Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы

Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақстанның Х-ХІІ ғасырлардағы сәулет өнері жайлы мағлұмат беру, әлемдік өркениеттегі еліміздің сәулет өнерінің тамаша туындыларымен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің тарихи құндылықтарын құрметтеуге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ..

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, түсінік беру.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Өткен сабақты пысықтау сұрақтары.

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Бекіту.

5. Қорытындылау.

6. Бағалау

7.Үйге тапсырма.

І. Үй тапсырмасын сұрау:

Балалар, біз өткен сабақта ІХ-ХІІ ғ. қолөнер, сауда және шаруашылықтың даму саласымен таныстық.. Енді осы тақырып бойынша мынадай сұрақтарға жауап берейік:

1.ІХ-ХІІ ғ. қолөнер қалай дамыды? Қол өнердің қандай түрлерін білесіің?

2.Қыш құмыра, шыны жасау кәсібі қалай дамыған?

3.Ұсталық кәсіптің дамуына не әсер етті?

4.Зергерлер не жасаумен айналысады? Олардың қарапайым ұсталықтан қандай

айырмашылығы бар?

5.Сауда мен ақша айналымы қалай пайда болды?

6.Егіншіліктің дамуына қандай жағдайлар әсер етті?

Жаңа сабақтың жоспары:

1.Сәндік қолданбалы өнер.

2.Архитектуралық құрылыс жүйелері.

3.Мешіт.

4.Кесенелер.

5.Моншалар.

5.Бекіту сұрақтар /кесте толтыру/

6.Қорытындылау.

7.Бағалау

8.Үйге тапсырма.

Сәндік қолданбалы өнер Х-ХІІ ғасырларда дами бастады.Оған көбінесе маталдан жасалған ыдыс-аяқтарды өрнектеу және ғимараттарды сәндеу жұмыстары жатады.Сәндік қолданбалы өнерге сары топырақты балшық немесе ғанышты қолдануға болады. Ғаныш деп, яғни бор тасты күйдіру арқылы құрылыс материалдарына қолданылатын үнтақ. Оны көбінесе шеберлер қолданады. Сәндік қолданбалы өнерге .ғимараттар, зергерлік бұйымдар, ыдыс-аяқтар жатады. Ғимараттарды өрнектеп, сәндеу ісіне оюланған кірпіштер яғни терракотаны қолдануға болады. Керамикаға оюлап жануарлардың бейнесін салу да ертеректе әдетке айналған. Қазба жұмыстарын зерттеу кезінде Қызылөзен қаласынан арыстан бейнесі бар терракоталық тақталар табылған. Сондай-ақ,сәндік қолданбалы өнерге күмбездердегі немесе тұскиіздер мен текеметтегі оюларды да жатқызуға болады.



Ал, Х-ХІІ ғасырларда сәулетті ірі құрылыстар салына бастады. Оған әртүрлі ғимараттар, мешіттер, кесенелер, мазарлар, моншалар жатады.

Мешіт-мұсылман дінінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері орындалатын ғимарат. Х ғ. араб-парсы жазба деректерінде Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы қалаларда бірнеше мешіттерді кездестіруге болады. Олардың көбісі бүгінгі күнге дейін сақталған. Мәселен, мұндай мешіттер Шымкент қаласының маңындағы Құйрықтөбе, Тараз қаласындағы Өрнек қаласынан табылған.

Ал, кесенелер яғни, діни құрылыс, белгілі бір адамдардың құрметіне қабір басына қойылатын ғимарат. Сол кездегі кесенелерге Бабаджа-қатын, Айша бибі, Арыстан баб сияқты ғимараттарды жатқызуға болады.

Бабаджа-қатын кесенесі- шамамен Х-ХІ ғ. салынған. Тараз қаласынан 18 км жердегі Айша бибі кесенесінің жанында орналасқан. Шатырлы күмбезден жасалынып, күйдірілген кірпіштен салынған әсем ғимарат.

Айша бибі кесеснесі- қабырғаларының бұрыштары бағандармен безендірілген, түгелдей оюлы терракот кірпіштермен қапталған. Бұл кесене ХІ-ХІІ ғ. салынған. Ел аузында яғни, Айша бибі өте сымбатты да, келбетті ару қыз екен. Ол әулие ата атанған Қараханның қалындығы. Кенеттен жылан шағып қазаға ұшырайды. Мұны естіген Қарахан жорықтан тез оралып, Айша бибінің басына осы күмбезді тұрғызады.

Арыстан баб кесенесі- Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде, Сырдария өзеніне жақын орналасқан. Негізінде бұл тұрғызылған кесене құлап қалған. Сол құлап қалған кесенені Әмір Темір ХІУ ғ қайта салғызған. Арыстан баб әулие Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы болған.Оның есімі бүкіл Отырар, Сайран, Йасы қалаларына мәлім. Ел аузында «Арыстан бабқа түне, Қожа Ахметтен тіле» деген ұлағатты сөз бар. Себебі, Арыстан бабтың әулиелігін халық мойындаған. Егерде кімде-кім оның басына түнеп ғибадат етсе, онда оның барлық тілегі орындалатын болған. Негізінде кесене ІХ-Х ғасырда тұрғызылған.

Архитектуралық сәнділігі ерекше көзге түсетін монша құрылысы. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде көптеген қалаларда шығыс моншаларының орындары табылған. Әсіресе, Отырар қаласынан екі монша, жалпы көлемі 11,5х16,5 м. Шешінетін және демалатын жеке бөлмелері бар. Мүндай моншалар Тараз, Түркістан қалаларында да бар. Ал, бүгінгі таңда Алматы қаласында шығыс моншасының жобасымен салынған «Арасан» моншасы қазіргі кезде қала тұрғындарының демалып-сауығатын орындарының біріне айналды.

Бекіту сұрақтары: Кесенелер жайлы кесте толтыру.


Ескерткіш


Орналасқан жері


Сипаттамасы


Ерекшелігі


Бабаджа -қатын






Айша бибі





Арыстан баб






-3-

Қорытындылау: «Ғажайып кубик» ойыны

Кубикке жасырылған сұрақтар арқылы, оқушыларға жаңа сабақты қорытындылау үшін сұрақтар қойылады.

1.Ғаныш деген не?

2.Сәндік қолданбалы өнер қай ғасырда дамыған?

3.Мешіт қандай ғимарат?

4.Архитектуралық құрылыс ғимараттарын ата?

5.Архитектуралық қазба жұмыстары кезінде қандай ғимараттар табылған?

6.Қай қалаларда моншалардың орны аршылған?


Сәндік қолданбалы өнер жайлы дәптерге сипаттама жазу.


Бағалау. Оқушылардың білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма:

1.Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы?

2.Архитектуралық құрылыс ғимараттары жайлы әңгіме жазу.




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.11.2016
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров48
Номер материала ДБ-343394
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх