Инфоурок География ВидеоурокиСу қоймаларының түрлері мен мақсаттары

Су қоймаларының түрлері мен мақсаттары

Скачать материал

Қызылорда Облыстық Білім басқармасы

«Жас өркен» колледжі

 

Келісілді әдіскер                                                                           «Бекітемін»

_________Жалғасова О.А.                                                                 Колледж директорының

                                                                                               оқу ісі жөніндегі   орынбасары

                                                                                    ___________Тоқтамысова Д.К.

                 

                                                                                «_____»___________ 2016 ж.

 

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Су қоймасының мақсаттары және жіктелуі

Оқытушы: Таңқыбаева Б.Р.

 

 

 

 

 

                                                                                                                   «Техникалық» пән                

                                                                                                                  бірлестігінде қаралды

                                                                                                                     Хаттама № _____

                                                                                                             «_____»______ 2016 ж.

                                                                                                                 Бірлестік жетекшісі:

                                                                                                              ________Шалқарбаев А.Ө.

 

 

 

 

 

 

Қызылорда, 201

Сабақ жоспары

 

Күні:  13.04.2016ж                                   

Тобы: С-14-9

Пәннің  аты: Сумен жабдықтау

Сабақтың тақырыбы:   Су қоймасының мақсаттары және жіктелуі

ІІ. Сабақтың    мақсаты:

Білімділік мақсаты:

-         студенттің жаңаша ұғымын белгілі дәрежеде қалыптастыру;

-         алған білімін жүйелеп, қорытындылауға үйрету;

-         алған білімін іске асыруға баулу;

-         студенттерді іске өздері баға беруге, талдауға үйрету;

-         білгеннен дұрыс қорытынды жасауға баулу.

Дамытушылық мақсаты:

-         құбылыстардың қасиеттерін және өзара байланысты айыра білуге, оқылып отырған материалды жоспарлай білуге, заттың құрылысы мен жұмыс істеу принципін ажырата білуге, теориялық білімін практикада пайдалана білуге үйрету;

-         оқу қабілетін дамыту (оқуға, жазуға, есептеуге, сызуға, конспект жасауға үйрету, сабаққа дайындалуда жинақтылықты, оқудың қажетті тәсілдерін қолдана білуге, есте сақтауға дағдыландыру);

-         ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:

-         еңбекке тәрбиелеу;

-         білімге құштарлыққа тәрбиелеу

ІІІ. Сабақтың типі: Дәстүрлі

ІV. Сабақтың түрі: Аралас сабақ

V. Сабақтың өткізілу әдістері : түсіндіру, баяндау, конспектілеу.

VІ. Сабақтың   көрнекілігі: Слайдтар, карточкалар, сызбалар.

 

VІІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі (3мин.)

А) Оқушылармен сәлемдесу

Ә) Журналға белгі соғу

Б) Оқушылар назарын сабаққа аудару

2.Үй тапсырмасын сұрау  өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру(30мин.)

2.1.Оқушылардан үй тапсырмасын ауызша сұрау. (сұрақ қою арқылы білімін толықтыру).

2.2. Слайд бойынша сұрақтарға жауап алу:

·            Су шаруашылығы дегеніміз не?

·            Су шаруашылығының салалары қандай?

·            Диспетчерлік қызметті қалай ұйымдастырады?

·            Водоканалда қандай мамандар қызмет атқарады?

·            Бас механиктің атқаратың қызметі қандай?

·            Су тораптарын қалай топтастырамыз?

·            Су шаруашылығының гидротехникалық саласы дегеніміз қандай сала?

·            Су шаруашылығының гидроэнергетикалық саласы дегеніміз қандай сала?

·            Су шаруашылығының су көлігі  саласы дегеніміз қандай сала?

·            Су шаруашылығының сумен қамту және әкету саласы дегеніміз қандай сала?

 

3.Жаңа сабақ  (35 мин.)

