Инфоурок Начальные классы ПрезентацииСтудент Уап Актолкынның баяндамасы "Қазақ - қапысыз психолог: Мақал - мәтелдердің психологиялық астарлары"

Студент Уап Актолкынның баяндамасы "Қазақ - қапысыз психолог: Мақал - мәтелдердің психологиялық астарлары"

Скачать материал
Скачать материал "Студент Уап Актолкынның баяндамасы "Қазақ - қапысыз психолог: Мақал - мәтелдердің психологиялық астарлары""

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Тақырыбы  Қазақ - қапысыз психолог: 
Мақал - мәтелдердің психологиялық астарл...

    1 слайд

    Тақырыбы
    Қазақ - қапысыз психолог:
    Мақал - мәтелдердің психологиялық астарлары
    "

  • Жоспары:
1. Мақал-мәтелдер - халық психологиясының айнасы
2. Қазақ мақал- мәт...

    2 слайд

    Жоспары:
    1. Мақал-мәтелдер - халық психологиясының айнасы
    2. Қазақ мақал- мәтелдерінің психологиялық астарлары

  • КөкейкестілігіҚай халықтың да  төл тума мәдениетін 
жүзеге асыратын насихатта...

    3 слайд

    Көкейкестілігі
    Қай халықтың да төл тума мәдениетін
    жүзеге асыратын насихаттайтын – тілі.
    Тіл – психология көрінісі. Ал мақал- ой мәйегі.
    Осы тақырып аясында баяндама жазып, зерттеуіме ой салған қазақ халқына белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, академик, психолог, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Құбығыл Жарықбаевтың журналистке берген сұхбатынан «...Еліміздің бір атақты университетінің білдей бір оқытушысы студенттерге «сендер емтиханды психологиядан орысша тапсырасыңдар. Психолог ғұламалардың ойларын қазақша аударуға болмайды» деген пікірін ұстазым оқып беріп, «психология тілі қазақ тілі емес пе?» деген сауал тастады да, көзқарастарыңды, ойларыңды білдіріңдер, мәселені зерттеп, баяндама ретінде ұсыныңдар, дәлелдеңдер деген ұсынысы болды.

  • Мақсатым:Сол себепті бүгін мен сіздерге  біздің яғни қазақтардың халық тәжіри...

    4 слайд

    Мақсатым:
    Сол себепті бүгін мен сіздерге біздің яғни қазақтардың халық тәжірибесінде психология ғылымының жоғары дәрежеде,
    яғни психология тілі сонымен қатар, өзіміздің ана тіліміз қазақ тілінде де көрініс табатынын халық даналығының, көрегендігінің айнасы, қазақ тілінің алтын қазынасы- мақал-мәтелдер арқылы дәлелдемекпін.

  • “Түгел сөздің түбі бір, 
Түп атасы Майқы би”

    5 слайд

    “Түгел сөздің түбі бір,
    Түп атасы Майқы би”

  • Өкінішке қарай, қазіргі білім саласында еңбек етіп немесе білім алып жатырған...

    6 слайд

    Өкінішке қарай, қазіргі білім саласында еңбек етіп немесе білім алып жатырған, соның ішінде өздерін білгіш сезінетіндердің өз ұлтының психологиясын білмейтіні, есесіне, өзге психологтардың ой-тұжырымдарына жөнсіз сүйенетіні әлі де көрініс беріп келеді. Әйтпесе сонау жиырмасыншы жылдары Халел Досмұхамедов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов секілді зиялылар қаншама еңбек қалдырды. 1926 жылы Жүсіпбектің қомақты кітабы – «Психология» жарық көрсе, бұл саланы 1938-40 жылдары академик Төлеген Тәжібаев ғылыми жүйелеп, ретке келтірді.

  • Кейін бұлардың ісін қазақтың танымал психологтары жалғастырды, яғни қазақ пси...

    7 слайд

    Кейін бұлардың ісін қазақтың танымал психологтары жалғастырды, яғни қазақ психологиясының тамыры тереңде жатыр: Мәшһүр Жүсіп, Ғұмар Қараш артына көптеген еңбек қалдырды. Шәкәрім Құдайбердиев – әрі ақын, әрі жазушы, аудармашы, оның да психологиялық мұрасы қаншама! Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов секілді ғұламалардың әр еңбегі – ұлттық психологияның қаймағы.

  • Ж.Аймауытов білім негізі ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келіп: «Ана тілі...

    8 слайд

    Ж.Аймауытов білім негізі ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келіп: «Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі – халық болып жаралғаннан бергі жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі», – деген ғой. Ол «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) оқулық құралдарын жазып, психология, педагогика, әдістемелік ғылымдарды ұштастыра оқытуға терең мән берді. Ал Мағжан Жұмабаевтың «Бастауыш мектепте ана тілі» (1925), «Сауатты бол» (1926), «Педагогика» (1922) атты еңбектері – педагогика-психология ғылымдарына қосылған елеулі үлес. Мінекей, осындай ғұламалардың қалдырған мұраларын неге ең алдымен өзіміздің қазақ еліне кейін шет елдереге танытпасқа.

  • Жақсыға айтқан тура сөз – шыңға тіккен тумен тең,
             Ж...

    9 слайд

    Жақсыға айтқан тура сөз – шыңға тіккен тумен тең,
    Жаманға айтқан тура сөз – құмға төккен сумен тең.
    Байсерке шешен
    кейін

  • Қазақ халқы мақал мен мәтелге бай халық. Халықтың мақалдары мен мәтелдерін жи...

    10 слайд

    Қазақ халқы мақал мен мәтелге бай халық. Халықтың мақалдары мен мәтелдерін жинауда, зерттеуде, Ш.Уалиханов, В. Радлов, А.В. Васильев, П.М. Мелиоранский, Ә. Дибаев, Ө.Тұрманжанов, С. Аманжолов секілді ғалымдардың еңбегі зор. Қазақ мақалдары ХІХ ғасырда–ақ Еуропа халықтарына мәлім бола бастаған.

  • Мақал-мәтелдерде адамның жан қуаттарының да толып жатқан жақтары бейнеленген....

    11 слайд

    Мақал-мәтелдерде адамның жан қуаттарының да толып жатқан жақтары бейнеленген. Бұларды психологиялық тақырып тұрғысынан төмендегіше топтастыруға болады:
    1. Психологияның жалпы мәселелері: а) жан қуаттары,олардың ортақ қасиеттері туралы түсінік; ә) өскен орта және тұқым қуалаушылықтың жан құбылыстарына әсері; б) психиканың қалыптасуындағы еңбек, тәжірибе және практиканың ролі; т.б. 2. Сезім мүшелерінің (көз, құлақ, т.б.) танымда алатын орны. 3. Тіл мен сөйлеу, бұлардың тіршілік пен қарым-қатынасындағы ролі. 4. Ақыл және ес. 5. Арман мен қиял. 6. Адам эмоциясы мен сезімдері (қорқыныш пен үрей, қайғы мен қуаныш, махаббат пен жек көру, шындық пен өтірік, достық пен жолдастық, т.б. 7. Қажыр-қайрат пен бос белбеу, жүрексіздік. 8. Кісінің жеке дара ерекшеліктері). 9. Түрлі топ өкілдерінің (еркек,әйел, ата-ана, бала-шаға, туыс, жекжат-жұрат, әкім, т.б. ) әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері. 10. Әртүрлі жас мөлшерінің (бала, жасөспірім, ересек, кәмелет, қария, т.б.) психологиялық сипаттары.

  • 12 слайд

  • Мақал - мәтелдер әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқи...

    13 слайд

    Мақал - мәтелдер әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі.
    Мақал-мәтелдер - халық психологиясының айнасы

  • Мақал-мәтелдерде адамның ес, жад қуаттары жөнінде де аз айтылмаған. Бұлардың...

    14 слайд

    Мақал-мәтелдерде адамның ес, жад қуаттары жөнінде де аз айтылмаған. Бұлардың ғылыми психологиямен тамаша ұштасып жатуы таңқаларлық.


    Мәселен, біреу көзбен көру, екінші біреу құлақпен, үшінші адам қозғалыс мүшелерінің қатысуымен, ал төртінші біреу бұларды араластыра есте сақтайтындығын,біреу тез арада есте сақтай алатын болса, екінші біреу бұған ұзақ уақыт машықтанатын халық даналығы жақсы көрсеткен. «Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді, құйма құлаққа айтсаң, қағып алады», «Оқығаныңа мәз болма, тоқығаныңа мәз бол», т.б. мақалдар жақсы қуаттайды. «Ер қартайса-жаңылшақ» «бұрынғыны айтпай, соңғысы еске түспейді», « көз көруге, құлақ естуге тоймайды» «Өз қатесін көрмеген, кісі қатесін сезбейді» .

  • Тақырыптары Әке – шеше, балаАдам болмысЕгін, шаруашылықТуған - туысӨнер – біл...

    15 слайд

    Тақырыптары
    Әке – шеше, бала
    Адам болмыс
    Егін, шаруашылық
    Туған - туыс
    Өнер – білім
    Ерлік, батырлық
    Қоғам
    Тәрбие, тағылым
    Туған жер

  • Әдемі, сұлу сөйлеуге құштарлық мақал мен мәтелді орынды жерде пайдалануға бай...

    16 слайд

    Әдемі, сұлу сөйлеуге құштарлық мақал мен мәтелді орынды жерде пайдалануға байланысты.


    “Мақалды тудырушы – еңбекші халық.
    Ол халық данышпандығының алтын қазынасы”, — дейді  атақты қазақ тіл ғылымының белгілі профессор Мәлік Ғабдуллин.

  • Ерді намыс 
өлтіредіЕр елі үшін туады, 
елі үшін өледі.Ерлік білекте емес, 
ж...

    17 слайд

    Ерді намыс
    өлтіреді
    Ер елі үшін туады,
    елі үшін өледі.
    Ерлік білекте емес,
    жүректе
    Ер қартайса қазаншы болар,
    Бүркіт қартайса тышқаншы болар
    Қылышынан қан тамған батырды
    Тілінен бал тамған ақын алады
    Бар болсаң, бергеніңді айтпа,
    Ер болсаң, жеңгеніңді айтпа

  • Ал қазақ - қапысыз психолог екенін дәлелдейтін  мақал-мәтелдерінде адам жанын...

    18 слайд

    Ал қазақ - қапысыз психолог екенін дәлелдейтін мақал-мәтелдерінде адам жанының небір нәзік сырлары: ерлік пен батырлық, достық пен ынтымақтық, жауыздық пен зұлымдық, ақыл-ой, ерік-қайрат сияқты іргелі мәселелерімен қатар қазіргі психология ғылымында кездесетін ұғымдардың да үлкен тізбегі (арман, қиял, ес, ықылас, ынтық, ниет, ашу, қайғы, т.б.) сан қырынан сөз болған.
    Қазақ - қапысыз психолог

  • Қазақ мақал- мәтелдерінің психологиялық астарларына келер болсақ, мақал-мәтел...

    19 слайд

    Қазақ мақал- мәтелдерінің психологиялық астарларына келер болсақ, мақал-мәтелдерде мінез тақырыбына көбірек көңіл бөлінген. Онда мінездің түрлі бітіс-бейнелері әр қырынан сөз болады. Мәселен, «Елің еміренсе, сен тебірен», «Тереңнен тапқан кен қымбат, Тебірене сүйген ел қымбат», «Отаның – алтын бесік», «Отан оттан да ыстық», «Ел қуатты болмай, қуаныш тұрақты болмайды», деген мақалдарда туған
    Қазақ мақал- мәтелдерінің психологиялық астарлары

  • Басқа елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.Туған жердің қадірін, 
Шетте...

    20 слайд

    Басқа елде сұлтан болғанша,
    Өз еліңде ұлтан бол.
    Туған жердің қадірін,
    Шетте жүрсең білерсің
    Туған жердің жері де көрікті,
    Елі де сүйікті
    Ел іші – алтын бесік
    Кіндік қаны
    тамған жер

  • Халық өз ұрпағын принципшілдікке, шыншылдыққа баулиды да, өтірік айтып күн кө...

    21 слайд

    Халық өз ұрпағын принципшілдікке, шыншылдыққа баулиды да, өтірік айтып күн көру өмір еместігін, өтірікпен адам алысқа бара алмайтынын («Айтсаң сөзіңде тұр», «Өтірік өрге баспас», «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам»), адамның кейбір ұнамсыз қылықтары – мақтаншақтық, бөспе т. б. өтірік айтуға себепші болатындығын айтып, өтірікшіні нашар мінезді адамның қатарына жатқызады да («Мақтаншақтық өтірік айтқызады, өтірік көңіл қайтқыза-ды»), мұның адамға абырой әпермейтініне, кісінің қадір-қасиетін түсіретініне ерекше тоқталып кетеді.

  • “Көп сөз – күміс, 
аз сөз – алтын” Таппасаң  сөздің жүйесін,
Отына өзің күйес...

    22 слайд

    “Көп сөз – күміс,
    аз сөз – алтын”
    Таппасаң сөздің жүйесін,
    Отына өзің күйесің
    Сөз сүйектен,
    Таяқ еттен өтеді.
    Көп сөйлесең тақылдақ дер,
    Сөйлемесең ақымақ дер.
    Ердің өзіне қарама, сөзіне қара

  • Мақал-мәтелдер қарапайымдылықпен кішіпейілділікті де адамның еңжақсы мінездер...

    23 слайд

    Мақал-мәтелдер қарапайымдылықпен кішіпейілділікті де адамның еңжақсы мінездері деп есептеген. «Бетегеден биік, жусаннан аласа», «Ұлық болсаң, кішік бол», «Кішіпейілділік – кісі көркі», «Тәлімнен әдеп жақсы» дейтін мақалдардың кішіпейілділік адамның табиғи көрінісі болуы тиіс, сонда ғана ол сүйкімді, ажарлы мінез көрінісі болады деген идея жақсы аңғарылады.
    Ұлға отыз үйден тыю,
    Қызға қырық үйден тыю

  • Мал – баққанға бітеді Қуырдақтың көкесін, 
Түйе сойғанда көрерсің.Жақсы аттың...

    24 слайд

    Мал – баққанға бітеді
    Қуырдақтың көкесін,
    Түйе сойғанда көрерсің.
    Жақсы аттың тісін ашпа,
    Жақсы кісінің жасын сұрама.
    Мал төлімен жарасты Жер гүлімен жарасты
    Жаманға жан жуымас Жалқауға мал жуымас

  • “Ұлық болсаң, кішік бол”“Шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без, Әке тұрып, ұл сөйле...

    25 слайд

    “Ұлық болсаң, кішік бол”
    “Шеше тұрып, қыз сөйлегеннен без, Әке тұрып, ұл сөйлегеннен без.”
    Ұлға отыз үйден тыю,
    Қызға қырық үйден тыю
    Жылы – жылы сөйлесең,
    Жылан інінен шығады
    Сүтпен бірге біткен мінез,
    Сүйекпен кетеді.
    Іздеген мұратына жетер,
    Жалдаудың өмірі босқа өтер

  • «Қолы ашықтың жолы ашық», «Жомарт бергенін айтпайды», «Батыр айтқанынан қайтп...

    26 слайд

    «Қолы ашықтың жолы ашық», «Жомарт бергенін айтпайды», «Батыр айтқанынан қайтпайды» деген мақалдар адамның жақсы мінез көрінісінің бірі. Жомарт адам біреуге жақсылық еттім деп жар салып, айқайламайды, ол кішіпейіл де, қарапайым.

  • Академик В. В. Радлов:
“Қазақтар нақтылы сөйлеуді бар 
өнердің алды деп білді...

    27 слайд

    Академик В. В. Радлов:

    “Қазақтар нақтылы сөйлеуді бар
    өнердің алды деп білді, сондықтан
    да олардың поэзиясы дамудың
    жоғары сатысына жеткен”

  • Адам мінезінің енді бір тамаша сипаты – достық. Нағыз достық мақал-мәтелдерде...

    28 слайд

    Адам мінезінің енді бір тамаша сипаты – достық. Нағыз достық мақал-мәтелдерде ерекше қастерленген. «Адамның тұздығы – арасындағы достығы», «Досыңнан сырыңды жасырма, дұшпанға шыныңды айтпа», «Досы көпті жау алмайды», деген мақалдарда достық-тың жалпы маңызы айтылса, енді біреулерінде («Қайғың болса досыңа бар, дос көтерер көңілді», «Есептескен дос болмайды», «Досың жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады»), деп нағыз достықты әр қырынан сипаттайды.
    Нағыз достық мақал-мәтелдерде ерекше қастерленген.

  • Поляк офицері А. Янушкевич:“Қазақтардың ойлау, қабілеттерінің 
кереметтігіне...

    29 слайд

    Поляк офицері А. Янушкевич:
    “Қазақтардың ойлау, қабілеттерінің
    кереметтігіне менің барған сайын
    көзім жетті. Сөз дегенде ағып тұр.
    Бұл жағынан алғанда оларды Батыс
    Азияның француздары деуге болады”

  • Жаман қорыққанын сыйлайды», «Жаманның намысы болмайды», «Қазан қолыңды кірлей...

    30 слайд

    Жаман қорыққанын сыйлайды», «Жаманның намысы болмайды», «Қазан қолыңды кірлейді, жаман жүзіңді кірлейді», «Жаман ісінен көрмейді, кісіден көреді». Жаман адам – ез, намыссыз, ол ісі түскенді, не қорыққанын ғана сыйлайды, мінін көрмейді, оғаш қылығын басқадан көруге тырысады, шамасы келсе сағыңды сындырады, менмен болып, бәлсініп кісіні менсінбейді, («Жаман өзі бола алмайды, болғанды көре алмайды»), жамандық туа бітпейді, ол өнегесіз ортадан, нашар тәрбиеден пайда болады, («Адам туа жаман емес, жүре жаман»).

  • «Бала тілі балдан да тәтті», «Балалы үй базар», «Бала – көңілдің гүлі, көздің...

    31 слайд

    «Бала тілі балдан да тәтті», «Балалы үй базар», «Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры», «Алты жасар бала, атқа мінсе, алпыстағы шал алдынан шығады», «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем бере барады», «Бала адамның бауыр еті» ,«Әдепсіз бала сорлы бала», «Жаман бала күйік», «Талабы жоқ жас ұлың, жалыны жоқшоқпен тең», «Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы»
    Сәби, бөбек тәрбиесі мақал-мәтелдерден елеулі орын алған.

  • «Өнерлі бала сүйкімді», «Жақсы бала сүйікті», «Балаң жақсы болса, екі көздің...

    32 слайд

    «Өнерлі бала сүйкімді», «Жақсы бала сүйікті», «Балаң жақсы болса, екі көздің шамшырағы», «Адам болатын бала алысқа қарайды», «Кісі болар баланың кісесінен белгілі», «Болар адам жеті жастан бас болар». «Оралдының баласы он бесінде баспын дер, тоғышардың баласы жиырма бесте жаспын дер» т. б. осы секілді халық нақылдарында мінез-құлқы, психологиясы дұрыс қалыптасып келе жатқан оқу-өнерге құмар, талабы таудай, еңбек сүйгіш, тыңғылықты, жинақы, өмірге бейім балалар сөз болады.

  • «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Баланың тентек болмағы үйінен»,...

    33 слайд

    «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Баланың тентек болмағы үйінен», «Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер, байқамай көп сөйлесең көрсетер бір өнер»,
    «Қызды асырай алмаған күң етеді, ұлды асырай алмаған құл етеді», «Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол, қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол», «Анаға баланың алалығы жоқ», «Балаға пышақ бермесең бір жылар, пышақ берсең екі жылар», деп халық бала тәрбиесін құрғақ сылдыр сөзбен жүргізгеннен гөрі іс-әрекет, үлгі-өнеге арқылы жүргізудің пәрмендірек келетіндігін, сондай-ақ бала тәрбиесі-не оның құрбы-құрдастарының, жора-жолдастарының да (балалар ұжымы) ықпалы болатындығын еске алып отырған.

  • Жеткіншек жастың нәзік жанына оқудың ұрығын себуші, оны мәпелеп, тәрбиелеуші...

    34 слайд

    Жеткіншек жастың нәзік жанына оқудың ұрығын себуші, оны мәпелеп, тәрбиелеуші – ұстаз.
    «Ұстазына қарап бала өсер, бақташысына қарап мал өсер», «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Ұстаз көрген хат таныр» сияқты мақалдарда ұстаздың бөбек өміріне үлгі болатын, өмірдің сан тарапты жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші адал екендігі, балғын денеге адамгершіліктің нәрін құйып, баланы еңбек сүйгіштік, адалдық т.б. сол секілді ізгі қасиеттерге баулитын жан екендігі .

  • «Көре-көре көсем болар, сөйлей-сөйлей шешен болар», «Адам туа білмейді, жүре...

    35 слайд

    «Көре-көре көсем болар, сөйлей-сөйлей шешен болар», «Адам туа білмейді, жүре біледі», деу осы айтылғанның дерегі. Халық даналығында адамның моральдық-психологиялық ерекшеліктері жай көрініс таппай, оны қалыптастырудың жолдары да сөз болған, бұларды қалайша тәрбиелеуге болатындығы жайлы түйіндер де айтылады.
    Кісі оқу, іздену, тәрбиелену арқылы өзін-өзі сомдайды:

  • Сабақта мақалды пайдалану
Етістіктің қай шақта тұрғанын табу.Сыпайы сырын сақ...

    36 слайд

    Сабақта мақалды пайдалану
    Етістіктің қай шақта тұрғанын табу.
    Сыпайы сырын сақтар
    Әдепті арын сақтар (болжал келер шақ)

    2. Кісіні кейде таршылық сынайды
    Кейде баршылық сынайды (ауыспалы осы шақ)

    3. Көп жасаған білмейді
    Көп көрген біледіү (ауыспалы осы шақ)

    4. Ақылды кісі азбайды
    Асыл бұйым тозбайды (ауыспалы осы шақ)

    5 .Жақсы байқап сөйлер
    Жаман шайнап сөйлер (болжалдық келер шақ)

  • Берілген мақал – мәтелден белгісіздік 
есімдігін табу Біреуге біреу сеп
    Т...

    37 слайд

    Берілген мақал – мәтелден белгісіздік
    есімдігін табу
    Біреуге біреу сеп
    Тамға тіреу сеп.

    Әркімнің өз жейдесі етіне жақын.

    Әр үйдің өз қонағы бар.

    Біреу тойып секіреді
    Біреу тоңып секіреді.

  • Қорыта келе,  қазақ мақал- мәтелдері өзінің мазмұны жағынан да, психологиялық...

    38 слайд

    Қорыта келе, қазақ мақал- мәтелдері өзінің мазмұны жағынан да, психологиялық тәрбиесі жағынан да бала тәрбиелеу жұмысында ең күшті құрал болып табылады. Әрине, тек қана мақал- мәтелдерді зерттеп қоймай, сонымен қатар көптеген қазақ халқының қай-қай еңбектерін алып, терең үңілетін болсақ, ондағы терең құндылықтардың кездесуі, соның ішінде психологиялық астарлардың берілуінен қазақ психологиясының күштілігіне, қазақ халқының сонау ата-бабадан қалған ең асыл мұраларының бірі- мақал- мәтелдеріміздің өзі дәлел емес пе!
    Қорытынды

  • Қазақ –қапысыз психолог:



оның тілі бай  екендігін, тек шала қазақтар ғана...

    39 слайд

    Қазақ –қапысыз психолог:



    оның тілі бай екендігін, тек шала қазақтар ғана осы бай тілді меңгере алмайды деген ойға қалдым.
    Біздер, жастар, ең алдымен, өзгенің психологтарының тәжірибесіне ден қоя отырып, өз ұлтының психологиясын танып, зерттеуге, сонымен қатар, әрі қарай да қазақ психологиясының дамуына өз үлестерімізді қосып, еңбектенуіміз керек деп ойлаймын. Әрбір бала тәрбиелеуші тұлғалар және де біз жастар болашақ жас ұрпақты тәрбиелеу барысында қазақтың мақал- мәтелдерін қолданатын болсақ, үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз.«Ереже ұсынғанша өнеге ұсын» дегендей, өзіміз де осындай құндылықтарымызды тиімді қолдануда ісіміз сәтті болсын!

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қай халықтың да  төл тума мәдениетін 

жүзеге асыратын насихаттайтын – тілі. 

Тіл – психология көрінісі. Ал мақал- ой мәйегі.

Осы тақырып аясында баяндама жазып, зерттеуіме ой салған  қазақ халқына белгілі ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, академик, психолог, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Құбығыл Жарықбаевтың журналистке берген сұхбатынан «...Еліміздің бір атақты  университетінің  білдей бір оқытушысы студенттерге  «сендер емтиханды психологиядан орысша тапсырасыңдар. Психолог ғұламалардың ойларын қазақша аударуға болмайды» деген пікірін ұстазым оқып беріп, «психология тілі қазақ тілі емес пе?» деген сауал тастады да, көзқарастарыңды, ойларыңды білдіріңдер, мәселені  зерттеп, баяндама ретінде ұсыныңдар, дәлелдеңдер деген ұсынысы болды

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 820 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.06.2015 2382
    • PPTX 4.9 мбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Cултанова Гайни Тукеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Cултанова Гайни Тукеновна
    Cултанова Гайни Тукеновна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 87022
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Видеотехнологии и мультипликация в начальной школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 257 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 1 263 человека

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1712 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 158 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 93 человека

Мини-курс

Маркетинг в сфере услуг: от управления до рекламы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 14 регионов