Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / Сурет бөліктерімен жұмыс ашық сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Сурет бөліктерімен жұмыс ашық сабақ жоспары

библиотека
материалов


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

САЙРАМ АУДАНЫ

ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ

hello_html_m683f0fd5.gifhello_html_m4ecb3fdb.gif



Тақырыбы:«Сурет бөліктерімен жұмыс істеу »







Информатика пән мұғалімі: Курбанова З.О

5-сынып









2015-2016 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: Cурет бөліктерімен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты:

Paint графикалық редакторының мүмкіндіктерімен таныса отырып, оқушыларға суретті, суреттің бір бөлігін ерекшелеуді және оның көшірмесін алуды, жылжытуды, өлшемін өзгертуді, жазу құралын пайдалануды үйрету.Оқушылардың ойлау және ой қорыту кабілеттерін, Paint графикалық редакторында сурет салу, өзін-өзі бағалау дағдысын жетілдіру.

.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру, практикалық сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ –жауап, тест жұмысы, практикалық

жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, компьютер, интериактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. ● Өзін-өзі бағалау.

  • Алған білімдерін пысықтау. ● Қорытынды

  • Жаңа сабақ ● Бағалау

  • Машық жұмыс

  • Сергіту сәті ● Үйге тапсырма

Сабақтың жоспары алты кезеңнен тұрады:1. Кәсіби кеңес; 2. Сәйкесін тап;

3. Ақпарат қабылдау;4. Тәжірибелік жұмыс .5.Сергіту сәті 6. Өзіңді тексер

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу.

Құрметті оқушылар!

Бүгін біздің сабағымыз “Ең үздік зауыт -2015” сайысы түрінде өтпек. Ол үшін қазір сендер екі топқа бөлініп, зауыттарыңа ат қоясыңдар.

Жарыс барысында сендер біздің электрондық поштамызға түскен сұрақтарға жауап беріп, тапсырыстарды орындайсыңдар.

Қай зауыт көбірек тапсырыстарды орындап және сұрақтарға дұрыс жауап берсе, сол зауыт ”Ең үздік зауыт-2015” атағын жеңіп алмақшы.


Олай болса бірінші кезеңімізді бастаймыз. Бұл кезең «Кәсіби кеңес» деп аталады

Біздің электрондық поштамызға қарапайым адамдардан көптеген сұрақтар түсіп жатады. Мен сұрақтарды үлкен экранға шығарып тұрамын, қай зауыт кеңес беруге дайын болса, жауап беріп өздеріне ұпай жинайды. Ойлануға 1-2 минут уақыт беріледі. Дайын топ қол көтеріп жауап береді.

Студенттен сұрақ: Құрметті мамандар, мен бүгін емтихан тапсырайын деп отырмын. Маған мына сұрақтың жауабы керек еді: Графикалық редактор дегеніміз не? Жауабы: графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа

Оқушыдан сұрақ: Менің атым Аяулым. Мен 5 сыныпта оқимын. Мен сол күні сабақта болмап едім.Түсінбей отырмын. Paint қандай редактор? Жауабы: Paint(ағылшынша сурет, сурет салу) – бұл растрлық (нүктелерден тұратын) бейнелермен жұмыс істеуге арналған графикалық редактор.

Айнұрдың сұрағы: Құрметті мамандар! Сіздер бәрін білесіздер ғой.Мен сайысқа дайындалып отыр едім. Маған мынадай сұрақ берілді? 1 Гбайтта неше Мбайт бар?Жауабы:1 Гбайтта(гигабайтта)-1024 Мбайт бар

Оқушыдан тағы да сұрақ келіп тұр:Графикалық редактор бізге не үшін қажет? Жауабы: Сурет салу үшін керек.

Оқушыдан сұрақ:Сәлем достар!Менің атым Ернұр. Мен 5 сыныпта оқимын. Маған көмектесіңдер шұғыл!

Расторлық бейнелер неден тұрады? Пиксель дегеніміз не? Жауабы: Растрлық бейнелер пиксельдерден тұрады. Пиксель дегеніміз – растрлық бейненің ең кішкентай элементі.


«Ертегілер елінен» сұрақ: Құрметті мамандар! Мен Алдар Көсемін. Мені барлықтарын білетін шығарсыңдар. Хан алдағанымды біліп, маған мынадай сұрақ беріп тұр, егер жауабын таппасам хан мені жазалайды. Paint

редакторын қалай іске қосамыз? Жауабы: Баптау – барлық бағдарламалар- стандартты - Paint .

hello_html_3a9f2c7.gif


Іhello_html_m590aa51c.jpgІ- кезең: «Сәйкесін тап» деп аталады.

hello_html_m160bfdb1.jpg



ІІІ кезең Ақпарат қабылдау кезеңі. Жаңа сабақты түсіндіру.


А) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ә) Мұғалім түсіндірмесі:

Суретті өзгерту үшін алдымен оны тұтастай немесе қажетті бөлігін – фрагментті ерекшелеп алады. Ерекшелеу үшін Ерекшелеу сайманыhello_html_m6e7d03ed.pngқолданылады. Суретті тұтастай ерекшелеу үшін Ctrl+Aпернесін немесе Ерекшелеу – Бәрін ерекшелеу бұйрығын орындауға болады.Ерекшелуден бас тарту үшін басқа сайманды таңдасаңдар жеткілікті.

Ерекшеленген фрагменттерге қандай амалдар қолдануға болады.?


  1. Мөлшерді өзгерту – тышқанның сілтемесін сегіз ерекшелеу маркерінің біріне апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып өзгерту.

  2. Орнын ауыстыру – ерекшеленген фрагментті тышқанның сол жақ батырмасын басып жылжыту.

  3. Көшіру.

1-тәсіл – фрагментті Ctrl пернесін басып жылжытамыз- жеке көшірмесін аламыз.

2-тәсіл- фрагментті Shift пернесін басып жылжытамыз – оның ізі бар көшірмесін аламыз.

3-тәсіл – фрагментті алмасу буферіне көшіріп, қанша рет керек болса, сонша рет кірістіру.Көшірме алмасу буферінен әрқашан экранның сол жақ жоғарғы бұрышына кірістіріледі.


Мәтінмен жұмыс істеу


Paint – графикалық редактор болғандықтан және мәтінмен жұмыс істеуге арналмағандықтан , суретпен бірге көбіне қысқа және ірі тақырып атаулары, жазба белгілеулер құрылады.Мәтін енгізу үшін, Мәтін hello_html_56778596.png сайманын таңдау керек. Жұмыстың бірінші кезеңі – енгізу өрісін құру.


hello_html_m5cd96189.png

IV. Компьтердегі тәжірибелік жұмыс.

А деңгей

  1. Раіnt– та құжат құрыңдар.

  2. Мына суретті салыңдар (89- сурет)

  3. «Кемпірқосақ» деген атпен сақтаңдар.


В деңгейі

  1. Paint – бағдарламасын ашыңдар.

  2. Сурет салудық оңтайлы тәсілін табыңдар. (90 – сурет.)

  3. Жұмысты «Электровоз» файлында сақтаңдар.



Ү кезең: Сергіту сәті. (көзге арналған жаттығулар)



Жұмбақ шешу

Ұзынтұра жалқаубек,

Тұрмай ылғи жатады.

Қозғала қалса артынан,

Ешбір белгі қалмайды.

/бос орын немесе пробел/

Пернелік деген атаның,

Немерелері алғашқы.

12 ағайынды,

Есімдері Ғ /эф/ әрпімен басталады.

Бұл қандай пернелер?

/функционалдық пернелер/

Бұтақ орнында мың бір инесі,

Компьютер жаны мекені.

/кактус/

Ақпарларды қағазға шығарады,

Бұл құрылғы қалай деп аталады?

/принтер/

ҮІ кезең: “ Өзіңді тексер ” ( тест жұмысы оқулықтан )

  1. Егер ерекшеленген фрагментті тышқанның оң жақ батырмасымен шертсек, онда:

А) контекстік мәзір пайда болады.

В) ерекшеленген фрагмент жоғалады

С) фрагмент басқа түске боялады.

Д) Ештеңе болмайды

2. Суреттің ерекшеленген фрагментін Ctrl батырмасын басып жылжытуқандай бұйрыққа парапаар?

А) қиып алу

В) көшіру

С) бейнелеу/ бұру

Д) түсін алмастыру.

3. Сурет алмасу буферінен қайда кірістіріледі.

А) экранның ортасына

В) Төменгі оң жақ бұрышына





С) Жоғарғы сол жақ бұрышына
Д) экранның төменгі жағына

4. Қандай пернені жібермей ұстап тұрып, «ізі бар» көшірме алуға болады?

А) ESC

B) Tab

C) Ctrl

D) Shift

5. Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?

А) Өшіргіш

В) Мәтін

С) Қарындаш

Д) Қылқалам

6. Мәтін түсі:

А) Өзгертілмейді

В) Фонның түсімен бірдей

С) Палитра тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы таңдалады.

Д) Әрқашан қара

Жауаптары:

1

2

3

4

5

6

А

В

С

D

B

C



VII. Үйге тапсырма. $ 16 оқу, мазмұндау. 138 бет С деңгейінің тапсырмасын орындау.

VIII. Бағалау. Жеңіске жеткен топты марапаттау. Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай

бағалау.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров221
Номер материала ДВ-338308
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх