Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Су және оның қасиеті Білім беру саласы: Таным

Су және оның қасиеті Білім беру саласы: Таным

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:



Су және оның қасиеті



Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Экология
Тақырыбы: «Су және оның қасиеті»
Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға судың қасиеті, тіршілік үшін маңызы, табиғаттағы таралуы жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ізденушілік - зерттеушілік әрекеттерін жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру, суды қорғау, тазалықты сақтау сияқты адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу, табиғатты аялап, табиғи ортаның біртұтастығын түсіндіре отырып, экологиялық, адамгершілік тәрбие беру

Көрнекіліктер: Интерактивті тақтамен слайдтар көрсетіледі, карточкалар, суреттер, кесте, сызбанұсқалар, су құйылған ыдыстар.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі Әңгімелеу, сұрақ - жауап, жұмбақ шешу. көрсету( видео, слайд)
Іс - әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы
Жылулық шеңберге тұрайық. Қазір қай жыл мезгілі? Табиғатта қандай өзгерістер байқалады?
«Көктем»суреті І слайд көрсетіледі
Ал енді осы суретке қарап бір бірлеріне жылы тілектер айтыңдар.
Балаларды карточкалар арқылы үш топқа бөлу. Раушан гүл, түймедақ гүлі, фиалка гүлі.

Ұйымдастыру іс - әрекеті
Топпен жұмыс:
І тапсырма.
Балалар, мен балабақшаға келе жатып жолда бір тамшыны кездестірдім, ол бізге қонаққа келе жатыр екен. Тамшы жалғыз емес, қасында кішкентай тамшылары бар екен, олар бізге жұмбақ жасырып алып келіпті. Біз жұмбақты шешейік па?

1-топ. Жазда сылдыр қағады, қыста тыным табады.(өзен)
2-топ. Көзі жасты – жылауық, келе жатыр бір алып (бұлт)
3-топ. Аспандағы көлеңке, жерге суын шашады (бұлт пен жаңбыр )

Өзен, бұлт, жаңбыр осы сөздердің бәрін біріктіріп ойланып бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар, балалар?
Дұрыс су, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Су және оның қасиеттері»

ІІ тапсырма
1-топ. Су адамға не үшін қажет?
2-топ. Су жануарларға не үшін қажет?
3-топ. Су өсімдікке не үшін қажет?
ІІ, ІІІ, ІV Слайд көрсетіледі
Ал су құрып кетсе не болады? «Судың да сұрауы бар» деген халық мақалын қалай түсінесіңдер?
V слайд көрсетіледі

Сергіту сәті
Балалар, ортаға шығамыз. Ал енді балалар сендер білесіңдер ме табиғаттағы судың айналымын?
VI Слайд

Сергіту сәті:
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолын жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетін маңдайын.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.

Балалар, біз бүгін зерттеушілер боламыз.
Зерттеуші деген, ол кез келген нәрсені зерттейтін адам.
Бүгін біз суды зерттейміз.

Бір стақаннан екінші стақанға суды құяды
Су қандай?
Судың иісі бар ма?
Судың дәмі бар ма?
Судың түсі бар ма?
Тақтаға суреттері ілінеді

Қорытынды:
Балалар, сендер су деген сөзді естігенде көз алдарына не елестетесіңдер?
Тақтаға суреттер ілінеді

Рефлексивті - түзетуші
Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Ұнаса күнге шуақтарын жапсырамыз, ұнамаса бұлтқа тамшылар жапсырамыз. Ал енді сабақ сендерге несімен ұнады? Несімен ұнамады?
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Су тіршілік көзі
Нені игереді: Судың адамға, жануарларға, табиғатқа не үшін қажет. Суды қадірлеу керек
Нені біледі: Судың қасиеттері туралы.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров84
Номер материала ДВ-367940
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх