшін күресе білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, СТО, сатылай кешенді талдау,шығармашылық жұмыстар
Сабақтың жүргізілуі:
І. Ұйымдастыру бөлімі.

Сабаққа қатысты тексеру

Сабаққа назарларын аудару
(Бірден жаңа сабаққа көшіп,сабақ соңынан үй тапсырмасын сұраймын.)
Жаңа сабақ: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар сұлу” романы

«Ой шақыру»

.С.Торайғыров кім?-------- ақын-------- себебі, оның «Оқып жүрген

жастарға», «Шығамын тірі

болсам,адам болып»,

«Шәкірт ойы» өлеңдері бар

------ жазушы-------себебі-,оның поэмалары:

«Адасқан өмір», «Кедей» т.б

------ романдары :«Кім жазықты?», «Қамар сұлу» т.б

Хронологиялық кесте

жылдар


1893

Қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында 28 қазанда дүниеге келген.

1908

Баянауылдағы Әбдірахман молданың медресесіне түседі.

1911

Нұрғали мұғалімнен сабақ алады.

1912

Троицк қаласындағы Ахун Рахманқұли деген татар медресесіне түседі.

1913

«Айқап» журналының редакциясына қызметке орналасады.

1914

Баянауылда бала оқытады.

1916

Өлеңмен «Кім жазықты?» романын жазған.

1917

Семейдегі қазақ комитетінде қызмет істеп, «Сарыарқа» газеті мен «Абай» журналдарына өлеңдері мен мақалаларын бастырады.

1918

«Кедей», «Адасқан өмір», «Айтыс» атты поэмаларын жазады.

1919

Шідерті болысындағы төңкерісшіл Комитеттің төрағасы болып сайланады.

1920

31 май күні қайтыс болады.



«Ой дамыту» (Бөлімдер бойынша болжам түрінде сұрап, кітаптағы мазмұн арқылы салыстыра түсіндірдім.)

1 -бөлім. «Жігітті ел мақтаған қыз жақтаған...»

2-бөлім. Сүйіспеншілік сезімнің қарлығаштары

3-бөлім. Күндестік отын жандырған Жорға Нұрым

4- бөлім. Омбы асқан Ахмет

5-бөлім.Қырын келген құдалық

6- бөлім. От ортасында ойрандалған Омар

7- бөлім. Қайғыдан қан жұтқан Қамар

8-бөлім. Зұлымдық - надандықтың басты белгісі

9- бөлім. Құрбандыққа шалынған жастар

III «Тұжырым кестесі»


Кейіпкерлері

Адами қасиеттері

Іс-әрекеттері

Қамар

Ахмет

Омар

Жорға Нұрым

Оспан би

Қалтан қажы




IV..Кейіпкерлер портретін қалай береді?

Қамар –сыпайы, сөзге шешен,биязы,ақылды

Ахмет- сөзге шешен,ақылды, көрікті

Нұрым – озбыр,зұлым,қанды ауыз атанған жауыз

V. Шығарманы сатылай кешенді талдау

--------------------------------- «Қамар сұлу»

Авторы----- С.Торайғыров

Тақырыбы:----------Әлеуметтік теңсіздік,әйел теңсіздігі

Идеясы:-------- Қазақ жастарының бас бостандығы, қыздарды

қалың малға сатуды әшкерелеу

Жанр түрі:---------------- роман--------------- проза-поэзия

Шығармадағы негізгі кейіпкерлері---------- Қамар, Ахмет, Омар,

Нұрым

Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер---------- Қалтан,Оспан, Қасен,

Жәуке,Жұмабай, Бәтек молда

Шығарма жазылған әдеби бағыт--------- реализм, соның ішінде сыншыл

реализм. .

7.Шығарманың композициялық қүрылысы-----------

1. Басталуы------------- Қамардың бейнесін суреттеу
2. Дамуы--------- Қамар мен Ахметтің хат жолдасуы, Ахмет бейнесі
3. Байланысуы--------- Нұрымның әйелінің қайтыс болуы.
4. Шиеленісуі------------Қамардың ұзатылуы
5. Шарықтау шегі------Айықпас дертке шалдығуы
6. Шешімі----------------Соңғы кездесу, Ахмет кегі.

8.Әдебм теориялық ұғымдар-------------- монолог------сарказм,ирония

Ахметті сүйемін-ақ,сүйгенім үшін күйемін-ақ,

Ал енді шыдамадым... қараландым...


Ойдағым келді ме, жылы жауап берді ме,

Қамар мені сүйді ме,сүйгендіктен күйді ме?...


«Ататай, болдым ғашық мұрыныңа» дейтін өлеңі


Жазушы енді бірде Нұрымды «бір олай, бір бұлай аунақшып,жарыла жаздап,булығып,анда-санда үйелеген өгіз секілді ыңырана түсуден басқаға шамасы келмей , ардақты күйеуіміз Нұрым отырады» деп суреттейді.

---------------Көркемдік ерекшелік. Портрет.----------
Сұлу, сыпайы, биязы, ақ көңіл, сөзге шешен.(Қамар)
Сөзге шешен, ақын, көрікті.(Ахмет)
Қатыгез, қатал, зұлым, біреуге жақсылық істемеген, өз қамын ойлайтын, бай тұқымынан шыққан адам. (Омар)

------------ Кейіпкерлер мінез-құлқы------------------------------
Бірақ ауылының малға мастанған мұрынсыздық желбастары ғана Ахметтің зеректігін көре алмай күндеп, іштері тарылып, өліп кете жаздаушы еді. (іштарлық)
Қамардың Ахметке деген махаббаты. (ақпейілдік)
Қамардың басын тескенде (зұлымдық)
Қамарды Нұрымның әкететін кезі (үрей)

---------.Басқа тілден енген сөздер---------------- Кірме сөздер - ?
Указаной молда, школа, август, доктор, чаходка (орыс)
Хашарат, күпу, сүре, Ясин (араб)
Шаһыбыз (парсы)


9.--------------------- Шығармадағы ұлттық салт-дәстүр------ Атастыру, қызды қалың малға сату, жар-жар, үшкіру, кәде беру

10.------------------------ Қолданылған мақал-мәтелдер--------------

«Соқыр тауыққа бәрі бидай», «Таң атпайын десе де, күн қоймайды», «Кәріліктің алды жігіттіктің соңы», «арсызға алты күн мейрам», «Суға кеткен тал қармайды», «Теңі келсе, тегін бер», «Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді», «Бір тойған – шала байдық», «Жалғыз қаздың үні шықпас, жалғыздың шаңы шықпас», «Сокырдың қолына, саңыраудың жолына түспе», «Жақсыдан жаман туса, емі болмас, жаманнан жақсы туса, теңі болмас», «Ит үрді, керуен көшті», «Бастан құлақ садақа».

11.-------Жазушылық,ақындық стилі------Қоғамдық құбылыстарды,кейіпкерлер бейнелерін салыстыра суреттеу негізінде ұнамды-ұнамсыз шындықтың қарама-қарсылығын таныту.

12. Шығарманың негізгі түйіні,тәрбиелік мәні---------------- Халықты надандыққа,феодалдық кертартпа салт-санаға қарсы күресуге, оқу-білім алуға үндейді. Адалдыққа, адамгершілік асыл-қасиеттерге,шынайылыққа тәрбиелейді.

VI Еркін пікірталас.
- Қамар үшін жанұя бақыты деген не? Жорға Нұрым үшін ше?
- Әйел бостандыққа жету үшін оның бойында қандай қасиеттер болу керек?
- Қамардың өмірінде сендерге қай жер аянышты көрінді?
- Қамардың бақытсыз болуына кім кінәлі?
- Жазушы Қамар образы арқылы нені көрсетпек боды?



VI. Проблемалық сұрақ.

Қазіргі әйел адамының қоғамдағы рөлімен салыстыруға бола ма? Қазіргі заман туралы (ауызша) ой толға.

VII. « Романнан алған әсерім» оқушылар ой бөліседі.

VIII Венн диаграммасы.
Ғайша
Кедейдің қызы, сүйгеніне қосылады

.
Қамар
Байдың қызы Жорға Нұрым алып қашады.
Жамал
Орта дәулетті отбасынан шыққан, Ғали қайтыс болған соң, Байжанның босағасына еріксіз барады.

Ортақ белгілері
Айтыскер қыздар, 15 жастағы қалың малға сатылған қазақ қыздары, сүйгенімен қашып кетеді, ғашықтары да өздері де ажалмен қауышады.


IX.     Үй тапсырмасын тексеру.

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы, «Шернияз» пьесасы
1.Жүсіпбек кім?–
жазушы, ақын, сыншы, драматург, аудармашы, публицист.
2.. Жүсіпбектің туып - өскен жері
? (Павлодар облысының, Баянауыл ауданы)
3. Жүсіпбектің ауыл молдасынан ескіше оқыды?
(
Жүніс қожа, Шәймерден қожа, Қожахмет молда, Қапар қажы, Мұхамеджан деген кісіден сабақ алады.)
4. Баянауылда оқыған жылдары?
(1907ж)
5. Екі классты орыс - қазақ мектебінде қай қалада, қай жылы оқиды
?(Кереку, 1911ж.)
6. Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқыған жылдары?
(1914 - 1919ж) Қ. Сатбаев - пен, М. Әуезовпен танысып бірге оқиды.
Семинарияда оқыған жылдары «Абай»атты журнал шығарып, «Сарыарқа» газетімен қызметтес болды.
Семинарияны бітірген соң (1919 - 1920ж) Семей губерниялық Атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, «Кедей таңы»атты газетінің редакторы болып жұмыс істейді. 1921ж. «Қазақ тілі»газетінің редакторы, 1922ж. Мұғалімдік қызметке ауысқан.

Пьесалары туралы түсінік
Жүсіпбектің сан саналы шығармашылық мұрасының салмақты жағының бірі - оның драматургиясы. Ол қазақ әдебиетінде төңкеріс қарсаңында ғана туа бастаған осы жанрдың да негізін салушылардың қатарында аталады. Сонымен қатар Жүсіпбек - қазақтың ұлттық театр өнерінің де бастауында тұрған адам.
1916ж. Алғаш 5перделі пьесам (Нұрғали Құлжанов ұнатпаған соң) жарыққа шықпады, оған 1916 - 1917ж. Туған пьесалары.
«Қанапия - Шәрбану»1916 - 1917ж. Пьесалар.
«Қанапия - Шәрбану»пьесалары 1926. Кітап болып басылып шыққан.
«Салиқа қыз»(1922),»Ел қорғаны»(1926ж), «Шернияз»(1926ж), «Мансапқорлар»(1922ж), «Рәбиға»(1926ж), «Қанапия - Шәрбану»(1925ж)

Ж. Аймауытов пьесалары идеялық бағыт - бағдары жағынан да, көркемдік ізденістері тұрғысында жиырмасыншы жылдар әдебиетіндегі жаңа құбылыс болып табылады. Ол жаңаның жеңісін, ескінің күйреуін суреттей отырып, өз дәуірінің жаңа адамдарын ашты, қазақ ауылындағы әлеуметтік тартыстың сырын шынайы бейнелейді.

X. Үйге тапсырма.

  «Қамар  сұлу» романының мазмұны.

Шығармадан   қалауы бойынша   үзінді  жаттау.

XI. Бағалау.




Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров1157
Номер материала ДВ-572888
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх