Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Сурет командасы 7 - сынып

Сурет командасы 7 - сынып


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Жумабаев Талгат Мұсаұлы

20 сабақ Тексерген_______________


Сыныбы: _______ Күні:_____________ Мұғалімі: ______________________

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының командалары.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларды графикалық редакторда жұмыс істеуге

үйрету.

Білімділік: Болдырмау командаларымен жұмыс істеуге, суреттерді сақтауға және суретке мәтін енгізуге, мәтін атрибуттарының тақтасын пайдалануға үйрету;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;

Дамытушылық: Оқушыларға жаңа тақырып бойынша практикалық жұмыстар жасату арқылы білімдерін, ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.


Сабақтың түрі: Практикалық сабан


Сабақтың әдісі: Практикалық іс – әрекеттерді ұйымдастыру әдісі


Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс

дәптері, плакат.


Сабақтың өту барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.


  • Оқушылармен сәлемдесу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.


Уа, жарандар, жарандар

Мына бізге қараңдар

Мінекей бізде тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны бізде қоштаймыз

Кешіккендерді тоспаймыз

Ғылымдардың ғылымы

Информатика жайында

Сабағымызды бастаймыз

Жас достарым

Мұны жақсы ұғайық

Информатика құрметтеуге ылайық

hello_html_4fbb5d62.png








  • Оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың ерекшелігі мен сендерді әрбір тапсырманы орындағаннан кейін бағалап отырамын. Сабақтың соңында алған бағаларынды қосып қорытынды баға шығарамын.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


  • Ең бірінші сабағымызды бастамас бұрын мен сендердің орталарынан өзіме бір оқушы тағайындап алайын.


  • Өткен сабақта бізге қандай тапсырма беріліп еді?

Кім жауап береді?


  • Paint графикалық редакторында жұмыс істеу. Paint графикалық редакторының құралдары. Және үйден өзіміз сурет салып келуге берілген.


  • Олай болса, қазір сендердің салып келген суреттеріңді Ринад жинап алсын.


  • Paint графикалық редакторы деп жатырмыз. Енді осы графикалық редактор дегеніміз не?


  • Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.


  • Ең бірінші осы Paint – тың қандай программа екенін өз түсінігіміз бойынша айтып көрейікші?


  • Paint сурет салу программасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді,


  • Paint графикалық редакторының атқаратын қызметі қандай?


  • Құрал – саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;

Суреттерді бөлек бөліктерден құрастыруға;

Суретке мәтінді енгізуге және қалыптастыруға;

Бар графикалық объектілерді түзетуге;

Схемаларды сызуға және т.б. мүмкіндік береді.


  • Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз?


hello_html_m3d0fc8e8.png


  • Пуск – Программы – Стандартные – Paint


  • Paint графикасының терезесімен кім таныстырады?


hello_html_1a00758d.png


  • Тақырып жолы, Меню жолы, Құралдар жиыны, Сурет салу алаңы, Түстер палитрасы.


hello_html_ee54c17.png


  • Құралдар жиыны қанша құралдардан тұрады?


  • 16


  • Осы 16 құралды кім таныстырып айтып береді?


hello_html_m70ac51fb.png


  • Кез келген аймақты бөліп алу құралы, белгілеу құралы, өшіргіш, құю құралы, түс таңдау құралы, масштаб құралы, қарандаш, қылқалам, бүріккіш, жазу, түзу сызық сызу құралы, қисық, тік төртбұрыш, көпбұрыш, эллипс, бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш.

hello_html_3d43cb86.png


hello_html_756250ff.png


hello_html_m2c2db009.png


hello_html_m3bace51b.png



  • Енді салған суреттерімізге назар аударайық.


  • Жақсы, әр оқушы өз шамасы келгенше ойындағы суреттерді салып келген екен. Енді осы суреттердің ішіндегі жақсы салынған сурет кімдікі деп ойлайсындар? Онда сол оқушыны тақтаға шығарып бізге осы суретті салып беруін қалаймыз?


  • Біз өткен сабақ бойынша таырыпты қайталап, үй тапсырмасын тексеріп шықтық. Енді осы тапсырма бойынша мен сендерді бағалап шығайын.


ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.


  • Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Paint графикалық редакторының командалары».


Команданы орындатпау


Егер бір жұмыстарын ойдағыдай болмас, абыржымаңдар. Соңғы үш әрекетті әрқашан орындамауларына болады, ол үшін Орындатпау (Отменить) командасын пайдалану. Правка – Отменить командасын орындау арқылы соңғы үш әрекетті болдырмауға болады.


hello_html_m7a5da25f.png


Команданы қайталау


Егер сендер бір әрекетті қателесіп алып тастасаңдар немесе алдыңғы әрекетті қайталау қажет болса, онда оны Правка – Повторить командасын орындап, алып тастаған әрекеттерді қайталауға болады. Осы әрекетті үш рет қатар жасауға болады.


hello_html_m2a649701.png


Суреттерді қалай сақтайды


Салған суреттерді, графиктерді қажет кезінде пайдалану үшін, оны дискідегі файлда сақтаған жөн. Файлды дискіде сақтағанда, оған ат беру керек, ал файлды кеңейту Paint-тың bmp программасы автоматты түрде орындайды.

Paint программасының құжатын бірінші рет сақтап өою үшін Файл – Сохранить как... командасын орындаңдар. Сонда экранда Сохранить как... диалогтық терезесі пайда болады. Имя файла өрісінде файлға ат беріп, Сохранить батырмасын шертіңдер.


hello_html_1d2ad56a.png

Қайта сақтағанда Файл – Сохранить командасын орындаңдар. Сурет алғашқы атымен сол файлда сақталады.


Суретті қалай ашады


Дискіде сақтаулы суретті ашу үшін Файл – Открыть командасын орындау. Экранда диалогтық терезесі ашылады., онда меңзерді қажетті файлдың атына орналастырып, екі рет шерту.


hello_html_m557d5d6b.pnghello_html_57a194af.png


Егер сендер Paint программасымен жұмыс барысында жаңа ғана салынған суретті сақтамай, жаңа құжат жасағыларың келсе, Файл – Создать командасын орындау. Экранда құжатты сақтау жөнінде сұрау терезесі пайда болады. Нет батырмасын шерту.


IV. Дәптермен жұмыс.


Команданы орындатпау.

Правка – Отменить

Команданы қайталау.

Правка – Повторить

Суретті сақтау.

Файл – Сохранить как..- имя файл өрісінде файлға ат беру – Сохранить батырмасын шерту.


Суретті ашу.

Файл – Открыть

V. сырмаларды орындау.


Тапсырмалар:

  1. Төмендегі заттардың суреттерін компьютерде салып жанына аттарын жазыңдар:



hello_html_5926414b.gif












Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Соңғы әрекеттерді болдырмау командасы қалай орындалады?

  • Суреттерді сақтау командасы қалай орындалады?

  • Сақталған суреттерді ашу командасы қалай орындалады?

  • Суретке мәтінді қалай енгізуге болады?


Үйге тапсырма: оқулықтағы 4.3. тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі

4.3.1,2,3 тапсырмаларды орындау

hello_html_4d6f255f.png


hello_html_1d0cdef3.png


Автор
Дата добавления 27.11.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров237
Номер материала ДВ-199660
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

Отлично

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх