Инфоурок / Другое / Конспекты / 22 сәуір халықаралық жер күні ашық тәрбие сағаты.

22 сәуір халықаралық жер күні ашық тәрбие сағаты.

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Тіршіліктің тірегі сен –Жер ана.



Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, Табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу; шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, өлең шумақтары, қабырға газеті, гүлдер, суреттер, Сабақтың түрі: дәстүрлі емес саяхат түріндегі ой - толғау сабағы
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап, тілек айту, пікірлесу, шығармашылық жұмыстар

Тәрбие сағатының құрылымы:
І бөлім
І. Ұйымдастыру
ІІ. Табиғат дегеніміз не?(саяхат - шолу)
ІІІ. Тәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау;

ІІ бөлім
IV. Ой - толғау (Үй тапсырмасы)
а) «Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу»
ә) « Егер табиғатқа тіл бітсе...»
б) «Егер мен суретші болсам...»
в) «Егер мен ақын болсам...»
V. «Жүректен жүрекке» табиғатқа тілек айту
VI. Сабақты қорыту. Ән шашу Сабақтың барысы:
(Оқушылар дөңгеленіп отырады, орталарына әдемі гүл шоқтары қойылған)
І. Ұйымдастыру: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді, қорғауды, табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз.
І. Табиғат дегеніміз не?(саяхат - шолу)
1-Жүргізуші: Армысыздар ұлағатты ұстаздар, құрметті, қадірменді қонақтар . Қ Күржіманұлы атындағы №8 орта мектептің 6 б сынып оқушыларының 22-сәуір халықаралық жер күніне орай ұйымдастырылған, «Табиғаттың тірегі сен –жер ана» атты ашық іс - шараға хош келіпсіздер.  Жер күні.

1971 жылы 21 наурызда  БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімен  жарияланған  бұл  атаулы күн  бүгінде дүниежүзінің 167 мемлекеттінде атап өтіледі. Дүниежүзілік Жер күні де сәуірдің 22-інде  атап өтіледі.

Бұл атаулы күн алғаш рет 1990 жылы халықаралық мейрам ретінде атап өтілді

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «Жасыл ел» атты мемлекеттік бағдарламасы да жастарды, студенттерді жұмыспен қамти отырып, қоғамдық маңызы бар бірқатар іс-шараларды қолға алып, жүзеге асырғаны шындық. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін, қоршаған ортаны қорғау мақсатын көздеген бағдарлама өз жалғасын тапқаны айдан анық.
2 жүргізуші Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік – биік шыңдарым да әдемі.

Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі

1 Жүргізуші:
Қоғамдық өндірісті, экономиканы игеру мен дамыту барысында табиғатты тоздырып жібергенімізді байқамай қалдық. Табиғи байлықты игеріп, оның дүлей күшін жеңдік деп жүріп, өзімізге қастаңдық жасадық.
Семейді полигонға айналдырдық, Аралды апатқа ұшыраттық, тың жерлерді эрозияға душар еттік, өзендерді жойдық, көлдерді құрғаттық. Осыған кім кінәлі? Оқушыларға сұрақ
2 жүргізуші Иә, республикамыздың табиғат жағдайы нашар. Алайда жағдай қиын деп туған мекенді, Отанымызды тастап кетпейміз. Ендеше, ауыр табиғат жағдайына қарсы күресу әрқайсымыздың азаматтық борышымыз,Жүргізуші:
1 жүргізушіТабиғаттан бабамыз ала берген секілді,
дарқандыққа қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,
мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді – деп Қадыр Мырза Әлі айтқандай.

Табиғаттың негізгі жанашырларына сұрақ қойып көрейік:

1. Экология сөзінің мағынасы қандай?

2. Ауаның құрамы?

3. Қазақстанда қанша қорық бар?

4. Өзіміз тұратын облыста қандай қорық бар.

5. Жер бетінің жалпы ауданы
6 Ғаламшардың өкпесі деп нені айтамыз 7 Табиғат дегеніміз не. 8 Озон қабаты дегеніміз не 2 Жүргізуші:
Табиғат – адам өмір сүрер тіршілік етер ортасы. Онсыз өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс-қалды суреттеуге ұлы Абай атамызда көптеген өлеңдері арналған және бұрын табиғат көріністерін мұншалық терең әрі жан - жақты жырлаған ақын болған емес. Жылдың 4 мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны баянсыз көшпелі ауылды көрсететін сұлу шығармалар болып табылады



1.Көрініс:

Асан Қайғы:Жалғыз жүріп жалықпаймын іздеуден,

Іздеп өтем жерұйығын елімнің.

Барар жерім көп балса да дамылдап,

Уа жер ана, алайыншы амандасып өзіңмен

Армысың - асыл Ана,мен бір балаң

Исі қандай киелі топырағың.

Тіршілікті тал бесікше тербеген

Қарыздармын қасиетті Жерге мен

Жер Ана:Барша әлемді тербеген мен боламын –жер-Ана,

Таныстыршы өзіңді, боласың сен қай бала?

Асан Қайғы:Уа, ардақты Жер ана, бас иемін алдыңа,

Жерұйықты іздеген Асан Қайғы мен болам.

Жер – ана:Уа балам, көзің өткір, қарашы,

Қараңдайды қар сұлба алыстан.

Өзі асығыс сонша жадап жүдеген,

Бет алысы бізге қарай, Жөн сұрайық өзіңнен

Қорқыт ата:Жер ана, іздеп келем өзіңді мен,

Өлім мен қасіреттен қашып жүрген

Қорқыт деген мен болам.

Ұшқан құс, жүгірген аң- бәрі бітті,

Арнасынан тасыған суда бітті,

Сынақ пен жарылыстан көз ашпаған,

Қиылды қыршынынан қанша адам.

Жер-ана:Не дейді?Бұл сұмдық қой естілмеген,

Өз перзентім өзіме қол көтнрген.

Бетіме сонша таңба салатындай,

О,құдірет,қай ісімнен таптым екен?

Қорқыт ата:Налымашы,күйзелмещі,Жер ана,

Бәрін қайта келтіреміз орнына.

Асан Қайғы: «Ел жағалай қонбаса,бетегелі бел ғаріп

Қаз үйрегі болмаса,айдын шақар көл ғаріп»


Қорқыт ата: «Қара тауларың құламасын,саялы ағаш сынбасын,

қанаттарың қырқылмасын»

Қорқыт ата,Асан Қайғы сахнадан шығады.

Жер ана:О,адамдар!

Таза ауаны түтін менен құпаңдар,

Есірткінің есігін құлыптаңдар,

Хиросима тағдырын ұмытпаңдар.

Тыныш жатсын құстар да ұясында әр

Күрсінбесін қария,қастаспай достасып ақ

Барлығың да төсіме сиясыңдар!

1 жүргізуші :Қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетінде бүкіл

адамға ортақ қазына.Жер,Табиғат,Отан,Атамекен деген ұғымдар бір бірімен үндес

әрі мағыналас.Ондықтан туған жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу,қорғай білу,

қастерлей білу-бәріміздің борышымыз.Табиғатымыз аман болсын! Табиғатты түсіне білейік!


2.Табиғатқа байланысты мақал мәтел сайысы.

1.Көлдің көркі-құрақ,таудың көркі-бұлақ.

2.Туған жердің ауасы-шипа.

3.Туған жер алтын бесік.

4.Туған жердің ауасы да тәтті.

5.Су жүрген жер береке.

6.Емен жеген ер өлмес,емен жаңға дәрмен.

7.Орман көп болса,олжаң көп.

8.Өріске қарай мал өсер,өзіңе.

Бәрі:Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

3 Табиғатқа байланысты жұмбақтар шешу.
Ақ сандығым ашылды, 
Ішінен жібек шашылды. (Күннің көзі) 
 
Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.  (Күннің күркіреуі) 
 
Үй үстінде ұсақ тас  (Жұлдыз) 
 
Там басына тары жайдым  (Жұлдыз) 
 
Қараңғыда жымыңдай жанады,
Жарық түссе бірден сөніп қалады  (Жұлдыз) 
 
Қар астында қыстады,
Жасылмен бөркін тастады.  (Жер)


1Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)

Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Қолы жоқ, сурет салады, 

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)


Қанаты жоқ, ұшады, 
Аяғы жоқ, жетеді. 
Аузы жоқ,ұлиды.  (Боран)

Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады. (Жел)

Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)

Қуып едім-мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім-қолға тұрмады. (Боран)

Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады. (Жел)

Әуеден күбі түсті, 
Күбінің түбі түсті. (Күн күркүреуі)

Қонақтап күнде қонар су бетіне, 
Сүйсінер барлық адам келбетіне. 
Тұлғасы су ішінде көрінеді, 
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)

Тең, тең, тең киіз, 
Екі ортасы кең киіз. (Аспан, жер)

Көк жиекті шай табақта, 
Алтын алма тербеледі. 
Кейде бүркер алма жүзін, 
Ұлпа мақта перделер. (Күн)

Сатайын десем ауыр кілем, 
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)


Таңмен көзін ашады,

Әдемге нұр шашады. (Күн)

Қыста ғана болады,

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)

Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады, 
Бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)

Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды.   (Күз)

Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам.   (Күн)

Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды.   (Қар)

4 «Егер мен ақын болсам...» Ақындардың табиғатқа арнаған өлеңдерін оқушылар тебірене оқыды)
5 «Егер мен суретші болсам...»(Бұл бөлімде сыныптағы суретті жақсы салатын оқушылардың суреті көрмеге қойылып, сол туралы пікірлері тыңдалды)
6)«Экология – өмірдің соғып тұрған жүрегі!» Болашақтың энергиясы
(Бұл тапсырмалар оқушыларға алдын - ала берілген болатын, мына беріліп отырған тақырыпқа байланысты презентация қорғайды

7 «Табиғат менің - Жер анам» атты видео фильмді көріп, ол туралы оқушылардың пікірлері тыңдалды. Сабақты қорытындылау кезеңі: «Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледГүлдей бер, Жер - Ана! Табиғат сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!
Барлығы орындарынан тұрып, Табиғат – Анаға тағзым етеді.
Ән Атамекен

Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,Ұстаған қол Нәрсенің бұл Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)


Сабақты қорытындылау кезеңі: «Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледГүлдей бер, Жер - Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық болсын! т. б.
Хормен:
Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік, бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз, таза ауа үшін терімізді төгейік.

Табиғат сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!
Барлығы орындарынан тұрып, Табиғат – Анаға тағзым етеді.
Ән «Табиғатым»

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-375467
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>