Жоспары

·       Су қоймасы

·       Су қоймасының жіктелуі

·       Қазақстандағы ірі су қоймалары

Су қоймасы - суды тоқтатуға, жинақтауға және сақтауға арналған, өзендер алаптарында түзілген, су тірегіш ғимараттармен бекемделген, едәуір сыйымдылықтағы жасанды су қоймалары. Яғни, су қоймалары -Сағалық өңірінде бірте-бірте кеңи түскен өзен аңғарын теңіз суы басып кетуіне байланысты пайда болатын шығанақтар. Ашық және жабық су қоймалары болып екі түрге бөлінеді. Ашық жабық су қоймалары теңіз суымен басыбайлы байланыста болса, жабың жабық су қоймалары теңіз айдынынан көшпе аралдар мен бел-белестер арқылы дараланған күйде ұшырасады

Су қоймаларының  түрлері - кейіннен және қажет кезінде пайдалану үшін су толтырылған біршама ауқымды резервуар болып табылатын су қоймаларын  мынадай түрлері кездеседі:

1) темір, бетон, тас және басқада материалдардан жасалған жабық резервуарлар. Олар жер бетінде немесе жер астында орналасады. Күнделікгі реттелетін резервуарлар ретінде сумен қамтамасыз ету немесе тегеурін жасауға пайдаланылады;

2) шұңқыр қазу, тегіс немесе еңістігі аздау жерлерде үйінділермен қоршау арқылы жасалынатын ашық бассейндер. Мұндай су қоймалары  кейде дериватты СЭС түрінде жасалып, күнделікті реттелетін бассейндер ретінде, сондай-ақ суару жүйесіңде көктемгі ағындыны уақытша ұстау үшін пайдаланылады;

3) табиғи ағын сулардың анғарларында тегеурін қалыптастырушы ғимараттар салу арқылы пайда болған су қоймалары (бөгет, СЭС имараттары және т.б.).

Су қоймасы дегеніміз суды сақтау және ағынды реттеу үшін жасалған жасанды су айдыны. Суды реттейтін ғимараттардан жоғары учаскелерде судың деңгейі көтеріледі және үлкен көлемде су жиналады. Кейін ол шаруашылық мақсаттарына жұмсалады. Су қоймасының ұзындығы бөгетке тірелген судың таралу қашықтығына тең.

Су қоймасын бірқатар белгілермен жіктейді және бес негізгі типтерге бөледі:

ü Жазықтықтағы су қоймалары;

ü Тау алдындағы су қоймалары;

ü Таудағы су қоймалары;

ü Көлдік су қоймалары;

ü Құймалы су қоймалары;

Жазықтықтағы су қоймалары мынадай белгілермен сипатталады: су бетінің ауданы өте үлкен, максималды тереңдігі 10-25м, орташа тереңдігі 5-9 м, және тастауы аз. Бұл су қоймасы кешендік мақсатта пайдаланылады.

Тау алдыңдағы және жалпақ таулы облыстардағы су қоймалары үлкен тереңдіктерімен 70-100м және оданда жоғары, 10-20м-ге дейін су тастауларымен сипатталады. Жағауларының бұзылу қарқыны аз.Аумақты су басуы елеусіз.

Таулық су қоймаларына үлкен тереңдіктер 100м-ден астам, 100м-ге дейін су тастаулары тән.ауданды судың басуы, жағалаудың мүжілуі және су қоймасының бұзылуы өте аз. Тау өзендерінің аңғарларының көлденең қимасы арнамен сәйкес келеді. Олардың түрі тар шатқалдар тәрізді. Жаға баурайлары тік, кейде баспалдақты. Арнасы болар болмас иректі. Жайылмалары жоқ.су қоймасынан суды тастаған кезде су бетінің ауданы өзгереді.

Көлдік су қоймасын көлден шығатын өзенге бөгет салу арқылы жасайды. Бөгетке тірелген су көлге қарай жайылады. Мұндай су қоймаларының жетістігі су шамасы тірелгенде  және суға бастырылған жердің ауданы кішкене болғанда оларда көп су көлемін жинақтауға болады.

Құймалы су қоймаларын көбіне табиғи  шұңқырлар мен өзендерге жақын аумақтағы ой жерлерді пайдалану арқылы жасайды. Оларды негізінен егістікті суландыру және су жинақтағыш электростанциялар салу үшін пайдаланады.

Сондай-ақ су қоймалары су бетінің ауданы мен көлемі бойынша төмендегі кестеге байланысты жіктеледі.

Су қоймасының өлшемдері бойынша жіктелуі.

Су қоймасының категориясы

Толық көлем,км3

Су бетінің ауданы, км2

Ең ірі

50-ден астам

5000-нан астам

Өте ірі

50-10

5000-500

Ірі

10-1

500-100

Орташа

1-0,1

100-20

Азғантай

0,1-0,01

20-2

Кіші

0,01-ден аз

2-ден аз

 

Су бетінің ауданы 1,0 км2 –ден аз кішкентай жасанды су айдының тоған деп атайды.

Су қоймасындағы судың көлемін өлі және пайдалы деп бөледі.

Өлі көлем- бұл су қоймасының толық көлемінің пайдаланудың қалыпты жағдайында су тастамайтын және ағынды реттеуге қатыспайдын тұрақты бөлігі. Осы көлемді шектейтін су бетінің деңгейін – өлі көлем деңгейі деп атайды.

Пайдалы көлем – су қоймасының ағының реттеуге пайдаланылатын негізгі көлем. Ол өлі көлем деңгейінен жоғары орналасқан және жоғарысынан әдеттегі реттелген деңгеймен шектелген.

Су қоймасының толық көлемі әдетте реттелген деңгейге сәйкес келеді және пайдалы және өлі көлемдердің қосындысына тең:

Vтолық = Vәрд=Vөк+Vпайд

Су қоймасының су шаруашылық есептеулерінің басты мақсаты – пайдалы көлемді анықтау және әдетте реттелген деңгейді белгілеу болып табылады.

Су қоймасының мақсатына, реттеу ұзақтығына байланысты – тәуліктік, маусымдық, көпжылдық болып бөлінеді.

Қазақстанның су қоймаларының тізімі

су қоймасы

орны

пайдалануға берілген жылы

ауданы км2

ұзындығы

ені

тереңдігі

Бұқтырма

Ертіс өзені ШҚО

1967

5500

600

40

80

Қапшағай

Іле өзені Алматы обл.

1970

1847

187

23

43

Шардара

Сырдария өзені ОҚО

1966

900

48

20

26

Көксарай

Сырдария өзені ОҚО

2011

460

-

-

-

Сергеев

Есіл өзені СҚО

1969

117

75

7

20

Қаратомар

Тобыл өзені Қостанай обл.

1965

92

72

4

16

Самарқан (Теміртау бөгені, Нұра бөгені)

Нұра өзені Қарағанды обл.

1941

82

25

7

12

Бөген

Бөген өзені ОҚО

1967

65

13

6

15

Астана (Вячеслав)

Есіл өзені Ақмола обл.

1969

61

11

10

25

Киров

Көшім өзені БҚО

1967

39

22

4

7

Топар (Шерубайнұра)

Нұра өзені Қарағанды обл.

1960

39

13

4,2

24

Кеңгір

Кеңгір өзені Қарағанды обл.

1952

37

33

1,6

25

Өскемен

Ертіс өзені ШҚО

1963

37

85

1,2

45

Тасөткел

Шу өзені Жамбыл обл.

1974

77

18

8,5

23

 

Бұқтырма су қоймасы  -  Ертіс өзенінде,  Шығыс Қазақстан облысы  аумағында, Қалба, Нарын, Күршімжоталары аралығында орналасқан.  Қазақстандағы ең ірі бөген.  Су айдыны 5940 км², ұзындығы 600 км, ені 40 км, ең терең жері 80 м. Суының көлемі 49,6 км3. Бөгеннің құрамына Қара Ертіс өзенінің атырауы, Зайсан көлі, Ақ Ертіс өзенінің бір бөлігі (бастауынанСеребрянск қаласына дейін),  Бұқтырма,  Нарын  өзендерінің  төменгі ағысы кіреді. Бұқтырма бөгенін толтыру 1960 жылдың сәуір айында басталып, 1962 жылы Ертіс өзенінің суы Зайсан көлімен қосылған соң біртұтас су айдынына айналды. Бұқтырма бөгенін су түбінің морфометриялық ерекшеліктеріне байланысты шартты түрде үшке бөлуге болады: жоғарғы (көлдік), орта (таулы-аңғарлық) және төменгі (таулық) бөліктер. Су деңгейі мамыр айының бас кезінде көтеріле бастайды да, тамызда ең жоғарғы биіктігіне жетеді.Қыркүйек айынан сәуірге дейінгі мерзімде су деңгейінің көп жылдық ауытқуы 5,0 м-ге жетсе, маусымдық тербелісі – 1,3 – 3,8 м аралығында болады. Суы тұщы. Минералдылығы 0,05 – 0,14 г/л, жұмсақ, хим. құрамы – гидрокарбонатты кальцийліЖылына орта есеппен 8 – 9 мың т балық ауланады. Бұқтырма бөгеніндегі Өскемен, Бұқтырма СЭС-тері Шығыс Қазақстан облысының аудандарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Көктемде бөгеннен жіберілген су Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жүздеген мың га егісі мен шабындықтарын суландырады.

https://pp.vk.me/c619116/v619116291/1d6b4/JrBJJTbwSiE.jpg   https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/f/fd/Bukhtarminskoe_2.jpg

 

Қапшағай бөгені, Іле бойында, Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігі аумағы және Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары жерін қамтиды. Қапшағай су электр станциясына байланысты салынған. Қапшағай бөгенінің суға толтырылуы 1970 ж. басталды. Ауданы 1847 км², ұзындығы 187 км, енді жері 23 км, орташа тереңдігі 15 м, ең терең жері 46 м. Шарасының жоспарлы сыйымдылығы 28 км3. Су жиналатын алабы 113 мың км², жағасының ұзындығы 430 км. Бөгеннің солтүстік жағасы құмды-малтатасты, едәуір бөлігі биік және тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, саздақты келеді. Жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Бөген суымен 450 мың га-дан астам жер суғарылады. Онда күріш, бақша дақылдары егіледі. Сонымен бірге шабындық және жайылым суландырылады, Қапшағай қаласының кәсіпорындары пайдаланады

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c5/Kapchigai_lake.jpg/800px-Kapchigai_lake.jpg

 

Шардара бөгені  Шардара, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары жеріндегі ірі жасанды су айдыны. Сырдария өзеннің арнасына салынған. 1968 ж. бөген шарасы суға толтырылды. Бөгетінің биіктігі 24 м, ұзын 5,8 км. Бөгеннің ауданы 900 км2, ұзын 80 – 100 км, ені 20 – 25 км, ең терең жері 25 – 26 м, орташа тереңдегі 6,3 м. Суының мөлшелері 5200 млн. м3, су жиналатын алабы 174 мың км2. Бөген Сырдария өзеннің ағынымен және қар, жауын-шашын суымен толығады. Шардара бөгені арқылы жалпы 394,0 мың га жер суарылады (оның ішінде 105 мың га күріш егістігі).

shardara-zolotoi-plyaj

 

Көксарай су қоймасы — Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзенінің оң жақ жағалауында, Шардара су қоймасынан 160 километр төмен, Көксарай ауылының оңтүстігінде орналасқан су қоймасы. 20082011 жылдары салынған. Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы елді мекендерді су алу қауіпінен қорғауға және қыс айларында Шардара СЭС да өндірілетін электр энергиясы қуатын 20-25 %-ға арттыруға ықпал ететін нысан.   

                                                 

 

 4. Жаңа сабақты бекіту(20мин.)

-         оқушылардың алған білімін есте бекіту, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіру;

-         жаңа тақырып бойынша білімдерін бекіту;

-         талдау ұғымдарын бекіту, сұрақ қою.

Слайд арқылы сұрақ – жауап:

Су қоймасы дегеніміз не?

Су қоймасының қандай түрлері бар?

Жазықтықтағы су қоймалары дегеніз қандай қойма?

Тау алдындағы су қоймалары дегеніз қандай қойма?

Таудағы су қоймалары дегеніз қандай қойма?

Көлдік су қоймалары дегеніз қандай қойма?

Құймалы су қоймалары дегеніз қандай қойма?

Су қоймалары ауданы мен көлемі бойынша қалай зерттеледі?

Тоған дегеніміз не?

Өлі көлем дегеніміз не?

Пайдалы көлем дегеніміз не?

Су қоймасының толық көлемін қалай анықтаймыз?

Су қоймасы реттеу ұзақтығына байланысты қалай анықталады?

Өлі көлем деңгейі дегеніміз не?

Әдетте реттелген деңгей дегеніміз қандай деңгей?

Бұқтырма су қоймасында су көлемі қанша?

 

5. Үйге берілген тапсырма: Қазақстандағы су қоймаларын зерттеу.

 

6. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Оқушыларды бағалап болғаннан кейін, сабақтың аяқталуын хабарлау.

 

                Оқытушының қолы:____________________________

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Су қоймаларының түрлері мен мақсаттары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 056 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.04.2016 14932
    • DOCX 890.5 кбайт
    • 65 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Танкыбаева Молдир Рахманкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Танкыбаева Молдир Рахманкызы
    Танкыбаева Молдир Рахманкызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 64474
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 369 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технологии географического образования

Педагог в сфере географического образования (учитель географии)

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 219 человек

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 77 человек

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе