Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Студенттермен кездесу сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Студенттермен кездесу сағаты

библиотека
материалов

hello_html_32a521ee.gifhello_html_b0628dc.gifhello_html_2de1611c.gifhello_html_2a3ff8aa.gifhello_html_m764ef621.gifhello_html_m6325e2e9.gifТақырыбы: «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»атты студенттемен кездесу кеші.

Кешке қатысушы көрермендер:
- 9-11-сынып оқушылары
- Студенттер
- Ұстаздар
Пікір айтушылар:
Әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттер

Кештің мақсаты: 
1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. 
2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу
І-жүргізушіКіріспе сөз: -Құрметті, студент қауымы, оқушылар және ұстаздар! Баршаңыз да бүгінгі ««Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»а» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын, жалпы жоғары сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.

ІІ-жүргізуші: Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.
Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.
І- жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары, бүгінгі кеш қонақтары- мектебіміздің түлектері.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір- кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан

дей отырып, бүгінгі мектеп оқушылырының студенттермен кездесу кешін ашық деп жариялаймыз.
ІІ- жүргізуші:
Ұшырдым жүрегімнен жыр кептерін,
Мерекең, құтты болсын, түлектерім.
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі кешіміздің кейіпкерін

- деп кешегі мектебіміздің түлектері, бүгінгі студент болашақ маман иелерін ортаға шақырамыз.
(Музыка ойнайды. Студенттер ортаға шығады).

Олар:

ІІ- жүргізуші:
Қош келдің тәуелсіз ел қырандары,
Жақсы атың шартарапқа шығар әлі.
Өнеге үлгі болған кішілерге,
Ұстаздар шын пейілмен жыр арнады,

деп кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Ерболат Мұратқалиұлына береміз.

І- жүргізуші:
Ұрпағы ұландары текті жердің,
Қашанда болмысыңа сүйінемін
Кешегі ғалымдар да, мамандар да,
Шығады өздеріңнен деп білемін

Келесі сөз кезегін оқу ісінің меңгерушісі Құралай Қыдырқызына береміз.

ІІ- жүргізуші:

Студент ертеңіне жол ашады,
Асқақта нұрлы болар болашағы.
Дәл осы мектебімде білім алып,
Арманға аласармас қыр асады,

деп бүгінгі студент, ертеңгі маман иелері сіздерге сөз кезегін берсек. Өздеріңіздің оқып жатқан оқу орындарыңыз, мамандықтарығыз жөнінде айтып берсеңіздер.

І- жүргізуші: Бүгінгі кешіміздің себепшісі болып отырған қымбатты студенттер сіздерге арнаған жеңіл сұрақтарымыз бар. Әрқайсыларыңыз өз ойларыңызды білдірсеңіздер.

Қатысушыларға берілер сұрақтар:
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
- Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

-Сіздердің арасында педагог саласын таңдаған студенттер бар. Құдай қаласа оқу бітіргесін өздеріңіздің алтын ұя мектептеріңізге қайта келесіздер ме?

-Медицина саласын таңдаған студент,сіз біздің кентімізге келесіз бе?

-Мектеп өмірінің қай кездерін жиі еске алып жүресіздер?

-оқушыдан студент деген атаққа өзгеру қаншалықты қиынға соқты? Осы екі ұғымның айырмашалығы неде?

ІІ-жүргізуші. Психологиялық сәт: "Психогеометрия"- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.(Фигура суырып, отырады болған соң анықтамасы оқылады)
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын. 
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.
І-жүргізуші: «Суретті қимыл» ойын. (ортаға екі студент шығады, біреуі суретті ұстап тұрып екіншісі сол суретті бейнені қимылмен бейнелеп беру, суретті ұстап тұрған студент сол бейнені не екенін табу).
ІІ-жүргізуші:Сіздерден «Қонақ кәде» сұраймыз. Мектебіміздің үлгілі оқушысы болған, қазір өнер саласында білім алып жатырған Біржан ағамызды ортаға шақырамыз. 
І-жүргізуші :Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн. адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12℅ -ы қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. 
Маман - қайсыбір істі егжей-тегжейлі білетін қызметкерді , белгілі бір мамандықтың өкілі.
Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі.

ІІ-жүргізуші :

Студент «анықтамалығы»

Университет – «Өмір мектебі» 
Декан – «Менің Әуезовім» 
Замдекан – «Оң қол» 
Ұстаз – «Ағалардың алақаны» 
Дәріс – «Өліара» 
Сабақтан қайтқанда – «Тойдан қайтқан қазақтар» 
Студенттік шақ – «Дүние-думан» 
Танысу – «Менің атым Қожа» 
1-курс – «Әңгүдік» 
2-курс – «Пысық болдым, мінеки» 
3-курс – «Асуда» 
4-курс – «Қош бол, менің ертегім» 
Магистрант – «Мәңгілік бала бейнесі» 
Аспирант – «Жоқ іздеген жігітпін» 
Семестр – «Біздің жақта қыс ұзақ» 
Староста – «Жау тылындағы бала» 
Емтихан – «Қан мен тер» 
Емтихан тапсырғанда – «Сергелдең болған серілер» 
Сессия соңы – «Аласапыран» 
Диплом жұмысы – «Соңғы парыз» 
Жатақхана – «Ақын. Періште. Махаббат» 
Бөлме – «Жетінші палата» 
Демалыс – «Сағыныш» 
Комендант – «Аспандағы әпке» 
Вахта – «Қорқыттың көрі» 
Вахтерша – «Бандыны қуған Хамит» 
СМС – «Жүректегі жазулар» 
Қалыңдық – «Ең әдемі келіншек» 
Үйленгеннен соң – «Ол көктем оралмайды»
Ойын: « »

І-жүргізуші :

Студенттер, аяулы ақ мамандар, 
Жыл сайын жасарғандар, жаңарғандар.
Қыз қуып терезеге қарағандар 
Білім қуып бөлмеге қамалғандар. 
Студенттер, аптыққан пәк көңілдер,
Өкініштер, шаттықтар, тәтті өмірлер, 
Ауылға жиі айтатын сәлемдері: “Ақша сал”, “Жетпей жатыр”, “Ап жетіңдер!” 
Студенттер, сарылып ой қуғандар
Қарынды қанағатқа тойдырғандар 
Қара нанды достарымен қақ бөліп жеп,
Күн сайын, апта сайын той қылғандар. 
Студенттер, болашақ жас мамандар, 
Үй жоқ деп үйленуден қорықпағандар.
Бастарына тек кітап жастағандар, 
Студенттер, ұстазға ұнағандар. 
Сүрінгендер, кей жерде құлағандар 
Қайтадан тапсырам деп жылағандар 
Тәттіні, ащыны да татып тұрар 
Студенттің жан сырына құлақ саңдар, 
Сонда да жандарында жанып тұрар. 
Студенттік шақ қайтып бізге оралмайды, 
Студенттер, Студенттер, Бақыттылар!!!

Өздеріңізге арналған шағын концерттік бағдарламамызды ұсынамыз

(Әзірлеген номерлерді жіберу)

ІІ-жүргізуші:
Самғаңдар бейбіт елдің аспанында,
Зулайды жастық дәурен қас-қағамда.
Мектебің ұстаздарың алтын қазық,
Тілейді сәтті қадам жастарына.

Бүгінгі салтанатты жиынымызды қорытындылау үшін сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Гүлайман Асылбекқызына береміз.

І-жүргізуші:
Енді, барлығымыз бірге қосылып Дәрібаевтардың «Өміріңе немқұрайлы қарама» атты әнін шырқап жіберсек. (таратылған парақшаға қарай отырып бірге хормен айту)

ІІ-жүргізуші:
-Осы әнде айтыландай бізге берілген осындай қысқа өмірге немқұрайлы қарамай дұрыс өткізуге шақыра отырып, бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!

- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер, бүгінгі кездесуде студенттеріміздің айтқан ақыл - кеңестерін жадыңызда ұстап , ілім- білім алуға барлық күш -жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіреміз! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет.Келесі кездескенше сау саламат болайық. (Кездесу соңындағы би).

































































































































Қарасу ОЖББМ бастауыш бірлестігі

атынан әріптесіміз Айымгүлге

«Жас ұстаз байқауы-2015» сайысына

қатысқаны үшін естелік.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»атты студенттемен кездесу кеші.


Кешке қатысушы көрермендер:
- 9-11-сынып оқушылары
- Студенттер
- Ұстаздар
Пікір айтушылар:
Әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттер

Кештің мақсаты:
1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу
І-жүргізушіКіріспе сөз: -Құрметті, студент қауымы, оқушылар және ұстаздар! Баршаңыз да бүгінгі ««Асуларды алады жастар әлі, зор болашақ бүгіннен басталады»а» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын, жалпы жоғары сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.

ІІ-жүргізуші: Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге

Автор
Дата добавления 21.05.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров784
Номер материала 290166
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх